Атам мен әжемнің қолында тәрбиелендім. Кішкентайымнан атамның арқасынан түспейтін едім, бірге бұзау айдап, соңынан бір елі қалмайтынмын. Жаздың бір жайма-шуақ күндерінің бірі еді. Атамның үйінде өзім қожа, өзім би едім. Олардың бар ермегі мен болсам, менің ермегім – үйде жиналған ыдыс сөрелерін, әжемнің әбдіресін, атамның заттарын тамашалау. Әсіресе мені қызықтыратыны шаң басқан чемодандарды ашып, атамның ескі заттарын ақтарып, өзімше бір тексеріс жасау еді. Сондай кезекті тексерістердің бірінде қолыма фото тиді, фотодан атама ұқсайтын бір адамды көрдім. Сарғайып, бір шеті жыртылып та қалған ескі фото болатын. Қолыма алдым да, атама қарай жүгірдім. Қасына барып, кім екендігін сұрадым. Атам суретке ұзақ қарап, қасына жайғасуды ұсынды. Кейін: - Бұл менің әкем, - деп бастады сөз басын. Алмамбетов Сәрсенбек - Ұлы Отан Соғысының ардагері. 1941 жылы соғыс басталғанда әскер қатарына шақырылады. Бірінші Украина майданында жаяу әскер бөлімінің 248моторланған атқыштар полкінде болып,Украина жерін жаудан азат етуге қатысқан. Польша жерін неміс-фашист басқыншыларынан азат ету кезінде жүрек астынан оқ өтіп, екі рет жараланып, 1945 жылы елге оралады. Ұлы Отан Соғысында көрсеткен ерліктері үшін ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен және «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Маршал Г.К. Жуков», «Жеңіске 40, 50 жыл» сияқты медальдармен марапатталған. Бүгінгі көк аспан астында бейбіт өмір сүріп жатқанымыз - осы адамдардың арқасы. Сен атаңмен мақтануының керек, - деген болатын. .....
Опасызда Отан жоқ, Отанда опасызға орын жоқ Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Әйгілі қолбасшы Бауыржан Момышұлы «Соғыс қазақ халқының тарихын күрт өзгерткен, бұрылыс әкелген, миллиондаған отандастарымыздың арасында өшпес із, жазылмас жара қалдырды» деп, өз ойын айтып еді. Ұлы Отан соғысы қазақ халқы өмірінен,тағдырымен тығыз байланысты. Бұл оқиғаны біз жүрегімізден алып тастай алмаймыз. Отан қорғауға ерлер мен әйелдердің құқығы тең болған еді. Сондықтан әйелдерде Отан үшін күресіп, жауға қарсы тұрды. Шығыстың екі батыр қызы Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова осы соғыстың батыр құрбандары болды. 1418 күнге дейін созылған Ұлы Отан соғысы Қазақстан тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі. Соғыстың барлық ауыртпалығын қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Олар рейхстокга Жеңіс туын тіккен болатын. Бөлімшенің жауынгерлері мен офицерлері қазақ халқының батырларын зор құрметпен жерледі........
Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдылықтың бірі «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі, мен салауаты» тармағындағы азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін дені сау болуы және оларды қоршаған табиғи таза ортада салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі айтылған. Қоғамның дамуының қазіргі заманғы жағдайында халықтың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығының күрт төмендеуі байқалады. Әр түрлі зерттеулердің деректері бойынша жастардың 10%-ға жуығының ғана дене бітімі мен денсаулығы қалыпты деңгейде, адамдардың өмір сүру ұзақтығы 7–9 жасқа қысқарып, өлім туудан асып түсуде, қоғамның өндірістік әлеуеті төмендеуде. Қазіргі уақытта адам денсаулығы білім берудің әр түрлі салалары үшін ең өзекті проблема болуда, олардың ішінде халықтың валеологиялық мәдениетін қалыптастыру жолымен адам денсаулығын дамыту және сақтау жүйесі арқылы танылған педагогика ғылымына ерекше орын берілген.....
Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл - 75 жыл! Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – біз үшін де ұлы мереке! Ұлы Отан соғысы біздің әрбірім үшін ұмытылмастай ізін қалдырды. Осы соғыста қаншама адам қаза тауып, қаншамасы мүгедек атанды. Қаншама ана жесір, балалар жетім қалды. Оңай келмеген жеңісте ерен ерлігімен көзге түсіп, ерекше сый-құрметке ие болған сан мыңдаған жауынгерлердің ішінде қазақ аталарымыз бен апаларымыз да көп. Ерлігін жыр қылып айтатын әрбір қазақ батырымызды ешбіріміз ешқашан ұмытпаймыз. Қазір қазақ елдімекендерінде көптеген көшелер, ғимараттар, оқу орындарына Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтардың есімдері де берілді. Ол деген біз, яғни, кішкентай қазақстандықтар өз ата-апаларының ерліктерін ұмытпасын, біліп жүрсін, мақтан етсін деген мақсат. Қазіргі кезде сол батырларымыздың қатары сиреп, азайып қалды. Олар - біздің мақтанышымыз! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды......
