Қазақ тілінен сабақ жоспары: №14 сабақ Сипаттау мәтінін жазу (3 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Өнер
Тақырыбы: №14 сабақ Сипаттау мәтінін жазу
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.3.1.1 жоспар/сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрап жазу
3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар жасай алады:
- үлгі негізінде сызба/кестені, тірек сөздер қолдана отырып сипаттау мәтінін құрап жазады;
- мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды;
- тыңдаған мәтін бойынша, мәтін мазмұны бойынша жабық сұрақтарға жауап береді;
Оқушылардың көбі жасай алады:
- сызба/кестені қолдана отырып, бірлесе белгілеген тірек сөздер арқылы сипаттау мәтінін құрап жазады;
- тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды;
- тыңдаған материал бойынша , мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
- сызба/кестені қолдана отырып, тірек сөздер арқылы сипаттау
- тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша оқиғаны өрбітіп әңгіме құрайды;
- тыңдаған материалынан мәтін мазмұны бойынша ашық және жабық сұрақтар нақты тұжырыммен жауап береді;....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қаныш Сәтпаев (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Қаныш Сәтпаев
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.3.5.1. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу.
Сабақтың мақсаты: Көлемді ақпараттарды оқи отырып, ойын ықшамдап жинақы мәтін жазуға үйрену. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдарманның назарын аударту «Қызық дәстүр» Әдібай Табылды (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы: Тыңдарманның назарын аударту «Қызық дәстүр» Әдібай Табылды
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.1.4.2 сөйлеу барысында иллюстрациялар/ көрнекіліктер/ фото / суреттер қолдану
3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: сөйлеу барысында иллюстрацияларды қолдана алады;
Көптеген оқушылар: иллюстрациялар бойынша әңгімелеуде мақал-мәтелдерді қолдана алады.
Кейбір оқушылар: мақал-мәтелдерді не қолданғанын тұжырымдарын негіздей алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Селекциядағы қолдан сұрыптаудың маңызы 1-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары
Сабақтың тақырыбы: Селекциядағы қолдан сұрыптаудың маңызы 1-сабақ (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.2.4.2 ағзалар селекциясы үшін қолдан сұрыптаудың маңызын сипаттау
Сабақтың мақсаттары: ағзалар селекциясында қолдан сұрыптаудың рөлін түсіндіру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Лабораториялық жұмыс «Аталық және аналық гаметаларды зерттеу» (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею
Сабақтың тақырыбы: Лабораториялық жұмыс «Аталық және аналық гаметаларды зерттеу»
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.2.1.2 аталық және аналық гаметалардың құрылыс ерекшеліктерін зерттеу.
Сабақтың мақсаттары: Адамның жыныс жүйесі тарауында адамның жыныс жасушаларының құрлысы туралы ақпаратпен таныстыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Жыныс жолымен таралатын аурулар

Жыныс жолымен таралатын аурулар

Жыныстық қатынаста жұғатын ауруларға не мүмкіндік туғызады?
Жыныстық жолмен берілетін аурулар (ЖЖБА) немесе жыныстық қатынаста жұғатын аурулар сексуальды қатынастар арқылы беріледі.
Әсіресе олардың ең қауіптілері: СПИД, мерез, соз.
Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттйтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің денсаулығын, сондай-ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе бұл аурулар болмас еді. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Генетикалық модифицирленген өнімдер

Генетикалық модифицирленген өнімдер.
Жоспар:
1. Трансгенді өнімдер деген не?
2. Трансгенді өнімдерді алу.
3. Нәтижесінен қорқуға бола ма?

1. Бүгінгі күнде жүзден астам генетикалық өзгертілген өнімдер бар. Бірнеше жылдан бері әлемнің көптеген елдерінде оларды қолданады. Бұл технолгияны McDonalds желісі арқылы таралатын тағам өнімдерін алуда қолданылады. Unilever, Nestle, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Иттің сырттаны

Бір жолаушы ұзақ сапар шегіп, әлден уақытта иен далаға шығыпты. Күн төбеден ауып, бесін шамасы болған кезде, соңынан бір қасқыр ілесіпті. Кеш батып, күн ұясына тақай бастағанда, әлгі қасқыр бір-екі рет боздай ұлып, дыбыс берген екен, әп-сәтте жан-жақтан бір үйір қасқыр жиналып қалыпты.
Жолаушы қатердің төнгенін сезеді де айналасына көз тастайды. Қараса, көз ұшынан қарайған ағаштың сұлбасы ......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Шерхан Мұртаза | Айқайлап айтқан сөз

Бұл сөзді мен Парижге барып айтпақшы едім...

