Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында соңғы жылдары еліміздің экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер орын алуда.Нарықтық экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәспорынның банкроттығы ұғымының пайда болуына екелді. Тұрақсыз экономикалық даму, жоғарғы инфляция, салық саясатының тұрақсыздығы, саяси тұрақсыздық, кәсіпорын менеджерлері біліктілігінің жеткіліксіздігі жағдайында банкроттықтың мәні артады. Банкроттық банкроттықтық жағдай және оны жою үшін қаржылық басқарудың арнайы әдістері қажет. Қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның шаруашылық субъектісі ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта билікті серіктерін таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды.....
КІРІСПЕ XXI ғасырда кәсіби еңбектің интеллектуализациялау тендециясы белгіленіп, университеттік білім берудің маңыздылығы көтерілді. Өйткені қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік қатынастары жүйесінде қоғам болашақ маманды дайындаудың сапасына жоғары талап қоюда. Осыған орай жаңаша ойлайтын маманды қалыптастыруға бағытталған университеттік дайындаудың жаңа парадигмасы өзекті болып келеді де, яғни қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына жауап беретіндей жоғары оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Қоғамның жаңа типін құру барысында, жаңа құндылықтар жүйесіне бағытталған, білім берудің негізгі мақсаты жоғары шығармашылық мүмкіншілігі бар болашақ маман тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Бұл сонымен бірге педагогикалық кадрларды дайындаудың проблемасын одан әрі өзекті етеді. Біздің қоғамымызда адамдық қатынастардың жалпы гуманизациясының, жаңа ұрпақтың рухани қалыптасуының, білім берудің түбегейлі жаңаруының бағдарламаларының жүзеге асуы көп жағдайда мұғалім тұлғасымен байланысты болатыны баршамызға мәлім. Соның ішінде педагогикалық іс-әрекетте тұлғалық фактор жетекші болады, өйткені «адам-адам» жүйесінде әсер етудің эффектісі әсер етудің өзіндік мүмкіншілігі бар адамды жетілдірудің деңгейімен анықталады. Қазіргі кездегі педагог егер жоғары оқу орнында оқыту үрдісі барысында онда үнемі өзін-өзі дамыту қажеттілігі қалыптасқан болса алдына қойылған міндеттерді іске асырады. Сондықтан да, классикалық университеттік білім беру жағдайларында болашақ педагогикалық кадрларының кәсіби өзін-өзі дамытуды қалыптастыру проблемасына ерекше назар аударылады. Әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған білім берудің жаңа жүйесінің қалыптасу процесі білім беру парадигмасының ауысуымен сипатталады: дәстүрлі субъект-объектіліктен гуманистікке, тұлғаға бағытталған субъект-субъекттілікке. Осыған байланысты айтатынымыз, ХХ ғасыр соңынан бастап білім беру жүйесі білім берудің гуманистік парадигмасына сәйкес дамиды. Онда маңызды құндылығы болып адамның тұлғасы қарастырылады, яғни оның барлық потенциалды мүмкіншілігін дамыту болып табылады. Осы тұрғысынан қазіргі маманның білім беру сферасында үздіксіз білім алуға, шығармашылық тұрғысынан өзін-өзі жетілдіруге дайындығын айтамыз. Сондықтан да болашақ маманның өзін-өзі дамытуын зерттеу жұмысы адам дамуының негізгі философиялық, психологиялық, педагогикалық теорияларын талдауды айқындайды. Зерттеудің екінші маңызды жағы – белгілі бір методологиялық ұстаным мен тұлғаның өзін-өзі дамытудың зерттеу әдістемесін таңдау. Болашақ маманның өзін-өзі дамытудың проблемасы үш тұрғыдан қарастырылуы керек, оларда оның мағынасы ашылуы тиіс: философиялық, психологиялық, педагогикалық. Философиялық зерттеулерде осы проблема адамды дамыту тұрғысынан қарастырылады. Психологиялық зерттеулерде тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту тұрғысынан зерттеленеді. Педагогикалық зерттеулерде болашақ маманның кәсіби дамуы тұрғысынан қаралады. Философиялық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарастырудың келесі бір негізі - болашақ маман-педагог адам ретінде, тұлға ретінде, маман ретінде кәсіби өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде болуы.....
