Дипломная работа: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА БІЛІМ БЕРУ

Дипломная работа:  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА БІЛІМ БЕРУ

Содержание
I. ТАРАУ: ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Оқытудың педагогикалық теориялық негіздері мен инновациялық
педагогикалық технологияның ерекшеліктері
1.2. Оқыту процесін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оңтайландыру
1.3. Жаңа технологияны білім саласында пайдаланудың маңыздылығы

II. ТАРАУ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ.
2.1. Жаңа педагогикалық технология - модульдік технологияның мазмұны және оны пәнді оқыту сапасын арттыруда пайдалану
2.2. Оқу модулін даярлау технологиясы
2.3. Деңгейлеп саралап оқыту ерекшеліктер

ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1] . Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімінің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімінің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Мектеп тәжірибесінде жаңаша жұмыс істеп жаңашыл технологияларды пайдаланып жүрген мұғалімдер бар. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелерінің бірі [2,3].
Инновациялық үрдісті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу прцесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы М.В.Кларин, А.В.Лоренсов, М.М.Поташник, Т.И.Шамова, О.Г.Хомерики, Н.Р.Юсуфбекова және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған [4,5,6,7,8,9,10].
Қазақстанның білім беру жүйесін реформалаудың жаңа кезеңі ел басы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауында, Үкіметтің, Білім және Ғылым министрлігінің құжаттарында көрсетілген идеялар кешенін енгізуді талап етеді. Мұның мәні 1999 жылы маусымда қабылданған ҚР «Білім туралы» Заңында, 30 қыркүйек 2000 жылғы «Білім» мемлекететтік бағдараламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерлеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағдылану, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді [11].
Жалпы білім берудің Қазақстандық моделі негізі болуы үшін оқушылар санасына өз халқының тарихи тамырын, рухани және адамгершілік қағидаларын азаматтық және отан сүйгіштік идеяларын басқа халықтарға деген ізгі көзқарастарын сіңіру қажет [12,13,14].
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Педагогикалық технология - мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерінің біріккен жүйесі арқылы іске асатын, ақпаратты білім беру нәтижесі және рефлекция негізінде білім алуға бағытталған, бір үлгідегі педагогикалық жүйе. Педагогикалық жүйенің мынадай құрылымы бар: 1) оқу және тәрбиелеу мақсатында нақты жүйелі дидактикалық, педагогикалық зерттеу жүргізу; 2) оқушы меңгеруге тиісті ақпарат мазмұнын толықтыра отырып, жүйелеу; 3) қажетті дидактикалық, техникалық оқу құралдарын дұрыс қолдануын қадағалау; 4) тәрбиелеу және диагностикалық оқыту жүйесін дамыту; 5) оқушыларға жоғары деңгейде сапалы білім беру.
Педагогикалық технологияға – В.П.Беспалько «Практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе» – деген анықтама берген. Ал педагогикалық жүйені тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, мақсаты бір – бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады [15].
Бүгінгі таңда П.Э. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті – тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы, В.П.Беспалько, В.М. Монаховтың және т.б. ғалымдардың технологиялары кеңінен таралған.
Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің, Ш.Т.Таубаеваның, Қ.Қ.Қабдықайыровтың, С.Н.Лактионованың, М.М.Жанпейсованың, Қ.М.Нағымжанованың және т.б. ғалымдардың ұсынған оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісінде белсенді түрде қолданылуда [16].
Зерттеу нысанасы: Жалпы орта білім беретін мектептің оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Оқу процесін инновациялық-дидактикалық талаптарға сай оқытуда деңгейлеп саралап және оңтайлы оқыту технологиясын пайдалану кезінде жүргізілетін жұмыстары.
Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға инновациялық-дидактикалық, деңгейлеп саралап оқыту, оңтайлы әдіспен оқыту, модулдік технологиясы арқылы білім берудің теориялық тұрғыдан негіздеу. Бұл мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылып, оларды шешуге ұмтылыс жасалды.
Зерттеу міндеттері:
Инновациялық-дидактикалық, деңгейлеп саралап оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық деңгейдегі зерттелуі мен практикадағы күйін айқындау.
Зерттеу әдістері: Тақырыпқа сай дидактикалық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, мектеп бағдарламасы мен оқулықтарына жасалған талдау, әңгімелесу, бақылау жұмыстарымен мектептерде қойылған талаптар.
Зерттеудің практикалық маңызы: Беріліп отырған деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бойынша орындалатын жұмыстың түрлері мен ұйымдастыру жолдарының әдістемелік нұсқаулар жасалыну керек.
Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. ТАРАУ: ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ДИДАКТИКАЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1.1. Оқытудың педагогикалық теориялық негіздері мен инновациялық
педагогикалық технологияның ерекшеліктері.

