Әңгіме: Әбдіжәміл Нұрпейісов | Қан мен тер қалай жазылды

Шығарма жазылып бітті.... Кітап боп басылып шыққалы да әлдеқашан. Енді, міне, қайта-қайта басылып та жатыр. Шамасы, сірә ұзақ жылдар көз майыңды тауысқан осы кітапты алғаш рет жазсам деген ойдың басыңа қашан, қалай келгені хақында және қалай жазылғаны хақында ой толғайтын уақыт та жеткен сияқты. Шынын айтқанда, осы сауалдың бұдан бұрын да бір рет алдымды тосқаны бар. Бұнан бұрын да дәл осы сауалға жауап бергем. Ол, ұмытпасам, 1970 жылдың көктем айы еді. Алматыға белгілі сыншы Леонид Теракопян келді. Совет романдарының сериясында шыққалы әзірленіп жатқан «Қан мен тер» трилогиясының алғашқы екі кітабы — «Ымырт» пен «Сергелдеңге» алғы сөз жазбақ боп, арнайы келген сапары еді.

Қонақтың қалауы бойынша біз көбіне сыртқа шығып, кісі-қара аз, тыныш көшелермен көктем шуағын бетке ұстай жүріп әңгіме шерттік. Байқауымша, мына жігіт бұрын біздің жақта болмаған. Жолға шығарда қыс ызғары әлі де қайта қоймаған Москва маңының ауа райына қарап киінгені байқалады. Ал, біздің жаққа биыл көктем ерте кірген-ді. Қыс ызғары қала түгіл көшеге шықсаң-ақ көз алдыңа көлбеп тұрып алатын сонау тұла бойы түп-түгел қардан арылып, кіреуке мұнар арасында көкшіл жотасы көк тіреп жататын заңғар таудың өзінен де сезіле қоймайды. Оның үстіне биыл қыс ызғары бір лезде сынып, қардан арылған қаражон дала қала іргесінде бусанып, ертелі-кеш көңіл ашар қоңыр жел тау қойнауынан есті де тұрды. Әлден бүр жара бастаған терек бұтақтарында үйме-жүйме боп отырған торғайлар да ерекше сайрауық. Қонақ үстіндегі қыс пальтосын ауырлап, қос өңірін бағана біз кездескенде-ақ серпіп ашып тастаған-ды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қуыршақ көрінісін жасау «Үйшік» орыс ертегісі (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Салт дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы:Қуыршақ көрінісін жасау. «Үйшік» орыс ертегісі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну
2.1.4.1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау
2.4 Оқыған/тыңдаған материалды мазмұндау
2.2.4.1 суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен тыңдаған мәтіннің тақырыбын анықтайды.Суретті жоспар/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.
Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды. Суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.
Кейбір оқушылар: Өз бетінше тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды. Суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндайды.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Киви сұлулық жемісі

Сұлу болу үшін бет күтіміне аса мән беру керек. Ең болмаcа аптасына бір рет маска жасап, теріні жаңартқаныңыз абзал. Киви жемісі бет күтіміне арналған қоспаларды дайындауға көмектеседі.

✅ Нәрлендіретін маска

1 кивиді алып тазартып, езбе дайындаңыз. 2 ас қасық езбеге 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық қаймақ қосыңыз. Қоспаны бет, мойын мен кеудеге жағып, 10-15 минуттан соң жылы сумен жуып, салқын сумен шайыныңыз.

✅ Ылғалдандыратын маска

2 ас қасық киви жұмсағын 1 шай қасық зәйтүн майы және 2 шай қасық сүзбемен араластырыңыз. Масканы бетке жағып, 10 минут күтіңіз. Уақыт өткен соң көк шаймен мақтаны сулап, масканы тазартыңыз. 5 минуттан соң бетті мұзбен сүртіңіз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Химиялық элементтер (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бейорганикалық заттардың сапалық реакциясы
Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Li+, Na+, K+, Ca2+, Sr2+, Ba2+, Cu2+ металл катиондарын анықтау үшін жалынның бояу реакцияларын сипаттау және орындау.
Fe2+, Fe3+, Cu2+ катиондарын анықтау үшін сапалық реакцияларды жүргізу.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін келесі әрекеттер арқылы дамыту:
Сапалық және сандық анализді өзара ажыратады.
Тұнба түзетін және тұнба түзбейтін катиондарды анықтай алады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Сайын Мұратбеков | Жусан иісі

