Қазақша шығарма: АқМешіт

Тарих тереңіне үңілсек, ата-бабаларымыздан ескерткіш болып қалған мәдени орындар баршылық. Бүгінде Қызылорда атауымен Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналған Ақмешіт – көне бекініс орны. Ол осы Қызылорда қаласының орнында болған. Бекіністі, А.И.Добросмысловтың дәлелдеуі бойынша, 1817 жылы Қоқан ханы Омархан салғызған. Бекіністің жобасы шаршы болған, әр қабырғасы 110 м, саз балшықтан тұрғызылған. Іргелерінің қалыңдығы 10,5 м, жоғарғы жағы 4,36 м, биіктігі 12 м болған. Қабырғаларының жоғарғы жағында оқ атуға ыңғайлы ойықтар жасалған. Бекіністің сырт жағынан ені 10 м ор қазылған және ордың алдынан қорғаныс қабырғаларының 2 қатары тұрғызылған. Бекініс ішінде саз балшықтан салынған 50-ге жуық үй, екі мешіт, медресе, оқ-дәрі қоймалары, құдықтар болған.....
Шығармалар
Толық
11 -5

Қазақша шығарма: Ертеңгіні болжағың келсе, елдің кешегісін танып ал

«Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым өмірге, қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім»
Жұбан Молдағалиев

Туған жер... Бұл сөзде қаншама сезім, қаншама адалдық, қаншама махаббат бар. Сол сезімдер кейде әрбіріміздің жанымызды керней түсетіндей көрінеді . Туған жердің әрбір тасы мен тауы, қаласы мен даласы, шүйгіні мен орманы бізге аса бағалы. Туған жердің сарқыраған өзендері мен тұнық көлдері,
биік шыңдары жазира даласы жаныңды шын мәнінде тыныштыққа бөлейді. Біздің еліміз -Қазақстан Республикасы- бүгінгі таңда даму жағынан

көптеген елдерден алда келеді. Мұның басты себебі деп, еліміздегі жанашыр, әрі өз Отанының шын патриоттарының жасаған еңбектерінің жемісі деп білемін. Бірақ біздің еліміз қашанда осындай тәуелсіз.......
Шығармалар
Толық
0 0