Еліміздің егемендік алып , қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектептің осы күнге дейін дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда . Бұл педагогика теориясы мен оқу -тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді , білім берудің мазмұны жаңарып , жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас , өзгеше менталитет пайда болуда. [1,2,3].
Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктермен , ақпараттарды қабылдау қабілетінің дамуымен ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламасының нақтылануымен байланысқа түсуде.
Ақпарат дәстүрлі әдістері: ауызша және жазбаша , телефон және радио байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде.
Баланың жеке басын тәрбиелеуде оның жан дүниесінің рухани баюына , азамат , тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлуде.Есте сақтау , ақыл –ойын дамытатын оқуға көшу;
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мәселе оқушуларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту ,қызығушылығын ояту.
ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған азамат дамуының жаңа кезеңі білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезең.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында қазіргі мектептер:
-практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы ;
-қоғамның интелектуалды қуатын жетілдіру;
-еліміздің материалдық –қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
-орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту тағы сол сияқты міндеттерді көздейді.
Ғылыми -педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері , түрлері көбінде жаңашыл инновация деп аталады.
«Инновация » ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір ғалым дардың еңбектерінде «жаңа»,«жаңалық енгізу » деп көрсетіледі. Кейбіреулері оны «өзгеріс »деген терминмен анықтайды.Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды. [6,11].
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ- ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл, ұғым этнографиясында әлі күнге дейін сақталған.
Инновация (латын сөзі in – в, novis- жаңа)- жаңа , жаңалық , жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И. Ожегов сөздігі бойынша : инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық. (9,18).
«Ғылымның қайнар көзі» -Ресейде «инновация» ұғымына өте үлкен күдікпен қараған.: ХІХ-ХХ ғ. басындағы бірде- бір білім реформаларында бұл термин кезікпейді. «Инновация » ғылымына берілген ең ескі емес анықтама , бұл салада американдықтар мен европалық көлемді зерттеулер иесі Э.М.Роджерстің анықтамасы болып есептеледі. Э. М. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея».Кейіннен «инновация »ұғымы «білім беру жүйесіне жаңаны енгізу » мағынасында педагогикалық еңбектерде кездесе бастады.
«Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың –«инновация » «нововедение» новшество» «новое» т.б. қазақша аудармаларын жасаған
Ы. Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми зерттеу институты әдіскері К.Құдайбергенов болып табылады. Өз еңбектерінде «инновацияны » - нақты қойылған мақсатқа сай жасалынған жаңа нәтиже деп есептеді. Демек, инновация мақсат пен нәтижеге – жаңалыққа бет бұрудың кілті.
Қоғамдағы қазіргі кезде қайта құрулар экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның алдағы , оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологиялары, оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды –машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі ізденіп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен онша үндеспен отыр , Қазіргі педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа модулін құрудың , сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары: «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында » көрсетілген. [3;2]
Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып отыр. Тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан экономикада сілкініс жасады, әлемдік өркениетпен ықпалдасуда жаңа прогресшіл технологияларды пайдалануда . Елдің әлеуметтік- экономикалық даму перспективалары айқындалған.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруді мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н.В.Горбунова ,М.В,Кларин, А.В.Лоренсов, М.М.Потащник, В.И.Загвязинский , Т.И.Шамова, Н.Р.Чосуорбекова және т.б. зерттеулерінде қарастырылған. [4,5,6,9]
Бүгінгі таңда Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы , Ш.А.Амоношвилидің ізгілікті тұлғалық теориясы , В.А.Шаталовтың оқу материалының тірек белгілерімен тірек конспектілері (сызба үлгілері)негізінде қарқынды оқыту технологиясы , П.И.Третьяковтың , К.Вазинаның , М.М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы , В.М.Монаховтың , В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Сонымен қатар Лысенкованың «Перспективті дамыта оқыту технологиясы », Н.П.Гузиктің «Сынып ішіндегі деңгейлеп –саралап оқыту технологиясы », В.В.Фирсовтың «Міндетті нәтижелер негізіндегі саралап оқыту технологиясы », Н.Н.Пиканның «Саралап деңгейлеу технологиясы»,В.Дьяченконың «Жобалап оқыту технологиясы », М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы », В.М. Монахавтың технологиясы , Д.Б. Эльконин ,В.В Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы» , В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі , И.П.Волковтың «Шығармашылық пен дамыта білім беру технологиясы» , Ш.Амоношвилидің «Ізгілікті – тұлғаны оқыту технологиясы », В.Д.Шадриков «жеке бағытталған оқу жоспары негізінде оқыту технологиясы », «Ұжымдық тәсілмен оқыту технологиясы » «Ақпараттық оқыту технологиясы » (Дьяченко) , «Проблемалық оқыту технологиясы », «Ойын арқылы оқыту технологиясы » В.В . Гузив т.с.с. жаңа технологиялық оқыту түрлері зерттелді.[34;30;23;35;]
Яғни оқу процесін технологияландыру дегеніміз- білім беру бағыттарына сай оқыту процесін құрастыру. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі –қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту процесін құрастыру және оны жүзеге асыру . Оқылатын пән мазмұны мұғалім мен оқушының өзара байланысты іс- әрекеті. Оқушының ішкі даму процесі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады. 62 бет
Қазақстанда Ж.А.Қараевтің, Ш.Т.Таубаева, Қ.Қ.Қабдықайыров, С.Н.Лактионова, М.М.Жанпейісованың және басқа да ғалымдардың оқытудың жаңа технологиялары белсенді түрде қолдануда.
Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М. Монаховтың , Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі , сондай-ақ , прфессор Ж.Қараевтың оқытудың дербестендіру мен дефференциялау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданысқа ие болуда. [4,5,6].
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып , біз оқыту технологияларын тиімді жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқыту – тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізілуі керек.
Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.
Қазіргі білім беру саласында проблема- әлеуметтік- педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру , оны өмірде пайдалану.Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгеру жүру- ұлы мұрат.


1.2. Оқыту процесін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оңтайландыру.

Кез келген елдің рухани - мәдени дамуы экономикалық дамуы сол елдегі оқыған білімді индивидумдар деңгейімен анықталады. Ал жеке тұлғалардың білімділігі кеңінен ойлану анализдей білу мектеп қабырғасында алатын біліміне тікелей байланысты. Яғни мектеп сол болашақ деп аталатын үлкен құрылыстың кішкене кірпіштерін дайындап шығарып жатқан фабрика сияқты.
Әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға терең әлеуметтік өзгерістерге толы қазіргі кезеңде оқушыларға берілетін информация көлемі кеңеюде. Ал оны игеруге бөлінетін уақыт өзгеріссіз қалуда. Сондықтан білім берудің сапасын жақсарту, білім берудің әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.
Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалім басты рөль атқарған болса, қазіргі оқу үрдісінде оқушы белсенділік көрсетуге тиіс, яғни мұғалім көбіне кеңесші, бағдарлаушы рөль атқаруға тиіс. Қазіргі кезеңде оқытудың басты мақсаты өз бетінше дами алатын, жеке шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру болғандықтан мектеп қабырғасында оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын игеруге тиіс.
Жалпы білім беру саласындағы жаңа саяси ұстанымның біртіндеп іс жүзіне асуы егемен еліміздің өркендеу бейнесінің бір көрінісі. өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін әлемдік білім аясына кірігуді мақсат тұтқан еліміздің білім беру саясаты оқытуды демократиялау, ізгілендіру арқылы жаңа сапалы деңгейге көтеруді көздейді. Осыған байланысты білім берудегі бірыңғайлықтан бас тартып, көп нұсқалы білім алу жүйесіне бет бұрып тұрған жағдайда оқушылардың топтық ерекшеліктерімен қоса жеке танымдық ерекшеліктерін ескеріп - оңтайлы оқытуды ұйымдастыру - бүгінгі өзекті мәселе. Осы тұрғыдан зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі - оңтайлы оқыту мүмкіндіктерін ашу.
Қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне енгізу осы проблемаларды шешуге маңызды рөль атқарады. Оқу процесінде қолдану үшін ұсынылып жатқан технология түрлері өте көп.
Соңғы мәліметтерге қарағанда бес бағыттан бағдарланған 50 - ге жуық технологиялар ғылыми түрде негізделген. Сондықтан осындай жаңартылған технологиялардың ішінен өз қажеттісін таңдап алу -әр мұғалім үшін жауапкершілікті қажет ететін іс.



