Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қазақстандағы көрікті жерлер (Алтын Емел ұлтық саябағы) (6 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Қазақстандағы көрікті жерлер
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы көрікті жерлер (Алтын Емел ұлтық саябағы)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.1.1. Болжау
Сабақтың мақсаттары: Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілген мәселені болжау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бұқар жырау (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Бұқар жырау
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.4.1 Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;
Сабақтың мақсаты: Жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды ажырата білуге үйрету.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жасушаның сызықтық ұлғаюын есептеу (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық биология
Сабақ тақырыбы: Жасушаның сызықтық ұлғаюын есептеу
Сабақтың мақсаты: Микрофотографияны пайдалана отырып, жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: Барлығы: микрофотографияны пайдалана отырып, жасушаның сызықтық ұлғаюын есептей алады;
Көбісі:әртүрлі жасуша органоидтердің микрофотографияларын пайланып, олардың нақты сызықық ұлғаюын есептейді, негізгі өлшембірліктермен жұмыс жасай алады;
Кейбіреулері: микроскоп арқылы көрген жасушаның сызықтық ұлғаюын есептейді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Педагогика | Адамгершілік тәрбиесінің әдістемесі

Әр ұлттың өзіне тән ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келген ұлттық психологиялық ерекшеліктің болғаны.Сондықтан барлық халықтың мақсатыөзінің ұрпағына тәрбие беруде күнделікті айналысатын шаруашылығын, шұғылданатын кәсібін ұлттық психологиялық арнада ұйымдастырып және рухани адамгершілік тәрбиесімен ұштастыра білген.
Адамгершілік тәрбиесі- белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез құлық дағдылары мен әдептерді қалыптастырумен және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым- қатынасты дамытуда, жалпы адамзаттық құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бір бөлігі. Адамгершілік тәрбиесінің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, имандылық негізде жеке адамның жан-жақды дамып жетілуіне бағыталған.
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелікжолдарын қарастырады.
- Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде адамның бойында рухани мәдениетті қалыптастыру.
- Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.
- Салт-дәстүр негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу.
Ұлттық дәстүр арқылы психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, дүниедегі бағалы рухани байлықты жеке тұлғаға дарыту. Адам- тарихи үрдістің субъектісі. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл- әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты, жер шарындағы небір ғұлмат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі. Адам дегеніміз – еңбек әрекетімен шұғылдана алатын әлеуметік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасай алатын тұлға. Адамның түрт түрлі өлшемі бар: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік. Бұл өлшемдер өзара байланысты. Осы төрт өлшемде байланысты адамның бойындағы кісілік тұлғалық қасиеттері үш дәрежеге бөлінеді: -әр адамның өзіне тән психологиялық ерекшеліктері болады, өмір сүру ортасына байланысты адамдар бір-біріне ұқмайды.
- адам әртүрлі елдердің, тарихи дәуірдің, материалдық-рухани мәдениетімен жетістіктерін үргі алады. Оған әлеуметтік, этикалық, ұлттық ортасы әсер еседі. Сонымен, дәірге, қоғамға, тарихи ортаға байланысты. Қалптасқан білім және тәрбие жүйесінен сабақ алады. Осының бәрі адамның жан дүниесіне әсер етеді.
- адам адамзат қауымының мүшесі. Шыққан нәсіліне, туысына, ұлтына, туган жеріне тәелсіз, барлық адамдарда ортақ адамгершілік қасиет болады: батырлық, ерлік, сатқындық, мейрімділік, қатігезділік, әділдік т.б. Осы рухани-псхологиялық қасииеттерді адам бойында қалыптастыратын –тәрбие. Халық батыры Бауыржан Момышұлы: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырларды биік дәріптеп, азамтаттық пен кісіліктің символы, үлгісі ретінде санаған. Батырлық, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққаата дәстүрі болып қала бермек. Өткенін білмеген, онан тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы- тұл, келешегі – тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық» ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз Қазақстан

Тәуелсіз Қазақстан

Тамырын тереңге жайған тарихыма көз жіберер болсам, сананы талай ой тұңғышына батырып, көкейге талай сұрақтың келетіні рас. Мысалы, Біз кімбіз? Жұмыр жер бетінде қашан пайда болдық? Қай жерді мекен еттік? Тіліміз, мәдениетіміздің деңгейі қандай?

Біз Өр Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен сақтан қалған сарқыты, ғұннан қалған жұрнағы, үйсіннің жүріп өткен ізгіміз. Біз қазақпыз!......
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Бәби би

Бәби би орыс еліне бодан болуға қарсы шыққандардың бірі болды. Бәбидің баласы Ақша 1732 жылдың 7 ақпанында Әбілқайыр ханмен М.Тевкелевке келіп, өздерін бидің жібергенін, бұрынғы наразылық ниетінен бас тартқанын, жасақтарын тарататынын жеткізеді. «Бұдан былай ханмен тілмаш осы топтың ауылдарымен бірге болып, еш .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Қаңбақ айғақ

Ерте заманда бір бай баласы мен хан баласы жолдас болады. Күндерде бір күні екеуі аңға шығады. Келе жатқанда бай баласының ойына бір арамдық түседі.