К I Р I С П Е Қазіргі кездегі мемлекеттегі жағдайды ескере отырып, қылмыстық іс жүргізу қылмыспен күресуде нәтижелі болу керек екенін атап өткен дұрыс, себебі қылмыспен күресудің нәтижелігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтады. Қазақстан Республикасында сот әділдігі тек сотпен ғана жүзеге асырылады. Бұл ереже ҚР Конституциясының 75-бабында бекітілген. Бұл ереженің маңыздылығы – дұрыс қалыптасқан сот әділдігінің жүйесіз құқықтық, демократиялық мемлекет құруға болмайды. Қылмыстық процестегі бұлтартпау шараларын реттеуге байланысты ғылыми зерттеулердің бағыттары, ең басынан құқықтық мемлекет құру сұрақтарымен байланысты. Қазақстан Республикасының қылмыстық процесіндегі бұлтартпау шарасын құқықтық реттеу саласындағы ғылыми зерттеулердің ең негізгі бағыты болып келесідей маңызды сұрақтарды жүзеге асырылуы табылады. Бұл біздің еліміздің құқықтық мемлекет боп құрылуы, ол соттың құқықтық реформаларын жүргізу арқылы, қылмыстық-процессуалдық институттарды заңмен реттеуі бір жағынан, қылмыстылықпен күресу жөнінде сот, прокуратура мен тергеу органдарының қызметін нығайту, екінші жағынан, қылмыстық-сот өндірісіне тузету енгізу – үшінші жағынан. ....
Тақырыптың өзектілігі. ХVIII – ХІХ ғасырлардағы болып өткен барлық көтерілістерден Кенесары бастаған көтерілістің ерекшелігі бүкіл үш Жүз қазақ шаруалары дерлік қатысты. Кенесары көтерілісіне феодалдық қозғалыс деп айдар тағу дұрыс емес. Бұл қозғалыстың басында кім тұрғанына қарамастан бұл көтеріліс ұлт – азаттық шаруалар көтерілісі сипатына ие. Кенесарының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен әкесі- сұлтан Қасым. Сұлтан Қасымның 40 шаңырақты ертіп Көкшетау маңынан қоқан шекарасына көшуінің басты себебі - оның патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылығы. Курстық жұмыстың мақсаты : Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің негізгі мәнін ашып көрсету. Курстық жұмыстың міндеттері:
• Көтерілістің алғышарттарына талдау жасау; • Көтерілістің барысы және тарихи маңызын зерттеу; • Статистикалық мәліметтерге тарихи тұрғыдан назар аудару; • Көтерілістің жеңілу себептері мен сипатын ашып көрсету.
Көтеріліс бүкіл үш жүзді түгел қамтып ұлтазаттық сипат алды. Көтерілістің басты қорғаушы күші қазақ шаруалары сонымен қатар ірі ақсүйектер да қатысты. Олардың мақсаты: - Көтерілісті пайдаланып , бұрынғы артықшылықтарын қайтарып алу. - Көшпелі феодалдың дербес мемлекеттің негізін салу. Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихта алатын орны ерекше. Сонымен қатар негізгі міндет жұмыстың ішіндегі Кенесары бастаған көтерілістің негізгі тауарлары мен пунктерінің мәнін ашып, оларға сәйкестік беру. Кенесары көптеген шайқастарда өз мақсатына жету жолында асқан қайсар мінезі мен жауларына қатыгездігі оның әмбе қолбасшылық, әмбе ұйымдастырушылық ролі- тіпті патша генералдарының өзін таңқалдырып отырғандығы да тарихтан белгілі. Көтерілістің негізгі мақсаттары: 1. Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау. 2. Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату. 3. Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. ....
Кіріспе Еңбекақы - бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады. Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың әл - ауқатын деңгейін жоғарлататын құрал болып саналады. Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары бар. Қызметкерлерге ақша өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма, еңбекақы төлеудегі ең басты нысандарының бірі болып саналады. Еңбекақының заттай нысаны сирек пайдаланылады. Еңбек төлейтін мұндай нысан ақша айналымының бұзылу кезінде, экономикалық тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында кең қолданамыз. Кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудың тетігі жұмыс күшінің еңбекақыға өзгеруінің процесін тікелей қамтып көрсетеді. Олардың қазіргі нарықтық жағдайларға қаншалықты сәйкес келетіндігі, еңбекақының негізгі қызметі орындауына байланысты.....
