Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №3 «Түлкі мен тырна» ертегісі (1 сынып, 6 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт дәстүр және ауыз әдебиеті
Сабақтың тақырыбы:Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №3«Түлкі мен тырна» ертегісі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.5 Тыңдаған және оқыған мәтіндер бойынша сұрақтар құрастырып, орынды жауап беру.
1.1.5.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді.
2.5 Медиа құралдар арқылы тіл дамыту.
1.2.5.1 Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды.
Сабақтың мақсаттары:
Барлығы: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін сұрақтар арқылы білдіреді. Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша кейіпкерлерді атайды.
Көбі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша ұнайтын/ұнамайтын себебін айта алады.
Кейбірі: Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді. Қарапайым фильмдер мен есту материалдары бойынша оқиғаларды талқылайды.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Ә.Нурпейісовтің «Қан мен тер» романындағы есім баяндауыштар

І.Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: Ә.Нурпейісовтің «Қан мен тер» романындағы есім баяндауыштар.Кешегі аумалы-төкпелі замандағы дала тұрмысының қат-қабат шежіресін шерткен бұл роман қалың ақырман қауымын өзіне баурап алды.Тілдік ерекшелігі, сөз саптауы, ойды ұшқыр жеткізе білуі жазушының шеберлігі.
Тіл білімі салаларының ішіндегі ең бір арнасы кең грамматиканың- синтаксис саласы екені сөзсіз.Синтаксистің күрделі категорияларының бірі- баяндауыш мәселесі айтарлықтай сөз болды.Бұл жұмыста баяндауышқа әр ғалымдардың берген бағасын, көзқарасы мен тұжырымдарын саралап,салыстыра отырып анықтама берілді.Сөзге баяндауыштық сипат беріп тұрған негізгі морфологиялық көрсеткіші негізге алынады. Осы орайда жіктік жалғауының предикаттық мәнін айқын аңғардым.Етістік баяндауыштардың мағыналық әрі грамматикалық ерекшелігі бар баяндауыштың ерекше семантикалық тобы болып саналатын есім баяндауыштардың қалыптасып,даму жолдары тарихи тұрғыдан зерделеніп, оның қалыптасуына әсер ететін тілдік экономия заңы, шақтық ұғым және стильдік талаптардың орны сөз болды.
Есім баяндауыштардың жасалуының синтетикалық және аналитикалық тәсілдері нақты фактілер арқылы яғни Ә.Нурпейісовтың «Қан мен тер» романынан алынған мысалдармен дәлелденді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Өндіріс | Қоғамдық тамақтандыру

Кіріспе
Қоғамдық тамақтандыру әрбір еджің экономикасында жұмыс көлемінен де, қызмет көрсетушілер саны бойынша да елеулі орын алады. Қоғамдық тамақтандыру біздің елімізде жақсы дамып, ол тамақ өнімдерін өндірү, сату сияқты қызметтерді атқарадыҚоғамдық тамақтану материалдық және қоғамдық ресурстары, халықаралық тұрмысты қайта құруға икемдеу, әйелдерді үй жұмысынан босатуға және қоғамдық еңбекте белсенді қатысуға мүмкіндік туғызады. Қоғамдық тамақтандыру жұмыс істеу саласы бойынша әрбір тұтынушының қалауын орындаумен байланысты болғандықтан көптеген факторлардың, технологиялық ұйымдастыру сұрақтарының, күнделікті уақытқа сай дұрыс шешім қабылдаудың ықпалына тиеді. Сондықтан да кәсіпорынды дұрыс ұйымдастыру, оныңпайдалылығын, рентабельділігін есептеу, осы кәсіпорынның алдағы уақытта көздеген мақсаттарына жетуіне тікелей байланысты.
Қазіргі кезде елімізде ай сайын онға жуық мейрамханалар ашылуда. Мейрамхана бизнесі күннен күнге өркендеп, дамып келуде, алайда оны дурыс, сауатты және дұрыс ұйымдастыру - өте қиынға әкеліп соқтырады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Ерлік ешқашан ұмытылмайды!

1941 жылдың жазы. Таң алдында тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Бойжеткен жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы таяғын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл 1418 күн мен түнге созылған соғыста өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақтың болашағы үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украйна қарсы алдындағы жауға алынбас қамал болып жұмылды. Сол кездегі кеңес одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған шайқастарда батырлықтың тамаша үлгісін көрсетті. Украйнаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етті. Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында Жеңіс туын көтеріп өтті.
Қазақ қыздары да соғыс ауырпалығын ер азаматтармен бірдей көтерді. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап соғысқа сұранып, әскери комиссариаттарға хат жазған қазақ қыздары өте көп болды. Мысалы, Қарағандының әскери комиссариатына соғысқа сұранып өтініш жазған арулар саны 10 мыңнан асқан. Семей қаласы бойынша соғыстың алғашқы күндерінде 3 мың өтініш түскен. Ал, Алматы қаласының тек Фрунзе ауданы бойынша 112 өтініш түсті. Майданға аттанған әйелдер мен қыздардың көбі медсанбаттар мен госпетальдармен борышын өтеген. Қазақ арулары түрлі әскери құрамаларда болып, ерен ерлік үлгісін көрсетті. Қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақ жұлдыздары — Әлия мен Мәншүк Қазақстан даңқын әлемге паш етті. Авиация саласын меңгерген қазақ қызы – Х.Доспановаға Кеңес Одағының батыры М. Раскова басқарған әйелдер авиациясының құрамында авиация штурманы болып 300- ден астам мәрте әуеге көтерілді. 2004-жылы Президенттің жарлығымен Х.Д.Доспановаға Халық Қаһарманы атағы берілді. ....
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ тілі | Етістік

