Шығарма: Еліміздің тағлымды тарихы

Міне, көзді ашып жұмғанша уақытта зымырап өтіп бара жатыр. «Уақыт – ұлы дәрігер» дегендей, халқымыз бастан кешірген сұрапыл қайғы мен қасірет жеңілденді, ер-азаматтарымыздың төгілген қаны мен тері өзінің жемісін беруде. Ұлы Жеңістің 71 жылдығы және Ұлы Отан Соғысы басталуына 75 жылдығы да жақындап келеді. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары да азайып барады. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Сол себепті біз ардагерлерімізді құрметтеп мақтан тұтуымыз керек. Батыр дегеніміз- ел басына күн туған шақта ел-жұртын жанын аямай қорғай білу. Қазақ халқы- ежелден батыр халық. Бұған сан ғасырлық тарихымыз, батырлық дастандарымыз айғақ. Сол шайқастарда талай боздақтарымыз қыршыннан қиылды, елінің болашағы үшін жанын пида етті. Ауыл тұрмысын жақсартуда сүт-тауарлы фермасын ашып, ел болып қыруар еңбек жасағанын әңгімелегендерін үлгі –өнеге ретінде қабылдаймыз. Сол кездердегі үлкен тұлғаларда біздің ауылдың қадірлі қонағы болған. Солардың бірі – Дінмұхамед Қонаев ауыл ақсақалдары мен еңбек ардагерлері, үлкен-кішілерімен кездесіп қолын алды.«Қазақта Димекеңдей кемеңгер тұлғалы адам кемде-кем. Тағдыр маған онымен үш мәрте көзбен көріп, кездесуді жазыпты» деп әңгімелейтін атам. .....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұрпағымыз соғысты көрмесін!

Таң атар кез. Мүлгіген тыныштық. Тіршілік нышаны әлі байқала қойған жоқ. Көк майса шөпте моншақтай шықтар әлсін-әлсін көрінеді. Жаздың мамыражай шағы. Тіпті шыбынның өзі шырылдамайды. Айнала тылсым тыныштық көрпесіне еніп кеткендей. Тарс етіп, күнгей бетте бір нәрсе жерге түсті. Тыныштық бір мезетте беймәлім дыбыстан үзілді. Жан шошырлық дүрсіл айналаны жаулай бастады. Қызараңдап атып келе жатқан таң шапағы бір мезгілде көрінбей, көзден ғайып болды. Аспанды қара бұлт торлады. Кең даланы қара қошқыл тұман көмкерді. Сол сәтте-ақ табиғат әсем бейнесінен айырылып, тіршілік атаулы үрейге бөленді. Бір сәтте бәрін түп тамырымен өзгертіп жіберді. Отанға қауіп төнгені осы мезетте сезілді, жүрек дүрсіл қағып, дабылдап Отан-Ана көмек сұрап тұрды. Міне, қисапсыз қайғы-қасірет пен қыршын жандардың өмірін қиған сұм соғыстың алғашқы ұшқынының өзі соншама қорқынышты, аяусыз еді.
Барша адамзат баласын дүр сілкіндірген, тарихта ізін қалдырған, жүректерде өшпес жара салған Ұлы Отан соғысы жайлы біз балғын балалық кезімізден бері білеміз. Әркез соғыс жайлы сөз қозғалған сәтте көзіне жас алып отырған ата-әжелерімізді көргенде, өзіміз де тебіренетін едік. Алайда, ол кезде оның қаншалықты аяусыз ауыр болғанын әлі күнге дейін түсінбеппіз-ау. Бала көңіл алып-ұшпа боп келетіндіктен бе екен, соншалық ой жүгіртіп, елестетіп те көрмеген шығармыз. Сондағы, ардагер атамыздың сөз соңында «Ұрпағымыздың басына ешқашан мұндай күн тумасын! ....
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Алтай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мұнартып кәрі Алтай бұлт ораған,
Алма бетін ақ қарменен сұлу тау опалаған.
Маржан таққан сәукелең шың басыңа,
Ноқат салып таспенен кербез тау шұбарланған.

Бүгін Алтай,
Жаңарғандай,
Жаңарғандай,
Ұйқысынан оянып,
Шаттанғандай,
Шаттанғанда-ай!.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Босмойын (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айта бар, барсаң сәлем босмойынға,
Бос болса, келе кетсин осы ойынға.
Патсайы атылас көрпе белден салған,
Жатты екен қандай жігіт сол қойынға.

Үйреткен домбыраның күйін маған,
Көрсетші сұлулардың үйін маған.
Кешегі жиырма бестің дер щағында,
Нәсіпті тартып алдық бұйырмаған.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жан сәуле (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жан сәулем, асыл бейнең көз алдымда
Көрегенде нұр жүзіңді тқзе алдым ба?!
Әніңе жаным құмар,
Қол жетпес сен бір шынар.
Қол жетпес арман бір күнің,
Шырқашы, сәулем,
Шырқашы, сәулем,
Ән болып өтсін бұл жылың,
Шырқашы, сәулем, бұлбұлым!

Өзгеге қайтіп сені қия аламын,
Бір өзің жүрегімде ұяладың.
Күн болшы аспаныма,
Нұр толсын жас жаныма......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Марқұмның жылдығында айтылған жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жетім-жесір атану
Лайық па еді біздерге?!
Жыл айналды келмеді,
Болмады күдер үзбеуге.
Із-тозы жоқ жоғалттық,
Дәрменім жоқ іздерге.
Көкірек толған қайғы-шер,
Төгейін, ел-жұрт, сіздерге.
Айтайын, жұртым, ойымды,
Болса сөзім орынды.
Сабазымдай пана боп,
Кім түзер оң мен солымды.
Аяулы қайран сабазым,
Аруағыңа табынам.
Көңілім менің алаң-ды,
Өмірде сенің жоғыңнан.
Қасиетіңді адамдық
Өмір бойы сағынам.
Құдайға бәрін тапсырдым,
Не келеді қолымнан!
Өзің жоқсың ақылшы,
Күн үшін кімге жалынам. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Графикалық файлдар форматтары 2-сабақ (Информатика, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ақпаратты ұсыну және өлшеу және компьютерлік жады
Сабақ тақырыбы: Графикалық файлдар форматтары 2-сабақ
Оқу мақсаты: Файлдарды сақтау кезінде олардың әртүрлі форматтарын қолдану
Сабақтың мақсаттары: Файлдарды сақтау кезінде олардың әртүрлі графикалық форматтарын қолдану.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): ДНҚ репликациясы. Мезельсон мен Стальдің эксперименті.Чаргафф ережесі 2-сабақ (Биология, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық цикл және ДНҚ
Сабақ тақырыбы: ДНҚ репликациясы. Мезельсон мен Стальдің эксперименті. Чаргафф ережесі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Оқушылар:
• 10.4.1.7 ДНҚ репликациясы үдерісін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
ДНҚ репликациясы үдерісіне қатысатын маңызды ақпаратты анықтайды және ретімен түсіндіреді;
Мезельсон мен Стальдің экспериментін сызба арқылы түсіндіреді;
Чаргафф ережесін ауызша түсіндіреді;
Чаргафф ережесіне қатысты есептерді шығарады;......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кристалдық торлар 1-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Химиялық элементтердің периодтық жүйесі
Сабақ тақырыбы: Кристалдық торлар 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): заттардың физикалық қасиеттерінің кристалдық тор түріне тәуелді болатынын түсіндіру;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар жасай алады:
Оқушылар кристалдық торларды ажырата біледі. Әртүрлі қосылыстың кристалдық торлары әртүрлі болатындығын біледі.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0