Дипломная работа: Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны

Дипломная работа: Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны

Содержание
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИТЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ......................................................................................................
1.1 Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны
1.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер
1.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру- инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық негізі .......................................

2 «МАҚТАРАЛ» АҚ-Ң ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ.............................................................................................................
2.1 «Мақтарал» Акционерлік Қоғамының экономикалық қызметін талдау...................................................................................................................-
2.2 «Мақтарал» Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайын талдау...................................................................................................................
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдау.........................

3 КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ИНВЕСТИТЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ...................................................................................
3.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру..............................................................................................................
3.2 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын күшейту жолдары...............................................................................................................

Қазақстан нарықты экономика жүйесiне енгелi қоғам өмiрi көптеген өзгерiстердi бастан өткердi. Бүгiнгi таңда шаруашылықты жүргiзу барысында экономикалық саясаттың басты мақсаты өнеркәсiптiк өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады. Нарық жағдайында кәсiпорындардың тиiмдi қызмет етуi, экономикалық өсуi және дамуы адам ресурстары, материалдық ресурстары және басқа да ресурстардың ең тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк беретiн стратегиялық бағыттың дұрыс анықталуына тәуелдi.
"Қазақстан – 2030" стратегиясы әлемдiк трансформациялық үрдiстердiң негiзгi ерекшелiктерiн, Қазақстан геосаяси және ұлттық тарихы ерекшелiктерiн, ресурстың әлеуметiн ескерек отырып, мемлекеттiң әлеуметтiк экономикалық даму векторын ұсынды./1/ Экономикалық аспектiде "Қазақстан – 2030" ең алдымен экономикалық өсу стратегиясы.
Нарықты қатынастар жағдайы кәсiпорын мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың жаңа формалары мен әдiстерiн талап етедi. Үзiлiссiз дамуды, икемдiлiктi және қазiргi заманғы кәсiпорын қызметiнiң тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн бiрдей мағынаға ие бәсекелестiк пен ынтымақтастық сияқты нарықты экономиканың маңызды құраушыларының арақатынасын белгiлеу күрделi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады.
Шаруашылық жүргiзудiң нарықтық жүйесiнде бәсекеге қабiлеттiлiк шешушi экономикалық категориялардың бiрi болып есептеледi. Бәсекелестiк қатынастарды дамытпай ұлттық экономикамыз серпiндi даму жүйесiне айналуы екiталай. Соңғы жылдары көптеген кәсiпорындар сапалы және оңтайлы бағада өнiм өндiру қажеттiлiгiн сезiмдi. Бұл дегенiмiз жалпы өндiрiс шығындарын азайта азайта өнiм сапасын, өнiмнiң бәсеке қабiлеттiлiгiн жоғарлату. Нарықты экономика талабы бойынша өндiрiс тиiмдiлiгiн барынша арттыру кәсiпорындардың өмiрлiк ұстанатын қағидаларының бiрi. Осы жағдай кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру, жалпы тиiмдiлiктi жоғарлату әдiстерiнiң басты бағыттарын анықтау өте маңызды.
Кез-келген меншiк нысанындағы кәсiпорындар үшiн белгiлi бiр кезеңге қаржылық нәтижесiн көрсететiн шығыстар мен табыстар арақатынастарын есепке алып, олардың есептi жылдағы нәтижелерiн бағалап, талдап тұжырым жасау өзектi мәселе болып табылады. Инвестициялық тартымдылықты арттыру жолдары барлық уақытта да маңызды болған және алдағы кезеңдерде бола беретiнi анық. Мемлекетiмiздiң өсiп-дамуының тағдыры қазiргi жас буын мамандарының қолында десек артық болмайды, яғни олар келешекте ұлттық экономикамыздағы кәсiпорындардың инвестициялық тартымдылығын қандай әдiстермен шешедi және қандай іс-шаралар кешенін қолданатыны өзекті мәселе.
Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.
Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға салынған инвести¬циялардың нақ¬ты тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндi¬рiс¬¬тердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақса¬руы¬нан танылады.
Осыған орай Қазақстанда инвестиция саласын одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң маңызы артуда.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылдың 1 наурызындағы халыққа жолдауында айтылғандай «елдің дамуын бәсеке қабілетті экономика құру арқылы жүргізу керек», сондай-ақ «Қазақстанның әлемдегі бесекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» болып табылады \2\.
Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.
Біздің стратегиялық алға қойған мақсатымыз- бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу. Сондықтан мемлекет пен жеке секторлар бір-бірімен екі жақты сенімділік пен табысқа негізделген жақсы қатынаста болу керек/3/.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өз аймағы бойынша саяси-экономикалық маңызды мәселелерді шешуде жетекші орынға ие болып отыр.
Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық рекформалардағы жетістіктер, табиғи және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің еліміздің іргетасы болып табылады. Егеменді ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік инвесторларды елдің экономикасына тарту стратегиялық мақсаттардың бірі болған еді. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркенниетті елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орында тұр. Өзіндік жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе негізінде бағыт-бағдарын айқындауда. Қазіргі таңда шетелдік инвестицияларды елдің экономикасына жаңа әдіс-тәсілмен тарту мәселесі алға шығуда. Ол-дегеніміз көлемнен сапаға өту саясатын ұстану болып табылады. Бұл диплом тақырыбының зерттеудегі маңыздылығы. Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасы үшін инвестиция өте маңызды рөл атқарады десек те болады,яғни казіргі уақыттағы өнеркәсіптік-экономикалық дағдарыстан шығуға көмектеседі деп білеміз. Өнімділіктің негізгі құралы ретінде инвестициялық әрекет экономикалық ортаға жаңа элементтер енгізетін әрекетке ие. Бұл кәсіпорын шеңберінде өнім өндіруде ұтымдылықты қамтамасыз етуге, ресурстарды тиімді пайдалануға және әрине өзіміз айтып өткендей экономикалық дамуға әкеледі.
Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі: «Мақтарал» Акционерлік Қоғамы..
Зерттеу негізі: кәсіпорында инвестициялық тартымдылық үрдісін танып-білу.
Диплом зерттеуіндегі қолданған әдістер:
- әдебиетке аналитикалық шолу;
- инвестициялық үрдіске талдау жасау;
- құрылымдық-функционалды әдіс.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдарының теориялық және әдістемелік негiздерiн зерттеу, инвестициялық саясаттың тиiмдiлiгiн талдау және инвестициялық саясатты жетiлдiру жолдарын қарастыру болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
---- кәсіпорынның инвестициялық әрекетінің теориялық және басқарудың әдістік тәсілдерін танып-білу.
----«Мақтарал» АҚ-ың инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдарын қарастыру.
----«Мақтарал» кәсіпорынының экономикалық қызмет әрекеттеріндегі қазіргі заманға лайық басқаруының даму жолын қарастыру.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізінде Қазақстан Республикасы Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен бағдарламалары, отандық және шетелдік ғалым- экономистерінің еңбектері, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері алынды.
Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИТЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1 Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны.

