Курстық жұмыс: Физика | Толқындық құбылыстар

I Кіріспе:
а) толқындық құбылыстар.
Толқындық процестер табиғатта өте кең таралған. Толғындық қозғалысты тудыратын физикалық себептер түрліше болады. Бірақ тербелістер тәрізді толқындардың барлық түрі де сандық мәністе бірдей не бірдей дерлік заңдармен сипатталады. Егер түрліше толқындық құбылыстарды бір-бірімен салыстырып отырса, онда түсінуге қиын деген мәселелердің өзі айқындала түседі.
Толқын дегеніміз не? Толқын деп уақыт бойынша кеністікте таралатын тербелістерді айтады.
Ауада, қаттыденелерде және ұйық ішінде механикалық толқындар серпінділік күштері арқасында пайда болады. Осы күштер дененің жеке бөліктерінің арасын байланыстырып тұрады. Су бетіндегі толқындардың пайда болуында ауырлық күші мен реттік керілу күшінің ролі бар.
Толқындық қозғалыстың ең басты ерекшеліктерін нағыз көрнекті түрде су бетіндегі толқындардын көруге болады. Толқындар дөнгелек жалдар түрінде ілгері жөңкіп бара жатқандай. Сонда жалдардың немесе өркештердің аралары бірдей дерлік болады. Дегенмен, егер суға жеңіл нәрсе, мысалы сіріңке қорабын, тастап жіберсек, ол толқынмен ілесіп алға кетпей, дәл бір орында тұрып, жоғары – төмен тербеле бастайды.
Толқын таралған кезде ішінде толқын таралатын зат тасымалданбайды, тербелуші ортаның айрықша күйінің орын ауыстыруы болады. Бір жерде (мысалы, тасталған тастан) пайда болған судың ұйытқуы көршілес бөліктерге беріліп, осылай біртіндеп жан – жаққа тарайды. Ал су ақпайды: орын ауыстыратын тек оның бетінің пішіні ғана.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Түнгі табиғат)

Іңірде тұрмын қарап ойға қалып,
Тәтті қиял тулайды жүрек жарып.
Ұйықтаған бар табиғат майда лебі,
Аймалап өтіп жатты бетті шалып.
Ай қалқып, тұнық көкте жұлдыз да тұр,
Тау қалғып сақтағандай құпия сыр. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Телқоңыр)

Телқоңыр қайтып кетті елге таман
Ит-құстан барар ма екен есен-аман?
Ит-құстан аман-есен бара қалсаң,
Сәлемді үш қайтара айттым саған.
Жүгіріп жалаң аяқ шықтым қырға,
Басқаға жолда тұрған мойның бұрма.
Кеткенде аулың шалғай, беу қарағым,
Салсайшы өзімдей қып «Телқоңырға!».....
Өлеңдер
Толық
0 0