Г.К.Селевко "Өзін-өзі дамыта оқыту"
М. Жанпейісова
"модульдік
оқыту"
В.К. Дьяченко
"Ұжымдық
оқыту"


Монахов-Қараев "Міндетті нәтиже негізінде шағын мақсатпен оқыту"
Т.Ғалиевтің жүйелі оқыту технологиясы
В.Кодикованың "саралап оқыту"










В. Кодикованың "Саралап оқыту" - оқуының жан - жақты мүмкіндігін ескере отырып оқыту әдісі. Бұл дегеніміз - оқуға берілетін көмекті саралау, әрбір оқушы ең жоғары нәтижеге жету үшін мұғалімнің істейтін іс - әрекеттерінің жиынтығы.
Саралап оқытудың ең басты шарты - оқушыларды үш топқа бөлу. Бірінші топқа мынадай оқушылар топтастырылады: қабілеті жоғары, білім, білік дағдылары қалыптасқан, өз бетімен ойлау қабілеті бар, сабаққа деген белсенділігі күшті, мұғалім көмегін қажет етпейтін топ. Бұл топта жүргізілетін жұмыстың мақсаты - оқушы бойында ғылыми бағытта ойлау қабілетін қалыптастыру.
Т.Ғалиевтің жүйелі оқыту технологиясына көңіл бөлу белгілі бір жүйеге қалыптастырып, танымдық белсенділіктерін арттырады, өз беттерінше ізденуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландырады. Сонымен қатар оқушылар өз ойын, ой пікірлерін еркін жеткізіп, талдау жасауға, қорытынды шығаруға үйренеді. Белгілі бір сызба кестелер бойынша кез - келген заңдылықтарды жүйелі түрде айтуға, оларды сапалы түрде қолдана білуге дағдыландырады.
Оқу барысында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда талмай еңбек ететін - бұл пән мұғалімі болып саналады. Т. Ғалиевтің құрған педагогикалық технологиясын негізге ала отырып кәсіпке оқыту бойынша әр сабақтың мазмұнын анықтап, оқушылардың міндетті түрде білуге тиісті материалды жаңа үлгіде сызба түрінде жасап, сол бойынша жұмыс жасаған.
М. Жанпейісова "Модульдік оқыту" - белгілі бір жүйенің, құрылымның өз бетінше бола алатын бөлшегі. Модульдік оқыту сабақтар барысында оқушы мұғалімнен нені есте сақтау, нені жазу, нені қайдан табу, қалай тиімді әрекет ету, нені білу керектігі туралы жазбаша нүсқау алады. Мұғалім оқу элементтерінің мазмұнын, көлемін, ретін, олардың әрқайсысына кететін уақытты, жұмыс түрін анықтайды. Оқушылар үшін модуль соңында нені біліп, нені оқу керектігін көрсететін біріктірілген мақсаттар айқындалады. Тапсырмаларды орындау барысы мен модульдік игеру барысын тексеретін әр түрлі бақылау жұмыстары орындалады.
Оқытуды оңтайландыру тәсілдерінің жүйесі
Оқытуды оңтайландыру деп оқушылар мен мұғалімнің уақыт шығынын аз жұмсап, білім алудың, тәрбиелеудің және дамытудың қорытындыларын ең үлкен мүмкіндігінше жеткізетін оқу процесін жоспарлау мен ұйымдастыру жүйесін айтады.
Оқытуды оңтайландырудың әдістемелік негізі, оқу процесін басқарудың диалектикалық - материалистік жүйесімен әдіс - амалын таба біліп, оның нақты жағдайлардағы ең жақсы нұсқаларын таңдау. Бұндай таңдаулар нақты шындықтың әдістемелік сапалылығына жүгінеді. Мұғалім оқытудың заңдылықтары мен принциптеріне сүйеніп, нақты педагогикалық жағдайларды және ғылым негіздерін талдауды үйреніп, оқу процесінің қорытындылық және үнемділік тұрғысынан ең жақсы нұсқасын таңдайды.
Оқытудың жан - жақты ең жақсы нұсқасын негіздеуді, тек қана бүтіндей жүйені әдіс -амалдар қолданумен іске асады. Оңтайландыру еңбекті ғылыми ұйымдастырудың маңызды принципі болып табылады. Мұғалім оқу процесін, оңтайландыру ептілігін меңгермеген болса, онда педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың сыртқы белгілерімен ғана шектеліп қалады. Олар - приборлар орналасуын жақсарту, техникалық құралдарды қолдану, дидактикалық материалдарды жетілдіру. Міне, сондықтан да мұғалім еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуы оңтайландырусыз мүмкін емес.
Оқытудың оңтайлы нұсқаларын құрастыру кезінде оқыту технологиясының негізгі принциптері есепке алынады. Оқыту "жақындағы даму қарқынына" қалыптасуы керек, оқушылардың дара ерекшеліктерін ескеріп ұйымдастырылуы, бірақ оларға бейімделумен емес, ал оқушылардың жаңа іс - әрекеті мен жаңа даму деңгейлерін жоспарлау жолымен іске асуы керек. Оқыту мен білім беру, іс - әрекетті және операцияларды меңгерумен шектеліп қалмай, оқушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастыруға басты мән беріп, оның өзін ұстау қасиеттерін дамыту. Дамытушы мен тәрбиелеуші тиімділіктерді барлығы бере бермейді, тек оқу іс -әрекетін қалыптастырумен іске асады. Оқытуды жоспарлауда оқушылардың уақытпен және үдемелі қарқындылық пен оқу жұмысына қабілетті тәуелділігі туралы мектептің гигиеналык зерттеу қорытындысын есепке алу керек. Сонымен қатар, мектепте оқитын оқушылардың әрбір жастарына және сыныбына берілетін, сынып және үй жұмыстарын орындауға кететін уакыт шығындарын мөлшерлейтін гигиенашылардың қорытындыларын негізге алу керек.