«Мен мұнан гөрі батырмын, неге осыған бағынамын. Хан баласымын деп, мені ауыр жұмыстарға жұмсайды. Мұны өлтірейін де, ат-тұрманын олжа қылайын», – деген ойға келеді.

Бір азырақ жүріп, бір белестен асып түскеннен кейін хан баласына бай баласы:

— Ал, достым, ажалың жетті,– дейді. Хан баласы сасып қалып, жан-жағына қарайды.......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Қызбейіт

Бұл әңгіме маған сондай ыстық. Арада жиырма бес жылдай уақыт өтсе де ешқайда жариялай қоймаппын. Балалық шақтың бақытты да бал күндері өткен Алтайдағы әйгілі Қызбейіт жайлауы — ол туралы айтыла салатын аңыз әңгіме арқауы осы бір шағын шығарманың дүниеге келуіне себепші болып еді...

Кейде жазушыларға оқырман “Шығарма қалай туады?” деп сауал қойып жатады. Қызбейіт жайлауы аңызы — осы бір әңгіменің жоралғысы. Ал бірақ бұл аңызға бергісіз әңгіме уақыт өте келе ой-қиялыма тереңнен ұя салып, жан-дүниемді жаңаша толқыта түсіп, “Алтай балладасы” (Алтайдың алқызыл модағайы) романының тууына жол ашты.

Бұған оқырман түгілі өзім де қайран қалам!

Автор.

Аю мұрнын желге беріп, жас күлімсі иісті сезініп тұр. Маңай қалың қарағай мен шырша. Іңір қараңғылығы енді түскен шақ. Ауа дымқыл. Төңірек тыныштыққа иіген. Сәл самал желмен тербелген биік тау шөбі, шыршалардың теңселген ұшар басы мен ұшқаттың ұсақ жапырақтары қосылып ақырын ғана сыбдырлайды.

Әбден күшіне келіп толысқан еркек қоңыр аю екі аяғымен түрегеліп, тағы да тереңнен тыныс ала иіскеді. Иістің жақын маңда екенін сезінді. Қалың шөпті жапырып, анда-санда басын көтере иіскеп қойып жүріп келеді. Алаңқайға шықты. Алдында биіктеу біткен жалаңаш төбе. Иіс сап тыйылған. Аю екі аяғымен адамша тік тұра қалып, тіміскілей тағы иіскеді. Олай-былай тік жүріп те көрді, бірақ аюдың құмарын қоздырған тұщынарлық иіс сезілген жоқ. Ол қарағай, шыршасыз етекті сипар шөп басқан жалаңаш төбе басына көтерілді. Бір отар қой сыярлық төбе басында қарағайдан қиып салынған зират қарауыта қалған. Аю сескеніп қалды. Бұл қайдан пайда болған дегендей жанарын тігіп тұр. Көзіне қарай түскен шашын самал желпіп өтті. Мұрнына танауын жарған күлімсі тағы келді. Тұмсығымен тұщына иіскеді. Күлімсі иіспен бірге мұның зәресі ұша қорқатын екі аяқтылардың да иісі келгендей. Сол-ақ екен тұла бойын түсініксіз бір қорқыныш билеп өткен. Сонда да орнынан қозғала қойған жоқ. Ет жүректі емес пе, орман тағысы жойдасыз табанын басайын десе – жүрегі шыдамай, жалт беріп кетейін десе – күлімсі иісті көңілі қимай тұра берді...

Аздан соң төрт құлағы қалқиған бейітке де, одан шыққан иіске де, тіпті жалаңаш төбені қоршаған қалың орманға да бойы үйренгендей болған. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Кітап және әдебиет пәнінің мұғалімі

- Он бірінші сыныбыңа мұқият бол, - деді мектепке енді келген бұған ағайы. - Оқулыққа сенбей-ақ қой. Қазір өтпелі кезең. Ендігі жерде кеңестік әдебиетке бұрынғы көзқараспен қарай алмайсың. Ал оқулық бұрынғы ізбен жазылған. Сондықтан, мүмкіндігі келгенше, балаларға өзің дәріс оқы.

Ұстаздың айтқаны дұрыс. Кеңестік әдебиет - әдебиет тарихындағы өте бір күрделі кезең. Ал мектептің он бірінші сыныбы нақ осы кезеңге келіп тірелетін.

Бір кезде өзіне де әдебиеттен сабақ берген байырғы әдебиет пәнінің мұғалімі бұл ақыл-кеңесін зейнет демалысына шығып бара жатқанда айтқан еді. Жоқ, бұл кісі зейнет демалысына бұдан бұрын шыққан болатын. Өткенде ғана ұстаздар күні мерекесінде осы кісінің зейнет демалысына шығуына байланысты құрмет көрсетілді емес пе. Аудандық білім бөлімінен адам келіп қатысты. Бірақ бұл кісінің әдебиет пәнінің маманы ретіндегі бай тәжірибесін мектеп басшылығы әлі де пайдалана беруге қарсы емес еді. Дегенмен ұстаздың өзі екі тоқсан сабақ бергеннен кейін, мектеп .....
Әңгімелер
Толық
0 0