Әңгіме: Джек Лондон | Ойын


Бірінші тарау

Алдарында қызылды-жасылды көркем кілемдер жаюлы жатыр. Coның ішінен бұлар екі Брюссель кілемін бірден ұнатқанымен, өзгелерінің де бояуы мен өрнегі ерекше еліктірді. Қызықтырмай, сірә, қояр емес, әттең бағасы тым қымбат. Бөлім бастығы бұларға ерекше сый көрсеткісі келгендей басы-қасында өзі болды; әйтсе де қыз осыншама құрмет өзіне емес, Джоға бола көрсетіліп жатқанын біліп тұр, жаңа ғана екеуі жоғары көтерілген кезде лифтер бала Джодан көзін ала алмай аңырайып қарап қалған жоқ па. Тіпті қаланың батыс жағындағы өздері тұратын кварталдың бойымен екеуі өте қалса, көшедегі бала-шаға, жастар тап осылай таңырқаушы еді ғой.

Бөлім бастығын телефонға шақырып әкеткен кезде қыз көңілін де бағанадан арпалысқан екі ой — әдемі кілем алсам деген арман мен көп ақшам кетіп қалады-ау деген қызғаныш сәл серпілгендей болды да, оның орнына жүрегіне тікенше қадалған бір түйткіл тағы оралды.

— Мен түсіне алмадым, Джо, соншама сен қызығатын не бар еді онда,— деді қыз ақырын ғана, бірақ өжет үнменен бұл тегі екеуінің осының алдында ғана келісе алмаған бір талас сөзінің жалғасы болу керек.

Жас балуанның бала сықылды сүп-сүйкімді жүзінен болар-болмас реніш колеңкесі жылжып өткендей болды да қас қаққанша қабағы жадырап сала берді. Жаңа салған ұясына жасау іздеп, өмірдің табалдырығынан енді ғана аттағалы тұрған бұл екі жан өндірдей жас еді, жігіт әлі жас бала тәрізді науша болса, қызды сары ауыз балапан десе болғандай.

— Ренжімесең қайтеді? — деді жігіт.— Бұл менің ең, соңғы. тіпті ең ақыры кезегім ғой.

Ол осы сөзді айтты да, жымиып күлді, бірақ қыздың құлағы оның күлкісінен болар-болмас өкініш лебін шалғандай болып, әлденеге жүрегі қысылды; ғашығын қызғыштай қоритын әйел затының қызғаншақтық әдеті жеңген қыз өзі үшін жұмбақ болып жүрген, бірақ жігіттің аусарын аударып әкеткен осы бір құмарынан секем алып сескене беруші еді.

— Өзің білесің ғой, О'Нейльмен кездескеннен кейін мен мамамның үйіне бересі борышын түгел төлеп құтылдым.— Сөйтіп бір уайымнан арылдым. Ал Понтамен бүгін кездессем, жүз доллар жүлде тағы алам, жүз доллар дегенге түсінемісің! Оны түгелімен жасауға жұмсаймыз.

Қыз бұл арада тиын есептеу ерсі ғой дегендей қолын бір сермеді.

— Сен рингіге соншама құмарсың. Соның себебін білуге бола ма?

Жігіт сөзге шорқақ долаң еді. Жұмыста тілі орнына қолы жүрсе, рингіде де бұлтылдаған бұлшық еттері мен бүткіл денесі түсінгенге ойнай сөйлейтін, бірақ рингіге неге құмар болғанын өзі де айта алмайды. Дегенмен бар білген-сезгенін айтпақ болып, күмілжи, тұттыға сөз бастады, күрес кезінде, әсіресе айғай-сүрен көтеріліп, арқасы қозғанда өзінің қандай халде болатынын түсіндірді.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Ертегі: Үшмұрын

Ертеде бір бай болыпты. Ол сол алаптағы елдің ең байы, әлдісі, онан асқан төңіректе бай жоқ екен. Дүние-мүлік, мал дегендер көп, бірақ бала жоқ. Бәйбішесі мен байдың өзі ғана.
Зарығып жүріп бір ұл көреді. Бай қуанып маңайдағы елдің бәрін шақырып той жасайды. Отыз күн ойын, қырық күн тойы болады. Жақын достарына сыйын береді. Көп жылдар өтті. Бала ер жетті. Байдын бәйбішесі дүниеден қайтты. Үй, мүлік иесіз қалған соң, бай баласына әйел әперуді мақұл көріп, төңіректен қыз іздеді. Бірақ көңілге ұнарлықтай жасаулы сұлу қыздар кездеспеді. Ақыры көрші елдердің бірінен бір байдың қызына сөйлесіп, құда түсті. Күйеу қайынына барып, қалыңдығын көріп, қалыңдығына көңілі толып қайтты. Қалың малға жылқыны үйірімен, қойды қосағымен айдатып жатты.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Рабиндранат Тагор | Судья


Кхирода ел ақтап жүріп, ақырында осы бір жігіттің құшағында сая тапқандай болып еді. Міне енді ол да мұны қаңғыртып жіберді.

