Пән:Құқық негіздері Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қылмыстық жауапкершілік Сабақтың тақырыбы: Қылмыстық процесс субъектілері 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме: 10.4.1.2 қылмыстық процесс субъектілерін ажырату Сабақ мақсаттары: Қылмыстық жауапкершілікті және жаза түрлері туралы білім қалыптастырады......
Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Сабақтың тақырыбы: Архимед ашқан жаңалық Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 4.5.1.1 - Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру; 4.5.1.2 - судағы түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау; 4.1.2.1 - зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу; 4.1.2.2 - нәтижені оқушы таңдауымен графикалық түрде ұсыну; Сабақ мақсаттары: Архимед заңымен таныстыру , Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру;....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология және биохимия Сабақтын тақырыбы: Зертханалық жұмыс: Еритін және ерімейтін қанттар Оқу мақсаттары: 10.4.1.3 редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттарды анықтау Сабақ мақсаттары: редуцирленетін және редуцирленбейтін қанттарды анықтау........
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика негіздері Сабақтың тақырыбы: Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру 1-сабақ Оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.1.5 түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және үдеу формулаларын есептер шығаруда қолдану; Сабақтың мақсаттары: Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық, орын ауыстыру түсінігін қалыптастыру; График арқылы қозғалысты сипаттауды үйрету; Аналитикалық және графикалық әдістерді қолданып, есеп шығару.........
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Статика және гидростатика Сабақ тақырыбы: Массалар центрі. Тепе –теңдік түрлері 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.3.1 - абсолют қатты дененің массалар центрін анықтау және әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру Сабақ мақсаты: Оқушылар: • қатты дененің тепе-теңдік шарттарын түсіндіреді; • тепе –теңдік түрлерін сипаттайды; • дененің массалар центрін тәжірибе арқылы анықтайды;........
Кәсіпорын экономикалық көрсеткіштердің жақсы жетістіктерге жету мақсатында, тәжірибелік және ізденіс жүйесі меншікті басқару факторының негізі ретінде бағалау қызметі қолданылады. "Қазақстан Республикасының бағалау қызмет туралы" заңына сәйкес мемлекеттік меншікті жекешелендіру кезінде, басқаруды сенімділікке беру немесе жалға беру, сату, сатып алу, жарғылық қордың салымы ретінде ипотекалық несиенің жүргізілуі кезінде қоғамдық бағалау үлкен роль атқарады. Сонымен қатар мүлік туралы мәміле кезінде міндеттелген бағалау жүргізіледі. Бизнесті бағалау қызметінің үрдісін кешенді тәсілдермен, мемлекеттік реттеу және бағалау қызметінің аналитикалық есебімен қамту негізінде көрсетеді. Бағалаудың әр түрлі әдістер мен амадарын қолдану арқылы ғимараттар, құрылыстар мен көлік құралдарының құнын анықтау келтірілген. Бағалау қызметі ғылыми негізде,оның кез келген тапсырманы орындау үрдісін қадағалайтын, бір қатар қағидалар мен жылжымайтын мүлік құнына әсер ететін ортаның факторларын қарастырады.....
Қазақ халқының ғасырлар қойнауына кетер тарихы, ұлы ұлағат пен адамгершiлiк иманға және тек өзiне ғана тән ерекшелiктерге толы ұлттық құқықтық мәдениетi бар. Бұл мәдениеттiң бастаулары пәк те мөлдiр, иiрiмi – терең де тұңғиық, түла бойы тұнған дүниетанулық ой-әуенге толы өнеге мен өсиет. Сондықтан осынау бiр “өтпелi кезең” атты бимәлiм өлiара дәуiрде тұрған бүгiнгi ұрпақтың басты мiндетi – елеусiз қалған осы асыл қазынасына көңiл аударып, оны өгейсiтпей бауыр тарту, сөйтiп заман көшiнен жұққан шаң-тозаңнан арылтып, оны өзiнiң бүгiнгi өмiрiнiң айнымас тiректерiнiң бiрiне айналдыру. Әрине, бұл оңай шаруа емес, дегенмен оның мемлекеттiк және құқықтық өмiрiмiздiң бүгiнгiсi мен болашағының қажеттiлiктерiнiң бiрi екендiгiн мойындағанымыз абзал. Халқымыздың құқықтық болмысын және мәдениетiн толық игермей, оны өзiмiздiң төл мемлекетiмiз