Дипломная работа: БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Содержание
I. ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ 1.1. Біріккен кәсіпорынның мәні
1.2. Біріккен кәсіпорынның құрылымы
II. ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІГІ
2.1. Айналымнан тыс активтер мен тауар-материалдық
жинақ есебі
2.2. Қаржы инвестициясының есебі
2.3. Меншікті капитал, табыстар мен шығыстар
есебі
2.4. Дебиторлық берешектер мен міндеттемелер
есебі
III. ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ АУДИТІ
3.1. Аудиторлық тексеру және салықтық есептеу
кезіндегі ерекшелігі
3.2. Аудиттің міндеті, әдістері мен талдауда аудит
үшін маңызды нәрселер
3.3. Аудиттеу кезінде тексерілетін ақпараттың
көздері мен басшылыққа алынатын
нормативтік актлер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Біріккен кәсіпорын дегеніміз екі немесе одан да көп тараптардың бір экономикалық ұйымға біріккен шаруашылық жүргізуші субъект болып табылады және олар бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Олардың еліміздің нарықтық экономика жағдайында алатын орны ерекше. Себебі қазіргі таңда елімізде біріккен кәсіпорындар, әсіресе шетел кәсіпорындары өз қызметін жүзеге асыруда. Оны біз 2004 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша дәлелдей аламыз. Мұнда Республикамызда Ресей, Түркия, Герман, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Иран, Оңтүстік Корей және сол сияқты өзге де 81 ел арқылы құрылған 1388 шетел және біріккен кәсіпорындар болды. Сондықтан осы көрсеткіштерге сүйене келе, біріккен кәсіпорындардың еліміздегі ескеріпғ, дипломдық жұмысымды «Біріккен кәсіпорынның есеп ерекшелігі мен аудиті» деп алдым. Себебі бірлескен кәсіпорындар еліміздің экономикасына жыл сайын елеулі өзгерістер енгізіп, қазіргі таңда өзекті болып отыр.
Бұл дипломдық жұмысымды жазу мақсатым біріккен кәсіпорындарыдың бухгалтерлік есеп ерекшеліктерінің Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп жөніндегі» заңдылығына, ал аудиторлық тексерудің Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» заңдылығына сәйкес дұрыс жүргізілуін, өзге шаруашылық жүргізуші субъектілерден ерекшелігін, елімізде елетын орнын көрсету болып табылады.
Осындай мақсаттарға жету барысында алдыма мынадай міндеттерді қойдым:
• Біріккен кәсіпорынның мәнін көрсету;
• Біріккен кәсіпорынның құрылымын көрсету;
• Біріккен кәсіпорынның есеп ерекшелігін көрсету;
• Біріккен кәсіпорынды аудиторлық тексерудің ерекшелінгін көрсету
.
Дипломдық жұмысты зеріттеудің нысандары
Дипломдық жұмысты зеріттеу әдістері
І-тарау. Біріккен кәсіпорынның мәні мен құрылымы
1.1. Біріккен кәсіпорынның мәні
1.2. Біріккен кәсіпорынның құрылымы
Компаниялардың бірігуі: Қазақстан және МСФО
Қазақстан Республикасы заңдылығын соңғы өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасында қаржылық есептің халықаралық стандартын пайдалану сұрақтары маңызды болып отыр. 24.06.02 жылы «Бухгалтерлік есеп туралы» заңының өзгерісіне сәйкес 01.01.03 жылы Қазақстанда бөлек (әсіресе ірі) ұйымдарға МСФО қабылданса, 01.01.04 жылы барлық қалған ұйымдарға қабылданды. Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттар негізінен МСФО негізінде дайындалған.
Қазақстан экономикасының тұрақтылығы ірі өнеркәсіптік және қаржылық топтардың және барлық экономика интеграциясының құрылуына әкеледі. Бұл құбылыс банк секторының дамуында анық көрсетілген. Соңғы жылдары коммерциялық банктердің саны күрт төмендеп кетті және оны құрудың әдістерінің бірі банктерді біріктіру болды. Соған байланысты компанияларды біріктіру есебі қазіргі таңда маңызды болып отыр. Осындай баптарда МСФО-ға сәйкес біріктіру де есептің негізгі жағдайлары ашып көрсетілген, ал егжей-тегжейлі сұрақтар МСФО-ға тіркелген қосымшада келтірілген.
22 МСФО-ға сәйкес компанияның есебін біріктірудің екі әдісі бар: сатып алу және мүдделердің бірігуі.
