Шығарма: Жастарымыз отаншыл болсын

Әрине, ойымызға ең алдымен біз үшін жанын қиған атабабаларымыз еске түседі. Міне осыдан жетпіс бес жыл бұрын Германияның қалың қолы Кеңестер Одағына шабуыл жасаған болатын. Енді кішкене соғыстың қалай басталғанына тоқтала кетсек. Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жыл жиырма екінші маусым тарихымыздағы ең ауыр да, қасіретті күн болып саналады. Жиырма екінші маусым күні таң атысымен неміс әскерлері Кеңес Одағының жеріне басып кіреді. Сол кезеңде біз Ресейдің қол астында болатынбыз. Бұл төтенше жағдай еді, сондықтан Кеңес Одағы тез арада оларға жауап қайтару үшін, елін сақтап қалу үшін әскер жинай бастайды. Олар әскерді жан-жақтан жинайды, тіпті Қазақстанға да келеді. Олардың жасына қарамай, күштеп алып кете бастады. Тек ауруға ұшыраған, соның ішінде басқаларға тез жұғып, тарайтын аураларға жеңілдік бар еді.Тіпті кейбір өз балаларын соғысқа жібермеу үшін ата-ана баласын сол ауруға ұшыратқан. Соғыста айдалада өлгенше, өзіміздің көз алдымызда дүниеден өтсін деп санаған. Әрине ата-ана жүрегін түсіну қиын. Қиындықтарға шыдамаған қазақ отбасылары көрші елдерге көшіп кетуге мәжбүр болған. Соғыстан қашып өз өмірін сақтап қалу үшін бәріне дайын азаматтар бар болса да, бірақ оларға қарсы шығуға дайын, кеудесінде жүрегі Отан деп соғып тұрған қыздар мен жігіттер де бар. Соңында қоса келгенде бір Қазақстаннан Кеңестер Одағының әскерінің қатарына бір миллион екі жүз мың адам аттанған. Ұлы Отан соғысы төрт жылға созылды. Майдан даласында алты жүз мыңдай қазақ қаза тапты. Көбісі хабар-ашарсыз кетті. Олардың тіпті денелері қайда қалғанын білмегені туысқандарына қатты батты. Аман-есен оралмаса да, оларды ең болмаса денесін дұрыстап жер қойнына тапсырғысы келді. Бірақ амалдары жоқ. Бірақ соңғы жылдары кейбіреулері қайда жатқанын тауып, денесін Отанымызға әкеліп, туған жердің топырағына денесін тапсырған болатын.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Жұдырықтай жұмылған білектей біріккен Қазақ

1941 жылдың 22-маусымы, таңғы сағат төрт. Бұл күні талай шаңырақты от шарпып, миллиондаған адамның өмірін жалмаған адамзат тарихындағы ең сойқан соғыс басталды. Фашистік Германия Кеңес Одағына басып кірді. Ұлы Отан Соғысы деген атпен тарих дәптерінің парағына қанды әріптермен таңбаланған зұлмат қантөгістің алапатынан қазақстандықтар да шет қалмады. Соғыс жылдары Кеңес Одағының өзі 27 млн. боздағын жоғалтты. Осыдан 71 жыл бұрын Қазақстанның өзінен майданға 1 млн. 196 мың 164 қаракөз қазақ баласы аттанды. Бүгінде 90-ның төріне шыққан Айтжан ақсақал қырғын уақыттың бел ортасына 19 жаста аттанып, аман қайтқан ардагердің бірі. Соғыс басталды деген суық хабар ел арасына тарағанда, жаман сөзден бүкіл елдің дүрліккенін айтады. 1941 жылғы маусымның 13-інде С. Тимошенко пен Г. Жуков Киев ерекше әскери округының басшыларына 1941 жылғы шілденің 1-іне дейін барлық «тереңде орналасқан» дивизиялар мен корпус басқармаларын мемлекеттік шекараға жақынырақ орналасқан жаңа лагерлерге жылжыту туралы директива шығарды. Осы сияқты директива сол кезде Батыс ерекше әскери округының басшыларына жіберілді. Маусымның 14-інен 19-ына дейін шекара маңы округтарының басшылары маусымның 22-23-іне дейін майдандық (армиялық) басқармаларды далалық пункттерге шығару туралы бұйрықтар қабылдады. К. Рокоссовский былай деп жазған: «Біздің авиацияның алғы шептегі аэродромдарда шоғырландырылуына және орталық маңызы бар қоймаларды майдан маңындағы аумақта орналастырылуы алға секіріс жасауға жүргізілген дайындық сияқты болып көрінді де, әскердің орналасуы мен әскерде жүргізілген шаралар соған сәйкес болмады». .....
Шығармалар
Толық
0 0

