Бісміллә сөздің басында, Алланың аты қасында. Дүние салды қажы атам, Тоқсан екі жасында. Есіктің алды бел болар, Белден бір асқан ел болар. Қажы атам дүние салған соң, Көзімнің жасы көл болар. Мінгенде атым қара кер, Бір Алла өзің пана бер. Қажы атамның қайғысын, Көтерер ме қара жер?! Қажы атам елдің панасы, Ақылдың асқан данасы.....
Айналайын ағайын, Мұңымды айтып шағайын. Ағекем кетіп арманда, Дерттенді көңіл сарайым. Ағекем, ақыл сәулетің, Тойтарушы едің жау бетін. «Ер намысы—ел ісі» Деуші едің аға, дәулетім. Жайраңдап жүрген күн қайда? Тас жүрек тағдыр мұндай ма? Ағеке, сізді ойласам, Көз жасым менің тоқтай ма? Әділет еді сөз басы, Ағекем еді ол басы. Істерің ізгі арман боп, Төгілді көптің көз жасы. Ел сұлтаны арысы-ай, Жүректің тоқтап тынғаны-ай.....
.. Қара жерде қылтыңы жоқ бір елміз, Әрі биік, әрі кеңбіз, тереңбіз. Әніміз бар асқақ жалау сықылды, Көтерілсе - тік көтерер жұртымды. Біз дүниеге мәңгілікке келгенбіз.
Қасым Аманжолов
Мен - кеңпейіл, көңілі дархан әрі әлем халқы ержүрек деп таныған қазақ қызымын. Сан ғасыр адамзат баласын бауырына басқан ұлы дала перзенті де мен боламын. Қазақ қызы ретінде өз елімді, өз жерімді ардақ тұтып, мақтан етемін.Тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктерімен және табысты қайта құрылымдалуларымен тамаша жалғастырып келеді. Жарасымды да жасампаз саясаттың нәтижесінде біз әлемдік прогреске қол жеткізіп, айналаға түгел танылдық. Бір ту астына біріккен ел азаматтары егемен Қазақстанның игілігі жолында еңбек табыстары мен алға қойылған мақсаттардың ойдағыдай орындалуына аянбай тер төкті. Мұның барлығына мың мәрте шүкіршілік ете отырып, жаңа заманның жаңа басталғанын да ескеруіміз керек. Сондықтан түгендейтін де, тыңнан іздейтініміз де жетерлік. Сәл ғана өзімізге сын көзбен қарайық. Бабаларымыз арман еткен тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік? Сан ғасыр аңсап, армандап қол жеткен тәуелсіздік бұқара халқымыз арасында түгелдей шынайы рухани серпіліс туғыза алып отыр ма? Бүгінгі тәуелсіздігіміз тұғырлы болу үшін алда әлі не істеуіміз қажет?.....
Ана ... . Қандай ғажайып сөз. Үш қана әріптен тұрса да, қаншама мағынаға ие. Түн үйқысын төрт бөлген адамды қалай асыл жан, ардақты ана деп айтпайсын. Біз осы дүниенің есігін ашқаннан бастап бізді алақанына салып, әлпештеп, дүниенің алуан түр түсін үйреткен – ана. Біздер үшін не істемеді?
Ойланып қарасаң ана туралы өлең, жыр, ән де көп. Бірақ олардың ешқайсысы ананың махаббатына, бізді осы жарық дүниеге әкелгеніне жетпейді. Қандай ақын, жырау болмасын өз шығармасында анасы туралы айтқан. Міне, мен де ардақты аналар туралы азын ғана айтып өтпекпін.
Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да ешқашан қарызынды өтей алмайсың. Ананың бізге жасаған жақсылығы осы әлемнің жартысынан көбірек. Осы жарық дүниеге келгеннен бастап өз мейірімін аямай, бауырына басып, әлпештеп келе жатқан жан. Біз анамызды қанша ренжіттік, рас қой?! Анаға қанша ауыр сөздер айттық, бір жерге жұмсаса «Қойшы, қазір барам» дейміз. Ал бұл сөз ананың жүрегіне қанша ауыр тисе де, ана бауыр еті баласын жылатып, жұбатпай қалған кезі болған емес. Еш жерден сен тас жүрек ананы көрмейсің, әрбір ананың жүрегінің түкпірінде бір мейрім жатыр. Тек әрбір адам сол мейрімнің ұшқынын жоғалтпау керек, ананы ренжітпеу тиіс. Ана біздің тату-тәтті жүрегімізді көргісі келеді, сылдырлаған күлкімізді тыңдағысы келеді. Бұның өзі анаға бір үлкен бақытты сезінгенге тең. Ананың жүрегінің жылуы шексіз.
Мысалға: дәл мына терезеден қарағандағы ағашты алайық. Сол ағаш бір отбасы секілді кейбір жапырақтары сарғаяды, біздің аналарымыз секілді қартайады, бірақ балаларына әрқашан күлімдеп қарайды. Аналар негізінде өте қарапайым адамдар. Тіпті өздері қанша ауырсада білдіртпейді, біздің алдымызда күлімсіреген көзімен асымызды алдымызға әкеліп қояды. Қандай шыдамды жандар десеңші?!.....
Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Модельдеу Сабақ тақырыбы: Оқиғалардың үш өлшемді моделі. Жоба презентациясы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Бағдарлама құралдарын қолдану арқылы үш өлшемді модельдер жасау. Видео өңдеу Сабақ мақсаты: 3D бағдарламаларда объект және оқиғалардың моделін жасау....
Пән: Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2D ойындарды жасау Сабақ тақырыбы: Шартты бағдарламалау 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.3.9 дайын сценарий бойынша ойын жасау 9.3.3.10 ойын нәтижесін есептейтін алгоритмді жүзеге асыру Сабақ мақсаты: дайын сценарий бойынша ойын жасау.......
Пән:Информатика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Оқыту ойындары Сабақ тақырыбы: Қосымшаларды жасау. Объекттерді басқару 1-сабақ Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: 10.4.2.3. Спрайттарды басқару үшін скрипттар жазу Сабақ мақсаты: Ұтқыр қосымшаны жасау ортасында объекттерді басқару ерекшеліктерін зерттеу...
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электромагниттiк индукция Сабақ тақырыбы: Трансформатор Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.3.5.3 - электромагниттік құралдардың (электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін түсіну; Сабақ мақсаттары: трансформатор ұғымын, атқаратын қызметі, құрылысы, трансформатордың электр энергиясын тасымалдаудағы ролі туралы түсінік беру. ......
Пән:Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер» Сабақ тақырыбы: Қазақстан халықтарының мейрамдары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.6.1 Зерттеу негізінде Қазақстанда тұратын халықтардың мерекелеріне шығармашыл көзқараспен қарау. Сабақ мақсаттары: Оқушылар - «Қазақстан халықтарының бірлік күні» мерекесінің маңызын түсінеді; - Мерекелердің түрлерін ажыратады; - Ұлттық мерекелердің маңызын шығармашылықпен таныстырады.......