Шығарма: Болмасын қайта қантөгіс

«Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға,
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?»
Сырбай Мәуленов
Ұлы Отан соғысы аяқталып, Жеңістің туы желбірегеніне биыл - 71 жыл! 9мамыр – бұл мыңдаған саналы жаңа ұрпақ үшін ортақ қуаныш. Бұл мерейтой – біз үшін де ұлы күн! Ұлы Отан соғысы біздің әрбір соғыс тауқыметін көрген ата-әжеміз үшін жүрегіне өшпестей қара іздерін қалдырды.Ер есімі - ел жадында мәңгіге.Біз батырларымызды мақтанышпен әнге қосып жырлаймыз.Себебі, Отан үшін қасық қандары қалғанша күресіп, бізге осындай өмірді сыйға тартты. Бұл жеңіске қол жеткізудің сыры Отанға деген сүйіспеншілік пен қайтпас қайсар ерлік, сын сағаттағы патриоттық сезімдерде жатыр.....
Шығармалар
Толық
0 0

Өлең: Жайдарман (Қазақ ауыз әдебиеті)

Көрісеңші көзіме егіндей боп,
Жаңа шыққан егіннің көгіндей боп.

Қайырмасы:
Жайдарман қара көз,
Жақсы құрбым,майдай сөз.

Аңсап,шаршап алыстан келгенімде,
Жан көрінбей көзіме өзіңдей боп.

Қайырмасы.

Айналайын көзіңнің қарасынан,
Хат жазамын қасыңның арасынан.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Байжігітті әйелінің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Асығыс айтып саспайын.
Бұлаңдап жүрген бұлғыным,
Қысқа болды-ау өмірің,
Аяққа құйған астайын.
Құдай қосқан қосағың,
Зарлап қалды жастайын.
Бес атаның баласы,
Мына бір сөзге қарашы,
Сенген жақсың кеткен соң,
Кімге сеніп жүрсіңдер?
Алыстап бара жатыр ғой
Ағайынның арасы.
Артықша туған арыстаным,
Мақшарда біткей жарасы.
Әуедегі жұлдызым,
Су ішінде құндызым!....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Неліктен Александр Македонский скифтерді бағындыра алмады? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүние жүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ежелгі Грекия
Сабақ тақырыбы: Неліктен Александр Македонский скифтерді бағындыра алмады? 2-сабақ
Оқу мақсаты: 5.3.2.1 ежелгі дәуірдегі мемлекеттердің қарым-қатынастарын сипаттау үшін «империя» сөзін білу және қолдану
5.3.2.2 жаулап алу соғыстары мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгерткенін түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Александр Македонский империясының скифтердің территориясына жасаған жорығының сәтсіз болуының себептерін анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Компьютер ойыны құмарлық па? Әлде індет пе?

Біз уақытты бақыт деп жатамыз. Осы берілген бақытты тиімді әрі пайдалы өткізу өз қолымызда. Бірақ қазіргі жас өспірім, мектеп қабырғасындағы оқушыларымыз, тіпті 5 – 6 жастағы балалар да және үлкен жастағы ағаларымыз да осы уақытты босқа өткізіп, барлық уақыттарын компьютер ойындарына арнауда. Елімізде бұл компьютер ойындарына қатысты адамдарның ойы екіге бөлінген. Бір тараптың айтуы бойынша компьютер ойындарына құмарту нашақорлықпен пара – пар дерт есептелетін ауру түрі десе. Екінші бір тарап компьютер ойындары баланың дамуына үлкен септігін тигізеді деседі.
Бұл компьютер ойындарына қызығушылықты баланың өзі емес, ата –ананың ықпалынан пайда болады деген де пікірлер бар. Себебі бала тыныш отыруы үшін қолына планшет немесе ....
KZ
Толық
0 0

