Пән: Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім - аялы алтын бесігім Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі 5-сабақ Сабақ мақсаты: Шығармадағы кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Адам әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері Сабақ тақырыбы: Жылыжай эффектісі және озон қабатының жұқаруы. Дүниежүзілік мұхит деңгейінің, су мен атмосфера температурасының көтерілуінің тірі ағзаларға әсері 1-сабақ Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Жылыжай эффекттің және озон қабатының жұқаруының пайда болу себептерін білу Жылыжай эффектінің салдарының гидросфера,атмосфераға және биосфераға тигізетін әсерлерін сипаттау Сабақтың мақсаттары: Оқушылар жылыжай эффектісі себептері мен салдарларын біледі. Жылыжай эффектісін туғызатын газдарды азайту жолдарын болжады Озон қабатының жұқаруына тигізетін факторларды сипаттайды Деректер мен ғылыми зерттеулер нәтижелерін сараптап жылыжай эффектісіне дәлелдер келтіреді......
— Әлі есімде,— деп бастады Ермек сөзін,— бұрнағы жылы тісіме нан тиіп кеп кетіп еді, отыз тісім зар қақсап жүріп берді. Содан кәне тамақ іше алсамшы. Біреу ыстық, біреу суық іш деп басымды даң-даң қылды. Бәрінің де айтқанын істеп үлгердім. Бірінен болмаса екіншісінің емі қонып қала ма деген оймен айтқанды мүлт жібергенім жоқ. Тіпті тойғанымша чеснок та жедім. Көбірек жеп қойсам керек, ішімді ауыртып бәлені салғаны бар емес пе? Тістің емін іздеймін деп екі ортада ішімді ауыртып, «қайдан жедім бауырды, ішім жаман ауырдының» керінің келгенін көрдіңіз бе?
Енді емі қонып қала ма деп әлі де әркімдердің айтқанын істеп жүрмін. Кесеге ыстық суды құйып алып, ішіне бір уыс қаратікен тұзды салып, ұрттап та көрдім. Ауырғаны қояр емес, қақсағаны былай тұрсын, енді сыздап та бәлені салды. Көп емшінің бірі, ашутас пен тотияйынды күйдіріп ыстықтай тісіңе бас дегенді айтты.
Пән: Қазақ тілі Сабақтың таұқырыбы: 5-сабақ Ғарышты игеру жетістіктері Оқу бағдарламасына сілтеме: Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу; Оқу мақсаттары: 8.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін (аннотация, тезис) жазу.....
Кіріспе Ақпараттық қоғам заманында Интернет ақпараттарды жеткізудің негізгі құралына айналып отыр. Интернет- барлық жүйелері хаттама деп аталатын бірыңғай стандартпен, яғни ережемен жұмыс істейтін ауқымды (глобальды) компьютерлік желі. Интернеттегі мәліметтерді бейнелеу HTML тілінде жазылады. Бірақ ол программалауға ұқсас болғанмен программалау тілі емес, гипермәтінді белгілеу тілі. Сонымен қатар, ол мәтіндерді WEB-беттер түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды. Сондықтан курстық жұмыста HTML тілдің құрылымы мен онда құжаттарды форматтау ережелері, құжаттарды орналастыру принциптері, гиперсілтемелер жасау мүмкіндіктері мен WEB бетін құру негіздері қарастырылады. Барлық оқулықтардың материалдарын модульдік түрде құрастыру оның мазмұнын бірыңғай тұрғыдан қарастыруға негізделген. Оқушылардың танымдық ерекшеліктері мен жас өзгешеліктеріне байланысты ғылыми теориялық ұғымдар жүйесі арқылы жалпыдан жалқыға, абстрактылықтан нақтылыққа көтерілу электрондық оқулықтардың кәдімгі оқу құралдарынан, оның ішінде соңғы буын оқулықтарынан басты айырмашылығы екеніне күмән жоқ. Жалпы, электрондық оқулықтар мен Web-парақтарды (Web-страничка) пайдалану үшін Mіcrosoft Іnternet Explorer, Netscape Navіg ....
Баяғы қазақ: «Жолаушы үйден қырық қадам ұзап шыққасын-ақ басына мүсәпірлік түседі» депті. Кім біледі, қазіргідей алдында алақанын тосып, ас-суын әзірлеп күтіп тұрған қонақ үй болмағасын сыбай-салтаң шыға қалған салт атты жолаушы үйінен қырық қадам ұзап шыққасын күні мүшкіл болса болатын да шығар. Айтса да: атына жем керек. Талықсып кеп тоқтаған жерде өзіне де бел шешіп қонатын, түстенетін баспана керек. Бір қырдан ассақ тағы сондай бір қырық алдыңнан тосып тұратын осынау ақыраған сары далада жалғыз атты жолаушыға жөні түзу жолдас кездесе ме? Бұйрат арасынан бұлаң еткен бір сүрлеуге түссең бас еркің қолына тигесін бұйдаңнан жетелеп әрі-бері тәлкек қылады. Жапан түзде жолыққан жалғыз кісіні о да басынып, қылжақтап мазақтайды, мазақтайды да, ақырында бір шағылдың шетіне келгесін көк көдеге құйрығын шаншып алып ырғалақтаған ақ ши арасына сып беріп кіріп ізінен адастырады да кетеді. Сен ат үстінде ақырып тұрасың да, тебініп қайта жүресің.
Жә, бір кезде солай болған. Ал, қазір ше? Жапан түзде жалғыз жорытқан кісінің көңіл-күйін құлазытып бітетін жұтаң сезім қазіргі жолаушылардың басында бола ма екен?