бен құқықтық жүйемiздiң алтын арқауы етпей Республикамызда құқылық мемлекет құрамыз деудiң өзi – “көзжұмбайлыққа” салыну, тарих тағлымына немқұрайлықпен қарау, қазiр жүргiзiлiп және болашақта көзделiп отырған реформаларға пәрмендiлiк пен қуат берер асыл арналарды тануда кешiрiлмес селқостық таныту. Ұлттық құқықтық мәдениетiмiздiң ғылыми түр-тұлғасын сомдап, шынайы табиғатын ашу әлi де болса келешектiң iсi. Бұған дейiн бiз бұл мәселеге тек танымдық қана мәнi бар деген көзқарас төңiрегiнен қарадық, сөйтiп оның тарихи контексiне ден қойдық. Құқықтық мәдениетiмiздiң бүгiнгiсi мен болашағы туралы сұрақты анық та ашық қоя алмадық. Ал, қазiр жағдай түбегейлi өзгердi. Республикамыз Егемендiк алып, мемлекеттiк тәуелсiздiгiмiз өмiр ақиқатына айнала бастасымен ұлтымыздың құқықтық мәдениетiн танып бiлу және игеру, шамамыз келгенше оны жаңғырту және пайдалану күн тәртiбiне қойылып отыр. Өзiне ғана тән құқықтық сезiмi, құқықтық ұғымы және танымы халқымыздың жадында. Ендi өзiнiң осы бiр ерекшелiгiн – ұлттық құқықтық мәдениетiн – ескерудi және соған назар аударуды талап етуде. Бүгiнгi күн оқиғалары халқымыздың дәстүрлi құқықтық мәдениетiн тек танымдық, тарихи ғана мәнiмен шектеудiң ағаттығын, оның бүгiнгiсiне зер салып, болашағына зор үмiт артудың артық емес екендiгiн ескерткендей. Олай болатын болса бұл саладағы бiздiң ғылыми iзденiстерiмiзге де жаңа серпiн, тың леп беру керек. Әсiресе ұлттық құқықтық мәдениетiмiздiң тарихына арналған ғылыми зерттеулерiмiздi оның бүгiнгi халi мен болашағын анықтап, сараптауға бағышталған iзденiстермен қатар әрi тығыз байланысты өрбiткен абзал. Бiз сонда ғана ұлттық құқықтық мәдениеттегi орнын, жетiстiгiн және ерекшелiгiн анықтаймыз, сөйтiп оның дүниежүзiлiк тарихтағы шынайы әрi обьективтi келбетiн мүсiндеуге жол ашамыз. Көшпелi қазақ қоғамындағы құқықтық өмiрдi арнайы бақылап, оны жүйелi түрде зерттеп-зерделеудiң ұзаққа созылған тарихы бар. Оның бастауы көшпелiлер тарихының ежелгi дәуiрлерiне барып тiреледi. Сол кезден бастап қазақ сахарасындағы әдет заңдары хатқа түсiрiлiп, оларды iздеп, жинау, жариялап-зерттеу iсi бiрте-бiрте жолға қойылды. Дегенмен, қолда бар деректер қазақ әдет-ғұрып құқығының зерттелу барысын Ресейдiң қол астына ену кезеңiнен бастауға ғана мүмкiндiк бередi. ....
Кіріспе Ресми атауы: Венгрия Республикасы Астанасы: Будапешт ( 1,76 млн адам) Территориясы: 93 мың.км2 (Еуропа бойынша 16 орын ) Ақша бірлігі: форинт Әкімшілік – территориялық бөлінуі : 19 облысқа бөлінеді. Будапешт ерекше қала статусына ие Мемлекет басшысы: президент ( 5 жыл сайын сайланады ). Венгрия - Еуропаның орталығанда орналасқан мемлекет . Жер ауымағы 93 мың. км2 . Халқы 10,8 млн. адам. Астанасы - Будапешт. Венгрия негізінен, Орта Дунай жазығында орналасқан ел. Жерінің 60% дан астам бөлігі жазық, қалған бөлігі таулы қырат. Жазық жерлері ауыл шаруашылығына қолайлы, таулы аймақтары қалың орман. Мұнда дүние жүзіне әйгілі курортты аймақ – Балатон көлі орналасқан. Климаты қоңыржай. Қаңтар айындағы орташа температурасы -2 - 4°С , шілдеде 20-22°С. Жауын - шашын мөлшері 450 – 900мм . Жазы ыстық қысы суық болғанмен де елдің шығысында құрғақшылық басым. Дунай мен Тиса аралығындағы жерлер өте құнарлы болғандықтан, жүзімдіктер мен шабындықтар алып жатыр.....
КIРIСПЕ Қазіргі қоғамдық қатынастары дамыған заманда әрбір елдің ақша бірліктері, өзінің ақша айналысы ерекшеліктері, дүниежүзілік ақша бірліктері пайда болды. Бүгінде қандай да ел болмасын сыртқы экономикалық байланыстарға және ішкі шаруашылық қатынастарға барып отырады. Ал осы жағдайларда әр елдің арасында сауда жүргізілгенде ақша қатынастарының реттелуін, олардың нақты құнын анықтау маңызды талаптар екені белгілі. Осыған байланысты елдің ақша айналысын тиімді ұйымдастыру формасы белгілі бір ұлттық заңдылықтармен және тарихи қалыптасқан тәртіптер негізінде іске асырылу жүйесін ақша жүйесі деп атайды. Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгерістер енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді. Сонымен ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша реформасының негізі болып табылады.....