Реферат: Тарих | ТМД-ғы интеграция тарихы

2.1 ТМД-ғы интеграция тарихы
Кеңес Одағының жетпіс жыл бойы жүргізген саясаты сексенінші жылдардың орта кезінде шайқала бастады. Яғни, халық шаруашылығының экономикалық, саяси, әлеуметтік салаларында тек тоқталу, тоқырау ғана емес, сонымен қатар құлдырау да етек ала бастады. Алғашқы оның нышаны ретінде Кеңес Одағы коммунистік партиясының XXVII съезінде сол заман бас хатшысы болған М.С.Горбачев мырзаның баяндамасынан-ақ қоғамды қайта жаңартуға бет алған негізгі қағидалар белгіленді. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Аутизм

Аутизм - (гр. autos - өзім) - адамның сырткы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сондықтан да бұндай балалар арнайы интернаттарда емес, кәдімгі жанр ортасында тәрбиеленуі қажет.[1]

Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі,ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі,бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып,бала дамуына кері әсерін тигізеді.Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді.Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады.Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды.Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Салбурын

Бұйырғынды бел ақбұйраттанып, Арқаның апай-топайы бітеу күртіктеп тастаған қаңтар басы еді. Күңгейдегі қалың шұбардан ығыстап шыққан көк бөрі күйлі болса да кәрі тақыс-ты, бірақ құлан шабысты. Соңынан түсер қуғынды сезген ол қары жұмсақ қараған арасынан сытылып, теріскейге қарай тартқан.

Бел-белегір жоны — жұқа сере. Қозы жонға көтеріле соңына бұрыла қараған. Бірі ат, бірі моторлы шана мінген екеу шұбардың шетіне шығып, әлдеқалай аял құрыпты. Құйрығы қар сызған аң бөрібүлкекке салып, жөней берді. Беті — қиыстағы құла орман иірімі.

Бөрі көп ұзамай, тап маңдай алды — бұлдыраған орман басын шала инеліктей ілмиген пәлекет қылт ете қалғаны. Талайды көрген тақыс тарлан тікұшақтан бірақ ыға қойған жоқ, одан қауіп те күтпеді, төтелей тарта берді. Төбесінен қыранша құлдилай келіп, жел үйіріп өте шыққан немеге ептеп қана езуін ыржитып, бұлдыраған көкжиектегі орманға қарай қиыстай түсті. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мұқағали Мақатаев | Өзгермепті

...Оқытушы барлығын да білуі керек қой, әкем-ау, барлығын да

А.П. Чехов

Аңдып жүрген адамдай, дәл осы бір жайсыз көріністің үстінен шығармын ба...

Қалыңдығы бір елі көгілдір төртбұрышты әйнекке "Учительская" деп шебер жазылған есікті қағып тұрмын.

Есіктің ар жағында әлдекімнің дөрекілеу зекірген даусы естіледі.

— Сендер кім деп жүрсіңдер мені, хайуандар! Танытайын мен сендердің әк... — дей берді де, менің тықырымды естіген болуы керек, бір секунд кідіріп, үзіліс жасаған соң, сол арынымен: — Да! — деп қалып еді, құлағым шың ете түсті.

Есіктің кіреберіс оң жағында, кітаптар тұрған шкафқа арқасын бере екі оқушы тұр. Екеуі де маған жалт қарасып, қайтадан мойындары босап, салбырап қалды.

Иә еденге, иә омырауларындағы түймелеріне қарап тұрғаны белгісіз. Ал менің іздеп келген адамым осылардың қарсы алдында тұр екен. Піріне мініп алған. Ашулы реңін сәл-пәл өзгерткен боп, жымиғансып:

— О!.. Мұқыш! Келуіңмен! — деп, қолын беріп сәлемдесті. Оқушылармен оның оңаша отырғанын көріп, шыға тұрайын деген ишарат білдірдім.

— Отыр! Отыр! Мен қазір... Мыналармен... Бір минут... — деп, табуретканы ұсынды да:

— Түсір, ей, қолыңды! Мүләйімсуін қара малғұнның! — деп барып, саусақтарын уқалап тұрған оқушының қолын қағып жіберді. Жасықтау бала екен, көзін сығымдап- сығымдап қалып еді, көз жасы ытқып-ытқып кетті.

— Сабақта тыныш отырамысың енді?

— Отырамын, — деді оқушы кепкасымен көзін сүртіп.

— Бар, есіңде болсын! Ал сен тұр осылай бедірейіп. Өй, жалмауыз! — деп, екі жағынан тозаңы шыққан қайсар баланың иығынан бір жұлқып, бұрышқа тақаңқырап қойды. Қанша уақыт өткенін аңғармай да қалыппын. Әйтеуір, Әбен (оның аты осылай еді) қайсар оқушыға шүйіле бастағанда-ақ мен үстелдің үстінде тұрған глобусты әншейін айналдыра беріппін. Әбенім әлгі оқушының мойнының ұзындығын, мұрнының кішілігін, Мереке деп қойылған атының оған лайықсыз екенін, ақыры соңында әкесінің ауқаттылығын, соған Мерекенің мастанып жүргенін айта келіп: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Маска

Қоғамдық Х - шы клубта игі мақсатпен балмаскарад немесе жергілікті бикештер айтқандай, бал - парей беріліп жатқан еді.