Күн көру үшін тағы біреудің құшағына іздеуді қайтып ойлағысы да келмеді оның, жирене қарады. Жасы болса жер ортаға келіп те қалды.

Жастық шақтың дәурені өткеннен кейін де өмірдің бір тамаша кезеңі болады. Ол кезең — жарқын жүзді күздің шуақ күніндей тыныш та тұңғиық, тұнық бір кез. Осы тұсқа жеткенде өмір бағының бар жемісі толықсып пісіп, көкорай шалғыны ұзарып жетіледі. Жастықтың елең-алаңында албырттықпен шалыс басқан аяқ енді ерсі көрінетін болады. Бұл дүниеде жасарымызды жасап, шығар биігімізге шығып болғандай сезінеміз. Өмір жолында бастан кешкен жақсылық-жамандығымыз, қайғы-қуанышымыз біздің ақыл-ойымызды біржола суарып шыңдап болады. Біз енді көкжиекке қол создырған тәтті қиялдың соңына еріп, адасудан бой тартамыз да, өз шамамыздың тар шеңберінде ғана өмір сүруге мойынсұнамыз. Жарқ еткен жаңа махаббаттың жалынына ұрынудан гөрі, үйреншікті сыр мінез серігіміздің болғанын артық көре бастаймыз. Бұл кезде жастық шақтың уылжыған өңіне әжім түседі. Бірақ көңіл шіркін қартаймайды. Ұзақ жыл отасқан өмірден кейін көңіл күйінің көрінісі бет пішінімізден, көз жанарымыздан сезілетін болады. Адамның даусы да, күлкісі де, көзқарасы да оның ішкі табиғатымен үйлесе бастайды. Қол жетпесті арман етіп елегізу енді қалады, бізді тастап кеткендердің артынан қайғыру жоқ та, алдап кеткендерге кешірім көп болады. Қиыспасыңмен айырылысудың зарын тартып болып, алай-дүлей бұрқаған өмір дауылының бәрін басыңнан өткізген шақта қасыңда қалған адал дос өзіңді жақын тартып, сүйіспеншілік білдірсе, сен де соған бар махаббатыңды ұсынып, құлындай түсесің. Өмірдің осынау бір іңір қараңғысы шағында ежелгі сыр мінез, сенімді серігіміздің қасында болсақ, сонда ғана жанымыз жай тауып, рақатқа батады. Ал бұл кезеңде жаңадан үйір болар жан іздер күйге душар болсаң, құдайдың ұрғаны. Кештетіп келгеніңде тыным аларлықтай боп үйіңде шамың жағулы, төсегің салулы тұрмаса, сорыңның қайнағаны. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Эдгар По Мари | Роженің құпиясы


«Морг көшесіндегі кісі өліміне» қосымша

Шынайы оқиғалар мен олардың мінсіз жүйелілігі параллелді түрде қатар жүреді. Олар үнемі бір-бірімен дәл үйлесе бермейді. Адамдар мен жағдайлар әдетте оқиғалардың мінсіз тізбегін өзгертіп отырады. Сондықтан да олар жетілмеген сияқты болып көрінеді де олардың нәтижелері де шалағай болып шығады. Реформацияда да дәл осылай болды — протестантықтың орнына лютерандық келді.

НОВАЛИС. Моральға көзқарас

Оның бар болғаны жай ғана кездейсоқтық екеніне сенудің өзі ақылға сыймайтын оқиға болып көрінетін кездейсоқтыққа тап болған кезде тіпті ең байыпты, ең байсалды деген адамның түйткілді көңіліне де тәңірдің құдіретіне илану сезімі ұялай бастайтын шығар-ау осы. Кездейсоқтық докторинасына немесе оның меншікті есімімен атар болсақ, ықтималдық теориясына жүгінбейінше, ондай сезімді (өйткені мен айтып отырған көңілдегі шүбәлі, бұлыңғыр сенім ешқашан да толық ақыл-ойға айналмайды) басу мүмкін емес. Бұл теория — өзінің табиғатында таза математикаға тән теория; сонымен ғылымның бүкіл бізге берерінің ішіндегі ең жүйелісі де, дәлі де оймен болжау саласындағы қолға түсе бермейтін көлеңкелі, шүбәлі елесті жақтарды айқындауға пайдаланылады. Мен жұртқа жариялағалы отырған айтса адам нанғысыз бұл оқиғаның егжей-тегжейі, болған кезі жатынан дәл сол күйінде алынған, әрі оның өзі әдеттен тыс кездейсоқтықтың бірінші тармағына жатады, ал екінші, қорытынды тармағынан оқушылар қауымы, әрине, жақында Нью-Йоркте болған мэри Сесилия Роджерстің өлімі жайында білетін болады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ер қанаты