Оқытуды оңтайландырудың теориясы мен әдістемесі жоғарыда аталған заңдылықтармен және дидактикалық, психологиялық, мектеп гигиенасы принциптерімен тұрақты шектелмей, мұғалімнің жүйеленген және өзара байланысқан іс - әрекет, тәсілдерін ашып көрсетеді.
Мұғалімнің күші мен уақыт шығын мөлшерінің жоғарылауын ескертетін және тәрбиелеу тиімділігін жоғарылатуға апаратын мұғалімнің негізгі іс - әрекет тәсілдерінің қатарына жататындар:
Оқыту міндеттерін таңдау мен шешуге, оның мазмұнын, әдістерін, іс - әрекет құралдары мен түрлеріне кешенді ықпал ету.
Бар шарттар мен мүмкіндіктерді ескеріп, мұғалім іс - әрекетінің міндетін, мазмұнын, әдістерін, құралдарын, түрлерін нақтылау.
Іс - әрекеттің міндетін, мазмұнын, түрлерін, әдістерін жоспарлау кезінде басты мәнді анықтау.
Оқытудың әртүрлі әдістер, құралдар, мазмұндар, түрлер нұсқаларын салыстырмалы бағалау, оның мақсаты шартты өлшеміне сәйкес ең жақсысын таңдау.
Оқушылардың жеке топ ерекшеліктерін ескеріп, оқытудың міндетін, мазмұнын, әдістерін, түрлерін таңдауға дифференциалдық ықпал жасау.
Оқытуға қажетті шарттар тудыру.
Оқытуды өзгермелі шарттар мен мүмкіндіктерге байланысты жылдам түзеу.
Оқыту процесінде уақытты, күшті, құралдарды үнемдеуді ұйымдастыру.
Оқытуды оңтайландырудың жалпы тәсілдерін қысқаша түрде міндеттін, нақтылаудың, топтап қорытуды, салыстырмалы бағаны және нұсқаларды таңдауды, бөлшектеп бөлуді, жылдам түзетуді, оқу процесінің барлық құрылымын үнемдеуді кешенді жоспарлау деп атауға болады.
Міндетті кешенді жоспарлаудың оңтайландыру тәсілі ретіндегі маңызы - оқушыларды білім беру, тәрбиелеу мен дамытумен қатар бүгіндегі үлкен міндеттерді жүйелі кешенді түрде шешуді қарастырады. Тек осы кешенді жоспарлаумен оңтайлы қорытындыға жету мүмкін емес. Оқытуға қатысты нақты жағдайлар мен мүмкіндіктерді ескеруіміз керек.
Оқу процесінің барлық құрылымын нақтылауды жүзеге асыру. Оңтайландырудың бұл тәсілі оқытудың заңдылықтарына сүйеніп, оқушылардың мүмкіндіктеріне, оқу - материалдық базасына, гигиенасына, адамгершілік психологиясына және сезімдік шарттары мен мұғалімдердің өздерінің мүмкіндіктеріне тәуелді болады.
Оңтайландырудың келесі тәсілі басты мәнді анықтау болып табылады. Басты мәнді анықтаумен біз оқу процесінің негізгі міндеттерін шешуді қамтамасыз етіп қоймай, мүғалім мен оқушылардың уақыты мен күшін үнемдейміз. Оқу процесінің мазмұнын талдауда, әрбір тақырыптың басты түсінігін, зандарын, теориялық негіздері мен фактілерін анықтайды.
Оңтайландырудың ең басты тәсілі оқытудың әр түрлі нұсқаларын салыстырмалы бағалау, оның мақсаты нақты жағдайға байланысты ең жақсысын таңдау.
Мұғалім нұсқаларды салыстырып, ең жақсысын таңдауды үйрену үшін, оқытудың бар байлығын - мазмұнын, әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру түрлерін жақсы меңгеру керек.
Оқытудың әртүрлі нұсқаларының тиімділігін салыстыру кезінде (әдістерді, құралдарды, түрлері және т.б.) мынаны есте сақтау керек, яғни тиімділікті әдетте іс - әрекеттің соңғы қорытынды мақсатымен сәйкестену дәрежесімен есептейді. Тиімділікті іс - әрекеттің соңында бағалайды, ал оны салыстыруды іс - әрекеттің алдында өткізеді. Салыстыру кезінде алдымен іске аспайтын жақтарын алып тастайды, содан соң нұсқаларын екіден бірге дейін тарылтып, екі нұсқаның біреуін нақты жағдайда іске асатынын таңдайды.
Барлығы жоспарланған әдіс - тәсілдердің барлығы оқу процесін көзделген дәрежеде өткізбеуі де мүмкін. Мысалы, ол оқушылардың көбісі үй тапсырмасын орындауда бірдей қателер жіберген, соның себебін түсіндіруге уақыт кетуіне байланысты жоспарланған уақыт өзгеріп кетеді. Бұндай кезде оқытудың әдістерін, құралдарын және түрлерін жылдам түзету тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл жоспарланғанды тез арада түзетулер енгізіп, көзделген мақсатқа толық жете білуін қамтамасыз етеді.
Оңтайландыруды іске асырудың жалпы тәсілі (қажетті аз шығын жұмсап, мүмкін ең көп қорытындыларға жету) оқытуда уақыт, күш және құрал шығындарын үнемдеуге қалыптасу болып табылады. Бұл тәсіл біріншіден алдын көрсетілген барлық тәсілдердің көмегімен іске асады, яғни міндетті кешенді шешу, оларды нақтылау, басты мәнді анықтау, оқытуды бөлшектерге бөлу, оқытудың мүмкін нұсқаларын салыстырмалы бағалау және екіншіден мұғалімдердің қолданатын арнайы әдіс - амалдары (оқытуға кететін уақыт, күш және құралдарды үнемдеу үшін) арқылы приборларды тиімді орналастырумен, оларды блокты сақтап және арнайы таратпаларда таратып беру, автоматты қараңғылау мен дауысты жарықты техникалық құралдарды қолдану, баспаханалық дидактикалық таратпа материалдар қолдану, лабораториялық бөлмелерге оқушылар тобынан лаборанттар дайындап, оларды лабораториялық жұмыс кезінде пайдалану, оқу фильмдерінің орнына ауқымды кино үзінділер жүргізу және т.б.






1.3. Жаңа технологияны білім саласында пайдаланудың маңыздылығы.

