Реферат: Үндістан

Үндістан Азаматтық Демократиялық Республикасы – Оңтүстік Азиядағы мемлекет. Негізінен Үндістан түбегінде орналасқан. Территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 3200 км-ге созылған. Солтүстігінде Гималай тауларына, батысында Араб теңізіне, шығысында Бенгаль шығанағына ұласады. Араб теңізіндегі Лаккадив, Аминдив, Бенгаль шығанағындағы Андаман, Никобар аралдары Үндістанның құрамына кіреді. Құрлықпен өтетін шекарасының ұзындығы 15000 км-дей, теңіздік жағалауы 5500 км-ден асады. Үндістанның солтүстік-батысында Пакистанмен және Ауғанстанмен, солтүстігінде Қытаймен және Непалмен, солтүстік-шығысында Бангладешпен, шығысында Бирмамен, Бутанмен шектеседі. Жері 3282,59 мың км2. Халқы 606 млн-нан астам (1975). Астанасы – Дели қаласы. Әкімшілік жағынан 22 штатқа және 9 одақтас аймаққа бөлінеді (1976). Штаттар дистрикттерге (окруктарға), бұлар талуктерге және тахсиллерге бөлінеді.....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Халықаралық еңбек бөлінісі

Кіріспе
Халықаралық еңбек бөлінісі халықаралық тауар айырбасының объективті негізі; мемлекеттердің экономикалық даму деңгейіне, қоғамдық құрылымына қарамастан, саудада, ғылыми-техникалық салада, ғылымда, тұрмыс қажетін өтеуде, өндірісік дамуда т.б. көптеген ынтымақтастықта бір бағытта бірлесе дамуға жұмылдырады.
Халықаралық шаруашылық байланыстарының типі XIV-XV ғысырда пайда бола бостады (орта ғасырда). Әрине, ондағы тауар айырбасы қарапайым түрде еді.
Дүниежүзілік шаруашылық көптеген жылдар бойы екі қарама-қарсы системаның бір-біріне қайшылықтары салдарынан (саяси құрылымы жағынан) ұзақ уақыт бойы бір жүйеге түсе алмай жүрді. Социалистік лагерь өз бетінше, ал экономикалық байланыста капиталистік елдер өзінше дамыды.
Сонымен, халықаралық еңбек бөлінісі – мемлекет ішінде және мемлекетаралық еңбектің даму қорытындысы болып табылады. Еңбек бөлінісі- ол нақтылы еңбектің бөлінуі. Еңбек бөлінісі-оны бөлшектеу және қайта жинақтау. Өндірістік процесс жеке фазаларға және стадияға бөлінеді, одан кейін бір аймақта жинақталады. Ол жеке өз алдына кәсіпорын болуы және де аймақтық-өндірістік кешен болуға ықпал етеді. Еңбекті бөлудің түпкі мақсаты -өнім шығарудың әдісі, яғни халықаралық еңбек өнімін өсіруге саяды. Халықаралық еңбек бөлінісі- өндіріс тиімділігін асыру мақсатындағы, қоғамдық еңбектің шығынын үнемдеуде өндірістік күшті тиімді пайдаланудың негізгі құралы.....
[right][/right]
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Іс қағаздарының қоғамда алатын орны

Елімізде Тіл туралы заң қабылданып 1990 жылдың шілденің 1-нен бастап күшіне енуіне және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 4116 Жарлығымен бекітілген Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік тіл – қазақ тілін ресми қолдану іс қағаздарын осы тілде жүргізілуіне ерекше мән беріліп жүзеге асырылуда.
Тәуелсіз мемлекетімізде ана тілінің деңгейін көтеру , оның қолдану аясын кеңейту қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне жарқын жол ашпақ.
Жалпы халықтық тіл негізгі қатыс құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Сондықтан да адамдарды күнделікті тіршілігінде жазба тілдің қалпына түскен бір көрнекті ретінде іс қағаздарының немесе ресми құжаттардың маңызы айрықша. Өйткені, әр адамның қоғамнан орнын табуы, өз мүддесін еркін қоғамның өзге мүшелерімен жеке адамдармен , мекемелермен, өндіріс орындарымен байланыстыра алуы негізінен осы іс қағаздарымен байланысты.
Ресми құжат немесе іс қағаздар дегеніміз адамдар мен қоғамдық мекемелерді өзара байланыстырып, олардың тіршілігі үшін қажеті мәселелер мен мақсат – мүдделерді шешуге көмектесетін қажеттілік материалдар.
Іс қағаздарының алдына қойған міндеті – қазақ тілінде іс жүргізу мәселесіне тұрақты да тұрлаулы сипат беру, ұлт тағдыры, оның бірегей төлтума мәдениеті үшін түбегейлі маңызы бар мәселесінің кері кетуіне жол бермеу мен ресми қарым-қатынас жасау.
Әдеби тілдің дамуы қоғамдық құрлыстың, оның экономикалық жүйесі мен негізгі саяси ұстанымдарының өзгеруімен, қоғамның ана тіліне деген көзқарасымен тығыз байланысты ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігі

