Ақша төлесеңіз, қалыңдықтың омырауынан ұстай аласыз: қытайлық қалыңдық той үстінде ақша үшін қонақтарға омырауынан ұстауға рұқсат берген. Ол мұндай қадамға бал айына қажетті қаражатты жинау үшін барған.
1. Youtube видеохостингінің негізін салушылар (Steve Chen, Chad Hurley, Jawed Karim) өз жобасын бастар алдында Paypal компаниясында жұмыс істеген. 2. Youtube домені 2005 жылы 15 ақпанда тіркелген. 3. Youtube-қа тіркелгендердің 70 пайызы АҚШ азаматтары, ал 50 пайызы жасы жиырмаға толмағандар. 4. Егер Youtube Голливуд кинокомпаниясы болғанда оның аптасына 60 мың жаңа фильм шығаруға материалы жетер еді. 5. Егер Youtube-қа соңғы екі ай көлемінде салынған видеоларды дайындау үшін оларды NBC, ABC, CBS (АҚШ) телеарналарына берсе, 1948 жылдан бастап демалыссыз жұмыс істеулеріне тура келер еді. 6. Youtube-тің қазіргі интернет трафигі 2000 жылғы бүкіләлемдік интернет трафигімен бірдей. 7. Youtube видеохостингіндегі барлық....
«Жұртым» деп – жұмылып, «Елім» деп езіліп қызмет ет. Бауыржан Момышұлы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 1999 жылы 20 қаңтарда сөйлеген сөзінде: «Даңқты өткенімізден күш ала отырып, жаңа ғасырға нық қадам басамыз», – деген еді. Қазақ халқы өз тарихында қиынқыстау кезеңдерді, аласапыран заманды басынан көп кешкен. «Ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен» деген мағынадағы сөз – халықтың сол мезгілдерді суреттеп сөйлегені. Ел басына күн туғаңда, адамзат тарихында, әсіресе қазақ тарихында елеулі орын алған оқиғалардың бірі – Ұлы Отан соғысы болып келеді. Соғыс... Бұл сөз өзінің қатыгездігі мен зұлымдығымен, адамдарға деген жек көрушілігімен жасқандырады. Соғыс өрті алай-дүлей боран, құтырған құйын, бейтаныс апат секілді ес жиюға, саналы түрде ойлануға мүмкіндік бермей, кеңес халқының, оның ішінде біздің қазақ халқының басына қара түнек болып үйірілді. Бірақ алғаш күннен-ақ қазақ халқы өз Отанын қорғау үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, басқыншыларға қарсы тұра білді. Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Қара бұлтты сейілтіп, күн шуағын сыйлаған ардагерлер қатары жылдан жылға сиреп қалса да, фашизмге соққы берген аталарымыз болашақ ұрпақтардың жарқын келешегін қамтамасыз ету үшін қасық қандарын аяған жоқ. Арада қанша жыл өтсе де қан майданда «Отан үшін» деп алға ұмтылған, қаһармандықпен ерен ерліктің үлгісін көрсеткен жауынгерлер есімі ешқашан ұмытылмайды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының, бірлігінің дәлелі еді. Елдік пен ерліктің киесіндей, батырлық пен батылдықтың иесіндей, асылдық пен жасындықтың үлгісіндей аттары аңызға айналған батырларымыз – тау тұлға......
Бүркіт, Бейбіт Қорған және "Сұңқар" тобының мүшесі Тастан Асылбек Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жариялаған борышкерлердің тізімінде жүр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мысырдағы жағдай күннен-күнге ушығып барады. Осы орайда еліміздің Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын аталмыш елге сапарға шығуға асықпауға үндеді.
Мекеменің ресми өкілі Жанболат Үсеновтың айтуынша, кеше Каирде болған қақтығыстан зардап шеккен отандастарымыздың бар-жоғы туралы мәлімет әзірге түспеген.
Естеріңізге салайық, осыдан бірер күн бұрын Мұхаммед Мүрси жақтастары мен Мысыр әскери күштері арасында болған қақтығыста 287 адам қаза тапқан. 2 мыңнан астам адам түрлі жарақат алған. Қаза тапқандардың 43-і полиция қызметкерлері екендігі анықталды.
Ақпараттық агенттіктердің мәлімдеуінше, оқиға барысында әскерилер Мүрсидің қолдаушылары орналасқан 2 шатырды бұзып, көтеріліске қатысушыларды таратуға кіріскен.
Ал, оппозицияның айтуынша, тәртіп сақшылары ереуілшілерді жаппай қырып жойған. Енді елдің 11 провинциясында коменданттық тәртіп енгізілді.