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көп түрлілігі. Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы көміртек пен азот айналымы. Биосферадағы биохимиялық үрдістер. Топырақ пен шөгінді жыныстар түзудегі тірі ағзалардың рөлі. Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 9.3.1.4 азот пен көміртектің табиғаттағы айналымының сызбасын құру. Сабақтың мақсаты: азот пен көміртек айналымын түсінеді азот пен көміртек айналымының сызбасын құра алады. азотты сіңіру, ыдырау, нитрификация және денитрификация үдерістерін өз сөзімен түсіндіре алады .....
Физика ғылымының тілі –бұл физикалық терминдер. Термин дегеніміз – ғылым, техника, өнер аумағындағы қандай да бір белгілі ұғымның атауы болып табылады. “Термин” ұғымының жалпы анықтамасына сүйене отырып біз физикалық терминді келесі түрдегідей анықтаймыз. Осыдан физикалық термин дегеніміз – бұл физикалық ұғымның атауы болып табылатын сөз немесе сөз тіркесі, ал физикалық ұғым – физикалық обектілер мен физикалық құбылыстардың мәнді белгілерінің бейнесі. Ғылыми – техникалық даму барлық ғылыми білім салаларындағы түсініктер мен терминдердің жүйесін тәртіпке салу мәселесін күшейте түсті. Физика қазіргі техника мен өндірістің негізі болып табылады және маман халық шаруашылығының кез-келген саласында физика ғылымдарының әдістері мен тілін еркін пайдалануға тиіс. Сондықтан арнайы орта мектептің қазіргі кездегі өзгертулерінің басты мәселелерінің бірі- табиги математикалық, жалпы техникалық және арнайы пәндердің жетік меңгерілуі үшін физиканың оқытылуының сапасын, нәтижесін және ғылыми деңгейін айтарлықтай көтеру. Бүгінгі күнде физиканы толық негізде қазіргі кезде ғылым мен техниканың тілі деуге болады. Әрине қандайда бір ғылым тек физикалық емес, сондай- ақ табиги және өзінің арнайы тілімен қолданылады. Бірақ физика тілінің қолдану деңгейі сол немесе басқа ғылымның дамуының маңызды көрсеткіші.....
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік. Сабақтың тақырыбы: Электр тізбегі деген не? Оқу мақсаты: 3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау; 3.5.5.3 қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну; 3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу. Сабақтың мақсаты: Электр тізбегінің қарапайым сызбасымен және оның жұмысымен танысу......
Әлемдік білім кеңістігінің даму тарихы, оның әр кезеңіндегі айқындаған тенденциялары әр халықтың гүлденіп өркендеуінің, қоғамдағы прогрессивтік өзгерістердің білімге байланыстылығын, жалпы білім саласының маңыздылығын дәлелдейді әрбір мемлекеттің интелектуалдық, экономикалық, парасаттылық және оның даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты екендігін педагогика ғылымы мен білімнің даму тарихы айқындайды . Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған туындаған талаптарға сай жас өспірім ұрпаққа берілетін білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады. Әдетте бұл жеке мемлекеттің білім жүйесіндегі реформалармен жалғасады. Жүргізілетін реформалар тереңдігі, ауқымы сол қоғамның білім мәні бойынша алған ұстанымына байланысты. Қоғам дамуының әр кезеңінде жас ұрпаққа берілетін білімніңққ құрамы мен құрылымына қойылатын жаңа талаптар мен соған сай енгізілетін өзгерістердің сипаты сыртқы және ішкі факторлардың негізінде айқындалады Осы тұрғыдан жалпы білімберу жүйесіндегі бетбұрыстардың себепшісі болып жатқан саяси әлеуметтік,экономикалық өзгеістер, әлемдік деңгейдегі білім берудің жаңашыл үрдістері жатады. Еліміздегі саяси өзгерістердің нәтижесі болған егемендіктің арқасында білім саласында қоғамның басқа салалары сияқты бетбұрыс басталды. Ең бастысы кең ауқымды ізденістерге бағыт бағдар берерлік нормативтік құқықтық база құрылып, білімберу саясаты айқындалды. Дәлірек айтсақ; «Білім туралы», «Ғылым туралы» Заңдар мен оларды жүзеге асыруға бағытталған Үкімет қаулылары қабылданды. Аталған заңдар мен қаулыларды жүзеге асыру шаралары аясында «Білім беруді қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы дайындалды. Сонымен қатар, кейінгі кезде мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспарларында білім саласының дамуына да үлкен мән берілді. Білім беру жүйесін реформалауға қатысты қабылданған, жоба деңгейінде дайындалған құжаттарда білім беру салаларының мақсат, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын бүкіл әлемдік талаптар тұрғысынан жаңа сапалық деңгейге көтеру және ұлттық болмысқа сай жаңарту көзделген». Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасында «әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу» -деп атап көрсетілген. Ал, білім беруді ұйымдастырудың тұжырымдамалық - әдіснамалық негіздеріне келсек, «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасында: «Жалпы білім беретін мектептердің оздігінен дамуының ішкішарты – оның тұтас оқу - әдістемелік жүйесін жасау», - деп атап көрсете келіп, «Мектепті қайта құру барысында ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру, даралап және саралап оқыту сияқты жетекші принциптер басшылыққа алынады» – делінген.Сондықтан жалпы білім беру жүйесіндегі басты ұстанымдардың бірі, ғылымның барлық салаларынан білім беру болды. Сөйтіп білім мазмұнының құрамы мен құрылымын анықтауда пәндік принцип басшылыққа алынды.....
