Сабақ жоспары (ұмж): Дәрумендер 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: Дәрумендер 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.2.5 адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығын сипаттау
8.1.2.6 құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар азық-түліктер тізімін жасау
Сабақтың мақсаты: Дәрумендерге сипаттама беру;
Дәрумендердің мөлшеріне байланысты түрлерін атау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Шуағы тарқамасын жер үстінің

«Соғыс» деген сөзді естігенде адамзат баласының жүрегі дір ете қалады. Неге? Өйткені соңғы 5 мың жыл ішінде 15583 соғыс өткен екен. Өте бір жан түршігерлік сандар. 4 млрд адам қаза тапқан. 5 мың жыл ішінде тек 292 жыл ғана соғыссыз тыныш өткен. Осынау жойқын соғыстардың ішіндегі ең ірісі – 72 мемлекет қатысқан Екінші дүниежүзілік соғыс.110 миллион адам қолына қару алып қанды шайқасқа кірген.
Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті! Жеңіс деген сөзді сарыла халқымыз атандай 4 жыл күтті емес пе? От жалынға оранған 1418 күн мен түн кімнің есінен шығар дейсің? 1418 күннің әрбір сағаты, әр минуты қауіп-қатерге толы болғанынқолына қару алып соғысқа аттанған аталарымыз жақсы біледі. Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Бүкіл еліміз жұдырықтай жұмылып жауға қарсы тұра білудің арқасында ғана мүмкін болды. Ер азаматтар майдан даласында су орнына қан кешіп, жаумен бетпе –бет соғысса, тылда қалған қарт адамдар, аналар, жас балалар ер азаматтардың орнын басып еңбек етті.
Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған...
Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді.
Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұмытар ма мені елім

Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыстың кеңес халқының жеңісімен аяқталғанына биыл 71 жыл толмақ. Тарихқа көз жүгіртсек, бұл соғыс жер бетіндегі болып өткен соғыстардың ішіндегі ең қатал әрі ауыр соғыс. Екінші дүниежүзілік соғыс КСРО-ның тарихында бұл соғыс «Ұлы Отан соғыс» деген атқа ие болды. Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысына дайындықсыз кірді. Бүкіл кеңес халқы ортақ жауға қарсы күреске жұмылды. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Қазақстанда құрылған әскери құрамалардың алғашқылардың бірі болып 312-ші атқыштар дивизиясы, солтүстік-батыс бағыттағы майданда Қазақстанда құрылған генерал-майор И.В.Панфилов басқарған 316-шы атқыштар дивизиясы Мәскеу түбіндегі шайқаста жеңіп шығып, неміс-фашист басқыншыларын талқандап, қалаларды азат еткені үшін 28 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Мәскеу түбіндегі ұрыстарда қазақ халқының көптеген ұлдары ерлікпен шайқасты. Олардың ішінде Кеңес Одағының Батырлары – Мәлік Ғабдуллин, Рашид Жанғозин, Төлеген Тоқтаров, Рамазан Елебаев, Төлеуғали Елебеков, ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаhарманы Бауыржан Момышұлы бар. Б.Момышұлы – әскери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери маман ретіндегі таланты соғыста полк, дивизияны басқарған жылдары кеңінен ашылды. Оның қаламынан «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», «Қанмен жазылған кітап», «Генерал Панфилов», «Соғыс психологиясы» атты туындылары дүниеге келді......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық реакция типтері 1-сабақ (Химия, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
Сабақ тақырыбы: Химиялық реакция типтері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.2.2.1 -бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу
Сабақ мақсаттары: - химиялық реакция типтерін ажырату және жіктеу
- химиялық реакциялар типтерін әрекеттесуші және түзілген заттардың саны мен құрамы арқылы жіктеу.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Явалықтар көтерілісі)

Ашу мен кек іркіліп,
Бойға қуат құя ма?!
Джунгли боп бір күні
Бас көтерді Ява.
Ұран тастап әр үйге
Қару алды ер кіндік.
Өмір қымбат, әрине,
Одан гөрі еркіндік!
Бұзып заман түрмесін,
Буырқанып, қақ дабыл!
Отаршылдық іргесін
Солқылдатты көк дауыл. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Ақша айналысын басқару және реттеу әдістері