Инвестиция сөзі латын тілінен шыққан, «Investire» - жұмылдыру деген мағананы білідіреді. Феодал эпохасы кезінде инвестиция деген вассалдың феодалдық қолына кіруін айтқан: бұл сөзбен Епископтардың орын тағайындауын да айтылатын, және шіркеудің жерін билеуге, сол жердің иесін білідіретін Инвестура жаңа жерге ие болу мен қатар және сол жердің ресурстарын билеуге, өз пайдасына қолдануға рұқсат берілген.
Бір жағынан қарқынды инвестиция ақталады және сол жердегі территориялардан табыс табу бірнеше есе өсіп қоймай, және жер даму факторы ретінде қолданылды/4/.
Инвестиция- деп қаржы-қаражат, банктік заемдер, пай, акциялар, және тағы басқа құнды қағаздар, технологиядағы машиналар, лицензия, товар белгілері, кредиттер т.б. мүлік немесе мүліктік құқықтар, интелектуалды игіліктер, жаңадан іске қосылған кәсіпорындар және т.б. жұмыс түріне, пайда табу арқасынада әлеметтік жағымды эффект өсіру деп айтуға болады.
Ал инвестициялық қызмет бойынша түсінігі, шаруашылық қызмететті жүзеге асыру үшін әр – түрлі капитал салымдары.
Инвестиция объектісі:
1. Мүлік инвестициясы (матриалдық инвестиция). Материалды инвестиция деп – инвестиция тікелей өндіріс процесіне қатысады. (Мысалы: инвестиция - құрал жабдық, материалдарға, құрлысқа)
2. Қаржы инвестициясы – қаржы мүлігін, басқа басқа фирма жұмысына қол сұғу және т.б. фирмалардың құқықтық жұмыстарына қатысу (акция сатып алу.)
3. Материалы емес инвестиция – материалды емес құндылыққа инвестиция салу. (кадрлер дайындау, реклама)/5/
Объектіге қатысты инвестицияны екі түрге бөлуге болады: портфельдік және тікелей.
Портфельдік – құнды қағазға салынуы, курстың өзгеруі байланысты дивидендтер алу, тағыда сол шаруашылықтың басқаруына қатысуға құқық береді.
Портфельдің пайда болуы ол- құнды қағаздар және тағы басқа активтерді сатып алу арқасында пада болды.
Портфель – бұл неше түрлі инвестициялық құндылықтар жинтығы, бұл инструмент салушының жалпы бір тікелей нақты инвестиция нысанын көрсетеді. Портфельдің ішіне бір типті құнды қағаздар кіруі мүмкін (акция) және әртүрлі инвестициялақ құндылығы бар (акция, облигация, жинақталғын депозит, сертификаттар, және т.б.)
Тікелей (реалды) инвестиция - мемлекетпен және жеке фирмамен инвестицияны бір өндіріске құйылуы.
Тікелей инвестиция екі әр түрлі қолпакеттерден тұрады. Біріншісі инвестицяны жарғылық капиталға құю, ол дегеніміз қайта жасалған капиталды жағдай (компьютер өндірісі құрылымы, өндіру станоктары)
Екінші компонент – инвестицияны товар – материалдық қорға құю, бұл дегеніміз шиізат қорларын үлкейту, өндіріс процесіне жататын, немесе өтпеген дайын тауарлар. Коммерциялық тауар – материалдық қорлар, капитал қорының бір негізгі бөлімі ретінде саналады экономикалық жүйеде; олар капитал құрал-жабдықтар сияқты өте қажет өндіріс ғимараты.
Тікілей инвестиция тағыда; ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Ішкі – бұл шаруашылық субъектінің қаржаты өзінің өндіріс факторына өзінің қаржы – қаражаттан қаржыландыру.
Сыртқы – бұл инвестициялық институттардың құралдарын өндіріс факторына, инвестиция керек шаруашылық субъект Тікелей инвестицияға тағыда жалпы және таза инвестицияларды жатқызуға болады. Жалпы таза инвестиция бұл жалпы инвестиция деп аталады, өйткені ұсталымдарды шегерімнен кейін өзіндік капиталдан тұрады/6/.
Ұсталыным сипаты бойынша:
Бірінші инвестициялар; немесе нетто инвестициялар, олар кәсіпорынды құрғанда немесе сатып алғанда жасалады.
Ұлғаюға инвестициялар; (экстенцивті инвестиция) бұл инвестиция кәсіпорынның өндіріс процесін ұлғайтады.Реинвестиция: бұл инвестициядан түскен табыстан бос ақшаны қайта жаңа құрал жабдықтарды алуға, және жаңа өндіріс құралдарына құю, бұл кәсіпорынның негізгі қорларын ұстауға жұмсалған.Ауыстыру инвестициясы: бұл ескі құрал – жабдықтарды, жаңа құрал- дабдықтарға ауыстыру.
- Инвестицияны рационализациялау: бұл инвестицияны техника және технологиялық процестерді модернизациялау.
Шығарылатын тауарды өзгертуге салынатын инвестиция:
- Әртараптандыруға салынған инвестиция: тауардың номенклатурасын ауыстыруына байланысты, жаңа тауар түрін шығару және даңа өткізу орындарын табу.
- Инвестицияны кәсіпорында тоқтап қалмауын қамтамасыз ету, ҒЗКТЖ-ға жіберу, кадр дайындау, жарнама, қоршаған ортаны қорғау.
- Буртто инвестиция: ол нетто – инвестициямен реинвестициядан тұрады.
- Тәуекел инвестициялар немесе венчурлы капитал инвестиция, жаңа акциялар шығару түрінде, жаңа қызымет саласында шығарылатын, үлкен тәуекелмен байланысты.
Венчурлық капитал инвестициясы бір – бірімен байланысты емес объектілерге құйылады, бұл салынған ақшаның тез ауқуы. Бұндай капитал салымдар, өндірушіден біраз акциясын алумен жасалады, сонымен бірге соңғы акциялардың конверсиялақ құқығы бар/7/.
Капиталдың енгізілуі тәуекелділіктің жоғары деңгейі кішігірім, шағын кәсіпорындарды қаржыландыруға, жаңа технологиялар енгізумен көрінеді. Тәуекел капиталдың өзінде бірнеше формалары бар: Ссудалық, акционерлік, кәсіпкерлік/8/.
Ол ғылыми сыйымды кәсіпорындардың жарғылық капиталы жоғары және басқа фирмалармен тығыз байланыста болады.
Уақыт факторы бойынша:
- Қысқа мерзімдік инвестицияляр
- Ұзақ мерзімдік инвестициялар
Аннуитет – инвестиция, әр – бір уақыт мерзім кезінде жеке бір табыс алып келеді. Жалпы ол қаржыны зейнетақы сақтандыру қорларға енгізуі. Сақтандыру компаниялар мен зейнетақылық қорлар, ұзақ мерзімді міндеттемелер шығарады. Болашақта кездесетін шығындарды жабу үшін иелері сол шығындарды жабу мақсатында оларды құяды/9/.
Анри Кульман – жанама және тікелей инвестициясы
Франция экономика мектебінің көрікті ғалымы – Анри Кульман инвестицияның класификациясын, проблемасын мүлде басқа аспектте қараған. Ол жанама инвестиция (ақшамен), ал тікелей инвестицияны (ақшасыз) жасауға болады деп ойлаған.
Екінші түрде еңбек өнімін тікелей өндіру құрылымына ауыстыру, капталдың ақшалай форма кезеңіне аттап кету. Бұндай инвестицияның механизімі көбінесе ауыл шаруашылығанда жасалады. Мысалы: фермер ірі – қара малмен өз отарында бұзауларын тек қана амортизацияны жабу үшін ғана емес, одан көп бұзаулар алу. Олар оз отарының санын ұлғайтуға әсер етеді. Бұл кезде тікелей инвестициялау жүргізіледі.Сондай-ақ бақташыны алсақ олда өзінің барлық гүлдерін, жемістерін өткізбей тек қана 75% сатады, ал 25% тұқымға кетеді, яғни өзінің шаруашылығын ұлғайтады.
Тікелей инвестиция өте аз қолданылады өйткені өндірісте зауыт өз кірпіштерін өз жеріне тағы зауыт салуға арнамайды және осы қағида кең таралмаған/11/.
Экономика дамуының құрылымдық өзгерiстерiн табысты iске асырудың, жаңа ғылыми-техникалық негiзде өндiрiстiк әлеуетті құрудың әлемдiк нарықта бәсекелестiк позицияны күшейтудiң негiзгi шарты жоғары инвестициялық белсендiлiк болып табылады. Оңтүстiк-Шығыс Азияда “жаңа индустриалды елдер” атты экономикалық феноменнiң пайда болуы, қазiргi заманғы ғылымды қажет ететiн салалардың тез дамуы осы елдер экономикасына тартылатын инвестициялардың тез өсуiнiң арқасында мүмкiн болды/12/.
Нарықтық қарым-қатынастар жағдайында республикадағы өнеркәсiптiк өндiрiстiң дамуына инвестициялардың әсерiн анықтау үшiн, алдымен, “инвестициялар” категориясының әлеуметтiк-эконо¬ми¬ка¬лық мәнiн анықтап алу қажет.
Инвестициялар – бұл, нарықтық экономикаға өту кезеңiнде пайда болған, Қазақстандық экономика үшiн бiршама жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлы жүйеде негiзгi қорларды қайта өндiруге, оларды жөндеуге жұмсалатын шығыстардың барлығын қосатын “жалпы күрделi салымдар” түсiнiгi қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтауда көптеген пiкiрлер бар. Пол Самуэльсон: “Таза инвестициялау” немесе капиталды құру деп, бiз қоғамның нақты капиталының (ғимараттар, құрал-жабдықтар, материалды-өндiрiстiк қорлар және т.б.) таза өсiмiн айтамыз. Тұрғын адам “инвестициялау” деп, өзiнiң жер учаскесiн, айналымда жүрген бағалы қағаздарды немесе басқа да меншiк объектiсiн сатып алғанын айтады. Бiрақ таза инвестициялау тек қана жаңа нақты капитал құрылған кезде ғана орын алады деп жазған.
Әйгiлi “Экономикстiң” авторлары инвестиция түсiнiгiн кең түрде түсiндiрдi. Олардың анықтамалары бойынша инвестиция- “өндiрiс шығындары және өндiрiс құралдарын жинақтау және материалды қорларды ұлғайту”, яғни өндiрiс шығындарының және жинақтардың барлық жиынтығы/13/.
Инвестиция көзi болып, жинақ қаражаттары табылатыны белгiлi. Бiрақ жинақтар бiр шаруашылық агентпен iске асырылады, ол инвестициялауды тiптi басқа адамдар тобы немесе шаруашылық субъектiлерi iске асыруы мүмкiн. Сондықтан ғалымдар тобы түсiнiктi анықтау кезiнде инвестицияның мәнiне ғана емес, оның мақсатты бағытталуына да көңiл аударады. В.Бочаров инвестицияны тұтынуға қолданылмайтын табыстың бiр бөлiгi деп түсiндiредi. Инвестициялық қорлар инвестициялық iс-әрекеттiң белгiлi объектiлерiне жұмсалады. Мұнда капиталдық құнның өсiмi табыс түрiнде немесе әлеуметтiк эффект түрiнде болады/14/.
В. Фельзенбаум, инвестиция түсiнiгiн мағынасы бойынша “күрделi салымдар” және “қаржылық” (портфельдi) инвестициялар түсiнiктерiне, яғни меншiктен табыс алуға құқық беретiн акцияларға, облигацияларға және басқа да бағалы қағаздарға салынған салымдарға жақын келетiн нақты инвестицияларды қамтиды деп атап өткен/15/.
Инвестицияға анықтама бергенде, инвестицияның тек қана мазмұндылық сипаттамасына ғана емес, сонымен қатар олардың мақсатты бағытталуына да аса назар аудару қажет. Осы көзқарастан қарайтын болсақ, инвестиция жалпы ұлттық өнiмдi өндiруге жұмсалынатын табыстардың маңызды бөлiгiн құрайды, яғни капитал құрумен, физикалық капиталды кеңейтумен байланысты өндiрiстi кеңейтуге және жаңартуға кеткен шығындар болып саналады.
lс-тәжiрибеде әр түрлi зерттеушiлер инвестиция түсiнiгiне әр түрлi мағына бередi. Жалпы тұрмыстық сана-сезiм деңгейiнде инвестицияны жер сатып алуға, қозғалмайтын мүлiк, акциялар сатып алуға, құрылысқа, техникаға, пайдалы қазбалары бар кен орындарына және т.б. қаржылық салымдарды салу деп түсiндiредi.
Инвестицияларды нақты (капитал құрушы) – жаңа кәсiпорын құруға, iс-әрекеттегi кәсiпорынды қайта құруға немесе техникалық жарақтандыруға бағытталған салымдар және қаржылық (портфельдi) – мемлекеттiң, әртүрлi кәсiпорындардың, инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары мен акцияларын сатып алуға жұмсалған салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын салымдар деп бөлуге болады. Бiрiншi жағдайда қаржы салымдарын жасайтын кәсiпорын-инвестор, өзiнiң өндiрiстiк өзiнiң өндiрiстiк капиталын – негiзгi өндiрiстiк қорларды және олардың жұмыс iстеуiне қажеттi айнымалы бағалы қағаздардан табыс-дивидендтер алу арқылы ұлғайтады. Мұнда өндiрiстi құруға ақша қаражаттары салымдарын, инвестициялық жобаларды iске асыруға қаржы құралдарын тарту үшiн акцияларды шығарған басқа кәсiпорындар мен ұйымдар жасайды.

Жаңа өндiрiстi құруға бағытталған инвестициялар Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвес-тициялар Тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған инвес-тициялар Мемлекеттiк басқару
органдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар

Тәуекелдiлiктiң жоғары Тәуекелдiлiктiң төмен
дегейi деңгейi

1-сурет-Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейi арасындағы байланыс.
Кәсіпорын деңгейінде инвестициялық тартымдылықты арттыруда бірінші болып, алдағы кезеңдерге арналған даму сипаттары үлкен орын алады. Инвестиция тарту жолымен дамудың алдағы кезеңдердегі көкжиегін нақты талдаулар жасау арқылы болжанған жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі. Ол экономикалық тиімділік деңгейінің қатынастары, өнім өндіру мен оған кететін өндірістік шығындарды дұрыс есептеп, үнемді пайдалану. Кәсіпорындағы инвестициялық тартымдылыққа өндірілетін өнімнің өмірлік циклінің ұзақтығы тығыз байланысты. Инвестициялық қызметтің ұтымды жолдарының бірі инвестициялық тиімділікті бағалауды өте дұрыс есептеу шарт. Шаруашылық қызметтің негізгі шарттарының бірі болып, өндідістің барлық элементтерін ұдайы жаңартып, жетілдіріп отыру. Шетелдік тәжірибеде инвестициялық тартымдылықты арттыру көбінесе инвестициялық жобаларды ғылыми негіздеп, іс-тәжірибеге лайық, сондай-ақ макродеңгейдегі болатын өзгерістерге барынша төтеп бере алатын жобалар әзірлеумен анықталады/15/.

