Дүние жалған келмес-ай, Алғанды қинап бермес-ай. Елім деп жүрген әкем-ай, Өзіңдей ешкім болмас-ай. Үстіне киген көрмесі-ай, Құрып та қалсын тұрмыс-ай. Шақпаған шыбын етінен Талайды тамның бүргесі-ай. Шақырту келді қағазы, Оқылмай қалды намазы. Елден бе асып аты әлем Айтылмай кетті азаны. Әуелі құдай оңдасын, Халқының асыл жолдасын! Арманы кетті бойында ....
Қолыма қалам алдым хат жазғалы, Бiрталай заман болды халық озғалы. Жақсылар, құлақ салып тыңдасаңыз, Дейтұғын жетiм көдек сөз қозғалы. Ертеде бiр шал болған Түркiстанда, Бейшара қасiретпен өткен онда. Екi ұлы қолқабысар жас едi әлi, Күн кешiп жарлылықпен, болған кемда. Жарлы шал жүрушi едi жусан шауып, Байғұстың кемтарлықпен көңлi ауып. Жусанды әдетiнше шауып жүрiп, Ол жерден бiр жұмыртқа алды тауып. Шалда бар адал малдан жалғыз түйе, Оған да жарлылықпен болған ие. Қолымнан бұл шыққанда болмайды деп, Жанындай сақтар едi оны сүйе. Бiр күнi жусан артып базар кеттi, Көрiңiз онда болған ғадалеттi. Алдынан қарсы шығып бiр бай жөйiт оған:....
2011 жылдың көктемі еді... Мен колледждің 3 курс студенті болатынмын. Әдеттегінше түстен кейін жатақханаға келдім. Келсем бөлмедегі құрбыларым сыртқа шығып келейік деді. Мен шаршап тұрсам да құрбыларымның көңілін қимай, шығуға келістім. Бірақ сол күні шыққанымды ешқашан ұмытпаспын... Өйткені сол күні жүрегіме өшпес жара салған жанды кездестірдім...Оқиғаның қалай болғанын басынан бастап баяндайын... Мен, Балнұр және Сая үшеуіміз жатақханаға жақын маңдағы аллейкаға қыдырып шықтық. Сөйтіп бір орындыққа келіп отырдық. Бізге қарама қарсы орындықта бір 3 жігіт отырды. Кішкене уақыттан соң олар біздің жанымызға келіп, таныса бастады. Арамыздағы әзілқойы Балнұр болатын. біздің әңгімеміз жарасып кетті. маған олардың ішіндегі Азамат деген бала ұнап қалды. олар біздің телефон нөмерлерімізді алды. Содан соң біз Азамат екеуіміз жақсы сөйлесіп кеттік. Біз бірнеше рет кездескеннен кейін, ол маған жүруді ұсынды. мен келісімімді білдірдім.Содан бастап менің бақытты күндерім басталып кетті. Ол дәл менің ойымдағы жігіт болатын. Мінезі көңілді, менің көңілімді көтеріп жүретін, сәл ашулансам өзінің сүйкімді қылықтарымен бәрін ұмыттырып жіберетін. Екеуміз жиі саябаққа баратынбыз, кинотеатрларға барып уақытымыздың қалай өткенін байқамай қалатынбыз. Кейін бәрі тез өзгере бастады, одан күмандана бастадым. Оның сылтаулары көбейіп, маған таныс емес достарымен жиі кездесіп қыдыра бастады. Оған звондасам ылғи жауап бермейді, жауап бергеннің өзінде қолының бос емес екенін айтып, кейін өзім хабарласамын деп, хабарласпай кететін. Мүмкін бір қиындықтар пайда болған шығар деп сұрасам "саған оның керегі не? деп дөрекі жауап қайтаратын. Мен оны қатты сүйгендіктен барлық дөрекі сөздерімен, жағымсыз қылықтарына еріксіз шыдадым. Бірақ оның неге осылай жаман жағына өзгеріп кеткенін түсінбедім...Екеуміздің арамызда бәрі де тамаша болатын, әлде оған қатты ғашық болғандықтан ба, оның ондай мінезі бар екенін байқамаппын......
