Бозбалада тағат жоқ қыз дегенде, Таптырмайды қыз деген іздегенде. Ақтолғай. Біздің көңіл қашаннан өзіңде ғой, Сіздің жүрек не дейді-ау біз дегенде. Ақтолғай.
Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз М.Әуезов
Біздің қазекеңдер қыз баласын қонақ ретінде сыйлап, төріне шыығарып, бетіне келмей,нәзік гүл екендігін сезіндіре білген.Тал бесігінен жат жұрттық екендігін түсіндіріп, бойына асыл текті қасиеттерді «қызым саған айтам, келінім сен тыңда» қағидасына салып тәрбиелеп отырған. Тек ділімізде ғана емес, дінімізде қыз баласының наласы мен ризық- несібесінің мол болатындығы, жақсы қыз әкесі мен ағасын бірдей жұмаққа кіргізетіндегі, риза кейпі сол үйдің байлығы мен берекесін ұйытатыны хақ дүние.
Ең алдымен «қыз баласы» деген ұғымға тоқталып өткенім дұрыс шығар. Мен үшін қыз- болашақ ана, аяулы жар, үлгілі келін. Қыз баланың тәрбиесі тек өзінің ғана болмысын көрсетпейді. Дүйім жұрттың, бір қауым елдің, қырық үй қарайласқан аялы алақан мен үлгілі өнегінің бейнесі. Бойға сіңген қасиет арқылы сыйы артып, сыбағасын алады. Бір қызды тәрбиелеу- бір ұлтты тәрбиелеу. Қазақта «әйел -ана», «әйел- жар» деген керемет тіркестер қалыптасқан. Расында, әйел мен ана, қыз бен келін т.б атаулардың қандай айырмашылығы бар?......
Біз қырандай самғаған, алдымызға мақсат қоя білген, ертеңіне сеніммен қарайтын ұлы халықпыз. Біз әлем картасынан ойып тұрып, орын алып, мәңгілік елдің іргетасын қаладық. Жаңа ғасырдың ұлы мемлекеті - Қазақстан!
Н.Ә.Назарбаев
Ен далада есіле,кең далада көсіле өмір сүрген ұлықты халықпыз.Сонау ықылым заманнан бері ата-бабамыздан қалған шынжырлы міндетті ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып, қазақ елінің еңсесін тіктедік.Тарих тамырының түкпірінде жатқан құндылықтарымызды сақтап,алдыға үлкен мақсат қоя білдік.Көптеген қиындықтарды халқымызбен бірге жеңіп,Ресей бұғауынан босап,келешегіміздің,ұрпағымыздың болашағын ойлап,ел тарихындағы маңызды шешімді қабылдадық.Бұл шешімді қабылдауда ұлт зиялылары мен ұлт көшбасшылары көп үлес қосып,халқымыздың жаңа елдік идеологиясын қалыптастырды. Осылайша біз жаңа,арманы асқақ болашағымызға қадам бастық.
ⅩⅩ ғасырда тәуелсіздігімізге,елдігімізге қол жеткізіп,төрткүл дүниені ат тұяғымен дүбірлеткен бабаларымыздың асқақ арманын орындадық.Осы бір қиын жолды қазақ батырларынын бастап,Ахмет Байтұрсынов,Сәкен Сейфуллин,Міржақып Дулатов аталарымыз тар жол тайғақ кешумен және халықты жігерлендірумен ұлтымызды қоғады.Олар еліміздің мықтылығын,ұлылығын барша ұлтқа танытпақшы болды.Еліміз тәуелсіздігімізді алғаннан кейін алты құрлыққа танылған халық атандық.Осылайша еліміз қырандай қомданып,тұғырына қайта қонды......
Қазақ өнерінің кемелденуіне, әлемдік әдебиет пен мәдениетке қымбат қазына қосқан, «сарқылмайтын, бітпейтін, жасарып, жаңғыратын, өмірдің өзіндей, жапырағы мәңгі жап-жасыл, жалғаса беретін» әлемдік құбылыс, қазақ әдебиетінің шыңы саналатын, қазақ халқының ғасыр перзенттерінің бірі - Мұхтар Омарханұлы Әуезов.
Мұхтар Әуезовтың есімін атаған кезде ең алғаш Абай бейнесі, «Абай жолы» эпопеясы көз алдымызға келеді. ««Абай эпопеясы-творчествоның тылсым сырына, өмір мен өлеңнің өзара байланысына терең бойлаған туынды, ақын мен поэзия жайлы әлем әдебиетіндегі ең шоқтығы биік үздік шығарма» деген екен М. Луконин.
