Қазақ тілінен сабақ жоспары: Кездейсоқ ашылған ғылыми жаңалықтар (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Кездейсоқ ашылған ғылыми жаңалықтар
Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 6.2.5.1. мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру
Сабақтың мақсаты:
Оқушылар:
Оқушылар мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;
Мәтін бойынша нақтылау сұрақтарын құрайды....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау «Қасым Қасым Қасымдар» Сәкен Иманасов (3 сынып, III тоқсан)

Пән:әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау «Қасым Қасым Қасымдар» Сәкен Иманасов
Оқу мақсаттары: 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет,кейіптеу) табу;
3.3.2.1 шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу, соңын өзгерту...),өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен өлеңнен көркемдегіш сөздерді табады.
Көптеген оқушылар: әдеби көркемдегіш сөздерді анықтайды, өлең құрастырады.
Кейбір оқушылар: әдеби көркемдегіш сөздерді қолданып өз ойын айтады және дәлелдейді, қорытыныды жасайды. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.4.1 өзгерістер мен сабақтастықты көрсету арқылы адам мен қоғам өміріндегі ғылыми жаңалықтардың маңызын талдау
7.2.1.1 қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау
Сабақ мақсаттары: XIX ғасырдың ең маңызды жаңалықтарын анықтау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Күн жүйесі (Физика, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғарыш және Жер
Сабақ тақырыбы: Күн жүйесі
Осы сабақта қол жет-кізілетін оқу мақсат-тары (оқу бағдарла-масына сілтеме): Күн жүйесінің құрылымын, құрылысын сипаттау;
Сабақ мақсаттары: Күн жүйесінің құрылымын білу;
Планеталардың орналасу ретін білу;
Планеталардың бөліну топтарын, сипаттамаларын түсіну......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Информация және есептеу машиналары

Ерте кезден бастап-ақ адам баласы есептеулерді оңайлату үшін өзіне көмекші әр түрлі құрылғылар құрастырған. Біздің эрамызға дейінгі V ғасырдың өзінде-ақ гректер мен мысырлықтар абақты — орыс есеп шотына ұқсас құрылғыны пайдаланған.
XVII ғ. 40-жылдарында адамзат тарихындағы ең ірі ғалымдардын бірі математик, физик, философ және дін зерттеушісі Блез Паскаль сандарды қосатын механикалық құрылғыны ойлап тауып, жасап шығарды.
Савдарды қосып қана қоймай, оларды көбейте алатын механикалық құрылғыны XVII ғ. аягыңда екінші бір ұлы математик және философ Готфрид Вильгельм Лейбниц ойлап шығарды. Лейбництің еңбектерінде сөздермен және басқа ұғымдармен амалдар орындай алатын механикалық құрылғы туралы да сөз болған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Суық тигізіп алсаңыз...

Егер сізге суық тиіп, дене қызуыңыз көтерілсе, міндетті түрде терлеуіңіз керек. Ол үшін басым көпшілігіміз аспирин, парацетамол немесе басқа да дәрі-дәрмек көмегіне жүгінеміз. Ал біз бүгін сіздерге өсімдіктермен тер шығарудың жолын ұсынғымыз келіп отыр.

Кептірілген таңқурай жемісінен тұнба жасап ішіңіз. Жарты стақан жемістің.....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Әңгіме: Өмірмен күрес

Қатты шаршадым...
— Жап жас боп алып қайдағы шаршау?
— Іштей қатты өкпеледім.
— Кімге?
Өмір бойы амандығын тілеймін деген жанға...
— Не үшін?
— Аяқ асты өзгеріп кетті... менікі орынсыз болар. Бірақ, соншалықты бұлай болады деп кім ойлаған...
— Уайымдама ақымақ қыз...сен оның амандығын тіле, оған тек жақсылық тіле! Өз қателігін түсінген кезде бармағын шайнары анық... Енді шаршадым деуші болма, көкем!

Түйін: ӨМІР АТТЫ РИНГТЕ КҮРЕСІП КЕЛЕМ, МЕНІ НОКАУТҚА ТҮСІРЕМ ДЕП ОЙЛАМАҢЫЗДАР! СЕБЕБІ МЕН ИМАН ДЕГЕН ДОППИНГ ҚОЛДАНАМЫН!

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Мұхтар Әуезов - фольклортанушы (қазақ фольклористикасы бойынша)