1.2 Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін анықтайтын көрсеткіштер

Инвестициялардың барлық түрлерiнiң кәсiпорынның тiршiлiкке қабiлеттiлiгiн сақтауда және оның дамуында маңызы зор.
Нақты активтерге инвестициялауды дайындау және талдау, инвестициялардың түрлерiне, яғни олар арқылы кәсiпорын алдында, тұрған қандай мәселелердi шешу қажет екендiгiне байланысты. Осы позициядан инвестициялардың барлық мүмкiн түрлерiн келесi негiзгi топтарға топтастыруға болады:
1) Тиiмдiлiктi арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың мақсаты ең алдымен құрал-жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту немесе өндiрiстiк қуатты, өндiрiс жағдайлары тиiмдi аймақтарға ауыстыру арқылы фирманың шығындарын төмендету болып табылады;
2) Өндiрiстi кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Мұндай инвес-тициялардың мақсаты – iс-әрекеттегi өндiрiстер шеңберiнде ертеректе құрылған нарықтар үшiн тауар өндiру мүмкiндiктерiн кеңейту;
3) Жаңа өндiрiстердi құруға бағытталған инвестициялар. Мұндай инвестициялар кәсiпорында бұрындары өндiрiлмеген тауарларды шығаратын немесе жаңа қызмет түрiн көрсететiн мүлде жаңа кәсiпорындарды құруды қамтамасыз етедi немесе кәсiпорында өндiрiсте жүрген тауарлармен жаңа нарықтарға шығуға әрекет жасауға мүмкiндiк бередi.
4) Мемлекеттiк басқару органдарының талаптарын қанағаттандыру мақсатына бағытталған инвестициялар. Инвестициялардың бұл түрлерi экологиялық стандарттар, өнiмнiң қауiпсiздiгi және iс-әрекет шарттары жөнiнен үкiметтiң талаптарын орындау қажеттiгi кәсiпорын алдында тұрған жағдайда қолданылады/16/.
Инвестиция түрi мен тәуекелдiлiк деңгейiнiң арасындағы мұндай тәуекелдiлiк логикасы айқын: ол инвестициялау аяқталғаннан кейiн фирма жұмысының нәтижелерiнiң өзгеруiне нарықтың мүмкiн реакциясын дұрыс болжай алмау қаупi деңгейiмен анықталмайды. Мақсаты нарыққа белгiсiз өнiм шығару болып табылатын жаңа өндiрiстi ұйымдастыру жоғары дәрежелi белгiсiздiкпен байланысты, ал нарықпен қабылдалынған тауар өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн жоғарылату (шыныдарды төмендету), инвестициялау нәтижесiнiң ми¬ни¬малды қауiп әкелетiндiгi түсiнiктi. Осы сияқты, мемлекеттiк басқару меке¬ме¬лерiнiң талаптарын қанағаттандыру мақсатымен жасалған инвести¬ция¬лар да тәуекелдiлiктiң төмен деңгейiмен байланысты.
Толық ғылыми-техникалық өндiрiстiк циклдi инвестициялауға болады немесе оның элементтерiн (сатыларын) - ғылыми зерттеулер, жобалық – конструкторлық жұмыстар, iс-әрекеттегi өндiрiстi кеңейту немесе қайта құру, жаңа өндiрiстi ұйымдастыру немесе жаңа өнiмдi шығару және т.б. iс-әрекеттердi инвестициялауға болады.
Өндiрiстiк-экономикалық потенциалды сақтау және дамыту – кәсiп-орын¬ның өндiрiстiк – шаруашылық iс-әрекеттiң маңызды бөлiгi болып табы¬лады. Осы бағыттағы кәсiпорынның iс-әрекетi инвестициялық iс-әрекет деп аталады. “Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы” Қазақстан Рес¬публикасының Заңына сәйкес, инвестициялық iс-әрекет деп, инвестициялауды iске асыру үрдісімен байланысты кәсiпкерлiк iс-әрекеттi айтамыз.
Инвесторлар (инвестициялық iс-әрекеттi iәске асырушы немесе заңды тұлғалар), тапсырыс берушiлер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық iс-әрекет объектiлерiн пайдаланушылар, жабдықтаушылар, инвестициялық қорлар) және инвестициялық процестiң басқа да қатысушылары – инвестициялық iс-әрекет субъектiлерi болып табылады. Тапсырыс берушiлер ретiнде инвесторлар немесе инвестициялық жобаны iске асыру жөнiнде инвестордан алған жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
Инвестициялық iс-әрекеттiң субъектiлерi ретiнде жеке және заңды тұлғалар, соның iшiнде, шетелдiк тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкiн.
Инвестициялық iс-әрекеттiң объектiлерiн пайдаланушылар ретiнде инвесторлар және басқа да жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттiк және жергiлiктi мекемелер, шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы орта құрылмына мыналар кiредi:
- күрделi құрылысы ортасы, мұнда салалардың негiзгi және айнымалы өндiрiстiк қорларға инвестиция салу жүргiзiледi;
- инновациялық орта, мұнда ғылыми-техникалық өнiм және интел-лектуады потенциал iске асырылады;
- қаржылық капитал айналымы ортасы (әртүрлi түрдегi ақшалай, қаржылық және қарыздық мiндеттемелер)/18/.
Нақты инвестицияларды қаржыландыру көздерiн жалпы барлық экономика деңгейiнде (макродейңгей) және шаруашылық (микродеңгей) қарастыру қажет. Макродеңгейде мұндай қаржыландыру көзi ретiнде жалпы жинақтар, яғни тұрғындардың жеке жинақтары, бизнес жинақтары және мемлекеттiк бюджеттiң сальдосы қарастырылады.
Жалпы жинақтар – бұл тұтынуға жұмсалмаған (тұтынуға мемлекеттiк шығындар да жатады) барлық қоғамның ағымдағы табысының бiр бөлiгi және бұл инвестициялаудың қаржылық негiзiн құрайды.
Жалпы мемлекет көлемiнде жалпы инвестициялар мен жинақтар бiрдей деуге болады. Жалпы жинақтар мен инвестициялардың бiрдейлiлiлiгi, бөлек экономика секторларында басқаша болуы мүмкiн. Дамыған несиелiк-қаржылық жүйе жағдайында жинақтардың иесi жеке тұлғалары екендiгiнiң принципиалды маңызы жоқ, себебi, бұл қаражаттар қаржы қорларында несиелеу операцияларында мобилизацияланады/18/.
Қазiргi жағдайда қаржылық қамтамасыз етудiң маңызды көздерiнiң бiрi халықаралық экономикалық байланыстар арқылы келетiн қорлар болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында негiзгi инвестициялық шешiмдер шаруашылық субъект деңгейiнде қабылданады. Кәсiпорында қаржы салымдарын жасау үшiн бiрнешесе альтернативтi қаржыландыру мүмкiндiктерi бар. Бiр-бiрiне ұқсамайтын бұл қаржыландыру көздерi бiрге қолдануы мүмкiн. Тәжiрибеде солай жиi болады/19/.
1-кесте-кәсіпорынның каржыландыру көздерiн топтастыру.

Қаржы ресурстары Кәсiпорындағы инвестициялау көзi
1 2
1. Жеке
1.1. Амортизациялық қаржы бөлiнулер (негiзгi қорлар мен материалды емес активтерге салынған тозу қаржылары)
1.2. Жалпы пайда
1.2.1. Тауарлар мен қызмет көрсетулердi өткiзуден түскен пайда (кәсiпкерлiк табыс.
1.2.2. Басқа да өткiзулерден түскн табыс.
1.2.3. Өткiзуден тыс нәтижелердiң (табыс¬тар) сальдосы.
1.2.4. Резервтiк қор
1.3. Жөндеу қоры.
1.4. Сақтандыру резервтерi
1.5. Бақалар
өткiзуден түскен түсiм (өзiндiк құн)



өткiзуден түскен табыс
Басқа да өткiзулерден түскен табыс


өткiзуден тыс табыстар

Жалпы табыс

Таза табыс
2. Тартылған қаражаттар.
2.1. Ағымадағы инвестициялық қызметтегi үлестiк қатысу қаражаттары.
2.2. Бағалы қағаздарды эмиссиялаудан түскен қаражаттар.
2.3. Еңбек ұжымының мүшелерiнiң жеке және заңды тұлғалардың табыстық және басқа да жарналары.
2.4. Сақтандыру төлемдерi.
2.5. Франчайзинг, селенг, аренда бойын¬ша төлемдердiң түсуi
2.6. Басқалары Сәйкес инвесторлардың қорлары
3. Бюджеттiк қаржы бөлiнулер Бюджеттiк қаржыландыру қаражат¬тары

1-кестенің жалғасы
4. Бюджеттiк емес қорлардан түскен түсiм¬дер Бюджеттiк емес қорлардың қаражат¬тары.
5. Қарыздық қаражаттар.
5.1. Банк несиесi
5.2. Басқа да қаржылық институттардың несиелерi
5.3. Бюджеттiк несие
5.4. Коммерциялық несие
5.6. Басқалары Несие берушiлердiң қорлары
6. Тартылған қаражатар
6.1. Аығмадағы инвестициялық қызметтегi үлестiк қатысу қаражаттары.
6.2.Бағалы қағаздарды эмиссиялаудан түс¬кен қаражаттар.
6.3. Еңбек ұжымының мүшелерiнiң жеке және заңды тұлғалардың пайдалық және басқа да жанрлары.
6.4. Сақтандыру төлемдерi.
6.5. Франчайзинг, селенг, аренда бойын¬ша төлемдердiң түсуi.
6.6. Басқалары Сәйкес инвесторлардың қорлары
7. Бюджеттiк қаржы бөлiнулер. Бюджеттiк қаржыландыру қаражат¬тары
8. Бюджеттiк емес қорлардан түскен тұсiм-дер. Бюджеттiк емес қорлардың қаражат¬тары