Сатып алу – бұл белгілі бір сатып алушы компания сатушы компанияның таза активтері мен операцияларын басқару мүмкіндігін алу арқылы бірігу.
Мүдделердің бірігуі – бұл бірігіп отырған компаниялар акционерлері жақтарының бірді біреуі сатып алушы ретінде анықталмау үшін қауіп пен пайданы бөлудің ұзақ мерзімді келісіміне қол жеткізу үшін оның біртұтас таза активтер мен операцияларына бақылау жүргізу.
Сатып алу
22 МСФО-ға сәйкес барлық біріккен компаниялардың біреуі екіншісінен бақылауға мүмкіндік аладыы, бұл сатып алушы компанияны анықтайды. Бақылауға мүмкіндік алу біріккен компанияның біреуі екіншісінің дауыс беру құқы бар акцияларының жартысын сатып алу болып табылады. Бірақ компанияны басқаруда мұндай акция пакетінің мүмкін еместігі көрсетілмеуі керек. Тіпті біріккен компаниялардың біреуінің келесі компанияны басқаруға сол компанияны дауыс құқы бар акцияларының жартысынан көбін иемденбесе, сатып алушы компанияны анықтау мүмкіндігі болады. Егер біріккен компаниялардың біреуі бірігу нәтижесінде мыналарды иемденсе:
a) өзге инвесторлармен келісу арқылы дауыс құқы бар акциялардың жартысын иемденсе;
b) жарғы мен келісімге сәйкес өзге компанияның жарғылық және ағымдағы саясатын анықтай алса;
c) басқа компанияның басқарудың талдамалы органдарын немесе директорлар кеңесі мүшелерінің көбін тағайындау мен араластыру құқығы болса;
d) басқа компанияның басқарушылық талдамалы органдарында немесе директорлар кеңесі жиналысында жоғары дауыс алу құқығы болса.
Кейбір жағдайларда сатып алушы компанияны анықтау мүмкіндігі болмайды, сондықтан оның мынадай көрсеткіштері болады:
a) бір компанияның құны басқа компанияның құнынан жоғары болады. Бұл жағдайда үлкен компания сатып алушы болып табылады;
b) ақша қаражатына дауыс құқы бар жай акцияларды алмастыру жолымен компания біріге алады. Бұл жағдайда ақша қаражатын беретін жақ сатып алушы болып табылады;
c) біріктіру барысында болатын компанияны басқару кадрларын іріктеуде бір компанияны басқаруда үстем ету мүмкіндігіне әкеледі. Бұл жағдайда үстем етуші компания сатып алушы болып табылады.
Сатып алу әдісін қолдану өзге активтерді сатып алу сияқты компанияны сатып алуда да дәл есептеуге әкеледі. Сатып алу өзге компанияның таза активтері мен операцияларын басқаруға алмастыратын операция болып табылғандықтан, дұрыс болып табылады және өзіне міндеттемелерін алып, айырбас үшін акциялар шығарады. Сатып алу әдісі сатып алу құныны есебінің негізі ретінде қолданылады және оны анықтау сатып алуға жататындықтан айырбас операциясына негізделеді.
Сатып алу әдісін қолдануда сатып алу күнін анықтау маңызды. Сатып алу күні компанияның сатып алушыға таза активтері мен операцияларын бақылауға нақты берген күні мен сатып алу әдісін бастап қолданған күні болып табылады. Сатып алынған компания операцияларының нәтижелері сатып алушының қаржылық есептілігіне сатып алынған күннен, яғни сатып алынған компания сатып алушының басқаруына нақты өткен күннен бастап қосылады. Қызмет бойынша сатып алу күні компанияның оның қызметінен табыс табу мақсатында қаржы және ағымдағы саясатын басқару құқын алған күн болып табылады. Сатып алушыға басқару қатысушы жақтардың мүддесін қолдау шарттары қанағаттандырылғаннан кейін ғана жүзеге асады. Бірақ бұл операциялар сатып алушының басқаруына нақты өткенге дейін аяқталынып жабылғанын талап етпейді.
