Шығарма: Тұлғасы тұнған тәлім есімі елге мәлім-Б.Момышұлы

Отанға деген сүйіспеншілік- еліміздің келешегіне оның кемел ұрпағына біздің аманат етер ең қасиетті өсиетміз деп білейік.
Отаның Бауыржан Момышұлындай сүюді өнеге етіп қалдырған басқа қаламгер жоқ. Ол «өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу -сатқындықтың белгісі.
Ел дегенде еміреніп,жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін! Отан үшін отқа түс- күймейсің! Опасызда Отан жоқ. Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды!»,-дейді...
... Біздің халқымыз, әсіресе жастар осы қағидаларды естеріне ұстаса деймін. Н.Ә.Назарбаев. Ер есімін ел есінде мәңгілікке қалдыру мақсатында 1990 жылы ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Бауыржан Момышұлына Кеңестер Одағының Батыры атағы берілді. Осы атақ берілген кездегі өз сөзінде Н.Ә.Назарбаев «Бауыржан жұлдызды болған күн – қазақтың жұлдызы жанған күн», – деп толғана айтқан еді.Қазақтың қаһарман қолбасшысы Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірін жас ұрпаққа насихаттау, оларды отансүйгіштікке баулу, Қарулы Күштер қатарына жанжақты жетілген жастарды тәрбиелеу. Егемен еліміздің ұлттық сана-сезімі мен намысы оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, еңбекқор, бойында білімге негізделген ізгілікті қасиеттері қалыптасқан «Сегіз қырлы, бір сырлы қазақ азаматын» тәрбиелеуге болатынына біздің көзіміз жетіп отыр.Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты ұлттық тәрбие рухында тәрбиелеу болып табылады. Бұл талаптың көкейкестілігі қазіргі әлемді жаһандандыру жағдайында бұрынғыдан да артып отыр.....
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Әбдіжәміл Нұрпейісов | Ер шоқтығы


Ол жиналыстан көңілсіз қайтты. Әлгінде Көкшетаудың бас-аяғына жиналған дүйім жұрт алдына бұны жалғыз шығарып алып, кеудесіне орден қадаған қуанышын да сезіп келе жатқан жоқ. Сол арада ол қуанғаннан гөрі іштей ыңғайсызданып бітті. Самаладай шам сәулесін жан-жағынан анталатып қойды. Салтанатты сарайда иін тіресіп отырған жұрт назары бір өзіне ауып, қошеметшіл жиынның қызу соққан алақандары үйді басына көтере дүрілдетіп ала жөнелгенде, қысылшаң жігіт тіпті не істеп, не қойғанын да білмеді. Тер одан да, бұдан да кетті. Абдырап аузына сөз де түспей қойды. Құрғап қала берген тамағын жібіткісі кеп, қолын әлсін-әлсін алдында тұрған суға соза беріпті. Кейін не айттым деп қанша ойласа да, есіне ештеңе түспеді. Аузынан шыққан сөздер құдды әлденеден оқыс үркіп, дүркіреп ұшып кеткен торғайдай. Сөзінің соңында ол әйтеуір ертеден бері уысында умаждап тұрған ескі кепкадан көзін алып, тым-тырыс болып тына қалған халыққа: «Алдағы уақытта да аянбай еңбек етем», — депті.

Жұрт, әрине, Әутен Қуандықовтың аянбай жұмыс істейтінін біледі. «Жарқайың» фермасын басқарғанына, міне, жеті жылдан асып барады. Жылда егін піскен бойда мал фермасының тауқыметін балалы-шағалы әйеліне қалдырып, өзі комбайнға отырады. Өткен жылы Қостанайдың атақты комбайншысы Сартаймен жарысқа түсті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 5-сабақ (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 5-сабақ
Сабақ мақсаты: А/И4. Әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

«Қазақ болу да оңай емес, иә?» – Жанболат пен Жазира екі оттың арасында қалды

Бір жыл бұрын Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова екінші рет ата-ана атанды. 22 жылдан кейін қайтадан әсәби сүйіп, нәрестенің исін иіскеп, қуаныштарында шек болмады.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдарманның назарын аударту«Күшіңе сенбе ісіңе сен Ер еңбекте сыналады» (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері.
Сабақ тақырыбы: Тыңдарманның назарын аударту«Күшіңе сенбе ісіңе сен Ер еңбекте сыналады.»
Оқу мақсаттары: 3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал- мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
3.2.1.1 шығарманы дауыстап түсініп, рөлге бөліп, мәнерлеп, теріп оқу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, берілген суреттер бойынша мәтінді қысқаша мазмұндайды.
Көптеген оқушылар: сөйлесу мәтінін құрастырады, мақалдың мағынасын ашып, өз пікірін білдіреді.
Кейбір оқушылар: шығарма мазмұнына сәйкес мақал-мәтелдерді қолданады. Мәтін тақырыбына сәйкес суреттерді толықтырады. ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0