Кәсiпорынның меншiктi қаржы қорлары өзiне құрылтайшылардың бастапқы жарналарын және капиталды салымдарды қаржыландыруға кеткен шаруашылық iс-әрекет нәтижелерi есебiнен жиналған жинақтарды қосады.
Кәсiпорында инвестицияларды қаржыландырудың iрi көзiне амортизациялық қаржы бөлiнулер жатады. Осы бөлiнулер нәтижесiнде кәсiпорынның негiзгi капиталын ұдайы өндiрiсiн кеңейтуге қолданылатын бос ақша қаражатары қалыптасады.
Табыстан төленетiн салықтар мен басқа да төлемдер төленгеннен кейiн кәсiпорында таза табыс қалады. Оның бiр бөлiгiн өндiрiстiк және әлеуметтiк сипатты капиталдық салымдар ретiнде қолдануы мүмкiн.
Несиелiк қаражаттар несие берушiлер есебiнен құралады. Қазiргi кезде инвесторлар тез эффект беретiн кәсiпкерлiк iс-әрекет беретiн кәсiпкерлiк iс-әрекет салаларын несиелеуге тырысады.
Инвестициялаудың бағыттарының бiрi ретiнде лизингi айтуға болады. Лизинг деп машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлiк құралдарының және де өндiрiстiк мағынасы бар ғимараттардың ұзақ мерзiмдi арендасын айтамыз. Осында айта кету керек, дамыған нарықтық қатынастар жағдайында лизингтiң құрал-жабдықтарды инвестициялаудағы үлесi 25% құрайды/11/.
Бюджеттiк қаржы бөлiністері – бұл бюджеттiк қаржыландыру қаражаттары. Қазақстан Республикасының бюджетiнен қайтарымсыз негiзде мемлекеттiк орталықтандырылған капиталды салымдарды қаржыландыру, ол- объектiлер құрылыс жұмыстарының бекiтiлген тiзiмiне және мемлекеттiк қажеттiлiгi бар объектiлер қатарына енгiзiлсе ғана жүргiзiледi.
Инвестициялаудың әр түрлi түрлерiн тарту және қолдану мақсатында мемлекеттiң және мемлекеттiк реттеудiң рөлi тiкелей бақылау мен реттеуге (мемлекеттiк кәсiпорындарды басқаруға беру, халықаралық несие үшiн), және экономикалық тетіктер арқылы жанама әсер етуге (халықаралық кәсiпкерлiктiң тiкелей және портфельдi әдiстерi) саяды.
Реттеу дәрежесi инвестиция объектiлiгiмен анықталады және мысалы, несиелiк инвестиция объектiсі кәсіпорындар немесе мемлекет болып табылатындықтан, ол несиенi аралық иемдену құқығына ие, сондықтан да инвестицияның тiкелей қолданылуын бақылау жасауға мiндеттi. Инвестициялаудың коммерциялық түрiнде мемлекет тiкелей бақыламайды, оның рөлi тек жанама түрде ғана болады, негiзiнен заң механизмi (салық жүйесi және т.б.) және қаржы-экономикалық саясат арқылы реттейдi.
Инвестициялық саясаттағы мемлекеттiң маңызын нарықтық экономиканың iшкi тұрақсыздығы туралы алғышартты негiздей отырып, экономикалық саясаттың Кейсиандық теориясы анықтайды. Мүндай тұрақсыздық өндiрiс факторларын жеткiлiксiз қолдану және тұрғындардың жұмыспен толық қатылмау салдарынан туындайтын ресурстарға сұраныстың жеткiлiксiздiгiмен көрсетiледi. Сондықтан Кейнс бойынша макроэкономикалық саясаттың негiзгi мақсаты төлеуге араласуы көмегiмен қол жеткiзетiн толық жұмыс бастылық болып табылады. Осылардың құн өсiмiн қамтамасыз етедi және соның нәтижесiнде жалпы iшкi өнiм динамикасына әсер етедi/20/.
Басқаша айтқанда Кейнс бойынша инвестициялық сұраныс динамикасы экономиканың дамуының циклдiгiнiң басты себебi болып табылады. Өз кезегiнде бұл сұраныс динамикасы салынған капиталдың өсiм ақысы (пайыздық мөлшер) деңгейiне байланысты болады. Осыдан келiп баға динамикасы мен өсiм ақы дңгейiне әсер ету мемлекеттiң ақша несие саясатының өзара байланысын келесiдей тiзбек арқылы көрсетуге болады: ақша массасы – пайыз мөлшерi – инвестиция – жапы iшкi өнiм. Мүндай схема Батыстың көптеген елдерiнде 50-60-ыншы жылдары тиiмдi жұмыс iстедi/20/.
Елде ақша-несие саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет (Ұлттық банк) ұлттық ақша және өсiм ақының валюталық құнын анықтайды. Мемлекет (Ұлттық банк) өсiм ақыны құрудың мұндай факторлар қатынасын нарықтық күштер және мемлекеттiк реттеу арқылы анықтайды.
Шетел капиталын тарту мақсатындағы өсiм ақыны реттеу тек дамушы елдерде ғана емес, сонымен қатар экономикасы дамыған елдер де қолданады. Мысалы, 80-iншi жылдардың бiрiншi жартысында АІШ төлем балансының жеткiлiксiздiлiгiн қаржыландыру үшiн өсiм ақыны көтердi. Нәтижесiнде елге, әсiресе Батыс Европа елдерiнен капитал ағыны тез өстi. Сол кездегi күрделенген жағдай экономикалық әдебиеттерде “өсiм ақы соғысы” деп атала бастады.
Бiрақ мұндай саясат бiр қарағанға қарапайым емес. өсiм ақыны төмендетуден экономикалық белсендiлiктiң төмендеуi және халықтың жұмыс бастылық жағдайының нашарлауы және т.б. қолайсыз жағдайлар туады. Мұндай саясат құнсыздануды күшейтуге қабiлеттi, себебi несиенiң қымбаттауы өнiм құнының өсуiне әкеледi. Сондықтан өсiм ақы сферасында мемлекеттiң көбi курсты жасанды көтермелеуге қарағанда нарық факторына сүйенедi/22/.
Мемлекеттiк реттеу проблемасы мына себептер бойынша реттеудiң бiр факторлы моделi ретiнде қарастырылмайды, бiрiншiден, өсiм ақының өзi көп факторлы, күрделi нарықтық категория болып табылады. Екiншiден, өсiм ақы (реттеушi ретiнде, бiрақ инфляция жағдайында емес) несие ағынына үлкен дәрежеде әсер етедi.
Шетел капиталымен жұмыс iстеуде, оны екi кезеңге бөлiп көрсеткен жөн:
1) Шетелдiк капиталды тарту кезеңi;
2) Тартылған капиталды қолдану кезеңi;
Кәсіпорындарға шетелдiк капиталмен жұмыс iстеудiң әр кезiнде мемлекет қызметтерi мен реттеу принциптерi ерекшеленедi. Мемлекеттiк несиелеу және акционерлiк емес кәсiпкерлiк түрiнiң сфералары жеке шетелдiк капиталды халықаралық кәсiпкерлiк (тiкелей және портфельдi шетелдiк инвестиция) түрiнде тарату және қолдану сферасына қарағанда мемлекет тарапынан көбiрек реттеудi талап етедi. Мемлекеттiк қазыналық мiндеттемелер маңызы артады. Осы ерекшелiкке байланысты шетелдiк капитал аумағындағы заңдылықтар сыртқа заем беру және шетелдiк инвестиция заңдылықтарына бөлiнген.шетелдiк капиталды тарту және қолдану кезiндегi мемлекеттiк реттеу қызметтеру көрсетiлген. Реттеу әдiстерi сондай-ақ шетелдiк капитал және инвестиция түрiне байланысты жiтеледi. Халықаралық мемлекеттiк және банктiк несие беру. Бұл жағдайда реттеу дәрежесi мемлекет халықаралық несиенiң аралық заемщигi болып табылумен анықталады. Мемлекет несиелiк келiсiмге қол қояды, үкiметтiк кепiлдiк берумен оның жабылуын қамтамасыз етедi. Мемлекет несиенi заемге берушi ретiнде бiрнеше қызметердi атқарады.Бұл жағдайда мемлекет ролi мынамен анықталады:
- ол кредитор, донор, гарант және заем берушi рөлiн атқара отырып, халықаралық несиелiк қатынастың белсендi қатысушысы болып табылады;
- мемлекеттiк несие беру бюджет құралдарын жинақтау жолдарымен жүзеге асырылады;
- көптеген елдерде мемлекеттiк бюджет есебiнен кәсіпорындар мен банктерге экспорттық несиелер берiледi;
- әлемдiк нарыққа сай қызмет көрсету үшiн жеке банктiк экспорттық несиелерiне кепiлдiк беретiн сыртқы саудалық операцияларды несиеге беру және сақтандыруды көздейтiн мемлекеттiк немесе жартылай мемлекеттiк кәсіпорындар құруы мүмкін/13/.
Кәсіпорындарға жағымды инвестициялық климат қалыптастыру үшін елдің саяси тұрақтылығы өте маңызды шарт болып табылатыны анық.

1.3 Инвестициялық жобаларды тиімді ұйымдастыру -инвестициялық тартымдылықты арттыру негізі