Заман талабына сәйкес білімді ақпараттандыру өмірдің талабы болып отыр. 70-шы жылдар басында компьютерлік бөлшектер шығару саласында үлкен технологиялық жаңалық ашылды – үлкен интегралдық үлгілер пайда болды. 80-шы жалдар ортасында жергілікті желілер дами бастады. Компьютерлік желілердің пайда болуы мәліметтерді бірігіп пайдалануға көп көмегін тигізеді. Дербес компьютер – құжат құруда, кесте дайындауда, графикалық мәліметтер және басқа да ақпараттардың түрлерімен танысуда тиімді құрал. Бірақ ол сіздің жұмысыңыздың нәтижесін тез арада басқа біреумен бөлісуіңізді қамтамасыз етпейді. Желі болмаған жағдайда жасалынған жұмыспен басқа қолданушылар жұмыс жасау үшін әрбір құжатты қағаз бетіне шығаруға немесе дискетке көшірмесін түсіруге тура келеді. Сонымен қатар барлық қолданушылар құжаттың көшірмелерін өзгертіп-түзеткенде, ол құжатты қайта жинап өңдеу қиындық туғызатын. Жұмыстың мұндай схемасы автономиялық ортадағы (автономная среда) жұмыс деп аталады. Егер де осындай ортадағы әрбір қолданушы өзінің компьютерін басқа компьютерлердің желісіне қосса, онда ол қолданушы олардың құжаттарымен де, принтерімен де ортақ жұмыс істей алар еді. Компьютерлерді желілерге біріктіру технологияларының стандарты бекітілді – Ethernet, ArcNet, Token Ring. Олардың дамуына дербес компьютер әсер етті. Бүгінде есептеуіш желілер қарқынды дамуда. Жергілікті және ауқымды желілер арасындағы алшақтық, кабельдік жүйедегі жергілікті желілер сапасынан кем түспейтін жоғары жылдамдықтағы аумақтық байланыс арналарының пайда болуына байланысты барынша азаюда. Ауқымды желілер ресурс қызметтерінде жергілікті желілер қазметтері сәйкес ыңғайлы болуда. Бұған кең тараған Internet ауқымды желісі мысал бола алады. ....
Жұмыр жер бетіндегі мемлекет атаулының қай-қайсында да шет елге өзіндік бет-бейнесін танытатын белгілері-ел нышандары ( туы, елтаңбасы, әнұраны ) болатындығы белгілі. «Мың өліп, мың тірілген» қазақ халқының да ондай белгі-нышандары болған. Рәміз адамның санасы мен ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Заттың тілдік белгісі сол заттың ақпараты, хабары ретінде түсініледі. Белгі мен мағына арасында тығыз қатынастық байланыс болуында . Халық өзін қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға мән,......
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, серуен – саяхат, өлең оқу. Сұрақ – жауап, қимылдық ойын, сергіту жаттығулары. Керекті құралдар: Қысқы орман пейзажы, ұлпа қарлар кесетін ақ қағаз, қайшы.
Сабақтың барысы: Сәлемдесу Қайырлы таң - Алтын күн, Қайырлы таң - Көк аспан! Қайырлы таң - апайлар! Қайырлы таң - достарым! Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Балалар: Қыс Тәрбиеші: Балалар, орманға барғыларың келе ма? Балалар: Иә Ендеше мен сиқырлы қалпағыммен шапанымды киіп алайын, соның көмегімен біз орманға саяхатқа шығамыз. Қане, барлығымыз көзімізді жұмып 1, 2, 3 деп санайық. Міне балалар орманғада келіп жеттік. Орманнан не көріп тұрсыңдар?.....
Кіріспе Курстық жұмыстың көкейкестілігі – цитологияның зерттеу әдістері мен микроскоптың шығу тарихын зерттеп, оқушыларға түсініктерін қалыптастыру. ХІХ ғасырдың ортасындағы озық ойлы педагогтардың еңбектерінде оқыту мен тәрбиенің бірлігін негіздеу жиі байқала бастады. Мұндай көзқарас алғаш рет И.Ф.Гербарттың педагогикалық көзқарастында айқын аңғарылды. Ол: «адамгершілік білімсіз оқыту – мақсатсыз құрал, ал оқытусыз адамгершілікті білім немесе мінез-құлық білімі - құралынан айрылған мақсат» деп атап көрсетті. Сондай-ақ К.Д.Ушинский еңбектеріне педагогикалық үрдістің тұтастығы туралы бұдан да тереңірек идея айтылған. Ол тұтас педагогикалық үрдістің мектеп әрекетінің әкімшілік, оқу және тәрбиелік элементтерінің бірлігі ретінде түсіндіреді. Кез келген мектептің негізгі элементтерінен алдымен оның тәрбиелік күші тәуелді болады дейді. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде сөйлеген сзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бір шығармашылық тұрғыдан ойлай білетін жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу екендігінде баса назар аударып, жалпы білім беретін орта мектепте білім берумен қатар адалдық, адамдық. Отанын сүйе білу сияқты гумандық сезімдерге тәрбиелеу қажеттігі өзекті мәселе болып отырғандығын ерекше атап өтті.[4] Гуманизациялаудың түпкі мақсаты – оқушыны жан-жақты танымдық ұмтылысы бар субъект етіп, шығармашылық тұлға етіп қалыптастыратын дамуға апару.....