Түнгі сағат он екі болатын. Би білмейтін зиялылар - бес кісі - бетпердесіз, оқу үйінде үлкен үстелді жағалай жайғасып, мұрындары мен сақалдарын газетке көме түсіп, оқып, қалғып-шұлғып әрі астана газеттерінің жергілікті тілшісі, аса бір еркін ойлы мырза айтпақшы, "ойланып" отырған еді.

Көпшілік залдан "Вьюшки" кадрилінің үні келіп тұр. Есік алдынан тарс-тұрс басып, қолындағы ыдысын сылдырата жүгіре лакейлер өте шығады. Оқу үйінің дәл өзі құлаққа ұрған танадай жым-жырт.

— Осы ара, сірә, қолайлырақ сияқты! Тартыңдар бері! Бермен қарай жігіттер! - деген құдды пеш ішінен шыққан сықылды болып, бір қылғынған жуан дауыс естіле қалды.

Есік ашылып, үстіне делбешінің костюмі мен басына тауыстың қауырсынын қадаған қалпақ киген бір маскалы, жауырыны жап-жалпақ, дембелше еркек оқу үйіне кіріп келді. Оған ілесе іле-шала маска киген екі әйел мен қолына поднос алған бір лакей де кірді. Подноста ликер құйылған жуан бутыль мен үш бөтелке қызыл және бірнеше стақан бар екен. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Бидай мутанттарының сапалық белгілерінің тұқым қуалауын зерттеу

Тұқым қуалаушылықты зерттеу мақсатында және селекция тұрғысынан қарағанда, өсімдіктердің жасанды, мутагенезімен айналысатын зерттеушілердің алдында маңызды міндет тұр, ол – бағытталған мутацияларды алу [1]. Бұндай мәселенің шешімін табуға болады, ол әртүрлі мутагендердің және қосымша факторлардың әсер ету ерекшелігі арқасында мутагендердің генетикалық модификациялануымен дәлелденеді.
Жасанды жолмен алынған мутанттар селекционерді қызықтыратын дақыл формаларының әртүрлілігін жоғарылатады және келешекте сұрыптау мен гибридизация үшін кең жол ашады [2].
Бір сортта белгілі өндірістік, технологиялық және тұтынушылық қасиеттердің бірге қабысуы жұмсақ бидай селекциясының негізгі және шешімі қиын міндеттерінің бірі. Сондықтан, шаруашылықта құнды белгілері бар формалар алу үшін бидайдың өсуі мен дамуына әртүрлі мутагендердің әсерін зерттеу белгілі бір қызығушылық тудырады. Сонымен қатар, генетикалық әсерлерді зерттеу мәселесі, әсіресе химиялық қосылыстардың әсерінен туындайтын мутацияларды зерттеу маңызды. Ұзақ уақыт бойы жасанды мутагенезбен жұмыс жасаған зерттеушілердің күш жігері селекцияда негізінен нақты фенотиптік сипатқа ие әртүрлі мутациялар алуға бағытталған болатын. Бірақ, көптеген макромутанттардың тіршілік қабілеті төмен, ал керісінше, кіші мутациялар жиі кездеседі және олардың өміршеңдігі жоғары болады [3-4].
Кіші мутацияларға әлсіз фенотиптік көрінісімен сипатталатын полимерлі гендердің мутациялары жатады. Полимерлі гендер немесе полигендер әдетте, сапалық белгілердің: өсімдіктің биіктігі, жапырақтардың мөлшері және масақтардың, масақшалардың, дәндердің, бүйір сабақтарының санына, белок пен май мөлшеріне, өнімділігіне, ерте пісу мен дамуына және т.б. белгілердің көрінуіне әсер етеді [5-8]. Осының әсерінен туындайтын мутациялар спецификасы үлкен маңызға ие.
Әлемдік селекция тәжірибесінде химиялық қосылыстардың, атап айтқанда, алкильді қосылыстардың дәнді дақылдарға әсері, көбінесе, құндылығы төмен, тек морфологиялық өзгергіштікке және өсімдіктің хлорозға ұшырауына жиі әкелетіндігі белгілі. Сондықтан, өсімдіктің өсіп – дамуына улы әсерін тигізбейтін, жұмсақ бидай сорттарының ауыл шаруашылығына құнды белгілерінің (өнімділігі, сапасы, тат және қара күйе ауруларына төзімділігі т.б.) өзгергіштік шегін ұлғайтатын әлсіз мутаген іздеу қажет болды.
Әдеби мәліметтерде кадмийдің токсинділігі, мутагенділігі және өсімдіктің өсуін тежейтіндігі туралы кеңінен талқыланған еңбектер кездеседі [1], бірақ, хлорлы кадмийдің 0,01 пайыздық ертіндісінің бидай дәніне әсерінен туындаған тұқым қуалайтын құнды белгілерімен алғашқы материалды алу жайлы жүргізілген зерттеу жұмыстары кездескен жоқ. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Цитокини медиоторының жоғары сатыдағы өсімдіктер морфогенезіне әсерін зерттеу