Инвестициялық жобалау дегеніміз техника – экономикалық негізі бар (сызулар, түсіндермелі хаттар, инвестициялық жобаның бизнес-жоспары және жобаны жүзеге асыру үшін қажетті басқа материалдар.Оның ажырамас бөлігі болып инвстициялық жобаның құнның аңыктайтын смета табылады.
Жоба – бұл техникалық материалдар(сызба, есептер, жаңа құрылған гимараттардың макеті, құрлыстар т.б) белгілі бір құжаттардың алдын-ала тексті.
Ең алдымен өндірістік бағытта инвестициялық жобаны өндеу ұзақ мерзім уақыт бойы жүзеге асады- идеядан бастап материалдық деңгейге дейін.
Инвестициялық жобаны нарыктық көрсеткіштердің көмегімен тиімді бағалау үшін жұмыстын басталуы мен аякталуын нақты білу керек. Зертеуші, ғалым үшін жобаның басталуы идеяның туындауы болса, бизнесмендер үшін- алғашқы ақша қаражатты жобаны жүзеге асыру үшін салу болып табылады.
Жобаны қаржыландыратын инвесторларды процестің жасалуы емес, оны өткізуден алатын табыс қызықтырады. Ал жобаны жүзеге асыратын мекемелер үшін – жүмыстың аякталуы. Кейбір жобалар үшін жұмыстың аякталуы – қаржыландырудың тоқтатылуынан, объектіні пайдалануға шығару, жобалық қуаттылықты толығымен игеру болады.
Жобамен жұмыс істеу мезгілінің басталуы мен аяқталуы құжатты түрде негізделу керек.
Жобаның басталу кезінен өтімділік кезеңге дейінгі уақыт аралығы инвестициялық цикл деп аталады.
Инвестициялық циклды 3 топқа бөлуге болады. Оның әркайсысының өз мақсаттары мен міндеттері бар:
- нвестицияға дейінгі- бастапқы зерттеулерден инвестициялық жобаны қабылдау шешіміне дейін, яғни соңғы зерттеулерге дейін
- ивестиция кезеңі- келісім- шарт жасау кезеңі
- өндірістік- кәсіпорынның немесе объектінің шаруашылық қарекет ету кезеңі.
Инвестициялауға дейінгі және инвестициялау кезіндегі этаптар инвестициялық жобалау облысына кіреді. Ал өндірістік кезең арнайы жүргізуші кезеңдер ( өндірістік мекеме және еңбек күші, болжау, қаржыландыру, талдау т.б ) облысына кіреді.
Инвестицияға дейінгі кезде болашақ объектіні жобалау қарастырылады. Кәсіпорын инвестиция туралы алдын-ала шешім қабылдайды, салынып жатқан объектілерінің директорын тағайындайды. Жобаның техникалық экономикалық бағалауын, өтімділік бағасын зертеуді кәсіпорынның өзі жүргізеді немесе мамандырылған мекемелердің көмегіне жүгінуге болады/21/.
Жобаның алғашкы кезінде күтпеген жағдайларды ескеруге болады. Ол үшін ең экономикалық жолдарды табу, жобаның өтімділігін бағалау, оның бизнес- жоспарын құру. Бірақ, уакытында тоқтау деген принципке сүйене жүру керек, яғни жұмыстың басында тиімсіз жобадан бас тартқан жөн.
Екінші инвестициялық кезенде жоба мыналарды енгізеді:
- жобалық кәсіпорынды таңдау;
- жобалық сызуларды және модельді объектілерді дайындау;
- жобалық және құрлыстық жұмыстын алдын – ала жоспары;
- деталдық жоспарлау және спцификация;
- құрлыстық орындардын сызбасы.
Осы кезеңде бас мердігер және субмердігер тағайындалады. Мердігерлер мен жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін қыска мерзімді зайымдар аңыкталады.
Инвестициялық кезеңде орындалған көп нұсқаулы есептер нақты жобаны, оның техникасын және жабдықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде қабылданатын шешімдер техникалық деңгейін, құрлымын құрлыстық өндірістік жобаны жүзеге асыру шығындары ғана емес, сонымен қатар пайдалану шығындарына да тәуелді/22/.
Жобалау үрдісін 2 кезеңге бөлуге болады:
- жоба алдындағы;
- нақты жобалау.
Жобалау алдындағы кезең инвестиция салудың алғы шарттарын жасайды. Дәл осы кезеңде жобаның өміршеңділігі мен инвестициялық тартымдылығы қалана басталады. Жобалау алдындағы кезең зерттеулері нақты инвестициялық жобаның толық сипаттайды. Инвестициялық жобаның өмірлік циклін бұл кезеңде дәл анықтау мүмкіндігі қиынға соғады.
Нақты жобалау өзі екі кезеңді енгізеді:бастапқы және соңгы жоба. Әр кезеңде болашақ объектінің сметасы аңықталады.
Өндірістің техника-ұйымдастырушылық дәрежесінің көтерілуі соның ішінде: еңбек,еңбек құралдары және еңбек заттары деңгейінде көрінеді. Міне осындай экономикалық көрсеткіштер, еңбекті іске асырумен бірге техника мен технологияның тиімділіктерінің дәрежесін көтереді. Жоғарыдағы көрсеткіштер (еңбек өнімділігі,қорқайтарымдылық,материалсыйымдылық) интенсификацияның жеке көрсеткіштері деп аталады. Оларды талдау технико-ұйымдастырушылық дәреженің факторымен шығару керек. Жеке көрсеткіштерге байланысты жалпылау да қолданылады /23/.
Барлық жалпы көрсеткіштер жиынның технкалық және ұйымдастырушылық тиімділігін сипаттайтын, келесі топтарды қарастыруға болады:
 Еңбек өнімділігінің, еңбекақы қоры жоғарылауы;
 Материал қайтарымдылығының өсуі (материалдар шығынын азайту);
 Негізгі қор қайтарымдылығын көтеру;
 Айналым коэффициентінің артуы;
 Өнім көлемін жоғарылату;
 Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі;
 Қаржылық тұрақтылық жағдайын көрсеткіштерін жоғарылату;
Инвестициялық мүмкіншіліктерді қолданудың экономикалық тиімділігі барлық материалдық салаларға ортақ. Әдістік ұсыныстар іс-шараларының кешені ғылыми-техникалық прогресті үдетуге бағытталған.
Жобалау үрдісіндесінде болашақ объектінің негізгі мәселелері шешіледі. Олар: өз белгілеуіне сәйкестілігі; прогресті пайдалану талаптары; қысқа мерзім ішінде аз ғана еңбек күшін, материалды және ақша қаражатты пайдалануда.
Тәжірибеде кәсіпорынның жобасын жасау, өндеу кезінде мынандай бөлімдерді өзіне енгізеді:
- түсіндірмелі хат;
- техника-экономикалық бөлім;
- бас жоспар;
- енбек күші;
- құрлыстық бөлім;
- өндірісті баскару жүйесі;
- сметалық құжаттар.
Инвестициялық жобаның әр жұмысының кезенінде оның құндық бағасы аңықталады. Шетелдік тәжірибеде оның кем дегенде төрт түрін есептейді және олардың нақты денгейі жобаны өңдеу кезінде өседі. Инвестициялық мүмкіншілікті зертеу кезінде алдын-ала құнның бағасы есептелінеді. Оның мөлшері 25-40% аралығында болу керек.
Инвестициялық процестін әр кезеңінде жобаның экономикалық өтімділігі, табыстылығы аңыкталады.Басқа сөзбен айтқанда шығындарды алынатын табыстылықпен салыстырғанда алатын жобалық талдау жоспарланады/24/.
Кәсіпорындар барлық инвестициялық ұсыныстарды «жинағанда» оларды бағалау жэне ранжирлеу процесі басталды. Сонымен қатар инвестицияның нәтижелік көрсеткішін есептейтін жобаның бизнес жоспары кұрылады, олар өз кезегінде, банк және басқа да кредиторларға ұсынылатын техника-экономикалық жағдайда жүзеге асырылады.
Барлық өркенниетті мемлекеттерде неғұрлым болашағы бар кәсіпорындар өз қызметтерін кеңейте келе, міндетті түрде инвестиция тартуға есік ашады. Бұл өз кезегінде инвестициялық жобаларын тиімді де тартымды түрде ұсыну арқылы инвестиция тарту тәжірибесі кеңінен қолданалынады/25/. Инвесторлар өздеріне тиісті инвестициялық паймен еркін қолданады. Олар пайды мұрагерлікке қалдыруға, бағалы қағаздар заңына сәйкес басқа да келісімдер жасай алады/26/. Барлык кәсіпорындар инвестициялық қарекетпен байланысты. Инвестициялық жоба бойынша шешім қабылдау көптеген факторлармен қиындатылады. Олар: инвестицияның түрі, инвестициялық жобаның құны, қаржы ресурстардың шектеулігі, шешім қабылдаумен байланысты тәуекелділіктер.
Инвестицияны қажет ететін себептер көп болуы мүмкін, бірақ жалпы оларды үш түрге бөлүге болады: қолда бар материалды-техникалық базаны жаңарту, өндірістік қарекеттің көлемін ұлғайту, жаңа қарекеттердің түрін меңгеру. Инвестициялық жобаны қабылдау міндеті әр бағытта әртүрлі. Егер бар өндірістік қуатты ауыстыру керек болса, онда шешім оңай қабылданады, себебі кәсіпорынның басшылары жаңа өндірістің қаңдай сиппаттамалармен қанша керектігін нақты біледі. Ал егер негізгі әрекетті кеңейтумен байланысты инвестиция туралы шешімді қабылдау қиынға түседі. Осы жағдайда жаңа туындайтын факторларды ескеру қажет. Олар: тауар нарығында кәсіпорынның жағдайының өзгеруі, қосымша еңбекті игеру жэне т.б.
Инвестициялық сипаттағы бақылау шешімін қабылдау процесі негізінде болашақ ақша түсімдері мен болжаулы инвестиция көлемін салыстыру жэне бағалау жатыр.Өйткені салыстырылатын көрсеткіштер әр түрлі уақытқа қатысты, осындағы ең негізгі проблема оларды салыстыру. Оған әртурлі қарауға болады, объективті жэне субъективті жағдайға байланысты инфляция қарқыны болатын түсімдердің көлемі, болжау көкжиегі, аналитиктердің білім деңгейі және т.б.
Қаржылық мененджмент тәжірибесі инвестициялық қызметтерді бағалаудың келесі әдістерін атап көрсетеді.
Капитал мен табысты дисконтау. Матариалдық негізін ақша құрайтың қаржы ресурстары уақытша құндылыққа ие. Қаржы ресурстардын уақытша құндалығы екі аспектіде қарастырылады. Бірінші аспект ақшаны сатып алу қабілеттілігімен байланысты. Екінші аспект ақша қаражаты капитал сияқты айналымымен және осы айналымнан табыс алумен байланысты. Ақша жаңа ақшаларды тезірек жасау керек.
Табысты дисконтау- капитал салу мерзіміне байланысты табысты әкелу. Дисконтау есебімен өскен капитал мен қосымша табысты аудару үшін келесі формула аңықталынады:
К=К*(1+n),
К- салымдардың бастапқы сомасынан t-мерзімінің аяғында капиталдың салымдарының мөлшері.
К- салынған капиталдын мөлшерін ағымдағы бағалау, яғни бастапқы салым салынғаннан кейін бастапқы мерзімнің позизиясы.
n-дисконтау коэфициенті (яғни табыстылық нормасы немесе пайыз мөлшерлемесі) бірлік үлесі.
Д=К (1+n)-К,
Д- косымша табыс, тенгемен
Ағымдағы мезгіл позициясынан болашақ ақша түсімдерін бағалау үшін табысты дисконтау қолданылады. Инвестор капиталды салғанан кейін, келесі жағдайларды басшылыққа алады.
Біріншіден, әр уақытта ақшаның құнсыздануы болады, екіншіден,анықталған минимум мөлшерінен төмен емес капиталға табыстың мезгілдік түсуі. Инвестор болашақта қандай табыс алатынын бағалау керек және табыстың болжанған деңгейінен жұмыстың басталуына максималды мүмкін болатын қаржылық ресурстар соммасына салуды жіберу.
Таза табыс келтіретін эффекті есептеу әдісі. Бұл әдіс бастапқы инвестиция көлемін дисконттау таза ақша түсімдерінің жалпы соммасын келтірілгеннен құралған. Өйткені ақша қаражаттардың құйылымы уақыт бойынша бөлінген. Ол аналитик инвестициялығысы келетін немесе инвестициялай алатыннын жылдық қайтарылу пайызынан шыға қоятын r-коэффициенті арқылы дисконттталады. Мысалы мынандай болжам жасалынады, инвестиция (IC) жыл ішінде басқарылады, ал жылдық табыстар P1,P2,.............Pn көлемінде. (NPV) сәйкесінше мына формулалар бойынша есептелінеді:
PV= Рк/ (1+r )e ;
NPV= Рк/ (1+r )e -С-С ;
Егер: NPV> 0, онда жобаны қабылдау керек
NPV1, жобаны қабылдау керек
PIIC /28/
Инвестицияны өтелу мерзімінің көрсеткішін есептеу қажет. Сонымен қатар талдауда ескеретін бірқатар кемшіліктер бар. Біріншіден, ол соңғы мезгілдердегі табыстың әсерін ескермейді. Екіншіден, ол куммулятивті табыстардың сомасы бірдей жобаларды ерекшелемейді, бірақ оларды жылдар бойынша бөлуді ерекшелейді. Бірқатар жағдайларда өтелу мерзімін есептегеннен тұратын әдістерді қолдану дұрыс бола алады. Мынандай жағдайларда:
- кәсіпорын басшылары жобаның табысты емес, көбінесе өтімділік проблемасын шешумен айналысқанда ;
- инвестиция тәуекелділіктің жоғарғы деңгейімен байланысты, сондықтан өтелу мерзімі қысқа болған сайын жобаның тәуекелділігі де аз болады.
2 «МАҚТАРАЛ» АҚ-Ң ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ

2.1 «Мақтарал» АҚ-ң экономикалық қызметін талдау

Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан бұрынғы атауы Славяндық мақта тазалау зауыты 1939-1943 жылдар аралығында Велико-Алексей мақта зауытының еншілес кәсіпорны ретінде құрылған. 1943 жылдан бастап бір жүйелі зауыт болып, жылына 4 мың тонна мақта – талшықтарын шығарып отырды.
1958-1960 жылдар аралығында зауыт реконструкцияландырылып, соның нәтижесінде жаңа ғимарат салынды. Онда екі тығыздаушы құрал – жабдығы, ХДД-80 агрегаты, 4 ХЛП маркасындағы батарея, 18 СДЛ жабдық орнатылды. 1965 жылы ПО-160 маркалы лентер сондай-ақ 2 СБ-10 маркалы кептіргіш барабандармен жабдықталды. 1968 жылы жаңа тазалау цетары салынып, зауыттың қуаттылығы жылына 12 мың мақта талшығын шығаруға мүмкіндік алды. Кеңестік шаруашылық жүйесінің шешімімен 1983 жылы зауыт қайта жарақтандырылып ЛП-1 желісімен, атақты «мехнат» және қосымша 2 СБ-10 кептіргіш барабанымен жабдықталады. Сол кезеңде зауыт өнімділігі 18 мың тоннаны құрады. 1994 жылы сәуір айында Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мүлік жөнінде комитеті «Мақтарал» Акционерлік Қоғамы болып құрылған кәсіпорынға мемлекеттік акция пакетін басқаруға тендер жариялады. Оны «Айша-бибі» өндірістік кооперативі жеңіп мемлекеттік акция пакетінің 65,1 пайыздық көлемін сенімгерлік басқаруға алады. 1999 жылы тамыз айында сенімгерлік басқару бойынша міндеттемілерді жақсы орындағаны үшін мемлекеттік акция пакеті өтеусіз беріледі. Қалған 34,9 пайыз көлеміндегі акция еңбек ұжымының меншігінде болды. Осы жылы зауыт қайта жарақтандырылып цехтағы ДА-82-39 маркалы механикалы жабдықтарды гидравликалық ДБ-82-37 маркалы жоғары өнімділіктегі құрал-жабдықтармен алмастырылады.
Шикізат түріндегі мақьаны дайындау бойынша зауыттар арасында бәсекелестік туындайды. Осының салдарынан облыстың бірнеше аудандарында мақта қабылдау бөлімдері ашылады. Оларға: Мақтарал ауданында – 25, «Дихан», «Жамбыл», «Ділдабеков», «Абай» және т.б. Шардара ауданында – 18, «Достық», «Көксу», «Лесата», «Смағұл ата» және т.б. Сарыағаш ауданында – 6, «Ошақты», «Үкібай ата», «Ұзын ата» және т.б. Ордабасы ауданында – 4, «Спатаев», «Жеңіс», «Қара аспан», «Төрт күл».
2000 жылы Сарыағаш қаласында жанар-жағармай материалдрын сатумен айналысатын «САБИ» атты көтерме бөлшек кешені ашылды.
“Мақтарал” АҚ-ны өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодекс, Салық және бюджет төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы ҚР кодексі (Салық кодексі), кәсіпорынның жарғысы, ұйымдастырушы құжаттар және басқа да заң актілері негізінде жүзеге асырады. Акционерлік қоғамның жеке фирмалық атауы, көрсетілген мөр таңбасы, арнайы мүлкі бар. Ол Қазақастан Республикасының заңына сәйкес өзінің барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Кәсіпорынды құру мен қызметтің басты мақсаты – тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, шетел және отандық бәсекелестеріне орын бермейтін сапалы жиһаз өнімдерін шығару оны өткізу арқылы табыс табу болып саналады. Табыс табу негізінде кәсіпорын қатысушыларының экономикалық және әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыру.
2001 жылы 29-қыркүйек айындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасының кәсіпкерлер одағында 22 кәсіпорын болып, оның ішінде «Мақтарал» АҚ толық мүшесі болып саналды. Соның нәтижесінде 2002 жылы бас ғимаратқа толық жөндеу жүргізіліп, цехтарды қайта жарақтандыру салдарынан көптеген құрал-жабдықтар жарна есебінен реконструкцияландырылды. Мысалы, СБ-10 агрегатының орнына СБО, СЧ-02 тазалау машинасы және т.б. Осы шаралар нәтижесінде ксіпорындар тазалау әрекетінен талшықтар ұзындығына оң әсер берді, сондай-ақ электр энергияны сағатына 200-300 КВт-ға үнемдеуге мүмкіндік болды. әлеуметтік шаралар бағдарламасы бойынша зауыт территориясында 60 орынды асхана, мереке залы сонымен қатар мешіт салынды.
Кәсіпорынның өнім өңдеуімен өткізу көлемі бір-бірімен байланысты көрсеткіш болып табылады. Өнімді өңдеудің шектеулілігімен сұраныстың көп кезінде бірінші орынға өнімді өңдеу көлемі шығады. Ал бәсекелестердің көбейіп нарықтың қаныққан шағында мақтаны өңдеу кәсіпорынның экономикалық жағдайына әсер ететін басты фактор болып отыр. Өңдеу көлемінің және оны өткізуді оның сапасы «Мақтарал» кәсіпорынының шығына, табысмен рентабельділігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан да ол көрсеткіштерді талдау үлкен роль атқарады. Оның негізгі міндеттері өнімді өңдеу мен өткізудің динамикасын және жоспардың орындалу деңгейін талдау. Бұл көрсеткіштерге басқа фкторлардың әсерін анықтау.
Жалпы өнім – аяқталмаған өндірісті қосқандағы кәсіпорынның барлық шығарылған өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің қосындысы. Тауарлық өнімнің жалпы өнімнен айырмашылығы – аяқталмаған өндіріс пен ішкі шаруашылық айналымының кірмейтіндігінде. Аяқталмаған өндіріс пен ішкі шаруашылық айналымының құралымы бойынша кейбір кәсіпорындарда тауарлық өнім жалпы өнімге сәйкес келеді.
өнім өткізу көлемі өнімді жөнелтумен немесе төленуімен анықталады. Ол жоспарлы, салыстырмалы және нақты қазіргі бағамен көрсетілуі мүмкін. Нарық экономикасы жағдайында бұл көрсеткіш алғашқы орында болады. өнімді өткізу өндіріс пен тұтынушы арасында байланыстырушы бірлік болып табылады. өнімнің нарықта жаппай сатылуы мен оған сұранысқа байланысты оған шығарылу көлеміде анықталады. «Мақтарал» кәсіпорыны мақта өңдеу саласында бәсекелестерінің қатары көп болғандықтан шикізат мақтасын дайындау мәселесі алға шығып отыр. Сондықтан да дайындау пунктер жұмысын жетілдіру көзделген. Кәсіпорындағы өнім көлемі сұранысқа ғана емес өндіріс қуатынада сүйенеді. Қазіргі кезде шетелдерден техниканың жаңа түрлерін аліға көптеген алғы шарттар жасалуда. Талдауды өндіріспен өткізудің натуралды және құндық түрдегі динамикасы 2 кестеде ұсынылады.
2-кесте- «Мақтарал» АҚ-ң өңдеу және өткізу көлемін талдау
№ Көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2004 2005 +/- ауытқу %-к қарқында
1 Өңдеу көлемі құндық түрінде натур. түрінде
Деректер көздері: “Мақтарал” АҚ-ның мәліметтерінен
Кестеде көрсетілгендей 1 жұмысшының орташа айлық еңбекақысы 3470 теңгеге яғни 115 пайызға өскенін көреміз. Еңбекақы негізгі және қосымша бөлімдерден тұрады. Негізгі бөлігі тұрақты болса. Қосымша – үстемақы мен сыйақыдан тұрады. Ұйымда жұмыскерлердің материалды қызығушылығын арттыру үшін кәсіптік шеберлігіне, басқа персоналдарды үйреткені үшін, жоғары біліктілігі үшін, және т.б. қосымша үстемақылар мен сыйақылар төленеді. Осы мәселе бойынша кәсіпорынның жұмысшылардың кәсіподағы жұмыс берушіге әлеуметтік әріптестік жүйесіндегі келісімнің Қазақстан Республикасындағы 2004 жылғы мемлекет, жұмыс берушілер және жұмысшылардың мүддесін қорғайтын кәсіподақтың Республикадағы ұйымдары ат салысып еңбек қатынастарын реттеуге үлкен үлес қосу керек.
1-сурет «Мақтарал» АҚ-ның ұйымдық құрылымы.
Нарықты экономика жағдайында кәсіпорынның техника-экономикалық және қаржы экономикалық жағдайын талдаудың мазмұны мен маңызы зор болып табылады. Бұл кәсіпорындардың меншік иесі, жұмыскерлері, коммерциялық және басқа да тұлғалар алдында кәсіпкерлік қызметінің нәтижесіне толық жауап берушілік алатынына байланысты.
Шаруашылық субьектілердің экономикалық қызметін талдаудың көмегімен кәсіпкерлік қызметінің жоспары жасалады, кәсіпорынның даму қорлары анықталып, бөлімшелерінің, жұмысшыларының қызметтерінің нәтижесі бағаланады.
«Мақтарал» АҚ-ның мәліметтерін пайдалана отырып, қызметіне талдау жасап есептеп шығарамыз. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы шаруашылық қызметті үздіксіз жүргізумен қарыз міндеттемелерін мерізмінде өтеу үшін белгілі бір мерзімдегі кәсіпорынның тұрақтылығын және оның қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
«Мақтарал» кәсіпорынының қаржы – экономикалық жағдайын талдау үшін алдымен технико-экономикалық көрсеткіштерін анықтаймыз. Ол 2- кестеде көрсетілген.
1. көрсеткіш бойынша, өткізілген өнімнен түскен табыс :
Әрине өнімді өткізу ол кәсіпорынның шығарылған өнімінің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болды және ол кәсіпорын үшін өте маңызды. Бұл - өнім өткізу жұмысшының әсері оның цехтарының, түскен табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы көрсеткіштерінде көрінеді, талдау кезеңі 2005 жылы 2004 жылға қарағанда 2030692 мың тг. болып, пайыз түрінде 128% артты. Бұл жалпы кәсіпорын өніміне сұраныстың бар екендігін аңғарады. (1,2 есеге сатудан түскен табыс артты.) Бұл көсеткіштің өсуіне сондай-ақ өнімнің нарықтағы бағасы, елдегі инфляция деңгейі әсер етуі мүмкін. «Мақтарал» АҚ-ның негізгі қызметі мақта талшықтарын тазалап, түк түрінде сату болғандықтан, кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі көптеген сақтық шарларын ұстанады және тәуекелділік деңгейі де жоғары болып есептелінеді.
