Курстық жұмыс: Экономика | Өндірістің факторлары

Қазiргi тәуелсiз Қазақстанда жалпы табиғи-тарихи заңдылыққа сәйкес ХХ1 ғасырдың қарсаңында рыноктық қатынасқа бағыт алынды. Осыған орай көптеген күрделi мәселелердi тұңғыш рет шешуге ұмтылып келемiз соның бiрi. әрине экономикалық теориядағы өндiрiс факторлары мәселесi.
Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы са¬яси тәуелсiздiкке ие болып өз алдына жеке мемлекет ретiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүшелiгiне қабылданды, басқа да тәуелсiз елдер сияқты әкiмшiлдiк жүйеден рынок қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, өтпелi дәуiр кезеңдерiн басынан өткiзуде. Осыған орай республикамызда жаңа өндiрiстiк қатынастар заңдылықтарын, олардың ерекше көрiнiстерiн зерттеу мүмкiңдiгi ашылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының басты мiндеттері мен алға қойған мақсаттары ол - әлеуметтiк бағыттағы жоғары әрі тиiмдi экономиканы қалыптастыру әлемдiк кеңiстiкте өз орнын табу, экономи¬калық тәуелсiздiктi қамтамасыз ету, жоғары дәрежелi еңбек өнiмдiлiгiне жету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану, халықтың тұрмыс дәрежесiн көтеру, аралас экономиканы қалыптастыру, түрлi меншiк иелерiне жол ашу, рынок орталықтарында тиiмдi заңға негiзделген iскерлiкке қол жеткiзу болып табылады.
Қазiр елiмiздiң эко¬номикасында әкiмшiлдiк-шаруашылық жүйесiнен арыла келе рынок шаруашылығына қажет алғы шарттар жасау мақсаты жүзеге асырылуда. Нарық экономикасына көшу бiр дүркiн қозғалыс емес, ол тарихи тұрғыдан алғанда адамзат қоғамының көп жағдайда экономикалық және әлеуметтiк прогресiн айқындайтын табиғи процесс.
Әрине, бiздiң елiмiзге бүкiл әлемдiк рынок экономикасының тарихын, даму сатыларын басынан өткiзу мiндет емес. БIЗ басқа мемлекеттердiң тәжiрибесiн ескеруге тиiстiмiз. Қазақстан экономикасының басқа мемлекеттер тәрiздi рыноктық қатынас бағытында дамуы сөзсiз. Кешегi әкiмшiлдiк социализмнен керi қарай капитализмге көшудемiз деушiлер де бар. Соңғы жылдары экономика теориясы түбiрлi өзгерiстер орын алуда. Ол кездейсоқ емес, мұның өзi қоғамдық және өндiрiстiк қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тiкелей байланысты. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қылмыстық кодекс | Қылмыстық процесте өндірісті тоқтата тұрудың негіздері

КІРІСПЕ
Бірінші дәрежелік бағыт ретінде құқықтық мемлекеттің құру жөніндегі міндеттерді шешу тұлғаның құқықтық қорғалу механизмінің жетілуіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру кепілдіктерін оңайлатуын ойластырады. Қылмыстық - процессуалдық әрекетті жүзеге асырған кезде құқықтық реформаның берілген бағытын іске асыру бірінші кезекте сот әділдігінің процессуалдық кепілдеріне сүйенуі керек, тұлғаны құқықтық қорғауға назар аударуды күшейту, қылмыстық сот ісін жүргізудің қағидаларын жүзеге асырудың кепілдерін бекіту керек. Қылмыстық процесс қазіргі талаптардың деңгейінде көп жақтық анализді қажет етеді. Қылмыстық процесс орын алып отырған тұтыныстарды анықтауды, оның жетілуін қажет етеді. Қылмыстық сот ісін жүргізу жағдайы бойынша, оның қүқықтық регламентациясы бойынша құқықтың жалпы күйі жөнінде оның қоғамның даму сипаты мен деңгейіне қаншалықты сәйкес екендігін ойлап білуге болады. Қылмыстық процесс процедурасы негізгі кінәлау және айыптау, азаматтық құқықтары мен бостандықтары қысым көрсету жағдайларын жоюға, адамдарды заңға құрметпен қарау рухында тәрбиелеуге алып келеді. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы сұрақтарды шешкен кезде де заң талаптары қатаң сақталынуы керек, өйткені мұндай шешім қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындауда ғана көрініс тауып қана қоймай, процесс қатысушыларының мүдделерін, сонымен қатар жедел сотқа олардың кұқығын қозғайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Ерлік-ұрпаққа ұран