Қиял-ғажайып ертегі: Сиқырлы тас

Баяғы өткен жақсы заманда бір үлкен бай болған екен, сол байдың жалғыз баласы болыпты. Жалғыз баласының жасы толған соң, бай «баламның қызығын көремін»,—деп жыл сайын жанындағы жәрмеңкеге жібереді екен, саудаға бір мың теңге ақша беріп, һәм сауданың жөнін білмейтұғын баласы сол жолы әкесінің берген ақшасына бір мысық сатып алыпты. Өз үйіне қайтқан соң, бай баласының келгенін есітіп, «балам не нәрсе сатып алып қайтты»,—деп қуаныш көріп, баласына келіп амандасып болған соң сұрайды: «Әй, қарағым, сен не сатып алып қайттың берген ақшама?»—деп. Баласы жауап береді: «Әке, мен бір түрлі хайуан сатып алдым, өзінің өнері сол: бұл жер үстіндегі тышқаннан тышқан қалдырмайтын мысық деген»,—деп. Бай баласының бұл сөзіне ешбір жауап айтпай, үйіне қайтты дейді.

Келер жылы сол уақытта тағы да баласының қызығын көрмекке, саудаға екі мың теңге ақша беріп, базарға жібереді. Бұл жолы баласы базардан екі мың теңгеге бір бүркіт сатып алыпты. Үйіне қайтып келген соң, тағы да әкесіне айтады: «Әй, әке, бұл жолы мен бір түрлі құс сатып алдым. Сол құсым көктегі құстан құс қалдырмаса керек, бәрін қырып жойып бітіреді»,—дейді. Әкесі бұл сөзіне де еш жауап қайтармапты. Келер жылы тағы да сол уақытта үш мың теңге беріп, тағы да базарға жібереді. Бұл жолы баласы бір тазы ит сатып алып қайтты. Үйіне келіп, әкесіне мақтаныш қылып, айтады: «Ата, мен бұл жолы бір тазы ит сатып алып қайттым, оның өнері сол: жер үстіндегі қояннан, түлкіден, қасқырдан түк тастамайды»,—деп. Атасы еш жауап айтпай қойыпты. Төртінші жылы төрт мың теңге ақша беріп, бай баласын тағы да базарға жіберіпті. Баласы бұл жолы бір үлкен сандық сатып алыпты, ішінде не бар-жоғын білмей, кілтіменен. Сатқан кісі бұған айтыпты: «Бұл сандықты ашпай, бір керек бек қиын уақытта ашыңыз, егерде жай уақытта ашсаңыз, өзіңізге зиян келтіреді»,—деп.....
Ертегілер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Тұтқыр сұйықтық. Стокс формуласы. Дене ағыны 2-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика (сұйық)
Сабақ тақырыбы: Тұтқыр сұйықтық. Стокс формуласы. Дене ағыны 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.5.3- Сапалы, сандық және эсперименттік есептерді шешуде Торричелли формуласын қолдану;
Сабақ мақсаттары: Сапалы, сандық және эсперименттік есептерді шешуде Торричелли формуласын қолдану;, қатты денелердің сұыйқтардағы қозғалысын зерттеу.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Өрнектерді тепе-тең түрлендіру (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпмүшелер
Сабақ тақырыбы: Өрнектерді тепе-тең түрлендіру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.13 көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау
Сабақ мақсаты: -Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру туралы түсінік беру
- Көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындай алу
- Оқушылардың математикалық сөйлеу мәдениеттерін дамыту, есептер шығару барысында ұқыптылыққа, еңбектенуге тәрбиелеу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сочинение: Мы твои патриоты, Казахстан!

В самом центре Евразии с давних времен находится великое государство- Казахстан. Мой Казахстан – независимая , свободная страна, идущая вперед, процветающая, летящая, широко расправив крылья, навстречу будущему, следуя своей миролюбивой политике и мудрому правлению государством нашего Президента и народа.
Главным событием для Казахстана, я считаю, обретение суверенитета, независимости Республики. Это послужило началом нового этапа в истории развития Казахстана.Наша страна прошла нелегкий путь, стремясь к Независимости, испытала сложные этапы становления. На этом тернистом пути побед и поражений происходили многочисленные исторические события.....
Сборник сочинений
Толық
0 0