Айтолқын - ерте заманда Отан үшін, елінің тәуелсіздігі үшін жау қолынан қаза тапқан батыр қыз. Айтолқынды мәңгі ұмытпау үшін халық оған арнап әдемі сүр тастан сәулетті күмбез орнатқан. Ол күмбез Ақтөбе облысы Терісбұтақ өзенінің .....
Тонзиллит (tonsіllіtіs) – таңдай (көмекей) бадамшаларының қабынуы. Тонзиллиттің жедел түрі және оның бірден қатты ұстайтын созылмалы түрі бар. Созылмалы түрі мұрыннан қиналып дем алудан, мұрын қуыстарының және тістің зақымдануынан болады. Бұл кезде қабыну ошағы негізінен бадамша бездің шұңқыры лакунада болады. Науқас адамның оқтын-оқтын тамағы ауырып, жұтынғанда тамағында бір нәрсе тұрғандай сезінеді. Кейде құлақ шаншып ауырады. Ауру адамның дене қызуы 37,3 – 37,5С-қа көтеріліп, дерт бірнеше аптаға, тіпті бірнеше айға созылады. Соның салдарынан науқас әлсіреп, буындары сырқырайды, басы ауырып, жұмысқа қабілеті төмендейді. Тонзиллиттің бұл түрі мезгіл-мезгіл қайталануы мүмкін. Дерттің өршуі жүрек-қантамыр және несеп-зәр шығару жүйелері қызметінің бұзылуына, буындардың сырқырап ауруы – тонзиллогенді сепсиске әкеледі. Сондықтан дер кезінде дәрігерге қаралу керек. Емді дәрігер тағайындайды. Ем кешенді түрде жүргізіледі. Дұрыс диета сақтап, витаминдерге бай тағамдар ішу керек; антигистаминді препараттар, антибиотиктер беріледі; лакуналарды антисептик. ерітінділермен жуады. Дерт қатты асқынып кеткен жағдайда, хирург. операция жасап, таңдай бадамшаларын алып тастайды.
Талма (эпилепсия) ауруымен бүкіл әлем бойынша 20-дан 40 миллион дейін адамдар ауырады. Еуропада бұл аурудың әртүрлі жас аралығында кездесу жиілігі 100000 адамға шаққанда 40-70 аралығында анықталады. Аурудың ең басым көрсеткіші бір жасқа дейінгі балаларда кездеседі. Алғашқы талма 75 пайыз жағдайда 18 жасқа дейін дамиды. Ең минималды жиілігі 30 және 40 жас аралығында, ал қарт адамдарда бұл көрсеткіш қайта жоғарылайды. Талма ауруы 12-20 пайыз жағдайда жанұялық сипатта болады. Талма ауруы ерте заманнан белгілі. Біздің заманымызға дейін 400 жылдары Гиппократ осы талма ауруына арналған бірінші трактатын «Қасиетті ауру» жазды. Бұл ғұлама дәрігер талма ауруының табиғатын тұқымқуалаушылық пен бас миының ақауларымен байланыстырды. Ал, талманың дамуын бас миының тығыздығын өзгертетің күн сәулесімен, жел және суықпен әсер етеуінен-, деп есептеді. Қазіргі заманғы түсінік бойынша талма ауруы мультифакторлы аурулар тобына жатады. Патогенезінде бас миындағы эпилептикалық ошақта нейрондардың шамадан тыс қозуының салдарынан клиникалық көрінісінде қайталамалы жайылған талманың дамуымен сипатталады.
Байырғы қазақ метрологиясы кәсіптік қажеттілікке байланысты қалыптасты.
Жылқыға байланысты:
Жылқы байлам
Ат шаптырым жер
Бие сауым уақыт
Ұзындық, уақытқа байланысты:
Бір қыдыру жер
Түстік жер
Айлық жол
Күндік жер
Арпа өлшемі:
Шығыс елдері бойынша ең кіші салмақ және ұзындық өлшемі ретінде қолданған.
1 арпа = 45мг
6 арпа = 1 бармақ өлшеміне тең
Табан өлшемі - орташа ұзындық өлшемі. Адымның бестен бір бөлігіне және адам бойының алтыдан бір бөлігіне тең болған. Ағылшындар «футы»- деп атайды.
Аршын – шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық. Аршын – ежелден бері қолданып келе жатқан, адамның шынтағы мен саусақ ұшының арақашықтығына негізделген өлшем бірлік. Вавилонда локоть атаумен пайда болған.
Жұрттың бәрін ынтықтыратын, әйтсе де әдебиеттің заңды игілігіне айналу үшін аса үрейлі тақырыптар бар. Егер оқушыларды жәбірлеп әлде шошытқысы келмесе, романшының әдетте одан аулақ жүргені абзал. Айдай ақиқаттығы алғаусыз болған жағдайда ғана бұл тақырыпқа қалам тартуға болады. Мәселен, Березинадан өту туралы, Лиссабондағы жер сілкіну жөнінде, Лондондағы оба жайында, Варфолемей түні немесе Калькуттаның Қара Апанында жүз жиырма үш тұтқынның қалай тұншығып өлгені жайлы оқығанда «қайғылы қасіреттен» жанымыз өксіді. Әйтсе де бұл жазылғандардың ақиқаттығы ғана, растығы ғана, шындығы ғана бізді толғандырады. Егер олар ойдан шығарылса, әрине біз жиіркеніштен басқа ештеңе сезінбеген болар едік.