Етістікті сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі етістік болады да, соның негізінде басқа сөздер етістіктің маңына топтанады. Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ та, етістіктердің сөз тіркесін құрау қабілетінің молдығын байқаймыз. Етісгікгер мен есімдердің барлық түрлері, сондай-ақ үстеулер, көсемшелер, шьшаулы есімдер тіркесе алады. Алайда бұл сөздердің етістіктермен тіркесу дәрежесі, тіркесу тәсілдері мен формалары, сол сияқты, мағыналық Қатынастары да әр түрлі болып отырады. Толып жатқан есім сөздер етістіктермен ешбір қосымшасыз тіркеседі. Бұл ретте етістікгер мен есімдердің өзара байланыс түрі қабысу болады Етістікті сөз тіркестерінің енді бір тобы есімдердің барыс жатыс, шығыс, көмектес, табыс жалғаулары арқылы салт және сабақтыетістіктермен меңгеріле байланысады.
Қазақ тіліндегі етістіктердің басқа сөздермен байланысуының осы ерекшелігіне қарай етістікті сөз тіркестері: 1) қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері, 2) Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері дейтін екі топқа белінеді. Етістікті сөз тіркестері демеулер мен көмекші есімдердің қатысуы арқылы да құралады. Бұларды меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестерінің құрамында қараймыз. Сөз тіркестерінің бұл көрсетілген топтары бүдан әрі де бірнешеге таралып кетеді.
Етістік іс-әрекетті , қимыл –қозғалысты жай-күйді білдіріп, не істеді? Қайтті? Не істейді? Қайтеді? Не істеп отыр? деген сұрақтарға жауап беретін сөздер табын айтамыз.
Мысалы: оқы, жаз, сыз, бар, кел, жүр отыр, тұр, күл, қинал, қажы, шарша, ойла, сөйле т.б.
Етістіктер құрамына жасалу жолына қарай екіге бөлінеді.
1.Негізгі етістік.
2.Туынды етістік. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Тіс пастасының кереметтігі

✅ 1. маса не одан басқа шаққан жəндіктердің, кесілген жердің ауырғанын қайтарады.

✅ 2. күйген кезде қолданады.

✅ 3. терінің кемшілігін жасырады. Безеуді кетіргеннен кейінгі қалған орынды өз қалпына келуін тездетеді.

✅ 4. Қол тырнақтарының жылтырауына көмектеседі.

✅ 5. Бүлінген шаштың қалпына келуін тездетеді.......
Кеңестер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті кім әкелді: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті кім әкелді: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау
Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің билік жүйесінің ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Моңғолдардың Орталық Азияны жаулап алуының негізгі үш себебін және үш салдарын анықтау;
Қыпшақтар жорықтарының үш себебі мен саяси үдерістерге тигізген әсерін анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 2-сабақ (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 2-сабақ
Сабақ мақсаты: Т/Ж3.Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Математика | Теріс емес бүтін сандарды үйрету

1 Анализ үшін қажетті көмекші ақпарат
1.1 Теріс емес бүтін сандарға түсінік
Tepic емес бүтін сандар жиынын құрудың теориялық – жиындық тәсілі тұрғысынан, натурал сан деп бос емес шектеулі бір - бірімен эквивалентті жиындар класының ортақ қасиетін айтады. Ондай тәсіл мейлінше көрнекі және шын мәнісінде мектепте өтілетіндерге дәл келеді. Алайда оның елеулі бір кемшілігі бар: негізгі ұғым шектеулі жиын бұл жағдайда белгісіз болып қалады (анықталмайды). Шектеулі жиындардың айырмашылықтарын түсіндірген кезде, әдетте, шектеулі жиын¬дар барлық элементтерін «толық атап шығуға» оларды бірінен соң бірін «көрсетіп беруге» болатын жиындар дейді, немесе бұлар элементтерін «санап шығуға» бола¬тын жиындар деп аталынады. Элементтерінің саны шектеулі болатын А жиынын алып, оған тең қуатты бо¬латын барлық жиындарды бір класқа топтастырайық.
Егер А жиыны үшбұрыш төбелерінің жиыны болса, онда үшбұрыш қабырғаларының жиыны, үш әр түрлі әріптен тұратын сөздердегі әріптер жиыны, т.б. осындай жиындар А жиынымен бір класқа топтасады.
Егер осы процесті әрі қарай жалғастырсақ, он да тең қуаттылық қатысы эквивалент қатысы болатындығына байланысты барлық шектеулі жиындар кластар бойынша бөлінеді бір класқа тиісті екі жиын өзара тең қуатты, ал әр түрлі класқа тиісті екі жиын тең қуатты болмайтындығын көреміз. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары: 1: Сыныпты қадағалау әдістемесі. 2: Мұғалімдерге нені білу міндет? Сынып мәдениеті мен оқу ортасы.

Тақырыбы 1-сабақ: Сыныпты қадағалау әдістемесі.
2-сабақ: Мұғалімдерге нені білу міндет? Сынып мәдениеті мен оқу ортасы.

Мақсаты
Мұғалімдер сыныпта қадағалау жүргізу әдістемесіне талдау жасайды және ғаламдық мәдени айырмашылықтар, қоршаған орта факторларының сынып мәдениетіне әсері туралы қорытынды шығарады.
Оқу нәтижесі
Сабақ жоспары
Толық
0 0