Рас, біздің ата-бабаларымыздың заманында адам баласының аяғы қысқа болды. Үйде де, түзде де мешеулік басына түсе бергесін қыс — қыстаудан, жаз — жайлаудан ұзап шықпаған. Ат жетпес, атан жетпес алысқа жалғыз-жарым кісі болмаса, қалған қазақ мал өрісінен аспапты ғой. Ілгеріректе жасаған бір атамыз айтыпты деген бір сөзді осы жұрт әлі күлкі қылады. Сол атамыз дүние салар шағында мақүлдасуға жиналған ағайын-тумасына қарап отырып: «Өмірде арманым жоқ, тірлікте мен бейбақ не көрмеді дейсің?! Бұл ағаң жер түбіндегі Аралға да қыста тоң балық тасыған кірешілермен ілесіп барып қайтты ғой», — депті. Ол кезде бақұлдасуға жиналған кісілердің бәрі «рас қой, рас қой» деп мақұлдап-шұлғыпты дейді. Ал, қазір күледі. Неге? Заман заманға күле ме? Адам адамға күле ме? Әлде бұрынғы ұрпақтың басындағы мешеулік пен мүшкілдік бүгінгі болған-толған шақтағы мырзам сыған жандардың жүрегін аяныш шақырудың орнына менмендік оята ма? Өткеннің бәріне күле қарау болған-толғанның белгісі ме? .....
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Мемлекетіміздің азық –түлік тәуелсіздігі –экономикамыздың ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық міндеттердің бірі болып табылады. Аталған бағдарламаны жүзеге асырудағы талаптардың бірі –жануарлар басының сақталуы және олардың өнімділігін арттыру. Осыған байланысты, мал дәрігерлік, ғылымында және тәжірибеде жануарлардың, соның ішінде төлдердің инфекциялық ауруларын зерттеудің маңызы зор, осылардың ішінде колибактериоз алатын орны ерекше. Мал дәрігерлік және медициналық ғылымдар аталған аурулардың эпизоотологиясы мен эпидемиологиясын зерттеуде, клиникасы мен диагностикасында, әр түлік малдарда індеттің байқалуы мен оны емдеуде, алдын –алу шаралары мен емдік препараттарын өндіру мен ұсынуда үлкен табыстарға жетуде. Бірақ, қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, асқазан –ішек жолдары инфекцияларымен күрес толығымен шешімін таба алған жоқ. Жануарлар арасында колибактериоз індетімен күресу өте қиын. Ол колибактериоз сероварларының табиғатта кең таралуына, жануарлар организмінде қоздырушылардың ену жолдарына, бактерия тасымалдаушылыққа және қоршаған ортаның олармен контаминациялану кезіне байланысты болып отыр. Колибактериоздың диагнозын жетілдіру үшін, алдымен бактериологиялық және серологиялық әдістерді жетілдіруіміз керек. Бактериологиялық әдіс жақсы жетілген деуге болады және қоздырғышты патматериалдан бөліп алып түрлерін ажырату үшін қолданылатын қоректік орталар бар. Оларға Эндоның, Левинаның Пласкиревтің бактоагар «Ж» және басқа қоректік орталарды жатқызамыз. Әдетте патматериалдан бөліп алынған E. coli штамдарының зардапты серотоптарын анықтайды. Қозының колибактериоз ауруының патогендік серотоптарына мына штамдарды жатқызамыз; О 8, О 9, О20, О35 , О78, О101 , О137, О 15, О41, ж. т.б. осы зардапты серотоптарды анықтау тез арада анықтау үшін ішек таяқшасының сапасы жоғарғы штамдарынан антиген дайындау керек. ....
Пән: Қазақ тілі Бөлім: Дұрыс тамақтану. Гендік өзгеріске ұшыраған тағамдар Сабақтың тақырыбы: Гендік өзгеріске ұшыраған ағза Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) 7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу 7.ӘТН4. Грамматикалық норма Сабақтың мақсаты: 7.ӘТН4. Етістіктің етіс түрлері мен салт-сабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін сөйлесім барысында қолдану. 7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу......
Көтерді бәрін ауырдың, Азамат болып арды ақтар. Көрдің бе жарын арудың, Соғыстан қайтқан солдаттар? - деп халқымыздың көрнекті ақындарының бірі Сырбай Мәуленов жырлағандай, сұм соғыс қай шаңыраққа қайғы–шер әкелмеді десеңізші?! Соғыс-күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Иә,содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де ешкім де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл сайын азайып барады. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халық үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қамқор болып оралған қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайды. Ол – өмір заңы! Ұлы Отан соғысы... Бұл тарихта мәңгі қалатын күн. Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сиякты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні– бұл барлығымызға ортақ мереке. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі біздер үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл-бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның дамуы мен қайта өрлеуінің негізі. Жеңіс күні - абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Батырларымыздың табандылығы мен ерлігінің арқасында, Отанға деген сүйіспеншілігінің арқасында олар қатал соғыста жеңіске жетті. Сол жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, еліне, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. .....
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: «Су – тіршілік көзі» Сабақ тақырыбы: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру «Жайық пен Ертіс» Ескен Елубай Оқу мақсаттары: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу 3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат/ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту ...)/ өлең (төрт жолды)/әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: өлеңдегі көркем-бейнелі сөздерді тауып, өз ойы мен сезімін сол сөздерді қолдана отырып жеткізеді және өлең (төрт жол) жазады. Көптеген оқушылар:өлең жазу барысында көркем-бейнелі сөздерді орынды қолдана алады. Кейбір оқушылар: ойларын жеткізу барысында өзіндік пікірін дәлелдер арқылы ұсына алады......