Мен әлемге әйгілі, аса қайғылы оқиғалардың бірсыпырасын ғана атадым; олардың қисапсыз көптігі жан дүниеңді қасіретті мәнінен кем күйзелтпейді, адамдардың бақытсыздығы жөніндегі бұл ұзақ қаралы тізімнен көпке ортақ осы апаттың қай-қайсысынан болса да, әлдеқайда асып түсетін жан түршігер не сан қайғы-қасіретті оқиғаларды таба алатынымды оқушыларға айтып жатуымның қажеті бола қоймас. Шын қасіреттің, ауыр қайғының әмәнда жалқы болатыны, әсте қайталанбайтыны ақиқат. Ал қасіреттің уын басу адамзаттың емес, адам пешенесіне жазылған болса, ол үшін рақымы күшті жаратушы жаппар иеме ризалық білдіруіміз керек! .....
Адамзат қоғамының кез-келген өзгерісі ғылымның дамуынан байқалады. Тілге қатысты, әсіресе ұлт тіліне қатысты ілім-білімнің өркендеуінде қалыптасқан бір заңдылық бар. Ол – сол ұлт тіліндегі тілдік факторлардың тарих тасасында қалмай, уақыт озған сайын сан түрлі ғылыми зерттеу нысанына негіз болуы. Бұл ретте кезінде көп іс тындырған тілші, әдіскер ғалымдардың еңбектері кейінгі зерттеушілер үшін қашан да жөн сілтейтін өлмес туындылармен құнды екендігін кейінгі ұрпақ үлкен ілтипат көңілмен мойындайды. Сондай құнды мұралардың қатарына белгілі әдіскерлер Ж.Аймауытов, Ш.Х.Сарыбаев, Ы.Маманов, Д.Әлімжанов, Н.Оралбаева, З.Бейсембаева, Ж.Сүлейменова, Қ.Қадашева, А.Сатбекова, К.Жақсылықова сияқты әдіскер-ғалымдардың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қатысты ғылыми зерттеулері жатады. Олардың қазақ тілін мектепте оқытудың әдістемесіне қатысты шыққан мазмұнды мақалалары, монографиялары - үлкен ғылыми ізденістерге бағдар болып табылатын туындылар екендігі шындық. Бұл еңбектерде аталған ғалымдар өздеріінің қазақ тілін оқытудың әдістемесіне байланысты жинаған материал-деректерін ғана емес, сонымен қатар әр тақырыпқа қатысты сабақтың жүргізілу әдіснамасын жасап, жаттығулардың орындалу барысын, оқушыларға жаңа материалды үйретуде қолданылатын түрлі әдістерді(репродуктивтік, индуктивті, дедуктивті, интерактивті, интегралды, модульмен оқыту, т.б.) де қамти өткендігін айқын аңғаруға болады. ....
Сақтандыру – сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру көлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Осы біріктіру жұмысында: сақтандырудың мәні, сақтандыру нарығының түсінігі, қызметі, құрылымы мен түрлері қарастырылады. Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы, сақтандыру ұйымдарына талдау жасалып, алдағы уақытта сақтандырудың дамитыны туралы баға беріледі. Зерттеу тақырыбының мәні. Сақтандырудың сенімді, әрі тұрақты жүйесі экономикалық сақтандырудың жоғарғы дәрежесі, олардың нарықтық экономикада табысты қызмет етуін көрсетеді. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі сақтандыру ролінің өсуіне қажетті алғышарттарды туғызады. Бір жағынан, сақтандыру халықты әлеуметтік қорғаудың маңызды элементі ретінде, ал басқа жағынан едәуір ақша қаражаттарын жұмылдыра отырып, мемлекет экономикасына институтционалды инвестор ретінде шыға алады. Осының барлығы сақтандырудың экономикадағы ролінің маңызды екенін көрсетеді.....
Сабақтың мақсаты: 1. Д дыбысы және әрпімен таныстыру. Д дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, д дыбысын дұрыс айтуға үйрету. Жаңа дыбыстың орнын анықтау. 2. Дыбысты дыбысқа қосып, буынды буынға қосып сөз жасау дағдыларын қалыптастыра отырып, тілін, ойлау қабілетін дамыту. Сабаққа деген ынта ықыласын, қызығушылығын арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру. 3. Зеректікке, ұқыптылыққа адалдыққа баулу. Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, жинақтау, ауызша, жазбаша. Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық сәт. Кел, балалар оқылық Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық. Оқысаңыз балалар Шамнан шырақ жағылар.....
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға, әңгімені мұқият, зейін қойып тыңдауға үйрету. Үй жануарларының бізге тигізер пайдасын айту және оларды күтіп баптауға, қорғап қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал – мәтелдерді қайталай отырып, сұрақ – жауап арқылы тіл байлығын дамыту. Жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру; мекені, қоректенуі туралы түсінік беру, неліктен жабайы деп аталатынын түсіндіру. Аңдардың мінез құлқын бейнелейтін әңгіме арқылы балаларды анық сөйлеуге үйрету. Әдіс тәсіл: Түсіндіру, әңгімелеу, ойын, сұрақ – жауап, сахналау. Көрнекілік: Үй және жабайы жануарлардың суреті, үйдің макеті, жануарлар киімі. .....
КІРІСПЕ Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және Қылмыстық Кодексте көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім негізінде қолдана алады. Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады. Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады. Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты. Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.....