Сатып алушы сатып алынған компаняның қорытындысы туралы пайдасы мен зияндарын сатып алған күннен бастап есептілігіне енгізеді және сатып алуда болатын жағымды және жағымсыз іскерлік репутация көлемін, сатып алынған компанияның активтері мен міндеттемелерінің сәйкестілігін баланста көрсетуі қажет. Сатып алу құны оның бастапқы құны бойынша есептелінеді, ал бастапқы құн төленген ақша қаражаты немесе оның эквиваленттеріне, не өзге компанияның таза активін басқаруды сатып алушыға сатып алушыны алмастырған өзге операцияларға сатып алумен тікелей байланысты кез-келген шығындарды қосқанға тең.
Сатып алу әдісін қолдануға мысал.
А банкі Б банкінің 94% акциясын сатып алады. А компаниясы 01.02.02 жылы Б компаниясының иесіне 500 000 мың теңге төледі. Сатып алу күнгі меншікті капитал құны 550 000 мың теңге құрады.
Б банкінің таза активін сатып алу күні.
10.02.02 жылы сатып алынған таза активі Сомасы мың теңге
Қолма-қол ақша қаражаты және Ұлттық банктегі құндылықтар 250 000
Кредиттік мекемелердің берешектері 110 000
Клиент қарыздары, нетто 600 000
Негізгі құралдар, нетто 120 000
өзге де активтер 120 000
Клиенттерге берешек (550 000)
өзге де берешектер (кредитор) (100 000)
Таза активтер 550 000
Азшылық үлесі 33 000
Теріс азшылық үлес есебінен таза активтер 517 000
Төленген сатып алу құны 500 000
Жағымсыз гудвилл 17 000
Азшылық үлесі =550 000 мың теңге * 6% = 33 000 мың теңге. Сатып аланған күнгі төленген нақты сома мен таза активтің сомасы арасындағы айырма жағымсыз гудвилл болып табылады. Гудвиллдың амортизациясы 20 жылдан аспайды.
Сол сияқты сатып алу керісінше Б банкінің активіне алмастыру үшін А банкі акция шығару арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта акцияға айырбасталған номиналдық құны мен актив құнының арасындағы айырмашылық А банкінің қосымша төленген капиталы ретінде танылады.
Мүдделердің бірігуі
Міндеттемелер мен активтердің бірігуі
Бөлек компанияның активі мен міндеттемелері біріккен компанияның активі мен міндеттемелері болып табылады.
Біріккен меншікті капитал
Бөлек меншікті капитал мүдденің бірігу әдісі секілді бірігеді. Біріккен компания бөлек компанияның шығарған акциясының номиналдық және белгіленген құнында негізгі капитал мен қосымша капиталды жазады. Бөлек компанияның бөлінбеген табысы немесе жетіспеушілігі бірігіп, біріккен корпорацияның бөлінбеген капиталы ретінде танылады. Номиналдық және бөлінбеген сомада біріккен компаниялардың шығарылған акцияларының көлемі бөлек біріккен компанияның негізгі капиталы қорытынды сомасынан асуы мүмкін. Артығы бірінші біріккен пәрменді капиталынан кейін біріккен бөлінбеген табыстан ұсталынуы керек.
Біріккен компанияның қаржылық есептілігі
Бірігу үшін мүдделердің бірігу әдісін қолданатын компания егер компаниялар есептік кезеңнің басында бірігетін болса, сол қосылу болған кезінде қаржылық есептілігін ұсыну керек. Есепті кезеңдегі операциялар нәтижесі бірігудің басынан соңғы күніне дейін біріккен және осы күннен кезең соңына дейін операциялардың біріккен бөлек компаниялардың нәтижелерін қосады.
Кезеңнің басында бөлек компанияның бухгалтерлік балансы мен өзге қаожылық ақпараттарды сол күні біріккен компаниялармен ұсынылуы керек. Өткен жылы жеке компанияның қаржылық есептілігі мен қаржылық ақпараттары ақпараттар ұсыну үшін біріккен негізде қайта бекітілуі қажет. Қайта бекітілген қаржылық есептілік пен қаржылық ақпарларда бұрынғы жеке компаниялар біріккендігі туралы қаржылық ақпараттар нақты, анық көрсетілуі қажет.
