Реферат: Информатика | Мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалану

Мультимедиа — бұл қарқынды дамып келе жатқан, өзіне теледидарлық кескіндеудің жөне стереодыбыстық бейнелілігі мен нақтылығын дербес компьютердің интерактивтілік (үздіксіз әрекеттесу) мүмкіндіктерімен біріктірген ақпараттық технология. Осы негізгі үш құраушылар, яғни үш орта мультимедиа (multimedia) терминін түсіндіреді, оның ең қысқа анықтамаларының бірі — көру және дыбыстық әсерлерінің (эффектілердің) интерактивтік программалық жабдықтаманың басқаруымен өзара әрекеттестігі.
Мультимедиа құралдары деп бірыңғай басқару элементі — компьютермен жалпы негізде өнделетін өзара байланысты мәтіндік, графикалық, көру (визуалдық) және дыбыстық дерекгердің комбинациясын (үйлесуін) атайды. Мұнда жалпы негіз деп деректердің цифрлық, түрі ұғынылады. Мультимедиа құралдары ішкі логикалық байланыстары және жеке тасушылардың қосынды қуатынан өлдеқайда артық қуаты бар жоғары деңгейде жинақталған жүйелер.
Мультимедиа құралдарының ақпараттық дәстүрлі тасу-шыларынан негізгі айырмашылығы — интерактивтілігі, еркін түсінілуі және қатынасқа бейімділігі (коммуникабельділігі). ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экологияның басқа ғылымдармен байланысы

Әлемдік ғылымдар саласында ғылыми- техникалық үрдісі әлдекашан қалыптасқан экология, табиғаттану, табиғат қорғау ғылымдары өзіндік орын алуда. Олар мазмұндық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты.
Соңғы кезде, экологияны биология ғылымының саласы бөлімі ретінде емес, жеке ғылыми тұрғысынан қарастырып жүр. Сондықтан, әр түрлі экологиялық мәселелерді жаратылыстану ғылымына енетін пәндердін барлығы қамтиды да, бірақ олардың әрқайсысы өз білімі саласынан зерттеп қарастырады. Мысалы, биологиялық пәндер бойынша тірі организм және табиғат ортасы, биосфера туралы ілім, экожүйе, биология қоршаған ортаның экологиялық дағдырысы туралы зерттесе, ал география сабағында географиялық қабаты тиімді пайдалану мен қорғау, географиялық орта мен геожүйе, табиғи кешенге адамдардың шаруашылык қызметіне тигізетін әсерін зерттейді.
Табиғат қорғау заңына байланысты елімізде жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасында:
«Жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялык және әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас ұрпақтарға экология лық білім мен тәрбие беру үрдісін жетілдіруін жүзеге асыру»- деген көрсетеді. Осыған байланысты республикамыздың үздіксіз білім беру жүйесінде, яғни балабақшадан бастап жоғарғы оқу орындарына дейін жан-жақты экологиялық білімдер беруді жүйелі және мақсатты түрде ұйымдастыруды міндеттейді.
Міндетті іске асыру мақсатында мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу орындарының студентеріне «Экология негіздері» курсы оқытыла бастады. Адам мен табиғаттың өз ара қатынасындағы пайда болған экологиялық қарама-қайшылықты шешу қажеттілігі қазіргі кезде бүкіл прогресшіл адам затты байыпты ойлануға итермелейді. Бұл әлемдік проблеманы шешуге үлес қосу ғылым мен техниканың міндеттері ғана болып қоймай, сонымен бірге педагогика ғылымдары мен мектептердің басты және игілікті борышына айналуда.....
Рефераттар
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Туристік маршрутты жарнамалау (маршрут) (1 сынып, 5 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Саяхат»
Сабақ тақырыбы: Туристік маршрутты жарнамалау (маршрут)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.3.6.1 мұғалімнің көмегімен әртүрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар білу керек:
Алгоритм бойынша сөйлем құрап айтады, жазады, түсінеді.
Оқушылардың көбі жасай алады: өздіктерімен сөйлем құрастырады, жазады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
Шығармашылықпен жарнама құрастырып жазады, ұсынады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Астана жас қала (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің туған өлкем
Сабақ тақырыбы: Астана жас қала
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасы на сілтемеу) 2.2.5.1* Сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау, азат жолдың рөлін білу.
Сабақ мақсаттары: Сұрақ қою арқылы мәтін түрлерін және құрылымдық бөліктерін анықтау, азат жолдың рөлін білу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақ кенінің атасы (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі : Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Қазақ кенінің атасы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.5.1. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру.
Сабақтың мақсаты: Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап беруге, ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыра білуге үйрету.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Өмірбаян: Болат Әбділманов Мәзімбайұлы (1960 жылы 12 қараша)

Болат Мәзімбайұлы Әбділманов (1960 жылы 12 қарашада Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қаракөз ауылында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. "Құрмет" Орденінің иегері.
Өмірбаяны
Әкесі - Әбділманов Мәзімбай, марқұм, қойшы болған. Анасы - Әбділманова Шарбану, марқұм, қойшының көмекшісі.
Алматы мемлекеттік көркем-театр институтының актерлік факультетін бітірген (1982), драмалық театрдың актері.
1982 жылдан - Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
1992- 2006 жылдары - М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актері.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өмірбаян: Ақжүрек Таңатаров (1986 жылы)

Ақжүрек Таңатаров – спортшы

Ол қалай айтсақ та тәуелсіздік жылдарында жасындай жарқыраған жұлдызды спортшы. 1986 жылы Алматыда қазақ жастары «Желтоқсан» оқиғасына қатысып, ұлт азаттығын талап еткен шақта Ақжүрек Таңатаров дүние есігін ашты. Шынашақтайынан шымыр денелі Ақжүрек Тәуелсіздіктің елең-алаңында еркін күрес секциясына жазылады. Азат елдің асқақ ойлы азаматы сол бір балаң шағында Олимпиада ойындарында атой саламын деп ойлады ма екен?! Сол жылдары ғой, Ермахан Ыбырайымов, Болат Жұмаділов бастаған жамбылдық жампоздар Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Олимпиада ойындарында-ақ абыройын асырып, қос бірдей жүлдемен (күміс, қола) оралды. Боксшы ағаларының жеңісті жорығы тұла бойы намыстан жаралған Ақжүректі де спорт залға жетектеп келген еді. Мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның қоржынына Олимпиада жүлдесін салу.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Өлең: Ата-ананы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аппақ сүтін емізген,
Мейірі терең теңізден.
Таппаспын, ана, өзіңдей,
Ақ еділ жанды өмірден.
«Қарғам» деп жүріп қартайдың,
Ұйқысын қиып әр таңның.
Ажымға толып ақ жүзің,
Ағарды қара самайың.
Науқастың болмай амалы,
Күн туды басқа қаралы.
Анамыз сізден айрылып,
Көңіліміз болды жаралы.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жылуөткізгіштік деген не? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы.
Сабақтың тақырыбы: Жылуөткізгіштік деген не?
Оқу мақсаты: түрлі материалдардың жылуөткізгіштігін зерттеу;
зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы:
Температураны өлшейтін құрал термометр екендігін біледі;
Адамның қалыпты жағдайдағы температурасы 36.6о С екендігін біледі;
Оқушылардың көбі:
Температураны термометрдің көмегінсіз ақ анықтауға болатындығын біледі;
Оқушылардың кейбірі:
Жасаған зерттеу жұмысын қорытындылай алады;
Ойлануға берілген сұрақтарға дұрыс жауап бере алады;....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0