Сабақ жоспары (ұмж): Квант сандары және орбитальдар. Электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы.
Сабақ тақырыбы: Квант сандары және орбитальдар. Электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.1 квант сандарының сипаттамасын түсіндіру , электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер
Сабақ мақсаттары: Электронның күйін сипаттайтын квант сандарымен таныстыру, электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлерге электрондардың таралып орналасуын түсіндіру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Атомдық орбитальдардың гидридтенуі (sp,sp2,sp3) және молекулалардың геометриясы 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Химиялық байланыс
Сабақтың тақырыбы: Атомдық орбитальдардың гидридтенуі (sp, sp2 sp3) және молекулалардың геометриясы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.4.4 гибридтену түрлерінің айырмашылығын түсіндіру;
10.1.4.5 заттардың құрылымы мен қасиеттері арасындағы байланысты түсіндіру
Сабақ мақсаттары: - гибридтену, молекулалар геометриясы туралы түсінік қалыптастыру;
- Орталық атомның сыртқы электрондық орбитальдарының гибридтенуінің әр түрлі типіне сәйкес келетін молекулалардың геометриялық конфигурацияларын жазып, құрастыру;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бақылау функциясы

Кіріспе
Қазақстан Республика болып жарияланғаннан кейін еліміздің тәуелсіздігінің тұрақтылығы ретінде 1993 ж өз конституциямызды қабылдап демократиялы ел ретінде жарияландық. Ел басшылығы яғни басты байлығы халық демекші халқымыз тарихында ең ауыр жағдайларды бастан кешірді. Патшалық Ресейді алсақта, кеңестік өкіметті алсақта қазақтың саны көрші одақтас тыстас түркі халықтарынан саны жағынан азшылықты құрап келді.
Оған себеп 1930 жылдардағы алапат ашаршылықтан қазақ халқы 2 млн-дай адамнан айырылды десе кейбір деректерде Н.Е.Масанов қазақ халқын 1794,4 мың қазақ яғни 46,8%-құраған халық қырылғын дейді. Жалпы 1937 ж жалпы одақтық санақ кезнде халық санының 10%-ы кірмей қалған онын саясат астарына үңілуден басқа шара қалмады. Қазақстанның қазіргі таңдағы демографиялық хал ахуалын зерттеп оны түпкілікті зерттеу жасаушы, зерттеуші ғалымдарымыз саусақты санарлықтай-ақ. Осы тақырыпта оның барынша шындық әлпетін алып көрсету болатын оны алдағы зерттеулер қорытындыларынан қорытынды нәтиже айтармыз.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Халықаралық валюта жүйесі және валюта курсы

Кіріспе
“Біздің зерттеуіміздің мақсаты мүлде автоматты
түрде қатесіз жауап беретін механика құру, немесе
бірсарынды операциялардың нобайын жасау емес, ол
бірнеше мәселелерді жүйелі және жоспарлы зерттеу-
дің әдісімен өзіңді қамтамасыз ету болып табылады.”
(Дж. М. Кейнс)
Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың алатын орны ерекше.Бұл курстық жұмыс материалдың көлемімен және ұсынылған тақырыптардың санымен белгіленбейді. Ол зерттеудің тереңдігімен және деңгейімен, экономикалық ғылымның маңызды мәселелерін талдаудың әдістерімен белгіленеді..
Жұмыс барысында халықаралық валюта жүйесі барынша жан-жақты қаралады.Валюта қатынастары валюта жүйесі туралы ұғымдарға арналып, халықаралық валюта-несие қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері, ұлттық валюталардың айырбасталымдылығы, халықаралық есеп айырысу баланстары, валюта бағамы және оның ұлттық экономикаға әсері, сонымен қатар халықаралық және аймақтық валюта-несие, қаржы ұйымдары туралы кеңінен баяндалады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Соғыс - адамзат үшін ең сұрапыл қырғын

