Олжас Абай Алматы облысы, Ескелді ауданында дүниеге келген. Ол Талдықорған қаласындағы Д.Рақышев атындағы спорт мектебін, кейін Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын бітірген. Олжасты көпшілік “Ochooou” деп таниды. Бұл әртістің сахна үшін арнайы таңдап алған псевдонимі емес. Оны әкесі бала күнінде осылай еркелеткен екен. Әкесі қойған атпен сахнаға шыққан әртіс бір жағынан осындай өзгеше лақап атымен ерекшеленгенді жөн көріпті. Шындығында, Олжастың сахналық есімі ғана емес, репертуарындағы әндері де ерекше. Әсіресе, оның 2016 жылы бейнебаяны түсірілген “Бомба” әнін айрықша атап өтуге болады. Бұл әннің өзі де, бейнебаяны да тыңдарман тарапынан жылы қабылданып, “Гәкку” арнасында миллионнан астам қаралым жинады. ....
Әлемдік әдебиеттердің өзара байланысы, түрлі халықтардың көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-әсерін зерттеу жан-жақты зерттей түсуді қажет етіп отырған көкейкесті мәселе болып отыр. Әсіресе, мұсылмандық Шығыс елдері классикалық поэзиясы мен қисса-хикаяттарының қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы ерекше назар аударады. Соңғы жылдары бұл салада бірқатар зерттеулер жарық көрді. Олар: Ө.Күмісбаев, Ш.Сәтбаева, Б.Әбдіғазиев, Н.Келімбетов, [1] т.б. ғалымдардың осы мәселе жөніндегі зерттеулері. Алайда Шығыс әдебиетінің әсері арқылы қазақ көркем сөз өнерінде пайда болған нәзира дәстүрі күні бүгінге дейін кең көлемде, арнайы зерттеу объектісі болған емес десек артық айтқандық емес. Ал қазақтың өзіндік төл әдебиетінің қалыптасуына негіз болған қайнар бастаулардың бірі - Шығыстың классикалық поэзиясы екені мәлім. Шығыстың классикалық поэзиясы өзінің көп ғасырлық тарихы бар нәзира дәстүрі арқылы қазақ әдебиетін тақырып, мазмұн, форма, көріктеу құралдары, стиль және тілдік жағынан едәуір байытып, сөз өнеріне тың екпін, өзгеше ажар берді. Енді Шығыстың классикалық поэзиясындағы нәзира дәстүрінің тарихына тоқталсақ. Шығыс поэзиясында барша оқырман қауымға бұрыннан мәлім болған белгілі бір сюжетті бірнеше ақын өзара жарысып, шеберлік сынасып жырлай беретін болған. Осылайша аға буын жырлап кеткен тақырыпты кейінгі толқын інілер қайта жырлап, көркем әдебиетке тың туындылар әкелетін дәстүр бар. Шығыс поэзиясында осылайша ақындар бір-біріне өз шеберлігін танытатындай туындылар жазу арқылы жауап («жауап»-арабша «нәзира», ал парсы тілінде - «татаббу» деп аталады) беріп отырған. Шығыстың ұлы шайырлары мұндай туындыларды ешқашанда аударма деп те, еліктеу деп те танымаған. Абай және Шығыс классиктерінің әдеби-творчестволық байланысын сөз еткенде нақтылы зерттеу нысанасына алынбай келе жатқан күрделі де өзекті тақырыптың бірі Абай шығармаларындағы Шығыстық белгілердің бір тармағы болған нәзирагөйлікке келіп тіреледі. Бұл жөнінде де алғаш рет абайтану тарихында, Мұхтар Әуезов зерттеулерінде ғана қолға алынып, пікір сабақталды. Ақындар нәзиргөйлікті өз жанына ұялап, ойына қозғау салған келелі мұрат - мақсаттарын уақыт талабына орай қайта жырлап берудің әдеби тәсілі ретінде пайдаланып отырған. Бұл әдіс ақын ойын, мақсат -мүддесін жырлауға икемді әрі өтімді болуы себепті, жалпы Шығыс поэзиясы тарихында ерекше орын алатын тұрақты дәстүрге тікелей байланысты туындап отырған.....
Білімділік: Балаларға жабайы аңдар және олардың төлдерін таныстырып түсінік беру. Дамытушылық: Түзету жаттығулары арқылы сөйлеу тілін дамыту. Жабайы аңдарды атап, оларды ажырату, сипаттау, төлдерін және азықтарын табу. Есте сақтау, зейін, қабылдауын және ұсақ қол моторикаларын дамыту. Тәрбиелік: Ауызбіршілікте болу, адамгершілік қасиеттерге баулып, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Амандасу. - Балалар бүгін бізде АҰОҚ болғалы тұр, оны бастамас бұрын біз артикуляциялық жаттығуларды жасап жіберейік, өйткені жаттығу жасау арқылы тілімізді дұрыс сөйлеуге жаттықтырамыз солай ма? - Иә - Айтпақшы балалар тоқтай тұрыңдар жаңа мен келе жатсам алдымда мына бір үлкен хат жатыр екен. Оның ішінде не бар екенін білгілерің келе ме? - Иә, білгіміз келеді - Олай болса хатты ашайын. Ой балалар мұнда хат жатыр ғой қане оқиын! - Сәлеметсіңдер ме балалар? Біз орман тұрғындарымыз, бізге сендердің көмектерің керек. Жалмауыз кемпір бізді торға қамап қойды, біздің қарнымыз аш, балаларымыз орманда адасып жүрген болар, бізге сендерден басқа көмектесетін ешкім жоқ! Бізге көмектесіңдерші! - Балалар бұл орман тұрғындары нелер екен? Қане суреттен қарайық. Нелерді көріп тұрмыз? Мынау не? - Аю, қасқыр, түлкі, тиін, қоян - Дұрыс ақ балалар бұларды бір сөзбен жабайы аңдар деп атаймыз. Олар орманда мекендейді. Өз азықтарын өздері тауып жейтіндіктен оларды жабайы аңдар деп атайды екен. Ал балалар біздер жабайы аңдарға көмектесеміз бе?.....