Айнагүл бүгін балаларға жылқы жайлы сабақ өткен еді. Сабақ барысында Айнагүлдің аузынан, мағынасына орай, жылқы деген де атау айтылып жатты, ат деген де сөз шықты, Қамбар ата түлігі деген де сөз айтылды, тіпті жылқының жас ерекшелігіне байланысты айтылатын сөздер де аталмай қалмады. Оны былай қойғанда, Айнагүл жүйрікке байланысты айтылатын тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деген сөздерді де
ретіне қарай қолданып бақты.

Айнагүлдің бір мінезі сабақ беру барысында өзінің шәкірттерін тыңдағанды да жақсы көретін. Бұл жолы да солай етпек болды. Кенет сыныптың ортасынан Ернар деген бала қол көтерді. Ернар Айнагүлдің сүйікті шәкірттерінің бірі еді. Сондықтан ба өзін еркінірек ұстайтын. Кейде апайына аздап еркелеп қоятыны да бар. Ернар бұл жолы салмақты мінезбен орнынан тұрды да: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Агрономия | Жоңышқа өсімдігінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Кіріспе
Елімізде және дүние жүзінде инновациялық жаңа әзірлемелерді өндіріске енгізу мәселелері үлкен маңыздылыққа ие.
Осы орайда облысымызда бақша дақылдары оның ішінде қарбыз егісін арттырып, халықты қарбыз өнімдерімен қамтамасыз ету үлкен маңызды іс-шаралардың бірі.
Қарбыздың жаңа, бәсекеге қабілетті, селекциялық сорттарын өндіріске енгізуден алдын оның қолданылуы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жергілікті топырақ-климаттық жағдайларына оның тиімділігін анықтау және ғылыми негізделген қорытынды жасау қажет.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бағытында бірқатар іс-шаралар аткарылып, ауыспалы егіс тізбектері бойынша бақша дақылдарының егіс көлемі ұсыныстарға сай біршама артқаны байқалады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Педагогика | Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің кейбір мәселелері

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Мұндай апатты зардаптар Қазақстанның Семей, Қызылорда, Батыс Қазақстан (Нарын, Азғыр, Тайсойған), Орталық қазақстан (Сарышаған, Байқоңыр, Балқаш), Оңтүстік қазақстан (Созақ) аймақтарында көрініс тапты, олар табиғи экологиялық жүйе тұрғысында, экологиялық жағдайы өте нашар жерге айналды, ал экологиялық әлеуметтік тұрғыда экологиялық зардапты ауданның бірі болып саналады. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.
Рио-де-Жанейрода (1992, маусым) БҰҰ – ның қоршаған орта бойынша өткізген конференциясында қарастырылған мәселелер (дүние жүзіндегі бүгінгі экологиялық жағдай; әлемдік қауымдастардың экологияны тұрақты дамытуға талпынысы т.б.) бойынша қабылданған шешімдер білім мен тәрбиені экологияландыруға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Жеткіншектердің экологиялық білімі мен тәрбиесі міндеттерінің маңыздылығы арта түседі [1;2].
Өркениетті елдермен қатар Егеменді Қазақстан Республикасы да Рио-92 қабылдаған шешімге парасаттылық көрсетіп, біздің қоғамның приоритетті дамуының стратегиялық бағыттағы “2030” тұрақты дамуының сара жолын көрсетті [3].
Одан кейін де Елбасының мемлекеттік экосаясаты мен экономикалық саясаты табиғат ресурстарын тиімді пайдалану әлемдік деңгейдегі үрдістеріне үн қосып “адам – қоғам – табиғат” арасындағы гармониялық үйлесімділіктің теориялық аспектілерін тұжырымдады. Бүгінгі таңда “Білім туралы” Заңдарды жетілдіру және білім сапасын әлем кеңістігінің білім деңгейіне көтеру көзделіп отыр. Яғни нәтижеге бағытталған білім сапасын өміршең ету жоспарлануда.
Елбасының қолдауымен Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды заңдар мен құжаттар қабылданды [4;5;6;]. Соның ең маңыздысы “Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы” (2003 ж.) көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие берудің өміршең бағдарламасын нақтылап берді [7]. Елбасының №1241 (2003) Жарлығымен мақұлданған бұл тұжырымдама ҚР “Қазақстан Республикасының конституциясы’, “Білім туралы” заңына сәйкестендірілген бірден-бір мемлекеттік білім мен экологиялық саясатына қолдау көрсеткен шешуші құжаттардың бірі болды [8;9].
Экологиялық проблеманың пайда болуы ең алдымен әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты және бұл проблемаларды техникалық құралдармен де, жеке адамның топтасқан қауымның қоршаған ортаға көзқарасын, қатынасын қайта бағдарлау жолымен де шешуге болады. Адамзат экологиялық тұрғыда қоғамды дамытудағы көзқараспен байланыстағы жаңа менталитетті қалыптастыру қажеттігін ойындайды. Әлеуметтік әрекет құралы ретінде қоғамдық экологиялық таным әлеуметтік бақылаудың барлық механизмдерін дұрыс іске асыруды қамтамасыздандыруы қажет, тұрғылықты халық қоршаған ортаны жақсарту мәселесіне, сонымен бірге оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелеріне аса назар аударғаны жөн.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мінезіңіз кіммен үйлеспейді