Ертеңгі келер күннің бүгіннен гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күш тек білім. Ғылым мен техникалық прогрестің дамуы, қоғамның өзгеруі, жаһандану заманының басталуы, білім мазмұнын жаңа оқулықтар арқылы жаңартуға мол мүмкіндіктер туғызды. Білім теңіз, оның тереңін жетік білетін, сырын меңгерген адамдарды дайындайтын мұғалім. Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениеті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Ол үшін мұғалім өзі оқытатын пәндердің ғылыми әдістемелік деңгейін ғылыми ұйымдастырғанда, яғни сабақта әртүрлі әдіс-тәсілді кешенді жоспармен пайдаланғанда ғана қолы жетеді. Қазіргі таңда әлемдік оқу процесінің өзегі жаңа технологиялар мектеп практикасына енгізілген.
Педагогикалық технология мен жеткілікті түрде қаруланған мұғалімнің іс-әрекеті тиімді болатыны әркезден-ақ мәлім.
Облыс мұғалімдерінің іс-тәжірибесінде әртүрлі оқыту технологияларын пайдалану оның жетістіктерін болжау, өз бетінше жобалау мен құрастыру негізінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылыс бар екендігі байқалады.
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру сапасындағы проблема - әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру оларды жүзеге асыратын мұғалімдерді даярлау.
Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны қоғамның әлеуметтік экономикалық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты оған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді.
1) Болашақ мұғалімдерді ақпаратты қоғам жағдайында оқып білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;
2)Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологияға бейімделген білім берудің ғылыми әдістемелік базасын жасау, білім беру жүйесін жақсарту;
3) Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне орта білім беру мен жоғары білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктіру;
4) Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесін дамыта оқыту жүйесіне көшу.
Оқыту үрдісінде оқушы шығармашылығына негізделген оқыту әдістерін пайдалануға түбегейлі көшу.
Жалпы білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған кешіліктер баршылық:
- білім сапасының төмендігі;
-білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқытудың нәтижесі болмауы;
-директивалық құжаттар көптеп шығарылғанымен оның мардымсыздығы;
- оқушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы;
-оқушылардың және оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуіне жол ашу.
Яғни осындай келеңсіздіктер КСРО-ның оқу жүйесінің тиімсіз болғандығын, аса күшті нәтиже бермегендігін көрсетеді. Сол үшін біз қазіргі кезде оқыту үрдісінде жаңа заманға сай оқытудың жаңа педагогикалық әдістерін қолданамыз.
Бұл жаңа әдістер оқушылардың оқу барысында олардың оқуға, білімге, білімділікке, ізденімпаздыққа ынтасын ашады. Жаңа бағыт береді, жалығу мен жалқаулыққа, бейғамдыққа ұрынуына аса жол бермейді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар балаларының экономика жағдайында жұмыс істеуге, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруге, бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» - деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы- бүгінгі мектеп оқушылары. Бәріне бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі [17].
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойып отырған басты міндеттемелердің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру.
Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, әлемдегі жаңа мазмұнды озық тәжірибелерге негізделген оқу-тәрбие үрдісінің қалыптасуына ықпал етті [18].
Әрбір өсіп келе жатқан ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, олардың рухани жаңарып жандануына тірек те, тетік те болатын мектеп екендігі бәрімізге белгілі.
Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.
Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы кезінде өндірісті автоматтандыру, компьютерлендіру мәселесімен тығыз байланысты өркендетіп отырған өтпелі кезеңде мектеп оқушыларына ғылым негіздерін меңгеруде білімді әлемдік стандартқа жақындату, оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту арқылы білім сапасын көтеру мемлекеттік мәселе болып отыр. Бұл мәселелерді ойдағыдай шешу мектептің материалдық базасына, оқу-әдістемелік құралдардың ғылыми-әдістемелік негізде жасалуына мұғалімдердің ұстаздық еңбекті жаңа технологиялық тұрғыда ұйымдастыруына, сонымен бірге мектеп басшыларының педагогикалық бірлігіне, оқу-тәрбие үрдісінің бүгінгі күн талабына сай ұйымдастыра білуімізге байланысты болмақ [19].
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көрсететін әдіс-тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.
«Инновация» ұғымы педагогиканың сөздік қорына ежелден енген. Ол кейбір ғалымдардың еңбектеріне «жаңа» «жаңалық енгізу» деп көрсетіледі. Кей ғалымдар оны «өзгеріс» деген терминмен анықтайды. Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды.
Инновация термині қазірде білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолдануда. Бірақ, ғылымда бұл терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен терең таныта алмайды. Инновацияны «білім беру жүйесіндегі жаңалық енгізу» деп айтсақ, «Введение принципиального в обьязательную систему» ұғымының мағынасын тарылтқан болар едік.
Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ ғасырда мәдениет танушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін, екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда әлі күнге дейін сақталған.
Инновация жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И.Ожегов сөздігі бойынша, инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
«Инновация» ұғымын әр елде әртүрлі түсінеген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең таралса, ал Аравия, Жапония мемлекеттерде «инновация» ұғымын сөздіктерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай қөзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық техникалық саяси әдебиеттерді, зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымына берілген анықтамаларды жинадық.
«Ғылымның қайнар көзі» - Ресейде «инновация» ұғымына өте күдікпен қараған: ХІХ-ХХ ғ басында бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни инновациялық үрдіс өткен, бірақ «иновация» термині еш жерде аталмайды.
Инновация деген ұғымның өзін қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы: инновация ұғымының әр елдегі, әр түрлі уақытта берілген анықтамалары: «инновация» ұғымына берілген ең ескі емес анықтама, бұл салада американыдқтар мен европалық көлемді зерттелер иесі Э.М. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея».