Пән: Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа! Сабақтың тақырыбы: Абай қарасөзінің тәрбиелік мәні Оқу бағдарламасына сілтеме: 6.2.3.1 - шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау Сабақтың мақсаты: Оқушылардың барлығы орындай алады: Жазылымда аллегорияны қолданып, екі түрлі кейіпкермен диалог құрастыра алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Көркем ауыстыруларды қолданып, екі түрлі кейіпкерді айтыстырады. Кейбір оқушылар орындай алады: Үзіндіні жалғастыра отырып, теңеулерді, көркем ауыстыруларды қолданады.....
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім:Сәулет өнері Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау Өтепберген Ақыпбекұлы «Олжабай батыр кесенесі» Оқу мақсаттары: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Өлеңді түсініп оқиды, өлеңнен негізгі ойды тауып, өз пікірін айтады. Көптеген оқушылар: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтай алады,өлеңнен көркемдеуіш сөздерді табады, сұрақтарға жауап беруде нақты дәлелдер келтіреді. Кейбір оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойына қатысты өз ойын білдіреді, көркемдеуіш сөздерді ажыратады......
Ұлықпан Мырзабайұлы Жолдасов (1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында туған) — әнші, композитор, музыкалық продюсер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2016). Қарақия ауданының Құрметті азаматы (2016). Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының Үздігі (2015).
Ұлықпан Мырзабайұлы 1966 жылы 14 ақпанда Маңғыстау облысы Қарақия ауданында дүниеге келген. Шығармашылық жолын 1983 жылы Маңғыстау облыстық филармониясынан бастаған. Бүгінгі таңда қазақ эстрдасында 300ге жуық авторлық әндері мен композициялары бар. Мақпал Жүнісова, МузАРТ, Мәдина Сәдуақасова, "Нұр-мұқасан" және басқа да көптеген эстрада жұлдыздарының орындауындағы бұл әндердің көбісі дерлік тыңдармандардың көңілінен шыққан туындылар. Халықаралық, Республикалық байқауларда топ жарған әндері де жетерлік. Соның ішінде композитордың ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алтынай Жорабаеваның орындауындағы "Махаббат маусымы" әні Голливудта өткен халықаралық байқайда гран-при жүлдесін жеңді....
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар Сабақ тақырыбы: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау Мұхтар Әуезов «Бала Абай» Оқу мақсаттары: 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау 3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды, кейіпкерлердің портретін сипаттайды, оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын біледі; Көптеген оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, көркем шығармадағы кейіпкердің іс-әрекетін бағалай отырып сиптаттайды; Кейбір оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің портретін сипаттайды, кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды, өз ойың өмірмен байланыстыра дәлелдейді......
Шабай батыр, Шабай Қонысұлы (1768, Маңғыстау, Сам өңірі — 1846) — батыр. Кіші жүз адай руының құнанырыс тармағынан шыққан. Әкесі Қоныс, аталары Мыңбай, Лабақтар да батыр болған. Шабай батыр Орал казактарымен, Еділ қалмақтарымен, Хиуа жасақтарымен және түрікмендермен болған .....
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшкендігін ірі өркениетті елдер мойындай бастады. (АҚШ, Италия, Франция, Англия т.б. елді мекендер). 2. «Бєсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бєсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге халық үшін». Президенттің қазақ халқына жолдауы. Астана 2004ж. 19-наурыз. 3. Бастауыш мектеп оқушыларын дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесін ғана емес, сонымен бірге баланың ақыл - ой әрекеті тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу барысын жолға қою болып табылады. 4. Ана тілі оқу пәнінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай дейді. «Оқытатын пәндердің бәрін бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән - ана тілі» ] Оқулық тек білім құралы ғана емес, тәрбие құралы да. Негізгі идеясы - адамгершілік тәрбиесі оқушы жүрегіне ізгілік егу болып табылатын шығармалар жинақталып, оқулыққа ұлы Абайдың «Адам болам десеңіз» деген сөзімен үлкен бөлім енгізілген. 5. Тұлғаны шығармашылық деңгейінің дамуы жетістігі барлық педагогиткалық технологияның жоғарғы нәтежесі болып есептеледі. Шығармашылыққа тән - ой тереңдігі, ой икемдігі, даралық, таңғажайыптылық, сезім дамуы және....