2-кесте-“Мақтарал” АҚ-ның қызметін техника-экономикалық талдау.
№ Көрсеткіштер Жылдары Ауытқулар
2004 2005 +/- %
1 Өнімді өткізуден түскен табыс мың тг 1581484 2030692 449208 128
2 Өткізілген өнімнің өзіндік құны мың тг 1447564 1805992 358428 125
3 Жалпы табыс мың тг 133920 224700 90780 168
4 Кезең шығындары мың тг 398747 547104 148357 137
5 Негізгі қызметтен түскен табыс мың тг -264827 -322404 57577 122
6 Негізгі емес қызметтен түскен табыс мың тг 406670 389589 -17081 95
7 Салық салынғанға дейінгі табыс мың тг 141843 67185 -74658 47
8 Таза табыс мың тг 99290 47029 -52261 47
9 Жұмыскерлердің тізімдік саны адам 610 592 -18 97
10 Жұмысшылардың жылдық еңбек ақы қоры мың тг 170990 190600 19610 111
11 1 жұмыскердің орташа айлық еңбек ақысы тг 23359 26829 3470 115
12 Негізгі қорлардың жылдық орташа құны мың тг 532687 811703 279016 152
13 Қор сыймдылығы тг 0,34 0,39 0,05 115
14 Қор қайтарымдылығы тг 2,96 2,5 -0,1 84
15 Жұмысшылардың негізгі қормен қарулануы мың
тг 873 1371 498 157
16 Өнімнің 1 теңгесіне кететін шығын тг 0,91 0,88 -0,03 96
17 Еңбек өнімділігі мың тг 2571 3430 859 133
Деректер көзі: “Мақтарал” АҚ-ның мәліметтері негізінде жасалынды.
2. көрсеткіш бойынша өткізілген өнімнің өзіндік құны:
Бұл кәсіпорынның басқару есебі қалай жүргізіліп жатқанын аңғартатын көрсеткіш. Басқару есебінде шығындар мәселесі бірінші орында болғандықтан, өндірістегі шығындарды есептеу, қаржылық жұмыс, нақты субъектідегі басқару, ұйымдастыру мәселесі тікелей осы деңгейді көрсетеді. Өнімнің өзіндік құны 2005 жылы 125 пайызға өскенін көрміз. Бұл бұйымдарды өңдеудегі шығындардың мәселесін кәсіпорын деңгейінде дұрыс, тиімді қарастыру керектігін көрсетеді. Дегенмен мұнда да сатылынып алынатын шикізаттардың бағасы үлкен роль атқарады.
3. көрсеткіш бойынша жалпы табыс:
Жалпы табыс кәсіпорынның нақты нәтижелігін көрсететін көрсеткіш ретінде қарастырылмайды.Себебі кәсіпорынның табыстары мен зияндары туралы есеп беруде жалпы табыстан кезең шығындары алынатыны белгілі. Ол 2005 жылы 90780 мың теңгеге, яғни 1,6 есеге өсті.
4. көрсеткіш бойынша кезең шығындары:
Бұл көптеген кәсіпорындардың шығыстар бөлігіндегі көптеген үлестерді алатын бөлігі. “Мақтарал” АҚ-ндағы кезең шығындарын басқару аппаратың үнемдеуін және оңтайлы шешімдер қабылдауынан болуы мүмкін. Мәселен 2005 жылы жалпы табыс 1,6 есеге өскенімен, кезең шығындарын басқару мүмкінділігі басқармаға тәуелсіз болады. Кезең шығындары көптеген бухгалтерлік сатыларды қосатындықтан, жалпы-бағаның барлық салаларда өсіуі 2005 жылы кәсіпорындардың тиімділігін сонымен қоса кезең шығындарын да өсірді. Кезең шығындарына өнімнің өзіндік құнына кірмейтін шығындар баптарын жатқызылатыны отандық кәсіпорындар есептілігінен көруге болады.Ол-қарастырып отырған кәсіпорында 2005 жылы 148357 мың теңгеге өскенін яғни 137 пайызға өсті.
5. көрсеткіш бойынша негізгі қызметтен түскен табыс:
2005 жылы негізгі қызметтен түскен табыс 575777 мың тг. төмендеді. Бұл – кәсіпорынның инвестициялық және экономикалық тартымдылығын, содай-ақ басқару есебін қайта қарастыруды талап етеді.
6. көрсеткіш бойынша негізгі емес қызметтен түскен табыс:
Негізгі емес қызметтен түскен табыс 2005 жылы 17081 мың теңгеге төмендеп отыр. Дегенмен есепті жылы 389589 мың теңгені құрады.
7. көрсеткіш бойынша салық салғанға дейінгі табыс:
Бұл көрсеткіш табыстың 2004 жылмен салыстырғанда 74658 төмендегенін көрсетуде.
8. көрсеткіш бойынша таза табыс:
Таза табыс көрсеткіші 52261 мың теңгеге төмендеуде. Осының салдарынан кәсіпорын инвестиция тарту мәселесін мәселесін алға шығаруда. Ол – мәселе талданып бағаланады.
9. көрсеткіш бойынша жұмысшылардың тізімдік саны:
Жұмысшылардың тізімдік саны сәйкесінше 18 адамға азайып отыр.
10. көрсеткіш бойынша жұмысшылардың жылдық еңбек ақы қоры:
Еңбек ақы қоры Қазақстан Республикасының Заң, нормативті актілері, сондай-ақ тұтыну себеті мен еңбек өнімділігіне сәйкес 1,1есеге өсті.
11. көрсеткіш бойынша жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақысы:
Жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақасы инфляция деңгейі және кәсіпорынның ынталындыру шеңбері есебін өскенін көреміз. Ол 2005 жылы 3470 теңгеге өсті.
12. көрсеткіш бойынша өндірістегі негізгі қордың жылдық орташа құны:
негізгі қордың орташа жылдық өсімі біріншіден, негізгі қорларды қайта бағалау есебінен, (нақты бағамен) екіншіден, құрылтайшылардың негізгі қор есебінен жарналарын көбейтулерінен және негізгі қорларды реконструкциялау және тағы басқа көздерден.Ол-152 пайызға өсті.
13. көрсеткіш бойынша кор сыймдылығы:
Қор сыймдылығы 2005 жылы өндірілген өнімнің 1 теңгесіне 0,39 теңге өндірістік негізгі құралдар келгенін көрсетеді.
14. көрсеткіш бойынша қор қайтарымдылығы:
Қор қайтарымдылығы кері көрсеткіш, сондықтан әрбір негізгі құралдардың бір теңгесіне 2005 жылы 2,5 теңге өнім өндірілгенін көрсетеді.
15. көрсеткіш бойынша жұмысшылардың қормен қарулануы:
Бұл - әрбір жұмысшыға қанша негізгі қордың келетін деңгейін көрсетеді. 2005 жылы 1 жұмысшы 2004 жылға қарағанда 498 теңгеге артық қаруланған.
16. көрсеткіш бойынша өнімнің 1 теңгесіне кететін шығыны:
Кәсіпорынды шығындар есебін жақсы білетін мамандар қарастырмайынша, кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары мүмкінге ие болмайды. “Мақтарал” АҚ-нда 2004 жылы өнімнің 1 теңгесіне 0,91теңге. болса 2005 жылы 0,88 теңге. болып отыр. Бұл дегеніміз - әрбір теңгеге 2005 жылы 3 тиынға төмендегенін көрсетеді.
“Атамекен” АҚ-ның башылығының алға қойған міндеттері бойынша - сырттан инвестиция тарту мәселесі алға шығуда. Инвестицияны кәсіпорынға тарту мәселесі бірнеше көрсеткіштер мен анықталады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын көрсететін тиімділіктің негізгі көрсеткіші ретінде шығындарды басқару стратегиясы инвестордың алғы шарттары болатыны анық.
2.1 “Мақтарал” АҚ-ң қаржылық жағдайын талдау
Нарық қатынастары жағдайында кәсiпорынның қызметi және оның дамуы көбiне өзiн-өзi қаржыландырумен, яғни меншiктi капиталдың көмегiмен жүзеге асырылады Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен тартылады. Меншiктi капиталдың көлемiн анықтаумен қатар капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анны қажет. Бұл көрсеткiш – тәуелсiздiк коэффициентi, оның мәнi бiреу ғана- бұл коэффициентке қарап кәсiпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсiз екендiгiн және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Қазіргі жағдайда кәсіпорынның қаржы-экономикалық талдау үлкен мәнгеие. Сондықтан қарастырып, талдап, зерттеп отырған кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау өте маңызды.
Себебі – бұл кәсіпорынның тәуелсіздігі, меншік иелерінің пайызы, жұмыскерлер мен басқа да инвесторлардың алдында өзінің өндірістік-қаржылық қызметінің толық түрде мағлұматтар, деректер беретін көздері болып сакналады.
Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді. Оларды келесідей жіктеуге болады:
• Ішкі және сыртқы ортаға байланысты;
• Маңыздылығына қарай – басыңқы және басыңқы емес;
• Қарапайым (жәй) және күрделі;
• Тұрақты және уақытша;
Кәсіпорындағы ішкі факторлар өзінің қызметіне байланысты болады. Қаржылық – экономикалық талдау нәтижесі сондай-ақ сыртқы факторларға да байланысты болатыны анық. Кәсіпорында өндірілетін өнім және өндірістік технологиясымен тығыз байланысты. Кәсіпорынның қаржы-экономикалық тұрақтылығының маңызды факторы болып – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ қаржылық стратегияның негізінде инвестиция тарту мәселесі болжап білу болып табылады.
Инвестициялық тартымдылықтың маңызды факторларының бірі – кәсіпорындағы қаражат құрамы және құрылымы. Инвестициялық бағыт, оны ұйымдастыру мен басқару стратегиясы және қысқа мерзімді болжаулардың дұрыс таңдалынып алынуы.
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығына қарыздық міндеттемелер нарығының үлкен әсер етуі мүмкін. Сондықтан да “Мақтарал” АҚ-ның активтерінің қорлану көздерін талдау негізінде оларды бағалау қажет. Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және тартылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының бар екендігін көрсетеді.
Тәуелсіздік коэффиценттің мәні – кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражаттарын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Батыс экономистері тәуелсіздік коэфицентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздрінің тұрақты құрылымын сақтау мүмкіндік береді. Ивесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды бақылайды. Себебі, осы жағдайларды кәсіпорынның қоржындық пайын иемденуге болады деп есептейді.
Тәуелсіздік коэффиценттін мешікті капиталды барлық авансталған капиталған бөлумен анықталады.
Ктәуелсіздік =Мк/Бв
КТ (2004 ж) = 127908 / 2882565 = 0,4
КТ (2005 ж) = 1297247 / 4103471 = 0,3

