Пән: География Бөлім: Картография және геоинформатика Сабақтың тақырыбы: Замануи картографиялық зерттеу әдістері Оқу мақсаттары: 10.2.1.1. Зерттеу тақырыбына сай картографиялық зерттеу әдістерін қолдану 10.2.2.1. Microsoft Excell бағдарламасын пайдалана отырып, географиялық мәліметтер базасын құрастыру Сабақтың мақсаты: Оқушылар зерттеу тақырыбына сай картографиялық зерттеу әдістерін ажыратын, қолданып үйренеді............
Пән: Қазақ әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған... Сабақтың тақырыбы: Сайын Мұратбеков «Жусан иісі» хикаяты 4-сабақ Сабақ мақсаты: А/И3.Шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау....
Ұйымдастыру оқу іс - әрекетінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Күз сыйы» Жемістер мен көкөністер Мақсаты: Күз мезгілі туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Көкөністер (сәбіз, қияр, қызанақ, пияз, орамжапырақ, картоп) мен жемістер (алма, алмұрт, жүзім, банан, апельсин) туралы түсініктерін кеңейту. Көкөністер мен жемістерді ажыратуға, сөйлем ішінде жалпылауыш сөздерді қолдануға үйрету. Зерттеу жүргізу, іздестіру әрекеттерін орындау қызығушылығына тәрбиелеу. Адам еңбегін бағалауға, табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жұмбақ ән ойын, Бау - бақша, көкөністер (қияр, қызанақ, аскөк, көк пияз) мен жемістер (алма, мандарин, банан) Азығын тап ойы .....
«Бiздiң жүрегiмiз темiр емес. Бiрақ бiздiң кек отымыз қандай темiрдi болса да ерiтiп,күйдiрiп жiбере алады. Бiздiң үрейдi жеңетiн ең күштi қаруымыз бар,ол – Отанға деген сүйiспеншiлiк.» Бауыржан Момышұлы Соғыс...Сұм соғыс... Анасын баласынан, азаматты сүйген жарынан айырған, сан сәбиді жетім етіп, зар жылатқан, қаншама қаракөздің тұнық жанарына мұң ұялтқан қанішер сен емес пе ең?! Жүрегі тыныштық деп соққан, көңілі бейбітшілік деп ұрандаған әр адамның сенің атыңды естігісі келмес...Бірақ, сен барсың. Ол – ақиқат. Көңілі тар, дүниеқұмар жан барда,өкінішке орай, сен де боласың. Жегі құрттай әлемді жайпап,күйзелтесің, қиратасың, сан ғасырлар орнатқан мәдениетін күл етесің. Сені жеңер бір ғана күш бар. Ол – сүйіспеншілік. Өмірге, табиғатқа, адамдарға деген сүйіспеншілік адамды көп қауіптен аман алып қалар еді! Әттең,осы бір әдемі сезім бар адамзаттың бойынан табылып, жүрегін нұрландырса ғой, шіркін! Дегенмен, олай емес. Адамдар сүйіспеншілік сезімін атаққұмарлық, дүниеқоңыздық жолында құрбан етуде... ...Осыдан 75 жыл бұрын да солай болған. 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңестер Одағына соғыс ашып, жеріміздің шетіне ескертусіз баса-көктеп кірді. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. ......
Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген. Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. ....
Пән: Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: 5- сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) ӘТН 1 Орфографиялық норма. Жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу Сабақ мақсаттары: Жалғаулар мен шылауларды ажырата білуге, оларды үндестік заңына, орфографиялық нормаға сай жазуға дағдыландыру.....
Құлқын сәріде жазу столына кеп отырғанда айтар ойым әзір сияқты еді. Ыбырсып жатқан қолжазбаларды ары ысыра сап, әдеттегі машықпен бір парақ қағазды алдыма тартып алдым. Қолымда жем тілеген көгершіннің мойнындай қылпылдаған қарындаш та аяғынан басып, шу деген жерден ақ қағаз бетімен жорғалай жөнелетін сияқты еді. Иә, кейде кісі бастамаған ісінің ақыры сәтті болып аяқталарына көзі күні бұрын жетіп, көкірегінде қолға ұстатқандай бір нығыз сенім тұрады. Оның үстіне мен осы барған сапарымнан көңілді қайттым. Түгін тартсам түбінен майы шығып жатқан қазіргі Сарыарқаның ырысы мен ырзығы мол даласын өз көзіммен көріп қайтқам-ды. Сол далада қара жерге қолдан егін егіп, ағыл-тегіл астық өндіріп жатқан адамдардың кешегі егін орағы басталып кеткеннен бергі жан алып, жан берердей еңбегін барша жұртқа паш етсем бе деп едім. Асылы қағаз соңына түскен адамның өзіне-өзі ие бола беретін кезі аз болады. Кейде сені қиялың билейді. Кейде көлденеңнен киліккен бір желөкпе сезімнің жетегіне ілесіп кете барасың. Енді, міне, Құдай қылса қайтесің... Таңмен таласа оянып, үй іші ұйқыда жатқан осынау бір әрбір қалам ұстаған кісілер үшін іздесе таптырмайтын жым-жырт тыныш кезде столға отырып, осы сапардан көңілімді толқытып қайтқан кейбір әсерім мен ойымды ортаға салар жерде, қайдағы бір қаперімде жоқ нәрсе қалам ұшына орала кеткені. Онда да ертеде өткен ескі қазақ өмірі. Ескі өмірдің де өзімнің тап осы қазіргі көңіл-күйіме құттай да қатысы жоқ қайдағы-қайдағы жүдеу көрінісі. Қыста қанша жамау бастырсаң да жыртық-тесігі таусылмайтын атаң қазақтың әйтеуір лаждап уақыт өткізетін лашығы мен ықтырмасынан жел ызғып, зықын кетіріп біткесін, ол кезде әрбір өткен күнді олжадай көретін кедей шаруалар көктем нышан беріп, күн жылт етсе болғаны жайлауға көше жөнелетін. Бар тірлігі ат жалы мен атан қомында өтетін көшпелі ел үшін қиын өмірдің ең бір қимас шағы - осы көктем. Қардан арылған қырда қыс ызғары сірә да қалмайды......