Адам сан түрлі мінезге ие. Екі аттас зарядтардың тартылып, бір аттас зарядтардың тебісетіні секілді адамдар да кейде бір-бірінің мінездерімен үйлеспей жатады. "Екеуміздің мінезіміз бірдей болған соң ба, біз ұрсысып қала береміз" деп жатамыз. Ол рас. Қандай жандар бір-бірімен үйлеспейді? Бір мінезді адамдардың отбасы қандай болады? "Өзімді-өзім тәрбиелеймін" сабағының да келесі тақырыбы - осы...

Екі шатақ мінез біріксе, пішкен тондары келте болып шығады. Өйткені бірінің айтқанын бірі тыңдағысы келмейді. Біріне бірі тағы бағынғысы келмейді. Әркім өз айтқанын жасағысы келеді. Олардың былай тартып арбаны сындырып, былай тартып өгізді өлтіріп алатыны да сондықтан. Сол секілді қырсық мінезділер, тез ашуға берілгіштерді де осы қатарға жатқызуға әбден болады.......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ

Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және қызмет процессін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларлы іске асыруүшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білу керек.
Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері мехнизмдеріне түбегейлі әсер етті.
Аудиторлық қызмет негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі. Аудиттің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы бақылау жүргізу.
Аудиттің мазмұнын қарастыру барысында оның нақты құрамы туралы айту қажет. Олар мыналар: шаруашылықтағы субъект мәлімет аудитордың мамандығы фактілерді жинау және бақылау аудит стандарты аудитор ақпараты, есебі.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті аудиторлық қорытынды осы курстық жұмыста кеңінен және түбегейлі қарастырылады. Негізінен экономика саласы болсын не басқада салаларда атқарылып болған істің нәтижесі болады. Сол сияқты қаржы саласында аудиторлық қорытынды жүргізіледі және оның шаруашылық субъектіге өзіндік үлесін қосады. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы, шаруашылық әдістерін және фирмаларын қайта өзгертудің обьективті қажеттілігін тудырады. Аудиторлық қорытынды соңғы жылдары елімізде жедел қарқындап, барынша дамып келе жатқан сала. Сол себепті аудитор қазіргі нарықтық жағдайда шаруашылық субъектіге тәуелсіз тексеру жүргізу арқылы қорытынды жасайды. Яғни, аудиторлық қорытынды экономика саласына ауадай қажет екендігін дәлелдеді деуге толық негіз бар.
Курстық жұмыстың мақсаты: елдің ішкі және сыртқы экономикалық байланысы сауда-саттық қарым – қатынасы болып табылатыны мәлім. Яғни, курстық жұмыстың мақсаты еліміздегі шаруашылықпен немесе
кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға аудиторлық қорытындыны қалай және қайтіп жүргізетіндігі туралы мәлімет беру.
Курстық жұмыстың мәні: Аудит-бухгалтерлік есептің сапасын, тиімділігін арттырып, оны халықаралық өлшемдер мен стандарттарға негізделіп жүргізуге жетелейді. Тәуелсіздік алып егеменді ел болған қазіргі таңда аудиторлық қызметке сұраныс күннен-күнге арта түсуде. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Жаңғақтың қоректік құны жоғары

✔Жаңғақтың қоректік құны жоғары. Оның құрамында ақуыз, қанықпаған май қышқылы, көмір-су қосылысы, кальций, фосфор, темір, каротин, рибофлавин, никотин қышқылы бар. Ол адам денесіне өте қажетті, пайдалы азықтық ретінде қарастырылады.

✔Миды қуаттандырады. Жаңғақтың құрамындағы белоктализин мен фосфатид ми жасушаларын жандандырып, жүйке қуатын жоғарлатады.

✔Холестеринді төмендетеді. Жаңғақ дәнінің құрамында 65% май бар. Ол адам денесіндегі қан айналысын жақсартады. ......
Кеңестер
Толық
0 0