КІРІСПЕ
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің есімі қалың жұртшылыққа әйгілі керемет талант иесі, кемеңгер жазушы ғана емес еді; ол энциклопедиялық білімі бар ғажап ғалым, өте көрнекті қайраткер ретінде де әйгілі. Оның осындай әр жақты жазушылық және ғылыми педагогтік шығармашылығына арналған ірі монографиялық зерттеулерден бастап баспасөз бетіне әр жылдары жарияланған ірілі-ұсақ мақалалардың жалпы саны қазірдің өзінде бес мыңның үстінде.
М.О.Әуезовтің ұзақ жылғы жемісті әдеби мұрасына зер салсақ, оның екі үлкен арнасы зерттеушілердің назарын ерекше аударады. Олар зерттеуші Ә.Молдаханов атап айтқандай: Біріншісі – абайтанушылығы, екіншісі – фольклортанушылығы жазушының әдеби-ғылыми мұрасының екі алтын діңгегі де осыла (7). Дүниежүзіне әйгілі «Абай жолы» эпопеясы авторының әдеби мұрасы тарихшы, филолог, педагог ғалымдарының еңбектерінде зерттеліп келді (30). Ал енді, фольклортанушы ғалымның еңбектері әлі де өз дәрежесіне зерттеліп, көпшілікке таныла қойған жоқ. Дегенмен, М. Әуезовтің жазушылық және ғылыми шығармашылықтарындағы фольклортанушылық мәселесі зерттеушілердің назарынан тыс қалды деуге болмайды.
Ғұламаның фольклор саласындағы еңбектері туралы ең алғаш пікір айтқан ғалым, белгілі сыншы: Ғ.Тоқжанов. Ол 1927 ж. «Әдебиет тарихына бір жақты бағамен сын айтқан. Бұрын жазба әдебиет дамымай тұрған кезде, қазақ-кеңес әдебиетінің алғашқы дәуірлерінде, алдымен халқымыздың бай мұрасы фольклордан үйренуіміз керек, соған сүйеніп жазба әдебиет жасауымыз керек деп жиырмасыншы жылдардың бас кезінде айтқан М.Әуезовтің орынды пікірін Ғ.Тоқжанов: «Мұхтар бүгінгі қазақ жігіттеріне Біржанның салдығын, Ақанның серілігін, қарияларға Асанның қайғысын үлгі етеді. Үлгіні ертегі әңгімелерден, батырлық жырлардан алу керек екенін үгіттейді» - деп өрескел бұрмалайды (29). Тұрпайы социологиялық сын тұрғысынан келе етіп, мін тағады. Сол кездерде ресми жағынан үстем болған «пролеткульттік» әдеби сынның бір белгісі осындай еді. Бұдан кейін ұзақ уақыт бойы М.Әуезовтің фольклорлық еңбектері жайлы мәселе қозғалып сөз болмады. Кейін 50 жылдары «Абай жолы» эпопеясы арқылы аты дүние жүзіне әйгілі болған кезде ғана М.Әуезовтің жазушылық шығармашылығы ішінара ғылыми еңбектері арнайы мақала очерктердің объектісіне айналды. Соның өзінде, жазушылық жағы басымырақ қаралып, фольклортанушылығы «тиіп-қашты» ғана айтылды. Әуезұлы Мұхтардың 1932 жылғы 10 маусымда «Социалистік Қазақстан» газетіндегі ашық хатынан кейін ғалымның 20-шы жылдардағы еңбегі мүлде айтылмай, жабылып қалған болатын. Бұл жағдай М.О.Әуезовтің фольклортанушылық қырының осы уақытқа дейін жете зерттелмей, көпшілік танылмай келуінің басты себебі еді.
Солай болғанымен де «асыл тас су түбінде жатпайды» дегендей М.Әуезовтің фольклорды зерттеген еңбектері оның тұтас шығармашылығына арналған жинақтарда әдебиетші – ғалымдар З.Кедринанның (31), А.Нұрқатовтың (32), Е.Лизунова мен Ы.Дүйсенбаевтің (33), М.С.Сильченко мен М.Смирнованың еңбектерінде сол секілді ұлы жазушы ғұламаның творчествосына арналған газеттік журналдың мақалаларында көрініс тауып отырды (34).
Дегенмен де, ғалымдар М.Әуезовтің фольклортанушылығы туралы мәселені оның жалпы ғылыми педагогтік қызметімен байланысты көріп, фольклор туралы ішінара ғана тоқталып елуінші, алпысыншы, жылдардағы еңбектері ішінен, әсіресе, «Манас» туралы зерттеулерінің ғылыми мәнін ашып береді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Менеджмент | Мұрағат ісін ұйымдастыруда іс-шараларды жүргізу

Тақырыптың өзектілігі. “Біз өз халқымыздың тарихтағы өз бағыт- бағдарын табу жолындағы күрделі ізденістерін айқын көзге елестете алуымыз үшін өткенімізді білуге тиістіміз .
Біз аспаннан түскен, ауадан жаратылған жоқпыз, арттағы ұрпақтың игілігі үшін атамекенді қаны мен терін аямай төгіп, азап пен арпалыста алыса жүріп, аман алып қалған ата-бабалардың ұрпағымыз. Олардың бастан кешірген абыройлы сәт тері біздің рухымызды асқақтатып, жеңістері мен жәбірленген сәттері бізді де қателіктер мен адасушылықтардан сақтандырады .
Уақыт талабына тек өткенді біліп, тарихқа қанығып барып , дұрыс жауап таба аламыз. Цицерон айтқандай: “Тарих- тағдырымыз тәрбиешісі”. Есінен айрылған адам соқыр және әлсіз . Мұрағат та сол сияқты. Ол болмаса адамзат өткенге көз жіберу, бүгінгіні түсіну, ертеңгіні жасау мүмкінкіншілігіне ие бола бола алмас еді.”.
“Мұрағат - өткеннің ескерткіші , онсыз адамзат құлықтық ден мүлдем ада болған болар еді.
Мұрағат болмаса көптен-көп жазықсыз қаза тапқандардың аттарын білу мүмкін емес еді”
Қазақстан Республикасаның бүгінгі таңдағы экономикалық дамуы ол тікелей елбасымыздың ұстанған жаңа бағыттағы саясаты десек болады. Мінекей, осындай жаңа бағыттағы саяси, экономикалық мәдени жүйеде елдің ел болып қалуы тікелей оның мәдени құндылықтарына байланысты. Ал мәдени, тарихи құндылықтың қайнар көзі мұрағаттарда екені мәлім. Ендеше мәдени байлықтарымызды көздің қарашығындай сақтап келген мұрағаттардың өз тарихын зерттеу біздің сол құндылықтарымызға көзқарасымызды көрсетсе керек. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0