Реферат: Философия | Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері

Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді.
Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерешеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті.
Зерттеу тақырыбы: «Қазақ философиясы қалыптасуының тарихи ерекшеліктері» деп аталады. Осы рухани мұра жүйесінде қазақтың ертедегі философиялық ойлау элементтерінен бастап, қазіргі заманғы толысқан философиялық теориясын түгелдей қамтитын ұзақ та жемісті философия тарихы мол орын алды. Оның негізгі бағыттары ретінде тұрпайы-диалектикалық ойларды, дүниеге шынайы түрдегі көзқарасты, дінді тану және басқа да еркін ойлау процестерін, адамгершілік мәселелер мен адам туралы ілімдерді, күш көрсетпеу идеясы және оның күш көрсету саясатына қарсы бағыттарды насихаттау, тағы басқа мәселелері болды. Бұл қызығушылық оқырман қауымының, оның ішінде философтардың тарихи логикасына жету жолында пайда болды. Сонымен қатар сол кездегі қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін бағалағысы келетін біздер үшін, үлкен сын сағат туғандай.
Тақырыптың өзектілігі:
Тәуелсіздікке көзі жеткен Қазақстан Республикасы алдында руханиет саласында орасан зор әрі қасиетті мақсат – халық рухын, оның өзегі – ұлттық философияны жаңғырту немесе қайтадан қалпына келтіру мақсаты тұрған еді. Қаншама экономикалық және саяси жетістіктерге жеткенмен де, мәдени қайта өркендеусіз, Қазақстан өркениетті елдер қатарына еш қосыла алмайды. Біздер ауызша да, жазбаша да «рухы күшті халық», «рухани биік халық» деп бағалаймыз. Қазақылықты немесе ұлттық рухты анықтауға тікелей қатысы бар басқа да қасиеттер болуы мүмкін. Қалай болғанда да олардың қазақ халқының тұтастығынан туындайтындығына күмән келтіруге болмайды. Оны бейнелейтін, санасына сіңіретін адам.
Зерттеліп отырған тарихи кезеңдегі және алға қойылған мақсат негізінде төмендегідей міндеттер бейнеленеді:
- Зерттелмеген жақтарын ашу. Бүгін де осының дұұрыстығын анықтау;
- Деректемелер мен әдебиеттерді топтастыра отырып, әр әдебиеттерге сыни көзқарас тұрғысынан қарай отырып, қазақ философиясының тарихи ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсету.
Философия тарихы туралы жазылған еңбектер ерте заманнан белгілі. Ұлы ғұлама ойшыладардың шығармашылық мұраларын, олардың философияға қосқан үлестері, көтерген өзекті мәселелері жайлы әр елдің, әр заманның тарихшылары айқындап кеткен тұжырымдар, келелі ақын мен сезімге негізделген ойлары баршылық. Оларда философияның қоғамдық сананың ерекше түрі ретінде дүниеге келуіне басқадай алғышарттардың бастысы болып, мифологияның, діннің халықтың қарапайым санасының, ғылымның тигізген әсерлері толыққанды да ерекше сипатталған.....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Үй жануарлары (3 сабақ) (1 сынып, 4 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 Күні
Сабақ тақырыбы:Үй жануарлары (3-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.5.1.2 мұғалімнің қолауымен көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолауымен көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын ауызша тілде қолданады.
Көптеген оқушылар: көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын ауызша тілде қолданады.
Кейбір оқушылар: көптік/ тәуелдік/ жіктік/ септік жалғауларын ауызша тілде қолданады ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Фильмдердегі тарихи оқиғаларды баяндауда көлеңке қолдану (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Сабақ тақырыбы: Фильмдердегі тарихи оқиғаларды баяндауда көлеңке қолдану
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.8.1 Кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті мен мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау.
Сабақ мақсаттары: Көлеңке арқылы кейіпкерлердің портретін сипаттау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Ерлан Біләл Әбділдаұлы (1971 жылы 23 ақпан)

Ерлан Әбділдаұлы Біләл (1971 жылы 23 ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданы Текес ауылында туған) — актер. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2007). Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (2002). Құрмет орденінің иегері (2016).
Ерлан Әбділдаұлы 1971 жылы 23 ақпанда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текес ауылында дүниеге келген.
1993 жылы Қазақ ұлттық өнер академиясының кино және театр актері мамандығы бойынша бітірген.
1993 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
2011 - 2012 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директорының орынбасары.
2014 -2015 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі.
2015 - 2018 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бас директоры.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Шығарма: Ерлікке – тағзым!

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап, жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет – журнал материалдары немесе радио, телехабарлар, кинолар, аталар ерлігін мақтаныш тұта, бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.Қариялар азайып бара жатқанын, әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ашшы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Бұл – ұлы мереке! .....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Бүкіләлемдік тартылыс заңына есептер шығару 1-сабақ (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Динамика
Сабақ тақырыбы: Бүкіләлемдік тартылыс заңына есептер шығару 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): ОМ 16: Жер серігінің қозғалысын сипаттау
ОМ17: геостационарлы орбиталарды білу және оларды қолдануды түсіну
Сабақ мақсаттары: Жер серіктерінің қозғалысын түсіндіре алады және геостацинарлы орбиталар туралы мағұлмат біледі........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Алтай Ебескіұлы

Алтай Ебескіұлы (18 ғ.) - батыр. Қазақстанның батысын, әсіресе, Атырау, Жем, Ойыл бойларын қалмақтардан қорғау соғыстарына белсене қатысқан. Кіші жүздің Кете руынан. Шешесі - Қарлығаш. Қарақыпшақ Қобыландының ержүрек сарбаздарының бірі - Әлмәмбет батырдың немересі. 1731 ж. қалмақтардың қолына түсіп, екі-үш жылдан соң тұтқын алмасу нәтижесінде босаған. 1738 ж. Құм өзенінің жағасын жайлаған қалмақ ханы Дондукқа қарсы Әбілқайыр хан бастаған жорыққа қатысқан. Бөгенбай батыр екеуі 2 мың кісілік қолды бастап .....
Рефераттар
Толық
0 0