1

Алыста қалған балалық шағым... Ойымнан: жарғақ сары тоны қаудырлаған, тобығы тайған сол аяғын сүйрете жүгіретін, шілбиген арық ақсақ қара бала бір кетпейді. Көзімді сәл жұмсам-ақ: шуылдаған балалардың ең соңында сол аяғын жер сыпырғандай көлденең сүйретіп, ес қалмай далбақтай жүгіріп келе жатқан Аянды көргендей болам. Сондайда оның алқына шыққан әлсіз, жіңішке дауыспен: «Ей, тоқтаңдаршы, мен сендерге бүгін кешегіден де қызық ертегі айтамын»,- деген жалынышты үнін естимін.

Әуелде біз, балалар, оның ертегі айтатынын білгеміз жоқ. Ол әжесі екеуі біздің ауылға қырық екінші жылдың жазында көшіп келген. Мал дегеннен, тек бұзаулы қоңыр сиыры бар еді. Аянның әкесі майданға аттанып, туған анасы содан екі ай бұрын қайтыс болыпты. Біздің ауылда әжесінің жамағайын төркіндері бар екен, соларды сағалап келсе керек.

...Біз, балалар, көшеде екіге жарылып ап, қағазға топырақ орап, бұрқылдата лақтырып, атысып ойнап жүргенбіз. Ары өтіп, бері өткен кемпір-шал: «Желкең қиылғырлар-ай, соғыс аздай, бұл атысып ойнады дегенді қайдан шығарды осылар, басқа ойын аз ба-ей!..» -деп ұрсып-ұрсып қуып тастайды. Бірақ олар кетісімен қайта жиналамыз. Қайта атысамыз. Желсіз тымырсық күнде бұрқылдаған май топырақ тұманша қалқып, шаңытып тұрып алады. Жуық арада сейіле қоймайды. Соның арасында тұншыға жүріп, көзіміз ғана жылтырап, бір-бірімізге «уралап» ұмтыламыз. Ойынның осындай бір қызу шағында біздің «атаман» - Садық кілт тоқтай қап: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): География | Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев

Тақырыбы: Шығыс жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаевтың өмір жолы
Кіріспе
Әрбір тарихи кезең өзіне сай көсемдері, шешендері, батырлары, бастаушыларды іріктейді. Олар қоғамдық өмірдің «тар жол, тайғақ кешулерін»табандылықпен бастан өткізіп, жалындай жанып, жұлдыздай жарқырап, келешек мәселелерін елінің, жерінің, туған халқының мәңгілік мүдделерімен байланыстыра біледі. Отан болашағы алдындағы жан-жақты жауапкершілік, адамгершілік, ақыл, парасат, қажырлы қайрат, шебер ұйымдастырушылық қабілет таныта білген тұлғалар тарих төрінде, тарихи жадыда қала береді.
Біздің Ғаниымыз қазақтың Ғани Мұратбаевы осы алып тұлғалар тобында. Қазақстан мен Орталық Азия жастарының жалынды жетекшісі, Шығыс жастарының ұйымдастырушысы болған белгілі болған қоғам қайраткері Ғани Мұратбаев есімі елге ғана емес, әлемге белгілі. Ол өз басына дарыған жігер күшпен ақыл –парасатын шығыс халқының кемел келешегіне бағыттады......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Аяз би» ертегісі 8-сабақ (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туған жерім - аялы алтын бесігім
Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі 8-сабақ
Оқу бағдарламасына сілтеме: 6.2.2.1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Ертегінің тақырыбы мен идеясын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Ертегідегі әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді идеясы арқылы дұрыс анықтайды.
Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:
Әдеби шығарманың идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0