«25-маусым жарлығы» елдің төбесінен түскендей болды. Мұны бұрын жергілікті билеу мекемесіндегі өкімет қызметкерлері де білмеді. Өкімет қызметкерлері бұл жарлыққа ресми жағынан қарап, «сөзсіз атқаруға тиіс» деген «үлкен жарлық» есебінде қарады. Жергілікті халықтың жан сырымен санасу, жарлық аяғының қандай халге соғатыны олардың есінде болған жоқ. Жарлық келісімен Алматыда «жандарал» Фольбаум басқаруында өкімет адамдарының тығыз кеңесі болды да (1916 жыл, 1-шілдеде), «сөзсіз атқаруға кірісу керек» делінді.
«Жандарал» жергілікті халықтың «инабаттыларын» жинап алып, жігіт алудың мәнісін түсіндірді. Жетісудан алынатын жігіт саны 43000 (қырық үш мың) жан еді. Бұл жігіттерді дуан-дуанға, болыс-болысқа, ауылға бәліп, әр болыс өз жігітін киіндіріп, тұрмандап жөнелтпек еді. Жігіт алу жобасы осылай жасалды.
Ояз-оязға болыстар, инабатты ақсақалдар, қадірлі адамдар арқылы түсіндіруге, жігіт алуға кірісуге облыстан жарлық қылынды. Алматы оязының «инабатты адамдарын» жинап, «жандарал» жарлық жайын ұғындырғанда жиналғандар түйткілденіп: «жұртпен ақылдасалық, көп біледі ғой» десе дағы «жандаралдан» сескеніп «берелікке» келіп тарқайды. .....
Өзенімен, қаласымен Безенген күз. Кеш еді, келе жатық өзенге біз. Қайтуға өзенді өрлеп, арал көріп, М...сыз шығалық деп, кезенгенбіз. Осы күн — жүрек дүрсіл қаққан күні, Ертістің езу тартып аққан күні. Суда — сәуле, көкте - шапақ, жерде — электр, Ертісте күн қуанып, батқан күні......
Ғазиза - менің атым, затым әйел, Алла алса, арманым жоқ жанымды аяр. Ел надан, еңбек білер ешкімім жоқ, Мұң айтып, наз шаға алмай, өсек жаяр. Тең тауып, құрбы сүйіп күлмеген соң, Кеміріп жеп арман - қайғы көңілімді аяр. .....
Сені күткен көп заман, «Ал аймала, мә, төсім. Мә, мойыным, тамағым, Сүйемісің, не етесін? Аяңқырап аймала, Қан шығарып кетерсін...» Дегенге бір келсеңші, Өйткені мен өлдім-ғой. Апырым-ай, тас екенсің.....
Мен шындап сүйгем жүрегімнен, Күшейіп күндегі дерт күндегімнен. Қарағам қабағыңа көңілің үшін, Сыйлағам, қадіріңді біле білгем. Мен сені сүйгендіктен жүрегімнен, Сыйлаумен сырымды айтпай жүре білгем. Шыдауға бұдан артық дәрменім жоқ, Жүдедім күнде меңдеп, күндегімнен. .....
Ертеде, ерте, ерте еді, Ел шапқанның еркі еді, Хан қаһарлы еді, Қара матаулы еді. Би беделді еді, Бейкүнә не көрмеді? Батыр балпаң еді, Байғұс жалтаң еді......