Ақша айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі. Ұлттық банк тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды,олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың, жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.
Қазахстан Республикасы ақшалай банкнот өндірісі және екінші деңгейдегі банктердің инкассациясына лицензия беру бойынша өз кушімен енгізген жаңалығына байланысты қолма-қол ақша ахуалы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырып қарағанда түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Коммерциялық банктер корреспонденттік шоттардағы қаражат қалдығының шегінде қолма-қол ақша қалдығының лимиті белгіленбейді.
Осыған қарай Ұлттық банк ақша базасын шамасын Ұлттық банктің корреспонденттік шотындағы екінші денгейдегі банктердің қаражат мөлшерін реттеу арқылы, яғни банктердің өтімділігін реттеу арқылы реттеп отырады.
Бұл ақша – несие саясатының аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Бұл аспаптар ақша базасының ұлғайған шегін көрсететін әрі ақша массасының ақша базасына қатынасы ретінде есептелетін ақша мультипликаторының шамасына өз әсерін тигізеді.
Ақшалай мультипликатордың шамасы міндетті резервтеудің нормаларына тәуелді, өйткені міндетті резервтер несие ресурстарының көзі ретінде, сондай-ақ айналымдағы қолма – қол ақшаның үлес салмағынан пайдаланылмайды. Бұны банктерден тысқары болатын айналымдағы қолма –қол ақшаның мультипликацияланбайтындығымен байланыстырып түсіндіруге болады. Ақшаның мультипликация қарқындылығы олардың экономикадағы айналыс жылдамдылығына әсерін тигізеді: мультипликация коэффициенті неғұрлым жоғары болса ақша массасы соғұрлым көп, айналыс жылдамдығы аз болады. ҚР Ұлттық банкі ақша айналысын және инфляция деңгейін реттеу үшін міндетті резервтер нормасы, қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейі, ашық нарықтағы операция, валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету секілді ақша – несие саясатының аспаптарын пайдаланады.
Халықаралық тәжірибе көрсетіп бергендей, банк резервтерінің міндетті нормаларының сәл ауытқуы ұсынылатын ақша мөлшерін елеулі өзгерістерге ұшыратады. Сондықтан да Орталық банк бұл аспапты жиі қолдана бермейді.
Міндетті резерв нормаларын шектен тыс жоғарылату іскерлік белсенділікті төмендетеді, банктер таратылған ресурстарды тиімді пайдалана алмайды, өйткені несие берілетін салалар азайып, айналыстағы ақша массасы кемиді.
Айналымдағы ақша массасын реттеудің тиімді құралына қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі жатады. Орталық банк бұл саясат арқылы коммерциылық банктерге несие береді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы. Бұрғы ережесі. 1-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы. Бұрғы ережесі. 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.1 – өткізгіштің магнит өрісін сипаттайтын шамаларды түсіну;
Сабақ мақсаттары: Магнит өрісін сипаттайды шамаларды біледі және формулаларын қолданып есептер шығарады ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Қазақстан Республикасында қаржы жүйесін жетілдіру барысы

КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Негізінен теориялық курс болып табылатын және экономикалық пәндер жүйесінде басты орындардың бірін алатын «Қаржы» курсында қоғамның өндірістік қатынастарының ерекшеліктері, шаруашылық және әлеуметгік ғылымдар құрамдастарының аса маңыздыларының бірі қаржы туралы ғылым зерделенеді.
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі «Қаржының» теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның (саяси экономияның) негіздеріне сүйенеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Электр және магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектер. (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрісі
Сабақ тақырыбы: Электр және магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - Токомак, циклотрон, адронды коллайдер, магниттік тордың жұмыс істеу принципін талдау және поляр шұғыласының табиғатын түсіну.
- Зарядталған бөлшектердің қозғалысына магнит өрісінің әсерін зерттеу.
Сабақтың мақсаты: • Электр өрісінің зарядты үдетуінің себебін түсіндіру;
• бағыттың өзгеруі арқылы магнит өрісін сипаттау;
• Бір мезгілде электр және магнит өрісінде болған зарядталған бөлшектердің қозғалысын түсіну......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ғажайып фабрика 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып фабрика 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.1 өсімдіктердің фотосинтез процесінде оттек бөлуін түсіндіру;
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
фотосинтез үдерісі жайлы түсінік алады;
өсімдіктің оттек бөлетініне көз жеткізеді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
1 0