Отан үшін күрес - елге жасаған үлес
Халық даналығы
Ерлік деген ұғымның қаншалықты қастерлі,қаншалықты қымбат екенін Ұлы Отан соғысында қан кешкен аталарымыздың майдан жорығындағы қаһармандық іс-әрекеттерін естігенде, солар суреттеген оқиғалардың көрінісін соғыс жайлы кинофильмдерден көргенімізде жан дүниеміз шымырлап, тебіреніске түсе отырып сезінеміз. Ұлы Жеңіс күні - бейбітшілікті жанымен қорғаған жаужүрек аға буынның ерлігі мен қаһармандығы алдында бас иіп, тағзым ететін қастерлі күн. Ел еркіндігі үшін қыршын кеткен боздақтардың рухын, майдангерлердің сұрапыл соғыс кезіндегі қайсарлығы мен ерлігін, тыл еңбеккерлерінің ерен еңбегін халық жадында мәңгі сақтау-біздің басты қасиетті парызымыз.
Ұлы Отан соғысына Оңтүстік Қазақстаннан 140 мыңнан астам адам аттанып, жартысына жуығы елге оралмапты. Жанқиярлық ерлік көрсеткен оңтүстікқазақстандық 51 азаматқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, 8 жерлесіміз "Даңқ" орденінің толық иегері атанды. Бүгінде от пен оқтың арасынан елге оралған соғыс ардагерлері мен тылда тынымсыз тірлік жасаған еңбеккер ардагерлеріміз сиреп бара жатыр. Ел басына күн туған жылдары Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қазақ халқының өр рухын танытып, азаттыққа деген арманды ақиқатқа айналдырды. Әділдік пен зұлымдықтың арпалысы деп бағаланған сұрапыл соғыстағы ерліктері біз үшін нағыз отансүйгіштіктің теңдессіз үлгісі болып қала бермек.......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Векторлардың скаляр көбейтіндісі 3-сабақ (Геометрия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңістіктегі векторлар
Сабақ тақырыбы: Векторлардың скаляр көбейтіндісі 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: кеңістіктегі векторлардың скаляр көбейтіндісінің анықтамасын және қасиеттерін біледі.
Сабақ мақсаттары: Кеңістіктегі векторлардың скаляр көбейтіндісінің қасиеттерін қорытып шығарады және есептер шығару барысында қолданады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Фотосинтез үдерісі 2-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Фотосинтез үдерісі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.1 өсімдіктердің фотосинтез үдерісінде оттек бөлуін түсіндіру;
3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктердің фотосинтез үдерісінде оттек бөлу процесін түсіндіреді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Банк ісі | Ұлттық банк жүйесі

Кіріспе.
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағындаКСРО ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихы мен тығыз байланысты болып келеді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кіреді.
Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметі 1860 жылы болды) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік қарыздық операцияларының 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа орталық эмисиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендіреді. 1914 жылы қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 фирмасымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғарғы дәрежесіне жетті.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Ел ерімен еңселі

Ел үшін аянба – ерлігіңе,
Жұрт үшін аянба –жігіттігіңе сын!
Бауыржан Момышұлы
Міне, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да – 75 жыл толып отыр! Яғни, біз 75 жыл бойы бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні, дәл осы шаттық хабарды естіп, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының халықтары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста - 1418 күн мен түндерді, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Сонда да, Берлиндегі Рейстах қамалының үстінде Жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы Жеңіске Қазақстаннан шыққан қаһарман жауынгерлердің қанымен, жанымен, мына – жарық өмір үшін аянбай ұмтылған үлестері мол еді. Иә, 1945 жылдан бері көп оқиға болды. Бірнеше ұрпақ ауысты. Елімізде түрлі күрделі оқиғалар болды. Әлемнің саяси картасында «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН» мемлекеті орын тапты. Кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы ерлігі әлемді таңқалдырып, мойындатты. Біздің қазақстандықтардың қосқан ерлік- үлестерін біз мақтан етеміз.
Аға ұрпақтың ерлігі мен әскери даңқы жас ұрпақты Отанымыздың болашағы үшін азаматтық жауапкершілікке, елін қорғауға әзір болу рухына тәрбиелейді. Олардың ерлігіне тағзым етіп, бас июіміз қажет. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз оңбаған адам» деп Бауыржан Момышұлы атамыздың айтқанынан, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағандығы өз халқын сүйетіндігінен болса керек......
Шығармалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Экономикалық өсу қоғамның әл ауқаты мен өндірістің тиімділігін арттыру ретінде

Қазақстан ХХІ ғасырдың баспалдағында нарықтық эконономикаға бейімделіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп дүениежүзіне таныла бастады. Жақын арада Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауында өтпелі кезеңде жетістіктерімізді атап, осы уақыттағы және болашақтағы ұстанатын жолымызды, яғни экономика салаласындағы атқаратын қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындап көрсетті. Қазазстан экономикалық әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында айқындалған стратегиялық бағдарламаның негізінде, біз жас буын оқымыстылар, ғалымдар өз үлестерін аянбай қосатыны белігілі.
Ұлттық экономикамыздың жеткен жетістіктерімен қоса әліде болса, шешілмеген осал тұстарымызда баршылық. Біздің борышымыз Қазазқстанның өркениетті, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылуы үшін аянбай еңбек етуімізді талап етеді. Қазіргі экономоикалық өсу, қоғамдағы әл-ауқаттылық жағдайы, өндірістік тиімділік бүгінгі күнннің өзекті мәселесі. Ғылыми салада бүгінгі жаңа теориялық ізденістерін тереңдетіп жетілген және жетілмеген тұстарына көңіл бөліп одан ары дамытуға өз үлестерімізді қосуға атсалысқанымыз жөн деп санаймын. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлар қайда тіршілік етеді? 1-сабақ (Жаратылыстану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат. Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар қайда тіршілік етеді? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.2 жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігін анықтау;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар: жануарлардың тіршілік ету ортасын ажыратады; мекендейтін жеріне қарай жануарларды топтайды.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық құқығы | ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ ОБЪЕКТІСІ

КIРIСПЕ
Салық өркениет үшiн төленетiн төлем. Оның қандай тұрiнен болмасын жалтаруға бермеу – бүгiнгi күннiң басты назарында. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызы тәсiлi ретiнде орын алып, оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгi әлеуметтiк және экономикалық саясаттың жетiстiктерiне әкеледi. Нарықтың экономикалы елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарды қалыптастыруда басты роль атқарады да, экономиканы басқаруды күштi стимулдық құралы болып келедi, әсiресе олар ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетуге, антинфляциялық және құрылымдық саясатты жұзеге асыруды белсендi орын алады. Сондықтан да салықтарды төлеу төлеушiлер үшiн онша қызықты iс болып келмегенiмен јте қажеттi де маңызды iс болып табылады.
Елімізде жүргізілген экономикалық реформалар банк ісінің дамуында жаңа белесін айқындап берді. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0