Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: VI – IX ғғ. Қазақстан Сабақ тақырыбы: Түріктер туралы тарихи деректер (3-сабақ) Сабақтың мақсаты: Оқушылар: • Көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттайды; • Ерте ортағасырлардағы көшпелілердің дүниетанымының ерекшеліктерін түсіндіру.
Білесіз бе,жаратушы ием маған үлкен сыйлық сыйлады.Ол өте қымбат, бағалы əрі əдемі.Менің өміріндегі үлкен сыйлық сол болды.Жо-жоқ, көлік немесе зәулім сарайдың айтып тұрғаным жоқ.Менің өмірге келуімен себепші болған жанды айтып тұрмын.Дұрыс айтамыз ол менің-анам.Ең бірінші алғысым жылы саған айтамын.Себебі кіршіксіз, ақ көңілді ананың маған жолыққанына ризамыз. Тоғыз ай,тоғыз күн мені құрсағының көтеріп,мейірім төккеніңе алғысым шексіз.Түн ұйқысыз ды бөлгенім үшін,құрсағыңызда тыным таппай тебіреніс үшін,қиналғаныңыз үшін кешірім сұраймын.Тек сіз ғана,менің қырсық мінезіме шыдайсыз,егер ауырып қалсам жаныңызды беруге даярсыз.Бүгінде мен бойжеттім.Енді сізге менің көмегім қажет.Дəл мені кішкентай кезінде қалай асырап бақсаңыз,мен сізге оны еселеп мейірімімді төгіп,қамқор болуға тырысамын.Біраз жылдар бұрын еткен еңбегіңіздің бүгін жемісін көресіз.Қазір де,белден шыққан баласын жат санап,соқыр сезімге бөлінген аналар қаншама?!Анашым,сізді олармен салыстыру менің ойымда жоқ.Аналар балалары үшін жанын беруге даяр тұрғанда,көкек аналар көбеюде.Шіркін,сізді жақсы көретінімді сөзбен жеткізе алсам ғой.Талай аузы дуалы ақындарда,күйшілерымен, жыршылар да"Ана "сөзінің құдіретіне таңқалған.
Жеті жұлдыз бірігіп,күндей жарық бола алмас,
Жеті жеңге бірігіп,ана орны тола алмас,-иə ананың орны əрдəйім ерекше.Осы арада сізге бір естігенімді ортаға салайын:Түркия мемлекетінің президенті əлемдегі ең жақсы президент деп ойлаймын.Неге екенін білесіз бе, ол күнде түнде жатарда анасының аяғын сүйіп,кейін ұйқыға жатады екен.Көрдіңіз бе,Алла тағаланың құдіретін,сол президентке қанша қастандық жасал адам, əлі күнге дейін қорықпай,елді басқару жұмысын жүргізіп отыр.Менің бұл жағдайдан түйгенім,егер саған барлық əлем қарсы тұрса,бірақ оны Алла қаламаса ешкімнің тырнақтай зияны тимейді.Егер барлық əлем саған жақсылық жасаймын десе,егер оны Алла қаламаса тозаңдай жақсылық жаныңа жуымайды.Байқадыңыз ба,ана мейірімі өз баласына жаманшылықтан сақтап қалуда.Есіңізде болсын,ананың разылығын алмаған адам жəннəтқа кіруді ойына алмай-ақ қойсын.Серік Қалиевтің мынадай сөзі бар еді:.....
Қазақ тілі – ғажап тіл. Оның болашағы да ғажап. Н.Ә.Назарбаев
Тіл қай елде, қай ұлтта болсын - қастерлі, қасиетті, құдіретті ұғым. Тіл әрбір адамға ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен бойға сіңген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады.Тіл – халықтың рухани, мәдени сапалық, байлығының дамуының құралы.
Ана тілдің қасиеті, сапасы туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Адамның қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл – тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Бүкіл әлемге белгілі Шекспир шығармашылық өмірінде он үш мың сөз қолданған болса, ал өзіміздің қазақ халқының жазушысы ұлы Мұхтар Әуезов бір ғана «Абай жолы» романында он алты мың сөзді керек еткен. Міне, осыдан қазақ тілінің қасиетті де қастерлі, асыл тіл екенін ұғамыз. Ұлы ақын Мұқағали Мақатаев: «Ал екінші бақытым – тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім,»-деп жырласа, Мағжан Жұмабаев: «Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың, Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі сен қалдың», - деп толғанады. Осы екі ақын да сол кездері тек тілдеріне ғана үміт артқан еді. Сол үміттің ар жағында бізге деген сенім де жатыр......
Менің жұдырықтай жүрегімнен жарты әлемдей орын алған, түйе жейтін жапырағы да, түйе аунайтын шаңдақ топырағы да жаныңа шипа, дертіңе дауа болатын қасиетті туған жерім – тарихкөз тарландар тараған Шардара. Шардарамыз – өнер мен мәдениеттің қайнаған қазаны. Жер-анасы алдындағы қасиетті парызын терең білімі, қилы өнерімен өтеп жүрген жалынды ұл – қыздардың ішінде өлкеміздің дана болмысты, ақиық ақындар тобының қай кезеңде де мәртебесі биік. Әрбіріміздің көңіл көкжиегімізде туған жеріміздің алып тұлғалары дегенде, ә дегеннен-ақ бір кітап боларлық ақын-жазушы есімдері елес береді десем де артық емес. Шағыл құм шабыт берген шайырлардың ұлы көші- шығармашыл Шардараның аяулылары Қасқыр Серікбаев, Бауыржан Қарабеков,Жұмабек Мұқанов,Әмірхан Балқыбек,Нұрғали Ыбырайым, Әлібек Шегебай, Қазыбек Иса, Құрманбек Шәметов, Оңалбай Еспанов, Құдайберген Өтеш сынды дарабоз ақындардан бастау алып,Әбдіғаппар Айдаров, Қанат Дауылбаев, Сәбит Лаханов, Ажар Сламова сияқты шоқжұлдыздар шоғырымен жалғасын тапқан. Ой салтанаты биік майталман ақындарымыздың жыр жайлауына сапар шексек, сөз патшасы өлеңді қиыннан қиыстыра өрнектеген шырайлы шумақтарды көреміз. Қашанда қабағы ашық құмды мекеннің мақтан тұтары - Бауыржан Қарабеков: Өмірде шалқыдық па көк теңіз боп, Әйтеуір артымызда өткен із көп.
Шығып ем Шардарадан...шартараптан,
Келемін әлі күнге көктем іздеп,- деп туған өлкесін жырында тіліне тиек ете жүретінін көрсетеді. «Ер – туған жеріне»,-демей ме, ендеше өлеңімен туған аймағының атын шығарған Бауыржан атамыз- нағыз ер. Ал ақындық майданында талай жауынгерді шыңдап шығарған ардагер ақын Қасқыр Серікбаевтың шумақтары өсиетке толылығымен ерекшеленеді.Ақын өлеңінде: Құмар бол жастан білімге,
Кімдігің қызыл тіліңде.
Сәл нәрсеге шалқайып,
Сәл нәрсеге бүлінбе, -дей келіп, тірлігіңде жастарға үлгі болатын жақсы сөз қалдыруды насихат етеді. Жалпы, Қасқыр ақын шығармашылығында Майлықожа үлгісі байқалады. Шағалалы сұлу Сырымызды сөзіне қоспаған Шардаралық шайыр жоқ шығар. Солардың бірегейі, абыз даланың бауырында еркелей ескен Сырдариясын: Сұлу Сыр,.....
Пән:Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары Сабақтың тақырыбы: «Йод ерітіндісінің крахмалға әсері» Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.1.41 топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылығын түсіндіру; 10.2.1.42 тұз қышқылының химиялық қасиеттерін оқып білу және оның қолданылу аймағын білу; 10.4.1.12 адам ағзасындағы йодтың биологиялық ролін білу және Қазақстан территориясында йод жетіспеушілігіне байланысты туындайтын ауруларды түсіндіру және осы мәселелерді шешу жолын ұсыну; Сабақтың мақсаттары: Бұл сабақта - Галогендер ұғымын түсінеді - Галогендердің қасиеттерін зерттейді - Зертханада хлор сутегін алу тәсілін және оны түтікке, колбаға жинауды білу.Хлор сутегі қасиеттерін сипаттай білу......
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Геометриялық салулар Сабақ тақырыбы: Хорда ұғымы. Орта перпендикулярдың анықтамасы. Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: диаметр мен хорданың перпендикулярлығы туралы теореманы дәлелдейді және қолданады Сабақ мақсаттары: - хорда мен диаметрдің перпендикулярлығын анықтау және теореманы дәлелдеу; - диаметр мен хорданың перпендикулярлығы туралы теореманы есептер шығаруда қолдану - хорда мен диаметрдің перпендикулярлығын дәлелдеуге берілген есептерде қолдану......
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық биология: Сабақтың тақырыбы: Прокариоттық эукариоттық жасушалар 1-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстыру Сабақтың мақсаттары: Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктерін сипаттау; Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларын салыстыру; прокариоттық эукариоттық жасушалары тән ағзаларға мысалдар келтіру.......