Қазақ халқының ең бір ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы, дана ойшыл, халқымызды әлемге әйгілі еткен философ, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлының дүниеге келгеніне, міне, 175 жыл толып отыр.
Ұйқы безін анатомиялық құрылымына қарап басы, орта денесі және құйрығы деп үшке бөлеміз. Без жасушалары өндіретін фермент түтік жолымен ұлтабарға құйылады.
Ол бір заманда Көктелпек, Жамантелпек дейтін ұрылар болыпты. Көктелпек – әкесі, оның баласы – Жамантелпек. – Әке, сенің ұрлыққа шеберлігің қандай? – депті Жамантелпек. – Не қандайын сұрайсың, балам, мен ұя басқан сауысқанның астынан жұмыртқасын сездірмей аламын, – депті Көктелпек. Көктелпек тау басындағы ұя басып жатқан сауысқанның жұмыртқасын ұрлауға өрмелегенде, баласы әкесінің станын ұрлап алып қалады. Қайтып келіп, Көктелпек баласына: – Қалай, ұшырмастан сауысқанның астындағы жұмыртқасын ала алдым, – деп, мақтана сөйлейді. Баласы да: – Я, сіз өте шебер екеніңіз рас, ал мен сіздің станыңызды қалай білдірмей алдым, – дегенде, Көктелпек өз бойына қарап, киімінің жоқ екенін көріп, ұялып: – Я, балам, сенің ептілігің артық екеніне көзім жаңа жетті, – депті әкесі. Ханның атақты арғымақ аты болады. Атты тас сарайға аузына кілт салып, бағады. Ұрылар ханның атын ұрлап әкетуге қанша аңдыса да, шығарып әкете алмайды.....