Қазақ тілінен сабақ жоспары: Абай мұражайында №2 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Абай мұражайында №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
3.2.4.1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
тірек сөздер негізінде оқиға желісін мазмұндайды, септік жалғаулы сөздерді мұғалімнің қолдауымен жазбаша қолданады.
Оқушылардың көпшілігі:
оқиға желісін сақтай отырып мазмұндайды, септік жалғаулы сөздерді жазбаша дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
оқиға желісін сақтай отырып мазмұндайды, септік жалғаулы сөздерді жазбаша еркін қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Абайдың тәрбие туралы көзқарастары

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Тақпақ: Ұлы Абайға

Сезініп өлең-жырдың ғаламатын,
Ұмытылмас ешқашан ұлы ақын.
Халқының данышпаны ұлы Абай
Жырымен таңғалдырған жамағатын.

Ғажайып сырға толы өлеңдерің,
Тебіренеді толқындай жан жүрегім.
Бүгінгі ұрпақ сусындап жырларыңнан
Жалындап шабыт алып шарықтаған.
Тақпақтар
Толық
0 0

Өмірбаян: Мағауия Құнанбаев Абайұлы (1870 - 1904)

Мағауия Абайұлы Құнанбаев (1870-1904)- ақын.

Өмірбаяны
Мағауия Абайұлы Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған кенже баласы. Жасында молдадан оқытқаннан кейін, Семейдегі Городское училищесіне орысша мектепке оқуға түсіреді, бірақ Мағауия екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, ауылға қайтады. Осыдан кейін де әкесінің қасында жүріп, өздігінен ізденіп білімін толықтыра береді. Әкесінің ақындық қасиетін қадірлеп, өзі де ақындыққа беріледі. Мағауия әдебиет тарихында Абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды.

Өмірінің соңы
Небәрі 34 жыл жасаған Мағауия шағын ғұмырында қазақ әдебиетіне мұра боларлық тамаша туындылар тастап кетті. 1904 жылы 14 мамырда қайтыс болған Мағауия Ақшоқы мекеніндегі Құнанбай бейітіне жерленді.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 7.2.2.2 – Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне баға беру
Сабақтың мақсаты: А. Құнанбаевты ақын, жазушы, ойшыл, қоғам қайраткері ретінде
айқындайды....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы

І. Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Курстық жұмыстың негізгі мақсаты қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі– Абай болса, ХХ
ғасырдағы заңғар биігі – Мұхтар әуезовтің өмірі мен шығармашылығына жалпы сипат беру.
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы — бүкіл совет әдебиетінің аса көрнекті шығармасы. Романның идеялық-көркемдік
биік жетістігін жер жүзінің прогресшіл әдебиет, өнер қайраткерлері жоғары бағалады. Орыс совет жазушысы К. Федин «Ұлт туралы толық, та тұтас түсінікті бізге жазушының өнері береді... Мұхтар Әуезов өзінің «Абайымен» менің қазақ халқы туралы түсінігімді толықтырады, мен енді ғана хош иісті са¬мал өскен даланың жұпар ауасын жұтып, қазақ, болып кеткен тәріздімін...»— деп жазды. Француз жазушысы Л. Арагонның,: «Эпикалық, «Абай» романы... XX ғасырдағы ең мәнді романдардың бірі»— деген сөздері демократиялық бағыттағы шетел жазушыларының ортақ, лебізі болып естіледі. Бұл пікірлер роман қазақ, совет әдебиетінің зор жетістігі болғанын айғақтайды. Қараңғы ауылдағы әлі де шырышы бұзылмаған ескілікті, алуан түрлі әділетсіздіктерді көріп, білімі тайыз, саяси тәжірибесі шағын жас ақынның аз уақыт жете түсіне алмай, толғанған, тосырқаған, тіпті кейде: «Бұл қалай?» - деп күдер үзіп, торыққан да жайлары болады. Бұл ретте сол кездегі ұлтшыл интеллигенцияның да азын – аулақ әсері болуы ғажап емес. Бірақ ондай сезімдер мен әсерлерден ойшыл ақын, қайтадан өзінің бастапқы сарқылмас қайрат, талабына мінеді, мойымас мықты сенімінен енді еш қайтпайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0