Шығарма: Номерлі ата

...Соғыс деген суық сөз
Жүректі дір еткізер
Ойланатын келді кез
Тілекке не жеткізер...
Қадыр Мырзалиев
Тәтем қалада тұрады. Ауылға анда санда келгенде бізді, балаларды ертіп, ауыл сыртындағы Өтеген батырдың кесенесіне алып барады. Жаз айы аяқталып қалған кез болатын. Бабамыздың кесенесіне барып үш шақырымдық жолда жаяу келе жатқанбыз. Тәтем жол бойындағы бір қабірге тоқтап Құран аяттарын бағыштады, ойланып көп отырды. –Тәте бұл кісі кім? Ескерткіштің төменіндегі мына сандар қандай мағына береді, деп сұрадым. Сол кезде тәтем:- Тайыр ата соғыс басталғанда он сегізде екен. Ағаларынан қалмай соғысқа аттанады. Сталинград қаласын жаудан азат етуге қатысады. Кейін Белорусь майданына қосылады. Кеңес әскері Польшаның астанасы Варшава қаласына барғанда тұтқынға түсіп, қамалады.
Неміс фашистерінің түрмесінде отырған жерінен Освенцим концлагеріне алып кетеді. Нағыз тозақты сонда көрген болса керек ата. «Тірідей адамдарды үлкен пештерге лақтырғанын, иттердің балалардың етегінен тартып,тістелегенін көрдік қой. Концлагерге келгенде екі күннен соң мына санды білегімді күйдіріп жазды. 15777-бұл менің реттік саным. Кейін сол қолыма 74/2/113 деп жазды. Бұл менің концлагердегі орным. Қыстың аязды күндері жалаңаяқ, жалаң бас лагердің сыртын айнала жүгірткен кездерді есіме алғым келмейді, небір азапты балаларым көрмесін деп тілеймін.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қазақтың есінен еш кетпес

Қазақстан. Бұл мен туып, өсіп келе жатырған мемлекет. Иә, мен көзімді ашқалы осы елдің топырағына аунап, ауасын жұтып келемін. Қазіргі заманда басқа елдермен терезесі тең тұрған, қарқынды дамып келе жатырған мемлекет. Бірақ, қазір осыншама жетістікке жеткен ел бұрын қандай еді...
Иә, осыдан тұп-тура 550 жыл бұрын «Қазақ хандығы» құрылған болатын. Міне, сол сәттен бастап-ақ қазақ деген елдің қилы тағдыры басталған болатын. Қазақ өзінің егемендігі, еркіндігі жолында не көрмеді десеңші?! Тарихқа көз жүгіртсек қазақ қазақ болып қалыптасқалы талай сыннан өткенін байқаймыз. Яғни, сонау 18 ғасырдан бастап-ақ қазақтың басынан қара бұлт үйірілмеген екен. Сұм жоңғарлардан бастап, қанды көз фашисттерге дейін еліміздің байлығына, кеңдігіне қызығып өз қол астына өткізгісі келген болатын. Бұдан бөлек, қазақтың есінен кетпестей өзінің ізін салған Ұлы Отан соғысы...
Соғыс... Ол ешкімге аяушылық танытпайтын айдаһар іспеттес. Жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға өзінің ыстық жалынын шашып, бар жақсыны жалмаған болатын. Бұл соғыстың елге әкелген қасіреті шексіз еді. 22 маусымның таңы ешкімге қуаныш әкелмеген еді. Себебі, дәл осы күні барлық радиолардан фашисттік Германияның Кеңес одағына соғыс ашқанын хабарлап жатқан болатын. Кенеттен басталған бұл соғыс бүкіл елді абдыратып тастаған еді. Бірақ, соған қарамастан қазақ азаматтары елін-жерін қорғап қалу үшін, ертеңгі ұрпақтың күліп атар таңы үшін майдан даласына аттанған еді......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ерлердің халқына деген махаббаты