Мүдденің бірігуі әдісі бойынша бірігуге мысал
Компанияның меншікті капиталының бірігуі
Баланс баптары А банкі Б банкі Біріккен капитал
Жарғылық капитал 180 00 250 0000 400 000
Резервтер 50 000 50 0000 100 000
Бөлінбеген табыс 100 000 20 000 120 000
Барлық капитал (таза актив) 300 000 320 000 620 000
Акция үлесінің бөлінуі
Акционерлер А банкісінің таза активінің үлесі Б банкісінің таза активінің үлесі Біріккен меншікті капиталдағы үлес
Мың теңге(1) %(2) Мың теңге(3) %(4) Мың теңге(5=1+3) %
А акционер 225 000 75 0 0 225 000 36,3
Б акционер 40 000 13 20 000 6,25 60 000 9,7
С акционер 35 000 12 50 000 16,6 85 000 13,7
Д акционер 0 0 250 000 78,125 250 000 40,3
300 000 100 320 000 100 620 000 100
Біріккен банктердің акционерлік капиталында және біріккен таза активтерінде акционерлердің үлесі
Әрбір акционерлердің үлесі анықталғаннан кейін олардың үлесі бойынша акционерлерде бар акцияларды жаңа акцияларға алмачстыруы қажет. Жаңа акционерлік капитал әрқайсысы 1 мың теңге номиналдық құнан тұратын 400 000 акциядан тұрады делік, әрбір акционерге тиістісі келесідей болады:
Акционер Біріккен жарғылық капитал
Акция саны Үлесі %
А акционер
Б акционер
С акционер
Д акционер 145 200
38 800
54 800
101 200
400 000 36,3
9,7
13,7
40,3
100
Бірігу бойынша есеп әдістерін анықтауда негізгі кезеңдерді ескеріп, есептің қай әдісін қолдану керектігін нақты анықтау қажет. Жалпы барлық жағдайда да сатып алушыны анықтау мүмкіндігі бар және тиісінше сатып алу әдісін қолдану қажет, тек айрықша жағдайларда ғана мүдделердің бірігу әдісі қолданылады.
Аблахат Кебиров
Ernst & Young Kazakhstan
Компаниясының аудит бойынша менеджері
«Ваш капитал» №4 мамыр 2003ж., 11 бет
Бірлескен қызметке қатысу (дәлірегі, қатысқандық) туралы есеп беру (ҚЕХС 31)
Бірлескен кәсіпорын – екі немесе оданда көп тараптар экономикалық қызметті, оған бірігіп бақылау жүргізу шартымен жүзеге асыру бойынша келісімшарттық келісім.
Бақылау – пайда алу мақсатындағы экономикалық қызметтің қаржылық және операциялық саясаттарын басқарудың мүмкіндігі.
Бірлескен бақылау – келісімшарттық келісіммен экономикалық қызметке бақылауды бөліп жүргізу.
Елеулі ықпал – бұл кәсіпорынның экономикалық қызметінің қаржылық және операциялық саясаттар бойынша шешімдері қабылдауға қатысудың мүмкіндігі, алайда мұндай саясатты бақыламайды және бірлесіп бақылаудың да қажеті жоқ.
Бірлескен қызметтің қатысушысы – кәсіпорынға бірігіп бақылау жүргізуді жүзеге асыратын бірлескен кәсіпорындағы тарап.
Бірлескен кәсіпорындағы инвестор – кәсіпорынға бірлесіп бақылау жүргізуге қатыспайтын бірлескен кәсіпорындағы тарап.
Үйлесімді шоғырланым – есеп пен есеп берудің әдісі. Ол бойынша бірлесіп бақыланатын субъектінің активтеріне, міндеттемелеріне, кірістері мен шығыстарына қатысушылардың үлесі бірлескен қызметке қатысушылардың қаржы есептемесіндегі ұқсас баптары мен жолма-жол бірігеді немесе оның қаржы есептемесіндегі жекеленген жолдармен беріледі.
Үлестік қатысу әдісі – есеп пен есеп берудің әдісі. Ол бойынша бірлесіп бақыланатын субъект үлес алғашқыда бастапқы құн бойынша ескеріледі, содан соң бірлесіп бақыланатын субъектінің таза активтеріндегі сатып алудан кейін болатын қатысу үлесінің өзгерісіне түзетіледі. Пайда мен залал туралы есеп беру бірлесіп бақыланатын субъектінің операциясындағы бірлескен қызметке қатысушының үлесін көрсетеді.
Бірлесіп бақыланатын қызмет (операциялар)
Бірлесіп бақыланатын операцияның формасында ұйымдастырылған бірлескен қызметтің қатысушысы өзінің жеке қаржы есептемесі мен шоғырландырылған қаржы есептемесінде мыналарды тану керек:
1. Бақыланатын активтер мен қолдағы міндеттемелер;
Өтелген шығындар және бірлескен қызметпен байланысты тауарларды немесе қызметті өткізудің нәтижесінде алатын табысындағы өзінің үлесі.