К І Р І С П Е Ипотека дегеніміз б.з.д. І-ІІ ғ. Рим шекарасында белгілі болған. «Ипотека» термин ретінде б.з.д. VІ ғ. Пайда болды. Ипотека грек тілінен аударғанда кепілдік деген мағына береді. Қазақстанда ипотекалық несиелеу меншік туралы Кеңес Үкіметінің заңы қабылданғаннан кейін мүмкін бола бастады. Шын мәнінде алғашқы ипотекалық несиелеу тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасымен 1994-1995 жылы жүзеге асырыла бастады. Ал бүгінгі таңда коммерциялық банктердің дәстүрлі – базалық қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Көптеген елдерде ипотекалық несиелендірудің халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі ролі баршаға белгілі. Шағын болса да тұрақты табысы бар халық топтары үшін тұрғын үй сатып алуға жағдайлар жасаумен қоймай, ипотекалық несие құрылыс саласына инвестициялар тартуға мүмкіндік беріп, қор рыногының жаңа сегменті - ипотекалық құнды қағаздар рыногының әрекет етуіне септігін тигізді.....
Көп клеткалы организмдердің клеткалары екі жағдайда тіршілік етеді. Олар не қалыпты күйінде, не ісік клеткасына айналған күйінде болады. Организмнің, мүшенің, ұлпаларды немесе клеткаларды жан-жақты зерттеу үшін ісік клеткалары өте қолайлы объект болып табылады. Ісік клеткалары көптеген биохимиялық сипаттамасы бойынша қалыпты клеткалардан біршама ажыратылады. Негізгі айырмашылығы, ісік клеткаларының ретсіз, үздіксіз бөлінуі болып табылады. Және бөліну организмнің реттегіш сигналдарына бағынбайды. Нәтижесәнде бір ісік клеткасына бірнеше клетка түзіледі. Пайда болған клеткалар да ретсіз бөлінеді, яғни ретсіз және үздіксіз көбею қасиеті тұқым қуалайды. Ісіктің көлемі жаңа қалыпты клткалардың ісік клеткаларына айналуынан ұлғаймайды. Ісіктің көлемі алғашқы ісік клеткасының ретсіз, тез бөлінуіне (көбеюіне) тәуелді .Мұндай организмде бір ғана ісік клеткасынан қатерлі ісік түйіні пайда болу мүмкіндігін-моноклондық деп атайды. Ретсіз бөліну қасиетінен басқа, организм өіріне қауіпті тағы екі қасиетке ие. Олар: инвазияға (ену) қабілеттілігі және метастаздаушы қасиеттері. Инвазия- қалыпты ұлпада ісктің пайда болып, ұлпаның зат алмасуына , қызметіне кедергі кетір құбылысы. Бұл кезде қалыпты үлпадағы клеткалар өз тіршіліктерін жояды. Метастаздаушы- бұл қатерлі ісіктің бастапқы пайда балғн жерінен қашық мүшелерде де ісік түйінінің пайда болуына әсурі блоып табылады. Ісік клеткалары, қалыпты клеткаларға қатағанда, бір-бірімен нашар байланысқандықтен ісік түйінінен үзіліп, қанмен немесе қан сары суымен бүкіл организмге тарала алады. Кейбәр органдарда тоқтап, көбейе бастауы мүмкін. Соның салдарынан жаңа инвазияға қабілетті ісік түиіні пайда болады. Сол себепті, ісік түйіні аса қауіпті емес мүшені зақымдаса да метастазиялық қасиетті бүкіл организмге қатер төндіреді ....