Инновация термині қазірде білім білім берудің теория- практикасында кеңінен қолданылуда. Бірақ ғылымда бұл терминнің нақты анықтамасы белгілі бір педагогикалық категория ретінде берілмеген. Көптеген ғылыми педагогикалық еңбектерінде «инновация» ұғымын білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды. Атап айтсақ Н.Р.Юсуфбекова «О педагогической инноватике» деген еңбегінде «Инновация - білім беру жүйедегі жаңартудың үрдісі» - деп көрсетеді. Сонымен қатар, ол инновациялық үрдіс дегеніміз - жаңалықтарды жасау, оны педагог ғалымдардың оқыту мен тәрбие беру тәжірибесінде қолдануы деп түсіндіреді. Автордың пікірі бойынша, педагогикалық инновацияға үш блок түсініктер мен идеяларды енгізуге болады: біріншіден, жаңалықты жасау классификациясы, «жаңалық критерийлері», екіншіден, оларды қабылдау проблемасын зерттеу, педагогтардың берген бағасы, үшіншіден, жаңаны білім беру жүйесінде қолдану. Яғни, инновациялық үрдіс дегеніміз педагогикалық жаңалықтардың динамикалық бірлігін педагогтардың тәжірибесінде ғылыми негізде қолдану [20].
Инновацияның жіктелуі негізінде білім беру мекемелерінің қызметіндегі туындайтын саналы педагогикалық ой-идея жүйесі жатыр.
Сонымен, мұғалімнің инновациялық әрекетке көшуі бірден-бір көкейкесті мәселе деп есептейміз. Білімнің ағартушылық жүйесінде мұғалім субъект динамикалық үрдісі мұғалімнен шығармашылықты, инновациялық әрекетті талап етеді. Мұндай талап етушілікте, мұғалімнің дәстүрлі деңгейі, қазіргі мектеп, қоғам қажет ететін шығармашыл, жаңашыл-мұғалім арасында қарама–қайшылық туындайды.
Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ мұғалімдерді даярлаудағы әдістемелік өзгеріспен тығыз байланысты. Инновация көлемдігі оның жүйелілігі мен жіктелуін тудырады. Ғылыми жолда бұл мәселе толық анықталмаған. Осындай мәседелердің шешімін іздеу жолында еңбектеніп жүрген ғалымның бірі О.Т. Хонерин. Ол инновацияны төмендегідей түрлерге жіктейді:
модификациялы, яғни педагог қауымның идеяларынан туындаған. И.В.Волков, Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, В.Г.Шаталов жаңашыл педагогтар;
комбинаторлы;
3) радикалды, инновациялық жолмен оқытудың модельдері, колледж.
Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық - технология қолданылып жүргендігі мәлім. Сондықтан біз оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.М.Поташник ұсынған өлшемдерін көрсетеуге болады. Олар:
- елдің, аймақтың, қаланың талап-тілегі – мектепке әлеуметтік сұраныс;
мектептің дамуы туралы мемлекеттік құжаттар;
қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;
педагогикалық озат тәжірибе;
мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, интуициясы, шығармашылығы;
мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.
Бұдан педагогикалық технология барысында:
алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы;
жүйелілігі;
тиімділігі т.б. ескерілуі керек деген қорытынды шығады.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен – мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына төмендегілер кіреді:
а) тұжырымдық негізі;
ә) оқыту мазмұндық бөлімі:
-оқытудың нақты және жалпы мақсаты;
-оқу материалдарының мазмұны.
б) үрдістік бөлім-технологиялық үрдіс:
-оқу үрдісін ұйымдастыру;
-оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;
-мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті;
-оқу -үрдісінің диагностикасы.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізіне жататындар:
әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтарын арттыру;
оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технологиялар:
- ынтымақтастық педагогикасы;
- білім беруді ізгілендіру технологиясы;
проблемалы оқыту технологиясы;
тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы,
деңгейлеп саралап оқыту технологиясы;
міндетті нәтижелерге негізделген саралап оқыту технологиясы;
модульдік оқыту технологиясы;
жобалап оқыту технологиясы.
Ынтымақтастық педагогикасының негізгі мақсаты - талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына көшу, балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі.
Ынтымақтастық педагогикасының ерекшеліктері:
мұғалім –оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы-оқушы.
Оқушы да субъект, мұғалім де субъект;
оқушының жеке басына ізгілік қарым –қатынас;
оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-қатынас.
Білім берудің ізгілендіру технологиясының негізін қалаған Ш.А. Амонашвили. Білім берудің ізгілендіру технологиясының мақсаты-баланы оны азамат етіп тәрбиелеу, баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылулық ұялату [21,22].
Проблеманы оқыту технологиясын негізгі мақсаты - оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.
Проблемалы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
оқушының белсенділіктерін арттыру;
оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;
оқушы материалды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді. Тірек белгілері арқылы технологияның негізін қалаған В.Ф.Шаталов. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы төмендегідей мақсатты көздейді:
білім,білік, дағдыны қалыптастыру;
барлық баланы оқыту;
оқытуда жеделдету.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері:
үнемі қайталау, міндеті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, блокпен оқыту, тіректі қолдану;
жеке бағадарлы қарым –қатынас, ықпал;
ізгілік, еркімен оқыту;
әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Түсіндірме басқарып оза отырып оқыту технологиясының авторы жаңашыл мұғалімдердің бірі, ресейлік мұғалім С.Н.Лысенкова. Бұл технологияның негізгі мақсаты – барлық баланы табысты оқыту. Түсіндірме басқарып оза отырып оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:
оқу материалдарының бірізділігі, жүйелілігі;
саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы;
бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану. Сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңынан нашар оқушылар қатыстырылады;
бірте-бірте толық дербестікке жету;
сыныпта қалыпты жағдай қалыптастыру: түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас;
оқушының қателігін ескерту, бірақ еш жазаламау;
үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай (әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана) беріледі;
білім, білік, дағдыны дамыта меңгерту;
түсіндіруді қабылдау.
Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы төмендегідей ерекшеліктермен сипатталды:
білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі;
оқушыларға берілген тапсырманың саралануы: тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт;
білімнің базалық деңгейі оқытудың жаңа технологиясының механизмі ретінде оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасауы тиіс;
оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру;
оқушы өз мүмкіндігіне орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға ерікті.
Модульдік оқытудың өзегі-оқу модулі. Оқу модулі:
ақпараттардың аяқталған блогынан;
бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан;
оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады.
Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты- оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.