Мысал ертегі: Пілдің ісі тышқанға түсіпті

Бұрынғы заманда асқар таулы, нулы орманды өңірде піл мен тышқан көрші әрі тату-тәтті дос болып өтіпті. Бірақ достықтары көп ұзамай бұзыла бастапты. Піл өзінің алып тұлғасына қарап, кішкентай тышқанды алымсынбайтын болыпты, тіпті онымен бірге жүруді ар көріпті. Пілдің бұл ниетін білген тышқан «Орайын тауып сазайыңды бір тарттырамын» деп әбден тісін басады. Піл мен тышқан осындай күрең қабақтасып жүргенде арыстан қызын ұзататын болып, пілді тойға шақырыпты. Піл тойға аттанғанда тышқан да ере жүреді. Бойын қызғаныш кернеген піл оған тап-тап беріп қуалайды. Арбаңдап жүрген пілдің абайсыздығында тышқан оның құлаштай ұзын танауына «сып» етіп кіріп, кетеді. Танауға кірген ол тыныш жатсын ба, арлы-берлі жүгіріп оның мазасын әбден алады. «Шық» деп зекиді піл. Тышқан ерегесе түсіп, бұрынғыдан әрмен жыбырлата тырналайды. Ақыры піл:....
Ертегілер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар: Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру
Сабақтың тақырыбы: Химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты(оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.14 химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін бағалау;
Сабақ мақсаттары: Химиялық және металлургиялық өндіріс қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін түсіну.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдік тіршілігіне жылудың әсері 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік тіршілігіне жылудың әсері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына бейімделу жолдарын және жоғары температураға бейімделуін түсіндіреді.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Буынаяқтылар және хордалылар типтері 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көп түрлілігі
Сабақтың тақырыбы: Буынаяқтылар және хордалылар типтері 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.1.4 Буынаяқты және хордалы жануарлар кластарының ерекше белгілерін сипаттау
Сабақтың мақсаты: Буынаяқтылар кластарының ерекше белгілерін анықтау;
Хордалылар типі кластарының ерекше белгілерін анықтау;
Буынаяқтылар мен хордалылардың ерекшелігіне қарай ажырату.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Саңырауқұлақтардың негізгі белгілері 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың классификациясы
Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтардың негізгі белгілері 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.1.2 Саңырауқұлақтардың негізгі белгілерін сипаттау
Сабақтың мақсаты: Саңырауқұлақтар патшалығын өсімдіктермен, жануар, бактериямен салыстыру;
Бір жасушалы және көп жасушалы саңырауқұлақтарды сипаттау;
Бір жасушалы және қалпақшалы саңырауқұлақтарды салыстыру;
Улы және жеуге жарамды саңырауқұлақтардың маңызын білу.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сақталу заңдары
Сабақ тақырыбы: Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары және олардың кеңістік пен уақыттың қасиеттерімен байланысы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.4.1 – сандық және эксперименттік есептер шығаруда сақталу заңдарын қолдану;
Сабақ мақсаттары: Импульс пен энергияның сақталу заңын қолдана отырып есептер шығару......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Деректерді талдау 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі
Сабақ тақырыбы: Деректерді талдау 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.5.1 алынған деректерді графикалық түрде көрсету
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Деректерді графикалық түрде ұсыну ұғымын тұжырымдайды;
• Алынған деректерді графикалық түрде көрсетеді;
• Қорытындыны түрлі нұсқада ұсынады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Ұрпақтардың қадірін білейік

1941-1945 жылдaр. Осынaу төрт жылдың ішіндe мыңдaғaн aдaмдaрдың қaны төгіліп, милиондaғaн жaндaр жaны мeн тәні жaзылмaс дeрткe душaр болды. Сол соғыстa зaр жылaп, бaлaсын aттaндырғaн aнa дa, жaрынaн aйырылғaн жeсір әйeл дe, aғaсыз қaлғaн іні-қaрындaстaр дa өтe көп болды. Бірeулeр осы жылдaрды қaйғы дeп eскe aлып жaтсa, қaзіргі зaмaнды көріп, бeйбіт өмірді көріп, шүкіршілік aйтaды. Хaлық бaсынa төнгeн бұл aуыр күндeр мeнің отбaсымды дa aйнaлып өтпeді. Мeнің aлдымдa Ұлы Отaн Соғысынa қaтысқaн aтaм Жaқимaнов Жұмaбeк Жaқимaнұлының фотосурeті, мeдaльдaры мeн ордeндeрі тұр. Мeн aтaм жaйлы көп нәрсeні білмeймін. Бірaқ ол мaғaн жaқын. Біздің үйдің төріндe aтaмыздың портрeті тұр. Кішкeнтaй кeзімнeн сол портрeтті көріп өстім, әрқaшaн «бұл aтaм» дeп aйтaтынмын, бірaқ сол сөздің мaғынaсын eнді түсіндім. Aтaм жaйлы мaғaн мeнің әжeм көп aйтaды. Aтaмның тaғдыры дa, өмірі дe бaсқaлaрғa ұқсaмaйды. Мінe, биыл мeнің әкeм 60 жaсқa толды. Aуылдaн әжeм дe кeлді. Туыстaр aрaсындa бірінші болып тілeк aйтқaн әжeм көзінe жaс aлып: «Әттeң, әкeң осы күнді көрe aлмaй кeтті, тaғы дa бірaз ғұмыр бeргeндe осы күнді дe көріп, тұлa бойы тұңғымды біргe құттықтaр eдік...», - дeді.
Үлкeндeрдің бәрі көздeрінe жaс үйіріліп, aтaмa жaтқaн жeрі жaрық болсын дeп aйтты. Осыдaн кeйін мeнің aтaм турaлы білгім кeлді. Әжeмнeн білгeнімді жaзып aлдым. Aтaм Жaқимaнов Жұмaбeк Жaқимaнұлы 1922 жылдың 16 қaңтaрындa Бaянaуыл aудaнының Бeлaғaш aуылындa Жaқимaновтaр отбaсындa дүниeгe кeлгeн. Жaстaйынaн әкeсінeн aйырылып, aнaсының қолындa өсeді, кeйін 1930-1933 жылдaры Үкімeт кeзіндeгі aштық жылдaрындa оны Қaрқaрaлыдaғы бaлaлaр үйінe aпaрып тaстaйды. Сондa тәрбиeлeніп, өмірдің қиындығын көрeді. 1939 жылы Фин соғысындaғы Мондeргeйм шaйқaсындa aлғaшқы жaрaқaтын aлaды дa, госпитaльдa жaтып шығaды. Ұлы Отaнымыздың бaсынa күн туғaндa ол он тоғыз жaстa eді.....
Шығармалар
Толық
0 0