Ұлы Отан соғысының ардагері Жүнісов Солтан Жүнісұлы 1926 жылы 25 қыркүйекте Ақтоғай ауданы Әбжан ауылында дүниеге келген.2004 жылдың 27 тамызында дүние салды, Әбжан ауылында жерленді. Көп жыл бұрын Германияның астанасы – Берлиннің іргесінде қатал ұрыс жүріп жатты. Біздің жерлесіміз, жас жауынгер қатардағы Жүнісов ең қызу орында, Қызыл Армияның алдыңғы отрядтарында болды. Бірақ амал не, оған бұл ұрысты аяқтау сәті түспеді, ол ауыр жарақат алып, тікелей ұрыс алаңынан госпитальға жіберілгендіктен, қаланы алу онсыз өтті. Солтан Жүнісов біздің ауданымызда туды. Оның балалық шағы жеңіл болмады. Ата-анасы есінде жоқ, олар үш баласын қалдырып соғыс басталардан көп бұрын қаза тапты. Және ол үлкен ағасымен және апасымен әкесінің інісінің қолында тәрбиеленеді. 1941 жылы радиодан қауіпті хабар – соғыстың басталғаны туралы хабарлады. Алғашқы күндері ағасы майданға кетті, көп ұзамай оның қайтқаны туралы қара қағаз келді. Бірақ ұзақ қайғыруға болған жоқ, 1942 жылы он жеті жасар Солтанды армияға шақырып әкетті. Алматы қаласында төрт ай оқытқаннан кейін оны алдыңғы шепке жөнелтеді.
- Түнде бізді әскери эшолонға отырғызды, дейді ол, - сөйтіп алып жөнелді, ал қайда алып бара жатқанын біздің өзіміз де білмедік. Бір-екі күннен кейін әлдебір орманның жанына түсіріп, біздің алдымызға бір төбе киімдер қойды және киінуге бұйырды, сонан соңсапқа тұрғызып алып жүрді. Сол минөттерден оның: ауыр да қатал болған жауынгерлік жолыбасталды. Ол өзі бүкіл қызмет еткен уақытта Ш Белорус майданының 13-дивизиясының құрамында жаяу әскер болды....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ғылымның рөлі 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі
Сабақ тақырыбы: Ғылымның рөлі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.1.1 жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын атау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын атайды;
-ғылымның маңызы туралы негізгі ұғымдармен танысады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Компьютердің қызметі 1-сабақ (Информатика, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Компьютерлік жүйелер мен желілер»
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің қызметі 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.2.1- операциялық жүйенің негізгі міндеттерін атап өту
Сабақтың мақсаты: Операциялық жүйенің (ОЖ) негізгі қызметтерімен танысу.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Компьютерді пайдаланудың теріс аспектілері (Информатика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денсаулық және қауіпсіздік
Сабақ тақырыбы: Компьютерді пайдаланудың теріс аспектілері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.4.1.1 адам ағзасына түрлі электронды құрылғылардың әсері туралы мысал келтіру және қорғану тәсілдерін тиімді қолдану
Сабақ мақсаты: • әртүрлі электрондық құрылғылардың адам ағзасына әсерімен таныстыру;
• әртүрлі электрондық құрылғылардың адам ағзасына зиянды әсер етуіне мысалдар келтіру;
• әртүрлі электрондық құрылғылардан қорғанудың әдістерін тиімді қолдану.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | ТуранАлем банк -Қазақстан Республикасының Орталық банкі

Кіріспе
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы- ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болар. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Банктік жүйе – жалпы ақша-несиелік механизмі аясында қызмет атқаратын ұлттық банктер мен басқа несиелік институттардың жиынтығы. Бұл жүйе орталық банк, коммерциялық банктер мен басқа да қаржылық несиелік институттардан құралады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Ер ерлігі – бізге үлгі