II. ТАРАУ: ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА БІЛІМ БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ.

2.1. Жаңа педагогикалық технология - модульдік технологияның мазмұны және оны пәнді оқыту сапасын арттыруда.

Мектепте, жоғарғы оқу орнында сапалы оқу бағытын айқындайтын жаңа жолдардың бірі – пәндерді модульдік технология арқылы оқыту екендігі теориялық және тәжірбиелік жағынан дәлелденуде. Бұл мәселені ғалымдар Дж.Рассель, П.Юцявичене, Р.Бекирова, Г.Лаврентьева, М.Жанпейісова, К.Жақсылықова, Е.Тұяқов, т.б. дәлелдеп келеді /5-8 /.
Модуль ұғымының этимологиялық мәні білімді қолданысқа, меңгеруге ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылады.Білімді, яғни оқу материалын дидактикалық мақсатқа сай әр түрлі қалыпта (ақпарат блогі, пакет, түйіндер жүйесі, алгоритм, бағдарлама) ұсынуға болады. Модульмен оқыту – толық немесе жекелей түрде модульге негізделген оқыту. Модуль – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы, яғни аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульмен оқытудың негізгі құралы.
Модульдік оқытудың құрамында дидактикалық мақсаттардың таксономиясының жіктелуі деңгейіне қарай (кешенді,кіріктірілген дербес) және түрі жағынан (танымдылық және операциялық) жүйелеуді ұсынады.
Модульдің көптеген анықтамаларына қарамастан, олардың барлығын үш түрлі бағытта топтастырып, жүйелеуге болады:
Mодуль – біліктілік мінездемесінің талаптарына жауап беріп, мамандық бойынша оқу пәндерінің жиынтығын ұсынатын мемлекеттік білім беру стандарт бірлігінің үлгісі;
модуль – пәнаралық әдістемелік-ұйымдастыру құрылымы болып, әр түрлі оқу пәндерінің тақырыптық жиынтығы ретінде бір мамандықты меңгеруді және оқу үрдісінде пәнаралық қатынасты қамтамасыз етеді;
- модуль – бір ғана оқу пәнінің шеңберіндегі ұйымдастыру-әдістемелік құрылымының бірлігі.
Оқыту мазмұнын таңдап алғаннан кейін сол мазмұнды жүйелеу мәселесі туындайды. Әсіресе, бұл оқу мазмұнын дербес модульдерге жіктеудегі модульдік оқытуға байланысты.
Модульдік оқытудың дидактикалық жүйесі басқа да дидактикалық жүйелер сияқты оқытудың мақсаттарына сай жалпы-дидактикалық ұстанымдар мен негіздеріне сүйеніп, оқу материалдарын құрылымдауды меңзейді. Даралық модульдердің мазмұны оқыту мазмұнын құрылымдау ұстанымдарын сақтай отырып жасалады және жинақы, әрі көрнекілік түрінде беріліп, дидактикалық материалдармен, білгірлік және қолданбалы міндеттермен қамтамасыз етілуі керек.Модульдік оқытудың кәсіби білім беру жүйесінде модулдік бағдарламалардың операциялық түрі кәсіби икемділікті қалыптастыруға бағытталған.
Мұғалімнің алдын ала жұмысы төмендегідей әрекет – қадамдардан тұрады:
1-қадам: Берілген тарау, блок немесе тақырып бойынша бағдарламада меңгерілуі тиіс деп көрсетілген міндетті білім, білік және дағдыларды, сондай-ақ оқыту мақсаттары мен міндеттерін айқындау.
2-қадам: Берілген модуль бойынша негізгі мағынаны білдіретін түйінді ұғымдарды, тақырып бойынша негізгі ақпарат беретін рельефтік (код сияқты) сөздерді табу . Олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығын анықтау.
3-қадам: Тұтас тақырып бойынша тірек сызбаларын құрастыру (анықталған түйінді ұғымдар мен «кодтар» негізінде)
4-қадам: Оқу модулінің тұтас мазмұны бойынша тестілік тапсырмалар құрастыру (15-20 тапсырма шамасында)
5-қадам: Берілген моульдегі оқу материалының тұтас мазмұы бойынша сынаққа қажетті сұрақтар ме тапсырмалар блогін құрастыру (оқу пәнінің өзіндік ерекшелігіне орай сынақты диктантпен , бақылау жұмысымен алмастыруға болады).
6-қадам: Сөйлесу бөлімін әзірлеу. Оқытудың белсенді формаларын таңдау. Оқу материалының мазмұны бойынша әрбір оқушыға арап бірінші күрделілік дәрежесіндегі, орташа күрделілік дәрежесіндегі тапсырмалар жән оқытудың ізденушілік (зерттеушілік) элементтері бар аса күрделі дәрежедегі тапсырмалар әзірленеді.
Оқу модулінің құрылымдық бөлімдерінің әрқайсысына кеңінен тоқталып, қарастырайық.
Оқу модулінің кіріспе бөлімі.Психологтардың пайымдауынша, әрбір дербес тарауды (тақырыпты) оқып-үйрену үш негізгі кезеңнен : кіріспе-қызықтырушылық, операционалдық-танымдық және рефлекциялық-бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Л.М.Фридман)
Аталмыш модульде қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске асырылады.
Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы тарауын неге және не үшін оқып – үйренулері керек, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түйсінуі қажет.
Психологтар дәлелдегендей, білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушылардың мақсатты түсінуі (мақсаттың қозғаушы, қызықтырушы күш болуы) аса маңызды. Ол үшін , психологтардың пікірінше, мақсат (нені білу, нені үйрену), оның мағынасы (бұл не үшін қажет) нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі керек.
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруда түсіндіруді сызба және белгілік үлгілер түрінде көрініс тапқан әрекеттен бастаған тиімдірек екенін эксперимент көрсетіп отыр (Салмина 1981, 47).
Қандай да бір құбылысты тану барысында адамда оны түсінгедік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс.
Сөйтіп, оқу модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:
а) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен және мазмұнымен таныстырады;
ә) оқушылардың осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының «қабылдауына», түсінуіне ерекше көңіл бөледі;
б) тірек сызбаларға («орамаларға», белгілік үлгілерге) сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша (15-20 минут ішінде) түсіндіреді.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімі. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі тарауды (тақырыпты) тұтас оқып үйренудің екінші – операционалдық-танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.
Бұл бөлімді құрастырғанда біз Л.Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйендік:
Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі
қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге елестету қабілеті жадын, шығармашылығын және т.б. дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.
Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі – ең алдымен, оқушының
қажеттіліктерін, қызығушылығы және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
Оқуды басқарудың икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі
жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.
Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы
керек, яғни басқару тұлғалық бағытталған болуы тиіс. Оқу процесін тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.
Оқу процесін басқару балардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне
негізделіп жүруі тиіс.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалының негізгі мазмұнын бөліп, құрылымдайды.
Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетінін есепке алу керек, бұл бөліктерде қысқаша, сиымды түрде тұтас тараудың (тақырыптың) мазмұны беріледі.
Пысықтауды қажет ететін матриалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде (қарапайым, оташа дәреже, күрделі) дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын таңдайтынын әр оқушы өзі шешеді.
Бұның бір маңызы – күрделі ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрделілік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған оқушыға, яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.
Бұл бөлімнің сабақтарын жоспарлағанда мұғалім оқушылардың өзара сөйлесуін қамтамасыз етуге баса көңіл бөледі.
Мұнда оқу материалының мазмұны оқушылардың өзара сөйлесуінің арқауы және құралы болады.
Сөйтіп, мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындаудағы 5 әрекет қадамнан тұратын даярлық құрылымы қалыптасады (1суретті қараңыз)
1-сурет
1. Модульдің сөйлесу бөліміндегі материалдың негізгі мазмұнын белгілеу