13 ақпан 2011 жыл. Бүгін күндегіден ерте ұйқыға жатқам. Үйде жалғыз жатқанда күнде телевизор қосып ұйықтайтынмын. Сол күні де телевизор қосып ұйықтап қалдым, терезеге қатты ұрылған дыбыстан шошып оянып кеттім, оянсам бөлме қараңғы. телевизор өшірулі, свет жоқ екен. терезеге сабалап ұрылған ағаштың дыбыстары екен. Қатты қорыққанымнан агентімді қостым, түнгі 3 те кім отырсын ешкім жоқ. Содан қосылып тұрған адамдарды іздедім қорқынышымды сейілту үшін. Өзімнің фамилиям бойынша қосылып тұрған адамдарды іздесем 4-5 адам онлайнда отыр екен оның 2 адамына достық хатын жібердім. Ешкімнен жауап болмады соны күтіп жатып ұйықтап кетіппін. Ертеңгі күні кештеу агентке кірсем достық хатын жіберген екі адамның біреуінен жауап келді. екеуміз ұзақ сөйлеспедік, ол қолының тимей жатқанын айтып менім ұялы телефонымның нөмерін сұрады. Мен нөмерімді бердім. Шамалыдан соң тойға бара жатқанын айтып түнгі 1-2 лер шамасында хабарласатынын айтып звондады. Түнгі 1 ден өте жаңағы жігіт хабарласты. Әңгімеміз ә дегенде жарасып сала берді. Екеуміздің алғашқы әңгімеміз ата-анамыз туралы болды. Екеуміздің ата-анамыз өте ұқсас екен. менің де оныңда папасы мен мамасы өнерге жақын адам болып шықты. Содан телефон арқылы арамыз өте жақын болып кетті. Күнделікті бір-бірімізге ммс -пен суретімізді жіберіп, сағат сайын хабарласып тұрдық. Қуанышымызбен қайғымызды жасырмай айтып отырдық. Мен оған көрмесемде қатты бауыр басып кеттім. Мен оны қатты сүйетінімді түсіндім. Сағынышым көздің жасына ұласып телефонда отырып жылапта алатынмын......
Пән: Информатика Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Оқыту ойындары Сабақ тақырыбы: Жобалау. Блок-схема 2-сабақ Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): жаттықтырушы 2D мини қосымшасын құру Сабақ мақсаты: - 2D мини қосымшасына блок-схема құру...
Колхозды ауыл бұлтсыз таза күн батқан Мезгіл еді ұйқысына ел жатқан. Келі жатты жігіт пен қыз қыдырып, Қалған білем оңашалау кідіріп... Ауыл сыртын бұлар кезіп келеді, Қыз тыңдайды, жігіт сөйлеп береді... Күліседі, әзілменен қағады, Екеуіне не айтса да жағады... Бұлар міне бір бақшаға бұрылды, Әне отырды, тағы неге кідірді?... Сезім жеңді, отты қ ұшақ ашылды, Ыстық беттер бір-біріне басылды........
Өткен жазда. қыз шахтермен танысты, Сүйді қатты, шығарып сап, қыз қалды, Сүйген жарын барлық жұрттан қызғанды, Қимаса да кете алмады, ермеді. Ақыл жеңді, жүрекке ерік бермеді. Поезд кетті... Арттан ұзақ қарады, Алқынғандай тым жиі дем алады. , Қалшы, қал деп шақырғысы келеді, Жаны өртте, жаспенен су себеді. Жүрегімен доңғалақтар дүрсілі, Бірге қақты, бір жүрісі, бір сыры.....
Пән: Көркем еңбек Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті Сабақ тақырыбы: Сыйлық дегеніміз не? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.3.2 Әртүрлі тәсілдермен және материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) көлемді пішіндер жасау Сабақ мақсаттары: • Шығармашылық жұмысты орындау үшін балама материалдарды және орындау тәсілдерін ұсыну; • Компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру........
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көп түрлілігі Сабақтың тақырыбы: Буынаяқтылар және хордалылар типтері 2-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.1.1.4 Буынаяқты және хордалы жануарлар кластарының ерекше белгілерін сипаттау Сабақтың мақсаты: Буынаяқтылар кластарының ерекше белгілерін анықтау; Хордалылар типі кластарының ерекше белгілерін анықтау; Буынаяқтылар мен хордалылардың ерекшелігіне қарай ажырату.......