Біздің Жазушылар одағымыздың бірінші бастығы Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин айтты:

— Шераға, жолға дайындалыңыз, Парижге барасыз, — деді.

— Е, онда не болады екен?

— Шыңғыс Айтматовтың жетпіс жасқа толуына байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында, ЮНЕСКО үлкен салтанаты симпозиум өткізеді. Соған барамыз. Қазақстаннан үш адам. Мен, Сіз және Қадыр Мырза Әли. Сонда бес-жеті минөттік сөз сөйлейсіз. Бірақ орысша дайындаңыз.

— Е, неге?

Өйткені Парижде қазақшадан французшаға аударатын тәржімашы жоқ.

Уақыты тым аз. Наурыз мейрамы өте салысымен, жиырма төртінде ұшуымыз керек.

- Тез құжаттарыңызды, екі суретіңізді еткізіңіз, — деп нығыздады Нұрлан мырза.

Айтты болды — орындау керек.

Құжат тапсыру қиын емес, ал сөзді қайттім? Өзіміздің Жазушылар одағының мінбесінен айта салатын сөз емес. Көз алдыма елестеттім: Париж. Салтанатты сарай. Дүние жүзінін түкпір - түкпірінен жиналған марқасқа жазушылар. Қарасы бар, ағы бар, сарысы бар. Шетінен сайрап тұр. Ал мен не айтамын? Және орысша.

Қиналған жерім осы болды. Бес-он минуттік сезді бес толғап әрең жаздым. Орысшадан соншалықты сорлы да емеспін. Бірақ өмір бойы қазақша жазып дағдыланған басым, орысшаға тосырқап қаламын.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Абайдың жас шағындағы шығармалары


Ақын Абайдың шығармаларын барлық түгел бойында тексеріп, зерттеп шығудың бұл кітаптағы тәртібі (системасы) бүгінге шейін Абайды тану ретінде жазылған тексеру, сындардан әдіс жағында басқарақ болады. Ол басқашалық — орыс классиктерін тексеретін әдебиет тарихы ғылымының әдісіне байланысты.

Горький, Маяковский сияқты советтік социалистік әдебиеттің үлкен жазушыларын барлық жазушылық, ақындық жолымен түгел зерттеуде, біздің социалистік әдебиет тарихымыз қолданатын система, әдіс те сол бұрынғы орыс классиктерін зерттеудегі рет, тәртіп бойынша құрылады.

Нақтылап айтқанда, бұл әдістің өзгешелігі, ақын шығармаларын жазылған жылдары бойынша топтайды. Абайдың толық жинақтарын хронологиялық ретімен бастырға-нымыз сияқты, ақындық жолын да ең алғашқы өлеңдерінен бастап, жылма-жыл өсіп, даму ретімен тексеретін боламыз. Жылы аталған өлеңдердің алғашқы топтарынан бастап, ақын өмірінің соңғы жылдарында туған шығармаларына қарай ауысамыз. Ақындық эволюциясын, жазушылық жолын біртіндеп, кезегімен тексереміз.

Әрине, бұл қатардан оқшауырақ тұратын, жылдары белгісіз бірнеше өлеңдер бар. Ол топтың жайындағы сөз қосымша ретінде кейін қосылатын болады. Жеке жанрлық өзгешелігі бар шығармаларды да бөлек-бөлек тексереміз.

Абайдан қалған ақындық мұраның молы — ұсақ үлгідегі қысқа формалы өлеңдер болғандықтан, жаңағы айтылған тексеру, зерттеу әдісін әуелі осы лирика түрлеріне айрық-ша қолданып өтеміз. Бұл шығармалардан жанры басқа болғандықтан, Абайдың поэмаларын, аудармаларын және қара сөздерін бөлек-бөлек қарастырамыз. .....
Әңгімелер
Толық
0 0