2. Оқу материалын біртұтас, жинақы, «өсу» бағытымен беру

3. Тақырып бойынша жеңілдетілген деңгейдегі және білім стандартының талаптарын қамтамасыз ететін деңгейдегі тапсырмалар дайындау

4. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын және креативтілігін (шығармашылық қабілеттерін) дамытуға арналған шығармашылық сипаттағы материал дайындау

5. Осы бөліктің барлық сабақтарында өзара сөйлесуді қамтамасыз ету

Сөйлесу бөлімін құру қағидалары. Алғашқы үш әрекет-қадам мұғалімнің оқу (ғылыми) материалының тұтас мазмұнын бөліп, оқу модулінің сөйлесу бөліміне орналастыруын құрайды.
Сөйлесу бөлімінің жұмысы төмендегідей негізгі қағидаларды есепке ала отырып құрылады:
•Оқу материалын біртұтас беру қағидасы.
• «өсу» бағытымен оқып үйрену қағидасы (басында шағын түрде, соңынан-мазмұнын біртіндеп аша отырып, көлемін арттырып, қосымша толықтырулар мен фактілер енгізу арқылы). Бұл оқушының оқу материалын бөлек-бөлек емес, кешенді түрде, тұтас тарау (тақырып) бойынша пысықтауын білдіреді.
• Сөйлесу бөлімінің әр сабағында оқу модулінің тақырыбына «қайта оралып отыру» қағидасы (қайталаумен шатастыруға болмайды!). Іс жүзінде тақырыпқа оқу материалыннң көлемі жағынан да, тапсырмалардың күрделілік деңгейі тұрғысынан да «өсу» бағытымен қайта оралып отыру меңгерілген білімді бекіту үшін қажет. Зерттулер көрсеткедей, жады ақпаратты ұзақ уақыт есте ұстап, білім деңгейіне жеткізу үшін оған саналы түрде бірнеше мәрте (7 ретке дейін) қайта оралып отыру қажет. Мұндағы басты мәселе материалды қайталау емес, тақырыпқа қайта орала отырып, оны адамның өз алдына қойған проблемаларын шешудегі құрал- жабдығы ретінде пйдалану.
Мұғалім тұлғаны дамытатын кез келген қызмет емес, тек орындау барысында жағымды эмоциялар тудыратын қызмет қана екеніне көңіл аударуы тиіс. Оқушыға оқу, танымдық қызметпен айналысуы ұнап, ол ақыл ой жұмысынан қанағаттануы тиіс.
Бұл үшін:
Оқушының оқу ісіне шын мәнінде қосылуы үшін ол оқу барысында алдына қойған міндеттерін тек түсініп қана қоймай, іштей қабылдауы тиіс,яғни, оқушы оларды өз көңіл таразысынан өткізіп, мән беруі тиіс (Рубинштейн 1946, 599-604);
Таным процесін өзара сөйлесу арқылы ұйымдастыру оған қатысушы адамдардың талабы мен ниетіне, ойына, көңіл-күйіне және сезіміне едәуір күшті ықпал етеді (Бодалев 1983, 65);
Бірлесе істеген қызмет (шағын топтарда);
а) кейбір қатысушылардың алдағы міндеттерді шешу мүмкін емес деген сенімін жоюға;
ә) қорғану механизмдерінің шығармашылық процеске әсерін төмендетуге ықпал етеді (Грановская, Крижанская 1994,127).
Қабілеттерді (соның ішінде танымдық) дамытуға қол жеткізу неғұрлым демократиялы орта жағдайында жеңілірек болады;
Кейбір қатысушыларға өз қызметінің нәтижелеріне қол жеткізу маңызды болса, енді біреулеріне - өзіндік ойлау қызметі маңыздырақ.
Оқушының өзіне қиындық туғызатын деңгейде оқыту неғұрлым пайдалы, дамытушы болып есептеледі.
Міне, сондықтанда ұсынылған оқу модулінің сөйлесу бөлімінде мұғалім әрбір оқушыға 3 деңгейлік тапсырмалар әзірлейді. І деңгей тапсырмалары оқушылардың шығармашылығын дамытуға бағытталған. ІІ және ІІІ деңгей тапсырмалары оқушылардың бағдарлама материалдарын мемлекеттік білім стандарты деңгейінде игеруін көздейді.
Мұғалімнің әрбір оқушыға әзірлеген тапсырмалары солардың біреуін оқушының өзі қалауы бойынша таңдап алуына есептелген.
Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формаларына қарай тапсырмаларды қарточкаларға – яғни, өзінше бір «бағыттаушы парақтарға» жазуға болады, мұнда не істеу қажет, оны қалай істеу керек және қалай тексеруге болатыны (дайын жауап үлгілері бойынша бірін-бірі және өзін-өзі тексеру арқылы) нақты көрсетіледі.
Егер сабақ жеке – топтық формада өтетін болса, онда оқушылардың әрқайсысы үш нұсқадағы тапсырмалар алады. Олар машинкамен басылған және көшірме аппараттарында көбейтілген болуы тиіс. Мұғалім бір сабаққа әртүрлі күрделілік діңгейіндегі 3 жинақ тапсырмалар дайындап, соңынан оқушыға олардың кез келгенін таңдау мүмкіндігін беру мақсатында сыныптағы оқушылар санына сай көбейтеді.
Егер сабақ формасы – ойын (кез келген түрі) болса, онда тапсырмалар тақтаға жазылуы немесе жазбаша түрде берілуі мүмкін.
Ұжымдық және топтық жұмыс формаларында тапсырмаларды тұтас сыныпқа бірдей жоғары күрделілік деңгейінде беруге болатынын атап өту қажет.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің бірнеше ерекшеліктері бар, оларға назар аудару керек:
1. Бұл бөлімде оқыту және оқу:
а) дамытушы болады,
соған байланысты мұғалімнің оқушылар мүддесіне бейімделуі қажет. Бұдан шығатыны: оқу процесін әрбір оқушының қисынды ойлау қабілетін, ауызша және жазбаша тілін, қабілеттіліктерін, танымдық қызметке қызығушылығын дамытуға бағыттап, жағдай туғызу керек. Жағдай туғызу дегеніміз....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
скачать ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА БІЛІМ БЕРУ бесплатно дипломную работу, база готовых дипломных работ бесплатно, готовые дипломные работы скачать бесплатно, дипломная работа скачать бесплатно казахстан, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРҒА БІЛІМ БЕРУ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]