Қазіргі заманғы биологияның ең болашағы зор әдістерінің бірі өсімдік клеткасы мен ұлпасын жасанды жағдайда өсіру. Әсіресе гаплоидты технологияның тиімділігі зор. Гаплоидты организмде барлық рецессивті белгілері көрінеді. Аталық тозаңдарды өсіру арқылы гаплоидты организмдерді алуға болады. In vitro жағдайында өсімдік ұлпасын өсіріп, өсімдік жүйесінің бір клеткадан дифференциация гистогенез, морфогенез арқылы біртұтас өсімдік алу мүмкіндігінің күрделі механизмдерін зерттеуге болады. Клеткаларды In vitro жағдайында өсіру әдістерінің ең күрделі мәселесі каллус клеткаларының морфогенез процестерін реттеу болып табылады. өсімдік клеткасын жасанды жағдайда өсіргендегі технологияда қолданудың басты мақсаты біртұтас регенерант өсімдігін алу. Даражарнақты өсімдіктердің, әсіресе астық тұқымдастардың оқшауланған ұлпаларын In vitro жағдайында өсіруге өте қиын, себебі бұл өсімдіктердің тотипатенттілік қасиеті төмен. Сондықтан органогенез процесіне эффективті әсер ететін және каллус түзуге, өсу және морфогенез процестерін реттейтін жаңа биореттегіштерді іздеу қажет [1,2]. Гормондар – тірі организмдердің тіршілігі үшін маңызы өте зор. Организмдердің дамуы, өсуіндегі ең негізгі процестер гормондармен реттелуге тәуелді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын дамыту

Кез-келген мемлекетті алып қарасақ, сол мемлекеттің негізгі экономика саласы болып белгілі бір сала ғана болады.
Ауыл шаруашылығы экономиканың күрделі саласының бірі. Елбасы 2002 жылдың Қазақстан халқына жолдауында алдағы үш жылды «Ауылды қолдау жылдары» деп жариялап, оны жүзеге асыруда алда тұрған міндеттерді нақтылап берді. Ауыл шаруашылығының экономикасы егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алғалы біршама даму көрсеткіштері мен құлдырауларды басынан өткерді.
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында “2003-2005 жылдары ауылды қолдау, мемлекеттік саясаттағы басымдық болады” деп жариялады. Жолдауда көрсетілген ең басты өзекті мәселе ретінде әлеуметтік-экономикалық әрі саяси мәселелерді шешуде, саяси-экономикалық, құқықтық, демографиялық және ғылыми қамтамасыз ету көзделген еді. Әрине осының ең басында ауыл мәселесі тұр.
Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізін құрайды. Қазақстандық азаматтардың жартысына жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Сол себепті ауыл шаруашылығын қолға алып, нақты тұрғы да көтермелеп, жағдайын жасамасақ, тиімді экономика жасау мүмкін емес. Соңғы кездері атқарылып жатқан реформадан, ауыл өмірі тыс қалып отыруда. Ауылдағы кіріс деңгейі экономиканың басқа саласымен салыстырғанда, ең төменгі дәрежені көрсетіп отыр. Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, 2003 жылы ауыл тұрғындарының 42 проценті өмір сүру деңгейінен төмен кірісті қанағат тұтқан. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалану

КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі. Педагогика ғылымы әркез оқытудың жетілген жаңа моделдерін жасай отыра, үнемі оларды зерттеумен айналысады, білім беру мен оқытудың, болашақтағы құрылымдарына болжам жасайды. Ғылым мен іс-тәжірибенің талабына сай туындайтын міндеттер өзінің әртүрлі мазмұнымен ерекшелінеді. Олардың көбісі болжамнан гөрі тез шешімін табуды талап етеді. Мысалы, білім беруді ақпараттандыру, электрондық оқулықтардың қорын жасау, педагогикалық мамандықтардың мемлекеттік білім стандарттарын жасау, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда әсер ететін факторларды анықтау, оқушы-мұғалім арасында, қарым-қатынасында болатын әртүрлі педагогикалық жағдайларға талдау жасау және т.б.
Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық- ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шәугім тазартудың бір әдісі

Уақыт өте келе шәугімнің түбіне қақ тұрып қалады. Оны тазартуға лимон қышқылы көмектеседі.

Қақ – шәугімнің түбі мен қабырғаларына тұрып қалатын ізбесті тат. Ол су құрамындағы тұздан пайда болады.

Қақ ағзаға енсе, бауыр мен несеп-жыныстық жүйесіне зияны тию мүмкін.

Дүкенде ұсынылатын химиялық құралдар адам ағзасына зиян. Әрі ол шәугімді қаспақтан 100 пайыз тазартатынына кепіл жоқ. Сол себепті денсаулыққа еш зияны жоқ, әрі арзан құрал – лимон қышқылын пайдалануға кеңес береміз.......
Кеңестер
Толық
0 0