Ел экономикасының қуаттылығы оның қазба байлықтары мен минералдық ресурстар базасының көлеміне емес, алысты аңғаратын экономикалық реформалар стратегиясының бәсекелестікке қабілетті жоғарғы технологиялық тауар мен сапалы қызмет жасауға жағдай туғызуға негізделген жөн.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай деген еді"... жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметте тиімділігінің төмен болуы обьективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды". Сондықтан аграрлық өнеркәсіптік саладағы экономикалық ахуал үнемі жан-жақты талдауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына дейін және одан кейін қабылданған бәсекелестікке қабілетті тауар шығарып, қызмет көрсетуге бағытталған теориялық алғышарттарды экономикалық нақты көрсеткіштерге ұластыру қажет және ол бүгінгі күннің көкейтесті талаптарының бірі. Ол үшін, экономистердің пайымдауынша, әр ел әлемдік шаруашылықта өз тауарымен және қызметімен өз орнын табуы тиіс. Десе де, белгілі бір ел ішкі азық-түлік және киім-кешек сұранысын мейлінше өзі қамтамассыз еткен жағдайда ғана ұлттық экономика бәсекелестікке қабілетті болмақ және ол тұрақты экономикалық даму кепілі.
Осы дипломдық жұмысымда бәсекелестікке қабілетті экономиканың маңызды бір бөлігі – ауыл шаруашлығы саласының бәсекелестікке қабілеттілігін теориялық негіздемеге сүйене отырып, кәсіпорын мысалында көрсетуге тырыстым. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Іс жүргізу құқығы

Заң ғылымдарында құқық нормаларын материалды және іс жүргізу деп екіге бөлу қалыптасқан. Материалды құқық нормалары материалды құқықтық нормаларды құқық бұзушылықтан қорғаудың тәртібін қалыптастыратын құқықтық қатынастардың мазмұны мен іс жүргізу нормаларын реттейді. Іс жүргізу нормалары қылмыс және басқа да құқық бұзушылық жасалған, өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы түсіністікке келе алмай сотқа жүгінетін сияқты қатынастардың барысында туындайтын, арнайы құзыретті органдар іске асыратын құқық қолдану түр пішінде көрінетін құқық қорғау үрдісін реттейді. Барлық іс жүргізу нормалары құрамына қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу және екі материалды: конституциялық және әкімшілік іс жүргізу нормалары кіреді.
Мемлекеттің міндеті мен қызметі қоғам өмірінің көптеген салаларын қамтиды. Солардың арасында аса маңызды міндеттердің қатарына жататын іс құқықтық тәртіп пен заңдылықты, адамдардың құқығын, бостандығын, мемлекеттік және мемлекеттік емес бірлестіктердің, еңбек ұжымдарының мүдделерін қорғау, қылмыспен күресу. Бұның барлығы іс жүргізу құқығы саласына жатады. Сондықтан, іс жүргізу құқығында құқық қолдану іс-әрекеті құқық қорғау органдарының көмегімен іске асырылады ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпкершілік шаруашылық әдіс ретінде және оның негізгі түрлері

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Кәсіпкершілік - шаруашылық әдіс ретінде және оның негізгі түрлері».
Кәсіпкерлік - адам қызметің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпигроф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу -басқаның істегенін істемеу».
Екінші жағынан кәсіпкерлік жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген : «Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». «Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон ендірді.Бұл ағымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымын баламалап қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес- табыс әкелетін кез-келген қызметтің түрі. Рас бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысытын адамдар, көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | ХVІ ҒАСЫРДАҒЫ ЖЕТІСУ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

Бұл мақалада Қазақ хандығының қалыптасып, даму тарихымен тығыз байланыста болған Жетісу аймағының қазіргі таңда тарихи деректер мен ғылыми зерттеулерде зерттелу деңгейіне тарихнамалық шолулар жасалынған.
ХVІ-ғасырдың басындағы бірінші онжылдықта да қазақтың ханы Керей ханның баласы Бұрындық өзінің хандық билігін жалғастырған. Алайда оның Жетісу жерінде ешбір билік жүргізген әрекеттері жазба деректерде кездеспейді. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Балаңыз қақалып қалса не істейсіз