«Қасиет - күші ұлы Отанның, Қасиетін бер қыран құстың! Ашуын бер арыстанның, Жүрегін бер жолбарыстың!»-деп ақын да батыр Қасым жырлағандай, қаншама жауынгерлер Ұлы Отан соғысы тұсында бар ашуызаларымен елін, Отанын неміс фашистерінен құтқаруда еш аянбады. Соғыс – бұл миллиондаған адамдардың өмірін қиған кесапат, адамзат үшін ең сұрапыл қырғын. Ол бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген керемет ерліктерге де, адамның жанын ауыртар қатыгез қасіретке де толы болды. 1941-1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысы халықтың алып тұлғасын танытқан үлкен сын еді. Осы соғыс қаншама қазақстандықтардың бастарын ажалға тіккен, отбасыларын күйреткен, ата-анасын зар илеткен, жесірін жылатқан, жетімін тентіреткен жайтты алдымызға жайып салды. Міне, осындай соғыс зардабын менің әулетім де бастан кешірген екен.
1941 жылы соғыс басталған кезде менің ұлы атам Есенғали Жақыпов Таманбай елінде колхозшы болып еңбек етіпті. Өмірге келген алты баласының төртеуі, жан жары ауыр науқастан көз жұмғаннан кейін екі баласы, яғни менің атам Қайрош пен ағасы Қалымбекті туған ауылы Егіндіағашқа алып келіп, өзінен бірнеше жас үлкен Батиқа апамызды әйелдікке алыпты. Ондағы ойы – жас балаларыма пана болып, осы шаңырағымның түтінін түтетіп отырар деген ой болса керек. Шынында да атамыз Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегі алынып, майданға аттанып кетеді. Бірі – 9, бірі- 13 жастағы екі балапанын Батиқа апамызға аманат етіп тапсырады. Батиқа апамыз Есенғали атамыздың осы аманатын орындап, екі атамды да адал, қайырымды азаматтар етіп өсірген екен. Ал балаларының есейген, ержеткен сәттерін көруді атамыз Есенғалидың маңдайына жазбапты. Соғысқа Сталинград майданында кірген ұлы атам барлаушы болыпты. Оны елге, балаларына жазған хаттары дәлелдейді. «Күндіз ұйықтап демаламыз, түнде «тіл» әкелуге барамыз» деген ғой......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Квадрат теңсіздік (Интервалдар әдісі) 2-сабақ (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар: 8.4 С: Теңсіздіктер
Сабақ тақырыбы: Квадрат теңсіздік (Интервалдар әдісі) 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.2.2.8 квадрат теңсіздіктерді шешеді;
Сабақтың мақсаты: Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктерді қорғаймыз 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктерді қорғаймыз 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.5 сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін анықтау;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің жойылу себептерін атайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ ЖҮРГІЗЕТІН САЯСАТТАРЫ МЕН ҚОЛДАНАТЫН ШАРАЛАРЫ

КІРІСПЕ
Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды.
Бұл бағдарламаның негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы 1995 ж. 30 наурыздағы N 2155 Қазақстан Республикасының Заңы құрады. Қазақстан Республикасының банк жүйесi Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Келешек ұрпақ үшін

Шүйінші ,халқым,шүйінші!
Шүйіншіге сүйінші!
Шаттан ата-анамыз,
Шаттан ата-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке
Міне,Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 71 жыл болады. 9 мамыр-сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған , станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды.Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз- өздерінің әкелерін,ерлерін , ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар,қалыңдықтар мен қыздар тойлайды.Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы Жеңістің құрдастары тойлайды......
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Тыл ардагер - аналарға арнау

Соғысқа аттанғанда іні – аға,
Елде қалды кемпір – шалмен, бала – шаға. 
Нар көтерер жүктерді арқалаған,
Салмақ түсті тағы да аналарға.

Жан жарамен қол ұстасып жүре алмай,
Шаттықпенен емін - еркін күле алмай.
Ата - ене, балалары қалды қолда,
Жалғандағы жар қызығын көре алмай.

Жас нәресте шырылдады жаңа туып,
Анасы кетті еңбекке белін буып.
Жан жарын аттандырып қала берді,
Үлбіреген ақша бетін жаспен жуып.

Қуарған күз жапырақтай өңі солып,
Жарын күтті екі көзі мұңға толып.
Жер жыртты, өгіз айдап, егін салып,
Майысып саусақтары күс- күс болып.

Қайран ана аттандырды балаларын,
Кей ана қолда бар жалғыздарын.
Бүкіл әлем теңселіп, тебіренді,
Көтере алмай күңіренген ана зарын.

Қалғандай келешектен күдер үзіп,
Жас бой жеткен қала берді көзін сүзіп.
Атын жазып орамалға сүйгенінің,
Кестеледі көз жасымен моншақ тізіп.

Жеңістен соң не боларын ойламады,
Көбісі жеңіс тойын тойламады.
Жас жүрегін басқа жанға сыйлай алмай,
Жесірлікті бар өміріне мойындады.

Сөз жетпес азабына өткен күннің,
Дыбысы мәңгі өшпес зарлы үннің.
Жас баланың жетімдігін бастан кешкен,
Ізін калай өшірерсің қайғы-мұңның.

Күйзелді ойлап ана бала қамын,
Жеткізді жылай жүріп балапанын.
Аңсап өсті бала жүрегі,
Бастан сипар әкесінің алақанын.

Өткен өмір енді қайтіп келмесін,
Ешбір жаңға қайғы мұңды бермесін. 
Соғыс залым елге салған зардабын,
Оны ұрпақтар келешекте көрмесін.
Өлеңдер
Толық
1 0