Реферат: Тіс құрылысы

Тіс (dentes) ауыз қуысындағы үстіңгә және астынғы жақсүйектердің иектеріндегі тіс ұяларында орналасады. Тіс эмбрионының дамуы кезінде 7- аптадан бастап ауыз қуысының эпителий және дәнекер ұлпаларынан пайда болады. Тістің химиялық құрамы мен физикалық қасиеті сүйекке жақын. Тістің сүйектен айырмашылығы: тіс тозған сайын бірнеше рет ауысады (төменгі сатылы омыртқалы жануарларда – хайуанаттарда өте көп, ал адамдарда екі кейде үш рет алмасады); тіс сүйек тәрізді бұлшық етке жалғаспайды; тіс ұясына қазықша қадалып, қимылсыз орналасады.
Тістің негізгі қызметі: тістеп үзіп алу, қырқу, жырты, шайнау, езу, үгу, кеміру, сондай- ақ сөз сөйлеуге де қатынасады.
Тістердің тарихи даму (эволюция) барысында біртіндеп саны азайып бара жатқаны байқалады. Мысалы, қағанықты жануарлардың жалпы тістер саны – 44 (3,1. 4,3), кеңтанау маймылдарда – 36 (2,1. 2,2) ал адамдарда – 32 (2,1. 2,3), кейде 30 (2,1. 2,2) болып, ең соңғы “ақыл тістің” шықпай қалуы да мүмкін. Сондықтан қазаққа “Отыз тістен шыққан сөз отыз рулы елге тарайды” деген мәтел жиі қолданылған.
Тістер сүт тісі және тұрақты тіс болып екіге бөлінеді. Тұрақты тіс (dentes permanentes) – 32, бұлардың жоғарғы жақсүйекке – 16, төменгі жақсүйекке – 16 тіс орналасады. Тіс қатарында өздерінің аттарына қарай 8 тіс орналасады, олардың 2-еуі – күрек тіс, 1-еуі – сүйір тіс,2-еуі – кіші азу тіс, 3- еуі – үлкен азу тіс деп аталады. Оның формуласы мынадай болады:

Тұрақты 32 тістердің тізбегі
деп жазылады. Оларды тұтас қарағанда сегіз күрек тістер, төрт сүйір тістер, сегіз кіші азу тістер, он екі үлкен азу тістер деп оқу қажет.
Үлкен азу тістің үшіншісін “ақыл тіс” (dens serotinus) дейді. Ол басқа тістердің ең соңында ғана 12-26 жас аралығында шығады. Соңғы азу тістер өте тез жетіліп кетеді. Кейде “ақыл тістің” мүлде шықпай қалуы да мүмкін. Бұл адам тісінің біртіндеп азайып бара жатқанын аңғартады. Шындығында да солай. Өйткені адам өз өмірінде алдын ала ұқсатылып, майдаланған, пісірілген тамақтарды падаланады ғой.
Бала тіссіз туады. Бала 6 айға толғанда тіс жара бастайды, ал екі жасқа толғанда тістер толық шығып бітеді. Сүт тістерінің жарып шығу мерзімдері 140 – суретте көрсетілген. Бірінші шыққан 26 тіс сүт тістер (dentes decidui)деп аталады. Оның 2-еуі – күрек тіс, 1-еуі – сүйір тіс және 2-еуі – азу тіс болады.
Сонда сүт тістің тізбегі болып шығады. Бұл тізбектен сүт тістерінде кіші азу тіс және ақыл тістердің жоқтығын байқаймыз.....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сиқырлы қорап жасаймын (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: Сиқырлы қорап жасаймын
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны туралы өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы немесе пайдасыз болды... т.б.) білдіру
Сабақ мақсаттары: Аудио-бейнежазба бойынша өз ойын білдіруге машықтану.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Экологиялық таза өндіріс жобалары №1 (10 сынып, I тоқсан)

Пән: География.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғатты пайдалану және геоэкология.
Сабақ тақырыбы: Экологиялық таза өндіріс жобалары №1
Сабақ мақсаттары: 10.3.1.6 экологиялық таза өндіріс жобаларын ұсыну....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Анеуплоидия

Анеуплоидия (көне грекше: ἀν - жоқ + εὖ — жеткілікті + πλόος — бірнеше есе + εἶδος — түр) — адам мен жануарлар организмдері жасушалары ядроларындағы хромосомалардың қалыпты жиынтығының өзгеруі; соматикалық жасушаларда хромосом саны гаплоидқа тең емес геномдық мутация.[1]
Анеуплоидия кезінде жасуша ядросы хромосомаларының қалыпты жиынтығына көп жағдайда 1 хромосома (моносомия) немесе сирек — 2 хромосома (нуллисомия) жетіспеуі, болмаса бір немесе бірнеше хромосомалар артық болуы мүмкін. Анеуплоидия адам мен жануарлардың бірқатар хромосомалық аурулары нәтижесінде өрбиді.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Талғат Кеңесбаев

Талғат Кеңесбаев (1961 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Сарыжал ауылы) - жазушы. Семей педагогикалақ институтын бітірген (1992). Алғашқы шығармалары 1980 жылдары баспасөз беттерінде жарық .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Өт жолдарының дискенезиясы

Өт жолдарының немесе өт қалтасының моторикасының бұзылуымен сипатталатын ауру. Мектеп жасындағы балалар жиі ауырады. Бұл паталогияның 2 түрі бар. Гипертоникалық типі-өт қабының және жолдарының тонусы жоғары. Гипотоникалық типі-өт жолдпрының тонусы төмен.



Этиологиясы: Мектептегі, жанұясындағы стресстік ситуациялар, созылмалы инфекция ошақтары, тамақтанудың бұзылыстары, асқазан-ішек жолдарының аурулары.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Медициналық сұрыптауды ұйымдастыру мен жүргізу

Медициналық сұрыптауды ұйымдастыру мен жүргізу



Апат ошағында сұрыптау бірінші кезекте тірі қалғандарды шығару қағидасы бойынша жүргізіледі. Өмір сүру қабілеттілік жағдайын жүрек соғысының болуына, тыныс алуына, қозғалу белсенділігіне байланысты бағалайды. Шығару кезектілігінде артықшылық балалар мен жүкті әйелдерге беріледі.



Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуде медициналық сұрыптаудың негізіне өмір сүруді қамтамасыз ету қызметінің бұзылу дәрежесін диагностикалау, зақымдалу сипаты, оның өмірге қауіптілік дәрежесі, мүмкін асқынулардың дамуын болжау және тірі қалуды болжау жатады. Өздігінен жүретін зақымдалғандар үшін құрамында дәрігер, медбике, тіркеуші бар сұрыптау бригадасы құрылады.

.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Рахит

Рахит Күн сәулесі тимей, күн нұрының қуатты қызуын сезінбеген баланың аяғы қисайып, сүйектері басқадай деформацияға ұшырауы (рахит) мүмкін. Баланы нәрленген сүтпен және Д витаминімен (балық майы) қоректендірген жағдайда бүл аурудың алдын алуға болады. Әйтсе де рахитті болдырмаудың ең ұтымды да жеңіл жолы сол, баланың денесі күн сәулесін күн сайын кем дегенде 10 минут бойына қабылдауы керек. Бүл орайда денені күнге күйіп кетуден сақтау қажет. Ешқашанда Д витаминінің дозасын артық және үзақ уақыт беруші болмаңыз, бұдан бала уланып қалуы мүмкін.

[өңдеу]Белгілері .....
Рефераттар
Толық
0 0