Адамзат баласы айрықша атап өтетiн есте қаларлық тарихи даталар аз емес. Соның ішінде Мамырдың 9-ы ең шоқтығы биiк жасампазы, ең салтанаттысы, бiрегейi. Ұлы Жеңiс мерекесi - бір жағынан қуанып, бір жағынан ұрыста опат болғандарды аза тұтып, қабырғамыз қайысар күн ретінде атап өтіледі. 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4-те тыныш ұйқыда жатқан елдi басып кіріп соғыс ашқан фашистiк Германия 1945 жылғы мамырдың 9-ында тізе бүгіп, жеңіліске ұшырады. Рейхстагқа Жеңіс туын қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев 1945 жылдың 30 сәуірде тігіп желбіретті. Ұлы Отан соғысы Жеңіспен аяқталды! Жеңіс күні тарих қойнауына тереңдеген сайын халықтың сұрапыл соғыс жылдарындағы ерлігінің, мұқалмас қажыр- қайратының, ынтымақ-бірлігінің тарихи мәні мен маңызы арта береді. Ұлы Отан соғысы ә дегеннен бүкілхалықтық сипатқа ие болды. Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының барлық ұлттары мен ұлыстары фашизмге біркісідей көтеріліп, елін жерін қорғап қалды. Соғыстың сұрапыл жылдарында халықтар достығы мен бірлігінің беріктігі сыннан өтті. Жау күшті еді, өшіге, өршелене шабуылдады. Біздің ел тек жанқиярлықтың, рухани бірліктің, ұлтаралық достық пен өзара демеушіліктің арқасында ғана жеңіске жетті.
Соғыс 25 миллионнан астам адамның өмірін қиды, ондаған миллион адам жарымжан, жетім болып қалды. Ұлы Отан соғысы жылдары қазақстандықтар өзге де халықтармен бірге, қолына қару алып, жерін, елін қорғауға аттанды. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 96648 қазақстандық жауынгер ордендерімен, медальдармен марапатталды. Бұлардың ішінде 509 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алса, солардың ішінен облысымыздан 47 адам, ал ауданымыздан 4 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Олар Таштемір Рустемов, Ботабай Садықов, Зиямат Хусанов, Владимер Вишневецкий. Жерлестеріміз қанды шеңгел дұшпанмен ерлерше шайқасты. Ұлы Отан соғысы жылдары ауданымыздан 20195 адам майданға аттанып, соның 8115-і еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін сұрапыл соғыста қаза тапты....
Шығармалар
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Майлықарашаның ертегісі

Ертеде бір бай бар екен. Ол байдың үш баласы бар екен. Үлкенінің аты Жандос, ортаншысының аты Табанақ екен. Ең кішісінің аты Майлықараша екен. Майлықараша үш жасар екен. Бір күні екі ағасы мал табамыз деп жолға шықты. Майлықараша айтты: «Ай, ағалар, мен бірге барамын». Ағалары айтты: «Жарайды, жүрсең жүр»,—деді. Үшеуі ата-шешесіменен амандасып кетті. Келе жатып бір үлкен тасқа келді. Сол тастың түбінде қонды. Үшеуі жатты. Майлықараша айтты: «Ай, ағаларым ортадарыңа жатқыз,—деді,—Мен қорқамын»,—деді. Екі ағасы жатқызады. Майлықараша үш күн, үш түн ұйықтайды екен. Екі ағасы қастық қылып бір үйдей тасқа байлап кетті. Ұйқысы қанды. Майлықараша оянды. Білді, екі ағасының қастық қылып байлап кеткенін. Біліп, тасты көтеріп, екі ағасына алып келді. Екі ағасы айтты: «Мұны не қыласың?»—деді. Майлықараша айтты: «Шешемнің ұршығының басы жоқ еді, соған бас қыламын»,—деді. Екі ағасы шешіп тастады. Тағы да келе-келе жатып бір терек түбіне келді. Үшеуі сол жерге қонды. Майлықараша айтты: «Ай, ағаларым, қорқамын,—деді,—Ортадарыңа жатқыз»,—деді. Екі ағасы жатқызды. Тағы да ол терекке байлап кетті. Үш күннен соң ұйқысы қанып оянды.....
Ертегілер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Иондардың түзілуі 2-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атомда электрондардың орналасуы
Сабақтың тақырыбы: Иондардың түзілуі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.1.3.5 -атомдар электрондарды қабылдай немесе жоғалта алатынын және нәтижесінде иондар түзілетінін түсіну
Сабақ мақсаттары: сыртқы қабаттың толуы атомдардың тұрақтылығына алып келетінін түсінеді.
атомдар электронды беріп жібергенде оң зарядты иондар, электронды қосып алғанда теріс зарядты иондар түзілетінін түсінеді;
иондар түзілудің электрондық теңдеулерін құрады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0