Жеке қаржы есептемені жасау барысында бірлескен қызметтің қатысушысы өзі бақылайтын активтер мер міндеттемелерді, бірлескен қызметтің нәтижесіндегі өтелген шығындар мен табыстар үлесін мойындайды. Сондықтан да шоғырландырылған есепті жасау барысында түзету мен біріктіру бойынша басқа да операциялар қажет болмайды (3-слайд).
Жұмыс кестесі
Бухгалтерлік балансты шоғырландыруға арналған
Бап атауы Қатысу-шының есеп беруі Бірлесіп бақылана-тын субъектінің есеп беруі Түзету Жеке есеп беру
барлығы Қатысушының үлесі Д К
1 2 3 4 5 6 7
Негізгі құрал-жабдықтар
Инвестициялар
Тауар-материалды қор
Дебиторлық берешектер
Активтер қорытындысы
Акционерлік капител
Өткен жылдың бөлінбеген табысы
Есепті кезеңнің бөлінбеген табысы
Міндеттемелер
Меншікті капитал мен міндеттемелердің қорытындысы
Кірістер мен шығыстар (пайда мен залал) туралы шоғырландырылған есеп беру
Бас компания мен еншілес компанияның кірістері мен шығыстары туралы есеп беруді шоғырландырудың әдістемесі – ұқсас баптарды жолма-жол жинақтау. Топ ішінде есеп айырысу мен топ ішіндегі операциялар бойынша қалдықтар, оның ішінде тауарларды (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыстар, шығыстар және дивиденттер шоғырландырылған қаржы есептемесін беруді жасау барысында толық есептен шығарылуы тиіс. Тауар-материалды қорлар мен негізгі құрал-жабдық секілді активтердің баланстық құнына кірген топ ішіндегі операциялар бойынша өткізілмеген табыс толық есептен шығарылады. Топ ішіндегі операциялар бойынша өткізілмеген залалда шығынның орны толтырылуы мүмкін болмаған жағдайдан басқа уақытта активтердің баланстық құндарын есептеу барысында шегерілелді.
Төмендегі кестеде бухгалтерлік баланстың баптарын жолма-жол жинақтау бойынша процедуралар клтірідген. Ондағы :
БТ – бас компания табысы;
ЕТ – еншілес компанияның табысы;
ЕУТ – топ ішіндегі операция бойынша еншілес компанияның табысы;
БУТ – топ ішіндегі операция бойынша бас компанияның табысы;
БУӨ - топ ішіндегі операция бойынша бас компанияның сатылған өнімдерінің өзіндік құны;
ЕУӨ - топ ішіндегі операция бойынша еншілес компанияның сатылған өнімдерінің өзіндік құны;
БУҚ – топ ішіндегі операция бойынша сатып алынған бас компанияның тауарлы-материалдық қорлары,
УӨТ – топ ішіндегі операциялар бойынша өткізілмеген табыс;
ВРПН – топ ішіндегі операция бойынша өткізілмеген табыстың салық тиімділігі;
ТД – топ ішіндегі есеп айырысудағы дебиторлық берешек;
ЕКИ – еншілес компанияның меншікті капиталындағы бас компанияның тиісті қатысу үлесін білдіретін еншілес компанияның акцияларындағы инвестиция;
Г – гудвилл, жағымды іскерлік бедел;
БК – бас компанияның кредиторлық берешегі (міндеттемесі);
ЕК – еншілес компанияның кредиторлық берешегі (міндеттемесі);
УК – топ ішіндегі есеп айырысудағы кредиторлық берешек;
АҮ – еншілес компанияның меншікті капиталындағы азшылық үлесі;
БК – бас компанияның меншікті капиталы;
ЕК – еншілес компанияның меншікті капиталы.