Бала еңбектегеннен бастап, қаз басқанша әр нәрсені аузына салып, тіпті өзге затты жұтып қоятын қылықтары кездеседі. Мұндайда баланың ата-анасы жедел жәрдем келгенше не істеу қажет?
Ең алдымен баланың тыныс алуына назар аударыңыз. Егер бала дұрыс дем ала алмай, жылап, еріндері көгеріп жататын болса, жұтып қойған бөгде зат тамағына не жоғарғы тыныс алу жолына тұрып қалған. Мұндайда бала дауыс шығармауы да мүмкін. Қатты қызарып, талып қалады. Сіздің алғашқы әрекетіңіз,
1) Орындыққа отырып, баланы тізеңізге жатқызыңыз. Басы төмен қарау керек, яғни тізеңізге оның іші тисін.......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Азаматтық сот ісін жүргізу

Тәуелсіз мемлекет құрудың ең басты шарттарының бірі заңдылықты сақтау болып табылады. Заң нормаларын сақтау - әрбір азаматтың міндеті. Осыған орай мемлекет мүддесін және жеке азаматтың құқығын қорғау, тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықпен күресу, халықты заң ережелерін сақтауға үйрету еліміздің көптеген құқық қорғау органдарымен қатар сот органдарына да жүктелген.
Соңғы жылдарда азаматтық және қылмыстық істер қараудың сапасы мен жеделдігінің тұрақты арту үрдісі қамтамасыз етілуде. Мұндай оңды нәтижелер 2001 жылғы маусымда іс жүргізу заңнамасына жаңа ережелер енгізіп, соның арқасында істерді қайта қарауға қайтармай, облыстық соттардың апелляциялық және қадағалау инстанцияларында түпкілікті шешудің оңтайлы жолын таңдауға мүмкін болғанына да байланысты болып отыр.
Дегенмен еліміздің сот әділдігі жүйесін жетілдірудің барлық мәселелері толық шешілді деп айтуға болмайды. Біз демократиялық қоғам орнатып жатырмыз. Ал демократия – адамдардың Конституциялық құқықтарының, бостандықтарының қатаң сақталуы. Олай болса, азаматтардың құқықтары бұзылмауының немесе бұзылған құқықтарының уақтылы, дер кезінде қалпына келтірілуі мемлекетімізде сот органдары арқылы жүзеге асырылады. Жекелеген соттардың және сот әкімшілігі органдарындағы кемшіліктер, заңды және сот этикасын бұзу немесе заңсыз, негізсіз шешімдері шығару сияқты келеңсіз жағдайлар әлі де көптеп кездесетіні белгілі....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Абылайдын алғашқы суреті туралы ізденістер

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихындағы айтулы тұлғаларды оймен шолып шығудың өзі қазіргі ұрпақтың көкірегіне мақтаныш сезімін ұялатады. Ел тарихында аты алтын әріппен жазылған сондай киелі есімдердің бірі ғана емес, бірегейі Абылайхан екенін санасы оянған әрбір қазақ баласы білетіндей болды.
Сонау ХҮІІІ ғасырда басынан бағы ұшып, мемлекет ретінде, тіпті этнос ретінде жер бетінде сақталып қалу –қалмауы тарих таразысына түскен «ұрпақ үшін, ел үшін, құтты мекен жер үшін» қан төгіп, жан беріскен кезеңде қазақтың бағына суырылып шығып, қол бастаған Абылай сұлтанның зор азаматтық тұлғасы бізге әрқашан қымбат.
Қазақтың ұлы ханы Абылайдың өмірі мен қызметіне байланысты қисса-дастандардан бастап, замандастары айтып кеткен, кейінгі ұрпақтарының жазып қалдырған жәдігерлері аз емес. Тіпті еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде жазылған еңбектердің өзі бірталай. Оларда Абылай ханның жастық шағы, жау түсіріп, батыр болғаны, ел билеп, салиқалы-салмақты ішкі-сыртқы саясат жүргізгені көптеген еңбектерге арқау болды. Шоқан Уәлиханов жазып кеткендей, Абылай есімі ерекше қасиеттерімен, тіпті, табиғаттан тыс құдіретті құбылыстармен байланыстыра айтылады. Кезінде орыс, қытай жылнамашыларының, зерттеушілерінің берген бағасы өзінше бір төбе.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0