Астана қаласында көп бейінді «Әбу Даби Плаза» кешені өртенді.
Ішкі істер министрлігі ТЖК-нің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, өрт туралы хабар кезекші бөлімге сағат 04:40-та түскен деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аударма – қиын да күрделі, жауапты да маңызды, шығармашылық өнердің ең биігі. Талантты аудармашы әрі аударма зерттеушісі К. Чуковский аударманы “биік өнер” деп бағалаған. Өйткені неміс халқының классигі И. Гете пайымдауында “аудармашы еңбегі бүкіл жер шарын біріктіретін, байланыстыратын маңызды істердің бірі болып қалды және қала береді”. Шын мәнінде аударма қалыптасу кезеңінен бастап, бүгінгі күнге дейін адамзаттың арасындағы рухани, мәдени құндылықтарды бір-біріне жеткізуші, халықтар арасындағы байланысты дамытушы, жалғастырушы болып отыр. Аударма – сан қырлы, дүние, ол – өнер, мамандық, ғылым, шығармашылық іс. Тіл өнері жетіліп, өркендеген сайын аударма да үздіксіз өсе береді. Әр дәуір аударманы жаңа сапалық биікке көтереді, немесе, К.Чуковскийше айтсақ “дәл аударманың қалай жасалғандығы туралы түсінік қалыптасады”. Аудармашыны актерге теңеу бекер емес. Аударма – шығармашылық іс әрі өнер, ол “бәсекелестіктің жоғары түрі, орындаушылықтың бір түрі” (В. Россельс). Чех әдебиет тарихын зерттеушісі әрі аудармашы О. Фишер ХХ ғасырдың басында аударма ғылым мен өнер дәнекерлестігінде қызмет екенін айтады. Олай болса, аудармашы – құрметті мамандық. Өйткені, ол өз ұлтының көркем әдеби шығармаларын екінші бір халықтың рухани игілігіне айналдырумен бірге, сол халықтың үздік туындыларын өз елінің қазынасына қосады. Ағылшын жазушысы әрі сыншысы Илэр Бэлокк “аударма дегеніміз отандық әдебиеттің керемет шығармасы болып қабылдануы тиіс” деп орынды айтқан. ....
Пән: Қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Қиял мен шындық Сабақтың тақырыбы: Жүніс Сахиев «Дабыл» фантастикалық әңгімесі 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Б/С 1.Тарихи және көркемдік құндылығы Сабақ мақсаты: Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.....
Балалар суық тию ауруымен жылына 8-10 рет ауырып шығады. Негізінде ауру адамның иммунитет жүйесінің қалыптасуына әсер етеді. Ауырмайтын баланы өсіру мүмкін емес. Алайда оның иммунитетінің дұрыс қалыптасуына, вирустар мен инфекцияларға төтеп беретіндей денсаулығын сақтауға жәрдемдесуге болады.
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Болат - өнеркәсіптің басты материалы. Оның сұр шойыннан негізгі айырмашылығы - құрамында көміртегі мен басқа да қоспалардың аз болуында. Болаттың құрылымы мен қасиетіне негізгі әсер ететін компонент көміртегі болып табылады. Болаттың құрамында көміртегінің мөлшері артқан сайын, оның қаттылығы мен беріктігі де арта түседі, ал пластикалық қасиеті мен тұтқырлығы едәуір төмендейді. Болатта кездесетін қоспаларды келесі шартты төрт топқа бөлуге болады: Тұрақты қоспалар - марганец, кремний, фосфор және күкірт. Жасырын қоспалар - оттегі, сутегі және азот. Олар болатта өте аз мөлшерде болады. Кездейсоқ қоспалар - мысалы, күшала, қорғасын жөне басқа элементтер. Олардың болаттағы мөлшері болат өндіру, технологиялық үдерістерге байланысты. Арнайы коспалар (қоспалы элементтер) - болат құрамына пайдаланудағы керекті қасиеттерін алу үшін қосылады. Марганец - пайдалы қоспа. Болат құрамына шамамен Мп = = 0,3...0,8% қосылады. Ол феритте еріп, Мп3С карбидін түзейді де, оның механикалық қасиеттерін арттырады (әсіресе серпімділігін және күкіртті марганец (МпS) түзеді), күкірттің болатқа зиянды әсерін азайтады. Кремний де пайдалы қоспа болады, оның мөлшері Sі = 0,2...0,4% тең. Кремний ферритпен қатты ерітінді түзіп, оның серпімділігін арттырады. Күкірт зиянды қоспаға жатады, оның шамасы S =0,01...0,05% болады. Күкірт қорытпа құрамында көп болса, ол болатта балқу температурасы (985%) төмен Ғе - ҒеS эвтектика түзеді. Ол қысыммен өңдеуде болатты (1200°С дейін) қыздырғанда, түйір шекараларында орналасқан эвтектика Ғе - ҒеS ериді де, оның жоғарғы температурада сынғыштығын арттырады. Сондықтан болат құрамындағы күкірттің мөлшері 0,05%-дан аспауы керек.....