Бухгалтерлік балансты шоғырландыру бойынша жұмыс кестесіндегі дүзету жазбасы былайша болады:
1. топ ішіндегі есеп айырысу бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектерді есептен шығаруды:
1) «Топ ішіндегі есеп айырысу бойынша кредиторлық берешек» (ТҚ) баланстың бабының дебиті; «Топ ішіндегі есеп айырысу бойынша дебиторлық берешек» (ТД) баланстық бабының кредиті;
2) Еншілес компанияның меншікті капиталындағы бас компанияның тиісті қатысу үлесі мен еншілес компанияның акциясындағы бас компания инвестициясының баланстық құндарын есептеп шығаруды;
3) Баланстық құн бойынша - еншілес компанияның меншікті капиталындағы бас компанияның қатысу үлесіне (ЕКИ) пропорционалды «Еншілес компанияның меншікті капиталы» баланстық бабының дебиті;
4) Еншілес компанияның меншікті капитаындағы тиісті үлестің баланстық құны мен сатып алуға жұмсалған шығынның арасындағы айырмашылыққа «Гудвилл» (Г) («Жағымды немесе жағымсыз іскерлік бедел») баланстық бабының дебиті немесе кредиті;
5) Жұмсалған шығынның баланстық құны бойынша – «Еншілес компанияның акциясындағы инвестиция» (ЕКИ) баланстық бабының кредиті;
6) Кірістер мен шығыстар туралы есеп беруді біріктіру бойынша жұмыс кестесіндегі түзету жазбасы былай болады (төменде келтірілген мысалдың мәліметтері бойынша):
2. Топ ішіндегі операция бойынша кірістер мен шығыстарды (сатылған тауарлырдың өзхіндік құнын) есептеп шығаруда:
«Сатылған тауарлардан (жұмыс, қызмет) түсетінтабыс» (ЕУТ) транзиттік бабының дебиті – 20 000 теңге, «Өткізілген өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны» (ЕУӨ) транзиттік бабының кредиті – 15 000 теңге, «Тауарлы-материалдық қорлар» (БУҚ) баланстық бабының кредиті – 5 000 теңге.
Бұл түзету жазбасы топ ішіндегі операция бойынша кірістер мен шығыстарды жоюға мүмкіндік береді әрі өткізілмеген табыстың сомасына тауарлы-материалдық қорларға кірген өткізілмеген табыс топ тұрғысынан алғанда бір бүтін тұтас болады. Еншілес компанияның бас компанияның мекен-жайына жөнелткен тауарлы-шоғырландырылған қаржы есептемесі тұрғысынан алғанда сатылмаған болып саналады.
Сондықтан да тауарлы-материалдық қордың баланстық құнының шамасы өткізілмеген табыстың шамасына түзету жасауды ескере отырып, құн бойынша бағалау қажет. Кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің қалған баптары жолма-жол жиынтықтау жолымен біріктіріледі.
Топ ішіндегі операция бойынша табыстарды танудың мерзімін ұзарту 1500 теңге (5 000*30%) – «Табыс салығы бойынша шығыстар» транзиттік баптың кредиті бойынша және «Мерзімі ұзартылған табыс салығы» баланстық баптың дебиті бойынша корреспонденциясымен мерзімі ұзартылған салық тиімділігін тануды да талап етеді.
Бұл кестеде бухгалтерлік баланстың ұқсас баптарын жол сайын қосындылау бойынша рәсімдер (процедуралар) келтірілген, мұнда:
БКА – бас компанияның активтері;
ЕКА – еншілес компанияның активтері;
ТД – топ ішіндегі есептеу бойынша дебиторлық берешек;
ЕКИ – еншілес компанияға инвестициялар, еншілестің меншікті капиталына бас компанияның тиісті қатысу үлесін көрсетеді;
Г – гудвилл, жағымды іскерлік бедел;
БКК – бас компанияның кредиторлық берешегі (міндеттемелері);
ЕКК – еншілес компаниянның кредиторлық берешек – алашағы (міндеттемелері);
ТК – топ ішіндегі есептеулердегі кредиторлық берешек-алашақ;
А – еншілес компанияның меншікті капиталындағы азшыылықтың үлесі;
БКК – бас компанияншың меншікті капиталы;
ЕКК – еншілес компанияның меншікті капиталы.
Біріктірілген қаржы есептемесі біртұтас компания ретінде топ пікірі тұрғысынан бас және еншілес компаниялардың барлық активтері мен міндеттемелерінің жиынтықталған мөлшері болып табылады. Біріктірілген активтердің жиынтықталған мөлшері міндеттемелер мен бас компанияның меншікті капиталының біріккен шамасымен теңестіріледі.
Еншілес компанияның меншікті капитбалы «Еншілес компанияларға инвестициялар» бабы бойынша бас компанияның баланс активінде көрсетілетін, еншілестің меншікті капиталына бас компанияның тиісті қатысу үлесімен бір уақытта түзету жазбаларымен шығарылады. Бірақ еншілес капиталдың мөлшеріне азшылықты білдіретін, басқа акционерлердің инвестициясының бөлігі де кіретін болғандықтан, бас компанияның меншікті капиталымен қатар активтерді қалыптастыру көзі құрамында да, шоғырландырылған баланста да азшылықтың үлесі ұсынылады.