Шынында да, «Абай жолы» - М. Әуезовтің шығармашылық зор мұрасы, қазақ әдебиетінің мақтанышы, кезінде көпұлтты кеңес әдебиетінің ірі жетістігі саналған айтулы туынды. М. Әуезов осынау ұлы туындысын жазуға жан-жақты ұзақ даярлықпен келді, көптеген жылдар бойы Абай өмірі мен шығармашылығын сарыла зерттеді, шығармаларын жариялады, ақын туралы очерк, мақалалар, көлемді зерттеу еңбектер жазды.
Абай - эпопеяның бас кейіпкері. Өйткені, осынау төрт томдық ғажайып асыл рухани қазына ең әуелі Абайдай аяулы азаматқа, күрескерге, ұлы ақынға арналған, оның халықпен қуанышты да, қайғыны да бірге бөліскен «қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп соққан ұлы жүрегіне арналған рухани ескерткіш......
Кластастар басқосуы деп әлдекім телефон шалып шақыра қалды. Оларды көрмегелі де оншақты жыл өтіпті-ау. Оқу бітірген соң көп санды кластастарымның тасы өрге домалай бастады. Ешбір таныс-тамырым болмағасын мен бір зауытта жұмыс жасап жүрдім. Әйелім мектепте мардымсыз жалақымен сабақ береді. Екеуміз әр айда тапқан аз ғана ақшамен отбасымызды асырап келеміз. Бас қосуға бару ойымда жоқ еді. Бірақ, бала күнгі достардың көңілін қимадым.
Әйелім ұлымның сабақтарына қолғабыс етіп жүр. Бұл қаладағы деңгейі жоғары орта мектепте ақша төлеп оқытуға жағдаймыз белгілі. Алайда бастауышты жақсы нәтижемен аяқтаса, үкімет қаржысымен жақсы мектепте оқуға орай бар еді.
Бас алмай сабақ қарап отырған балама мейірлене қарап қойып, үйден шықтым. Бас қосу осындағы ең ірі «Салтанат» қонақсарайының оңаша бөлмесінде өтеді екен. Мен кірген кезде кластастарым жиналып қалыпты. Дастарқан қыза бастады. Көбі бастық болып алған. Тіпті класта ең нашар оқитын Балтабек те білдей бір соттың бастығы. Бір-бірінің мақтауын асырып, шалқып отырды. Үстелдегі тағамдарға қарап, өз тұрмысымды ойладым. Мына аста-төк дастарқан әйелім екеуміздің үш айлық еңбекақымызбен бірдей. Балтабек мына дастарқанды өзі жайып отырғандай жік-жапар болып, қонақтарға шарап құйып жүр. «Дастарқанды өзім жайып отырмын. Бүгін мен қонақ етейін. Ақшасын өзім төлеймін» дейді кеудесін қағып. Бастық болған қандай жақсы. Қыран-топан дарақы күлкі, сыңғырлап, босап жатқан қымбат бағалы арақ бөтелкелері........
Айлы аспаннан, шым жібектей, Сорғалаған сұлу жырды, Махаббатты келешектей Ал өмірден сұлу күнді. Саған арнап сыйға тарттым, Сәулем пилот, алшы менен. Бал көмейден сыр ағыттың, Әсер алып, қалқам, сенен Болат қанат құрыш құспен Сен қыран боп көкке ұшқан, Тізбектелген жыр да менен......
Пән: Көркем еңбек Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат Сабақ тақырыбы: Кемелер көлік ретінде Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.2.3.1 Әртүрлі тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру Сабақ мақсаттары: • Қағаз кемелерді дайындаудың түрлі тәсілдерімен танысады. • Қағаз кемені дайындау барысында өлшеу, белгі соғу, сызық ізімен қиып алу, бөлшектерді жапсыру, біріктіру және құрастыру дағдыларын дамытады......
Пән:Геометрия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Декарттық координаттар және векторлар Сабақ тақырыбы: Векторлардың скаляр көбейтіндісі 3-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.1.3.4векторлардың скаляр көбейтіндісін және оның қасиеттерін білу және қолдану; Сабақ мақсаттары: Оқушылар векторлардың скалярлық көбейтіндісін біледі және қолданады......