Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (05. 03. 1866 жыл, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі - 27. 09. 1937 жыл, Мәскеу) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға.
Заманауи жағдайда әлемдік білім беру кеңістігінде іргелі қағида қалыптасты: Әр мектеп өз түлегін өз мектебінде ұстаздық ететіндей дәрежеде дайындауға тиісті.
Бір күні Сәлім байбатша менен Рахым байбатша аң аулауға шығыпты. Бұлардың қасында құсшы болған бір Боқбасар деген қазағы бар екен. Бұлар құстың етін жейміз ғой деп, жол азық алмапты. Аң аулап жүргенде, бұларға ешнәрсе кез келмепті. Ертеден бері намазына шейін аулап жүріп, бір жалғыз шүрегей атып алыпты. Бұлар көп жүріп шаршаған соң бір жерге келіп, дем алмаққа тоқтапты. Әсіресе, қарны ашқан соң атып алған үйректің етін асып жемекке ойланып, Боқбасарға үйректің етін істікке шаншып, «отқа қақта», – деп, бұйрық қылыпты. Байбатшалар дем алуға жатыпты. Боқбасар онша көңілі қош болмай, мешкей байбатшалар, тым болмаса, маған үйректің бір жапырағын тастамас деп, үйректі жайғастыра бастапты. Қашан Боқбасар үйректің жүнін жұлып болғанда, байбатшалар қынжылып, бұлайша депті: «Үйрек бек кішкене екен, екеумізді тойғызбас», [– депті]. «[Ал] Боқбасарға да береміз», – деп, бір сөз айтпайды. Боқбасар қазақ болса да, қу қазақ еді. Байбатшалардың не ойлағанын күні бұрын біліп, оларға айтты: – Шүрегей бек кішкентай, байбатшалар, сіз екеуіңіз тоймайсыздар. Мұны жегендеріңмен қарындарың тоймай, ауыздарыңның дәмін алып, бекер тамсанып, сілекейлерің ағар. Менің ойымша, екеулерің бірдей аш болғанша, онан да шүрегейді біреулерің жеп, біреулерің аш болыңдар, – дейді. Байбатшалар Боқбасардың айтқанын мақұл көрсе де, шүрегейдің етін біріне-бірі қимай, екеулері де аш қалуға көнбеді. Сонда Боқбасар тұрып, былай дейді.....
Баяғыда бір кедей өмір сүріпті. Оның үш баласы болыпты. Бір күні кедей балаларын шақырып алып: – Осы уақытқа дейін мен сендерді асырадым, енді қартайдым, әлім бітті. Сендер болсаңдар, әлі жассыңдар, қалай күн көрер екенсіңдер, – дейді. – Байдың малын бағамыз, – дейді үлкен ұлы мен ортаншы ұлы. – Сен ше? – дейді кедей кіші ұлына. Сонда кіші ұлы тұрып: – Мен байдың малын ұрлап, күн көрем, – деген екен. Оның бұл сөзіне әкесі ашуланып: – Ұры болсаң, менен кет, – деп, үйден қуып жібереді. Бала үйінен кеткен соң жолмен жүріп келе жатса, бір ауыл көшіп келеді екен. Ол көштің артынан қалмай, жүріп отырады. Кеш бата көш бір тоғайдың жанына қонады. Баланы ешкім елемейді. Бір кезде байдың үйі ет асады. Әйелдер үйге кіріп кеткенде қарны ашқан бала қазандағы етті қотарып алып, жегенін жеп, жемегенін тастап кетіп қалады.....
Құрметті мұғалімдер! Егер сіздерге оқушыларды қашықтықтан оқытуды жоспарлау қажет болса, онда бұл әдістемелік ұсынымдар сіздер үшін. Қашықтықтан оқу жұмысын ұйымдастыруға байланысты техникалық және әдістемелік мәселелерді қарастырайық.