Акциялар сатып алынған күндегі еншілес компания активтерін бағалаудың күмәнсіз анықтық принциптерін жүзеге асыру үшін олардың нарықтық құнын көрсету керек. Активтерді бастапқы тану оларды сатып алуға жұмсалған шығындар құны бойынша жүргізілетін болғандықтан, акцияларды сатып алу күніндегі қаржы есептемесін шоғырландыру процесінде еншілес компанияның активтерін бағалауды еншілес компаниялардың акцияларын сатып алуға шыққан шығындар құнының, олардың баланстық құнынан ауытқуына байланысты сайма-сай үйлескен шамасына орай түзету қажет.
Егер еншілес компанияның акцияларын сатып алуға шыққан шығындар олардың баланстық құнынан артса, ауытқулар әдетте гудвилл, жағымды іскерлік бедел ретінде түсіндіріледі. Бірақ акцияны сатып алу жөнінде шыққан шығындар құнының баланстық құннан ауытқыған барлық сомасы жағымды іскерлік бедел факторы болып ұғындырылмайды. Жағымды іскерлік беделдің мөлшерін анық бағалау үшін ауытқу сомасын еншілес компанияның активтері мен құнына дейін түзетуді ескере отырып, анықтау қажет. Сондықтан еншілес компанияның активтері мен міндеттемелерінің баланстық құнын түзету талап етіледі.
Активтер мен міндеттемелердің құнын түзету еншілес компанияның меншікті капиталының қатысу үлесіне сайма-сай үйлескен шамаға орай жасалады.
Материалдық емес активтер
Материалдық емес активтер - өндірісте ұзақ мерзім пайдалануға болатын (бір жылдан астам), физикалық негізі жоқ ақшаға жатпайтын, бірақ қандайда бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, кәсіпорын тарапынан бақылауда болып, оны пайдаланудан кәсіпорын болашақ экономикалық тиімділік күтеді. Бұл анықтама біріккен кәсіпорынға да тән. Біріккен кәсіпорынның материалдық емес активтерін физикалық негізсіз және оларды материалды немесе материалды емес активтер құрамына кіргізуге болады.
Мысалы, біріккен кәсіпорынның жабдықтары технологиялық басқаруға арналған компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етіліп, онсыз жабдық жұмыс істей алмайды. Бұл жағдайда бағдарлама жабдықпен бірге негізгі құрал құрамына енеді ме немесе материалды емес актив құрамына енеді ме, ол принципиальді түрде анықталуы керек.
Біріккен кәсіпорынның материалдық емес активтеріне: лицензиялық келісім; компьютерлік бағдарламамен қамтамасыздандыру, патенттер, авторлық құқық, басқа жақтардан алынған тауарлар белгісі, фирмалық атаулар, ноу-хоу, табиғи ресурстарды пайдалану құқығы және тағы басқалар жатады.
Біріккен кәсіпорынның материалдық емес активтерін бағалау:
1. Басқа кәсіпорындар мен адамдардан ақыға сатып алынған материалдық емес активтер есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетеді;
2. Кәсіпорынға өтеусіз келіп түскен материалдық емес активтер сараптау жолымен бағаланады;
3. Жарғылық капиталға салым ретінде құрылтайшыдан келіп түскен активтер есепте тараптардың келісімімен белгіленген құн бойынша көрсетіледі.
Біріккен шаруашылық субъектісінде материалдық емес активтер есебі Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің 28-стандартына сәйкес және субъектілердегі қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебі бас шоттар жоспарындағы бірінші “Айналымнан тыс активтер” - деп аталатын бөлімнің 10-бас шотының 101-шот – Лицензиялық келісімдер, 102-шот – Программамен жабдықтау, 103-шот – Патенттер, 104-шот – Ұйымдастырру шығындары, 105-шот – Гудвилл, 106-шот – Басқадай материалдық емес активтер – деп аталатын бөлімше шоттарында жүргізіледі.
Материалдық емес активтердің біріккен кәсіпорынға келіп түсуі мен шығуы бір данада жасақталған №1 нысанындағы “Материалдық емес активтерді қабылдау-өткізу актісінде көрсетіледі.
