Зипа

ЗИПА
Көрікті, сымбатты, сұлу, бәденді, шырайлы.
Зипа бой – сұлу, бипаз мүсінді дене.
Сабақ жоспары
Толық
0 0

Боркемік, бұла

Бос, болбыр, осал, жасық.
Мысалдар:
1. Бой түзеген, боркемік.
Күлкі ғой, күйшіл, көңілшек!
(Д. Бабатайұлы, Замана сазы)
Сабақ жоспары
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Асан батыр

Баяғыда бір Естеміс деген шалдың үш баласы болыпты. Ең кішісі Асан. Асан жас кезінен бастап-ақ көзге көріне берген.

Естеміс бір күні Асанға: «Ал, балам, менің өлер алдындағы өсиетімді тыңда. Сен, осы күндердің өзінен бастап-ақ өз күшіңе сиынып, кім болса сонымен керісіп жүресің. Одан аулақ бол»,—деген екен.

Күні жетіп өліп кеткен Естемістен қалған үш баласы өздері күн көру тәсілін ойлаған. Бір күні аңшылықпен айналысып жүрген Асанның алдынан үш атты кісі шыға келеді де, Асанға дүрсе қоя береді. Асан үшеуіне де тойтарыс беріп аттарын, құралдарын тартып алып, өздерін өлтіреді. Сол ауылдың ханының үш қызы болады. Хан қызын ұзатуға кісі шақырады да: «Осы қыздарымды дәу қара тасты қақ жарған кісіге беремін»,—деген. Кезек күткен жігіттер жара алмай, ақырғы кезек Асанға келеді. Асан ханның шартын мүлтіксіз орындайды. Бірақ хан оңай бергісі келмейді. Қанша Асанды бәлеге жұмсағанмен Асан одан қорықпай тірі келіп, әрі айтқанын түгел орындайды. Амалы құрыған хан қыздарын оған береді. Асан ағаларына екеуін беріп, өзі кіші қызды алады.....
Ертегілер
Толық
0 0

Ай мен Жұлдыз

 Ай мен Жұлдыз

Күн батып, шықты көктен жарқырап 
Қараңғы түн, тұла бойым маужырап 
Бұлт арасынан сәулесін төгіп жерге
Қарай берген сенің сұлу келбетіне

Айлы түні жарық жұлдыз көгімде 
Көк аспанда бұлтсыз қара түнімде
Көзге түсті жарық жұлдыз ерекше
Қарай бердім көзім тоймай көркіне 

Ай мен Жұлдыз жарасардай біріне
Бірі болмаса сұлулығы кетер ме?
Көп жұлдыздың ішінен сені тандадым 
Жерге төкті сәулесін, бар махаббатын

Екеуі жанады аспанды жарық қылып
Қараймын да, таңырқаймын үңіліп 
Ай мен Жұлдыз болмаса жер бетінде 
Аспан түні қараңғыдай өтер ме?

Авторы:Оразбеков Диас
Жазылған күні:29.05.20ж

#Шабыт#Келгенде#
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ғылымды, технологияны және қоршаған ортаның көрінісін түсіну үшін периодтық заңның маңызы 3-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Периодтылық
Сабақ тақырыбы: Ғылымды, технологияны және қоршаған ортаның көрінісін түсіну үшін периодтық заңның маңызы 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.4 периодтық кестеде орналасуы бойынша химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиеттерін болжау;
10.2.1.6 периодтық кестенің ашылуымен байланысты дамыған ғылымдардың негізгі бағыттарын тізімдеу.
Сабақ мақсаттары: Периодтық кестеде орналасуы бойынша химиялық элементтерді және олардың қосылыстарын сипаттау;
Периодтық кестенің ашылуымен байланысты дамыған ғылымдардың негізгі бағыттарын тізімдеу.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің графиктік тәсілі 2-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктердің графиктік берілуі
Сабақ тақырыбы: Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің графиктік тәсілі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар: 9.2.2.5 екі айнымалысы бар теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешеді;
Сабақ мақсаттары: - екі айнымалысы бар теңсіздіктерді графиктік тәсілмен шешеді;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0