Бұл деректерден, кәсіпорынның меншікті капиталының шоғырлануы 0,1 позицияға төмендегенін аңғартады. Дегенмен, кәсіпорын инвестиция тартуға мүмкіншілігі бар бар екенін көрсетеді.
Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер қатаң сақталатын және кәсіпорынның атағына үлкен мән берілетін нарықтық экономкасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэфицентіне жоғары талап қойылмайды /33/. Мәселен, Ұлыбританияда оны 0,27 дейін темендетуге дейін болады.
2 Тартылған капиталдың меншікті капиталға қатынасы коэффиценті Х 1,2 Х 2,2 +1 183
3 Тәуелсіздік коэффиценті Х 0,4 Х 0,3 -0,1 75
4 Тартылған капиталдың щоғырлануы коэффиценті Х 0,56 Х 0,68 +0,3 123
5 Меншікті капиталдың табыстылық коэффиценті Х 0,01 Х 0,008 -0,002 80

6
Қаржыландыру коэффиценті Х 0,8 Х 0,5 -0,3 62

Деректер көздері: “Мақтарал” АҚ-ның мәліметтерінен.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын келесі көрсеткіші тартылған капиталдың меншікті капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті капиталдың қатынасының коэфиценті:
Кқ / ш = Тк / Мк ;
Тк – тартылған капитал
Мк – меншікті капитал
Кқ / ш 2004 = 1603484 / 1279081 = 1,2
Кқ / ш 2005 = 2806224 / 1297247 = 2,2
Бұл коэффиццент кәсіпорынның меншікті қаражаттарының әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражаттарын тартқанын көрсетеді. Қарастырылып отырған кәсіпорында әрбір меншікті қаражатқа 2005 жылы 1 теңге 20 тиын келетін көрсетіп отыр. Демек, кәсіпорынға қарық қаражаттарын пайдалануын жақсартуға көңіл бөлуі керек. Тәжірибеде Кқ / ш < 1 теңге . Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынға қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығына қауіп төнуі мүмкінділігі айтылдған, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті капитал қатынасының коэффиценті салалық ерекшіліктерге, кәсіпорынның шарушылық қызметінің сипатына және айналым қаражаттарының айналу жылдамдылығына да байланысты болады. Материалдық айналым капиталының айналымдылығының жоғарғы көрсеткіштері және дебиторлық борыштардың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффиценттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестілігіне ешқандай әсерін тигізбейді /34/.
Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың тартылған капиталға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффиценті болып табылады.
Кқ = Мк / Тк ;
Мк – меншікті капитал
Тк – тартылған капитал
Кқ 2004 = 1279081 / 1603484 = 0,8
Кқ 2005 = 1297247 / 2806224 = 0,5
Бұл коэффицент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға сенімді кіріседі. Қаржыландыру коэффиценті < 1 болатын жағдай (кәсіпорынның меншікті капитал бөлігі қарыз қаражаттармен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің кауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындататын көрсетеді. “Атамекен” АҚ-ның бұл көрсеткіші 2005 жылы 0,3 пунке төмендеген, сондықтан кәсіпорын басшылығы осы бағытта белсенді жұмыс жасау керекігі алға шығады.
Әдетте кәсіпорындар кезеңдегі және жылдық бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштеріне талдау жүргізіп, өтімділік көрсеткіштеріне талдау жүргізеді. Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелер мен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіп пен топталады /35/. Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдылығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді: абсалютті өтімділік коэффиценті, аралық өтеу коэффиценті, ағымдағы өтімділік коэффиценті. “Атамекен” АҚ-ның өтімділігін талдау барысы:
Абсалютті өтімділік коэффиценті.
Кабс = ақша қаражаты / ағымдағы міндеттемелер
Кабс 2004 = 68957 / 689498 = 0,1
Кабс 2005 = 267971 / 1487298 = 0,18
Кәсіпорынның абсалютті өтімділігі 2005 жылы 1,8 есе өскен. Бұл мәннің ұсынылатын мәні 0,2 болғанымен, мөлшерін белгілеу көбіне дұрыс болмайды. Себебі әр кәсіпорын банктегі шоттары мен кассадағы ақша көлемін өз көз қарастарымен шектеледі.
Аралық өтеу коэффиценті:
Кар. өтеу = ағымдағы активтер - ТМЗ / ағымдағы міндеттемелер
Кар. өтеу 2004 = 620548 / 689498 = 0,89
Кар. өтеу 2005 =1070854 / 1487298 = 0,72
Бұл мәннің төмендеуі “Мақтаарал” АҚ-ның ақша қаражаттарының түсуін қамтамасыз ететін дебиторлармен дұрыс жұмыс жасалмағандарын көрсетеді. Бұл өз кезегінде жеткізушілермен есептесуге көмектесетіні белгілі. Нәтижесінде аралық өтеу коэффиценті 0,16 пунктке төмендеп отыр. Кәсіпорын ағымдағы активтер мен ағымдағы пассивтердің арақатынасының тұрақтылығына үлкен мән беру қажет. Ағымдағы өтімділік коэффиценті:
Кағымдағы = ағымдағы активтер / ағымдағы міндеттемелер
Кағымдағы 2004 = 1241096 / 689498 = 1,7
Кағымдағы 2005 = 2825866 / 1487298 = 1,89
Бұл көрсеткіштердің ұсынылатын мәні 2 ≥ 1 болғандықтан, 2-ден асуы кәсіпорынның өз қаржы-қаражаттарын тиімсіз пайдаланылатын көрсетеді /35/.
2.3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдау

«Мақтаарал» АҚ-ы бәсекелестік қабілетін жоғарлату мақсатында кәсіпорынның реконструкциясымен, қайта жарақтанудың техникалық іс шараларының жүргізуі қажет. Осы бағытта инвестициялық қызметін жандандыру яғни кәсіпорынның инвестициялық тартымдығын арттыру қажеттілігі алға шығуда. Осыған орай АҚ-да инвестициялық жоба жасалынды. Бірінші кезеңінде кәсіпорынның ескірген негізгі құралдарын жаңартып, қазіргі қолданыстағы құрал-жабдықтарды монтаждау ісін қарастыруда. Сондай-ақ екінші кезеңде шетелдік жоғары технологияны қазіргі кезеңге сай құрал-жабдықтарды іске қосу. Бұл өз кезеңінде шикі мақта өңдеуді жылына 20 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді деген ұстанымдар бар. АҚ басшылығының бұл шешімдерін негіздеу барысында мамандар шақыра отырып. Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында, инвестициялық жоба жасалынды. Бұл жобаны жасаудың негізделуі:
- отандық және шетел нарығында мақтаға сұраныстың әрдайым болуына;
- жобаны іске асырудың негізгі қозғаушы күші болып, тазаланған мақтаға ішкі нарықтың және алдын-ала жасалынған келісім шарт бойынша батыс Еуропаға жеткізулер;
- жобаны іске асыру үшін «Мақтаарал» АҚ-ы дамыған инфрқұрылымға, нарық жағдайында жұмыс істей алатын өндірістік және жоғары маманданған мамандардың құрамына иелік етеді;
- осы алғашқы жобаны іске асырғаннан кейін кәсіпорын өндірісті модернизациялаудың келесі кезеңіне өтуді көздейді. Ол – соңғы жаңа технико-технологиямен қаруланып тазаланған мақтадан, жіа еру үрдісіне көшу;
- «Мақтаарал» АҚ-ы жаңа технологияны меңгеру үшін қажетті кәсіпқойлық деңгейге ие болып отыр.
Жобаны іске асырудың негізгі мақсаты шетел нарығына жоғары сапалы мақталарды тазалап келісім бойынша жеткізу, соның нәтижесінде кәсіпорынды әрі қарай дамытып, тартылған қаражаттарды тарту ұдайы өндіріс циклін тұрақты қамтамасыз ету.
Жоғарыдағы шарттарды орындау өнімінің бәсеке қабілеттілігін жоғарылатып және оған сыртқы нарықта орнығуына оңтайлы жағдайлар жасайды.
Өнімді өткізу саясаты арнайы маманданған маркетингтік қызмет айналысады. Ол – отандық және шетелдік өткізу нарығындағы жағдайларды зерттеп, қадағалап отырады. Инвестициялық жобаны іске асырудың алғашқы жолында жарнамалық іс шараларға үлкен көңіл бөлінеді және компанияның сатып алушыларының әрекеттерін бақылауға арналады.
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының жауапты кезеңі инвестициялық жобаны экономикалық негіздеу болып табылады. Нарық экономика жүйесінде қызмет ететін субъектілердің ерекшілігі олардың мақсаттарының айырмашылығынан көрінеді. Жобаның қаржылық негіздеушісі белгілі бір табыстылық мөлшерімен оның қатысушыларын қанағаттандыру негізінде анықталады. Инвестициялық жобаның тиімділігін негіздеуде ең жоғары табыстылық, ең төменгі еңбек шығындары, өтелу уақыты, залалсыздық, өнім сапасы, нарықтағы үлесі сияқты тағы да басқа көрсеткіштер болуы мүмкін. Жобаны іске асыруда шығындарды дұрыс есептеу өте маңызды сондай-ақ инфляция мен тәуекелділікті мөлшерін жіте бақылау алға шығады. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Дипломдық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындардың инвеститциялық тартымдылығын арттыру
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару
» Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқару негіздері
» Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау

Іздеп көріңіз:
скачать Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны бесплатно дипломную работу, база готовых дипломных работ бесплатно, готовые дипломные работы скачать бесплатно, дипломная работа скачать бесплатно казахстан, Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]