Актлерде материалдық емес активтердің дәл атауы, кәсіпорынға дәл өткізілген (келіп түскен) күні, объектінің сипаттамасы, бастапқы құны, амортизация нормасы көрсетіледі.
Біріккен кәсіпорынның материалдық емес активтері басқа кәсіпорынға табыс етілгенде (сатылғанда, өтеусіз берілгенде) акт екі данада жасалады; өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға. 10-бөлімшенің шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізеді. Инвентарлық карточкалардың деректерін материалдық емес активтерді есепке алу ведомосінде топтастырады, онда материалдық емес активтердің атауы, ай басындағы және соңындағы қалдықтары, ай ішіндегі қозғалысы келтіріледі. Есеп компьютерленген жағдайда осындай принциппен машинограммада жасалды.
Біріккен кәсіпорынға материалдық емес активтердің келіп түсуі.
Басқа заңды және жеке тұлғадардан сатып алынғанда сатып алынған материалдық емес активтердің келісім құнына (ҚҚС-сыз) Д-т 101-103,106 К-т 671, ҚҚС сомасына Д-т 331 К-т 671, ҚҚС-ты есепке алғанда Д-т 633 К-т 331, ұсынылған шотты төлегенде Д-т 671 К-т 441, 431, 451, 452жазулары жазылады.
Материалдық емес активті кәсіпорынның өзі жасаса (бағдарламалық қамтамасыз ету, интеллектуалды құн объектісін құру, сауда белгілерін әзірлеу), жұмсалған материалдардың құнына Д-т 901 К-т 201-206, әзірлеушілердің жалақысына Д-т 902 К-т 681, жалақыдан аударым сомасына Д-т 903 К-т 635, материалдық емес активтерді жасау жөніндегі шығындарға Д-т 900 К- т 901, 902, 903, жасалған материалдық емес активтің нақты құнына (оны балансқа алған кезде) Д-т 102, 106 К-т 900 жазулары жазылады.
Біріккен кәсіпорындардың материалдық емес активтерін жасауға байланысты шығындарды оның түрі мен оны жасаумен айналысатын бөлімшеге байланысты 92, 93-бөлімшелердің шоттарында ескеруге болады.
Біріккен кәсіпорындарға материалдық емес активтердің жарғылық капиталға салым ретінде түскенде мәлімделген жарғылық капиталдың сомасына Д-т 511 К-т 501-503 жазуы, ал келіп түскен материалдық емес активтердің сомасына Д-т 101-103, 106 К-т 511жазуы жазылады.
Шаруашылық серіктестіктер туралы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығына сәйкес – шаруашылық субъектілері жарғылық капиталға салым ретінде аластатылған құқықты енгізуге құқылы. Олар кірістік әдіспен немесе капиталданған жалдық көлемінің бағасы бойынша (жалдық пайызды қоса) қысқартылған түрде бағаланады. Үйлерді, ғимараттар мен жабдықтарды уақытша пайдалану құқы құнының сомасы есепке алынады, бұл сомаға Д-т 106 К-т 511 жазуы жазылады. Уақытша пайдалануға алынған үйлердің, ғимараттардың және жабдықтардың өзі баланстан тыс 001-шотта ескеріледі. Материалдық емес активтердің өтеусіз тегін келгенде Д-т 101-103, 106 К-726, 727 болады. Жыл соңында Д-т 726, 727 К-т 571 жазуы беріледі.
Біріккен кәсіпорындардың материалдық емес активтерінің есептен шығарылғанда басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына салынса материалдық емес активтердің баланстық құнына Д-т 841 К-т 101-103, бұрын ....
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Дипломная работа: Инвестиция экономикалық даму құралы
» Дипломная работа: Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны
» Дипломная работа: Инвестициялардың мазмұны, ұғымы және оның жіктелуі
» Дипломная работа: Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері
» Дипломная работа: Инвестициялық жобаларды жоспарлаудың теориялық аспектілері
» Дипломная работа: Инвестиция экономикалық даму құралы
» Дипломная работа: Кәсіпорындарда инвестициялық тартымдылықты арттырудың экономикалық мазмұны
» Дипломная работа: Инвестициялардың мазмұны, ұғымы және оның жіктелуі
» Дипломная работа: Қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері
» Дипломная работа: Инвестициялық жобаларды жоспарлаудың теориялық аспектілері
Іздеп көріңіз: