Қазақ тілінен сабақ жоспары: Технология жетістіктері (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Ғылым мен технология жетістіктері
Сабақтың тақырыбы: Технология жетістіктері
Сабақтың мақсаттары: 6.1.6.1 - коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби шығарманың жанрын анықтау Т. Әбдірахманова «Даналарым» (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы:Әдеби шығарманың жанрын анықтау Т. Әбдірахманова «Даналарым»
Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау
3.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, жанрлық ерекшелігін біледі, сөйлеу барысында вербалды емес тілдік құралдарды қолана алады;
Көптеген оқушылар: шығарманы қажетті ақпаратты тауып, түртіп алып оқиды, жанрлық ерекшелігін анықтай алады, сөйлеу барысында мақал- мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданады;
Кейбір оқушылар: шығарманы белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқиды, жанрлық ерекшелігін анықтап, салыстыра алады, өз ойын жеткізуде мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолданып, дәлелдейді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Демографиялық саясат №1 (8 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атмосфера және климат
Сабақ тақырыбы: Демографиялық саясат №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Демография тарауына қатысты терминдерді білу;
- Әр түрлі демографиялық саясат жүргізетін елдермен танысып, бір-бірімен салыстыру, талдау.
Сабақ мақсаттары: Демография тарауына қатысты терминдерді білу;
- Әр түрлі демографиялық саясат жүргізетін елдермен танысып, бір-бірімен салыстыру, талдау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы» (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3В Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым
Сабақ тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.2 – Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау
Тарихи консепт маңыздылық
Сабақ мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолын біледі,ұлт үшін жасаған еңбегін анықтай алады,қоғамдық-саяси қызметін бағалай біледі.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдері. (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктердің өсімді жолмен көбеюі, оның түрлері және тәбиғаттағы биологиялық маңызы. Өсімдік өсіруде өсімді жолмен көбею тәсілдерін қолдану. Қалемшелеу, сұлатпа өркен, телу (калемшелермен және көзшелермен), көбею ұлпаларымен.
Практикалық жұмыс: « Өсімдіктердің өсімді көбею тәсілдерін зерттеу»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқушылар істей алу:
- өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілдерін салыстыра алу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- өсімдіктердің вегетативті көбею ерекшеліктерін және түрлерін білу;
- өсімдіктердің вегетативті көбею ерекшеліктерін анықтау;
- өсімдіктердің вегетативті таралу әдістерін ажырата алу;
- бөлмелік өсімдіктер отырғызу бойынша вегетативті көбею тәсілдерінің бірі туралы практикалық тапсырма орындайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Саңырық Тоқтыбайұлы

Саңырық Тоқтыбайұлы (1691 — ө.ж.б.) — батыр. Ұлы жүз, ошақты руының тасжүрек атасынан шыққан, шешесі жағынан Кіші жүз Тайлақ батырға немере жиен. Қожаберген жыраудың "Елім-ай” дастанында Саңырақ есімі де аталады. Ә.Диваев мәліметтерінде де Саңырақ есімі кездеседі. Зерттеушілердің пікірінше, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Әсет Найманбайұлы прозасындағы романтизм

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік қолтаңбасы қалған ақындық өнердің өрен жүйрігі; импровизатор, сазгер, әнші Әсет Найманбайұлы нағыз сегіз қырлы өнерпаз әрі қағаз бетінде қаламы қатар жүйіткіген сауатты ақын. Өнерде өрге жүзген, мәдениетімізге өшпес мұрасын қалдырған ақынның лирикалық өлең- толғаулары, айтыс- қағыстары мен қисса- дастандары, асқақ әндері ұрпақтан- ұрпаққа ауысып әдеби- мәдени мұрамыздағы көрікті де көрнекті үлгілердің қатырын молайтуда. 1930 жылдардан бастап Әсет ақынның өмірі мен өнеріне қатысты деректерді чсаралап, әдеби мұраларын жинастырып, оны халқымыздың қажетіне жаратуда. Ұрпақтан - ұрпаққа аманат ретінде ауысып келе жатқан ақын мұрасына әр кезеңде әртүрлі пікір айтылып, сыналып та, сырт қалып та келді, қоғамдық кезең ақын мұрасын зерттеуде әсер- кесірін тигізбей қоймайды. Көрнекті әдебитші ғалым Б.Кенжебаев сөзімен айтсақ: «...біз қазақтың бұрынғы ақын –жазушыларын саяси идеялық қатесі жоқ ақын - жазушылар, саяси идеялық қатесі бар ақын- жазушылар деп жіктедік»
Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Өмірінің белгілі бір кезеңін Шығыс Түркістанда өткізген ақынның өмір жолы, шығармашылығындағы шығыстық үлгі мотивтер, діни уағыз өлеңдер ақын мұрасын теріс бағалауға пайдаланылды. Әсет ақын- ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарына тән демократтық ағартушылық ағымдағы ойларын,діни дидактикалық уағыздарын өлеңмен өрген ақын. Ақын шығармашылығындағы аса құнды қазына- шығыстық нәзиралық үлгідегі дастандар. Бірақ шығысқа секеммен қараған, дінді у деп уағыздағын кеңестік идеология сынына ақын шығармашылығы аз ілінбеді.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Әсет атына қаратылып айтылған сын пікірлер көп болмағанымен, ақын мұрасының ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы, Хх ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің оқулық- хрестоматияларына, зерттеу монаграфияларға бірде еніп, бірде енбей қалуы саяси сақтанудан салқын көзқарастан. Кеңестік дәуір идеологиясы әдебиет пен ғылымды тұсап, барымзды базарлай алмадық. Бүгінгі күнгі қоғамдық бетбұрыстар рухани өрісімізге тың серпіліс жаңа леп әкелді. Заман талабы қазақ әдебиеттану ғылымының жан-жақты сан алуан салаларына қыруар міндет жүктеп даму процесін жаңа бағытқа бұрды. Қазақ әдебиетін зерттеу, талдау, оқыту ісі жаңа міндеттер алдында тұр. 70 жыл бойы басқаша айтылып, басқаша уағыздалып келген әдебиет енді өз табиғатына лайық өмір сүріп, оның ерекшеліктері мен көркемдік эстетикалық байлықтары терең ескеріліп, жаңаша зерттелуі қажет. Мұның өткендегі мұраға да кешегі кеңес әдебиті делініп келген, бірыңғай саясатқа телінген әдебиетке де қатысы бар.
Зерттелу объектісінің теориялық, практикалық маңыздылығы мен әдістемелік негіздері. Диплом жұмысының тақырыбы «Ә. Найманбайұлы прозасындағы романтизм» деп аталатындықтан, көркемдік әдістің теориясы мен тарихы, оның ішінде романтизм жайлы ғылыми еңбектер негізге алынды.Атап айтсақ, В.Белинскийдің «Этика и литературная критика» (1959), Н.Гуляев, И.Картошовалардың «Введение в теорию романтизма» (1972), А.Гаджиевтің «Романтизм и реализм» (1972 ) т.б.ғалымадың еңбектерімен бірге М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, З.Ахметов, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев, Ә.Нарымбетов, Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов, Б.Ыбырайымов еңбектеріне сүйеніп, аталмыш зерттеулердің теориялық тұжырымдарын басшылыққа алдық.
Зерттеудің басты тұжырымы-түйіндері мен нәтижелерін филология мамандықтары бойынша оқытылатын жалпы және арнаулы курстарда, өнер институттары мен мектептерінде, сол секілді орта мектептің әдебиет пәндерінде де пайдалануға болады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Университет магисттурасының білім беру жүйесінде қалыптастыру

Зерттеу жұмысының тақырыбы: “Болашақ жоғарғы мектеп оқыту-шы¬лары¬ның кәсіби-педагогикалық біліктілігін Университет магистра¬-турасының білім беру жүйесінде қалыптастыру”
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасындағы ғылым мен университеттік білімнің дамуының қарқындылық сипат алуы ХХІ ғасырдың мемлекеттік басты талаптарының бірі болып отыр. Бұл талаптар жоғарғы мектеп, әсіресе университеттегі маңызды сұрақтарды тереңірек әрі кеңінен қарастыру мүмкіншіліктерін туғызуда. Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты қоғамымызда жаңа заман талабына сай білікті мамандар даярлау талабы өсіп келеді.
Бұрынғы Кеңес одағы құрамындағы мемлекеттерінің егемендік алуы, дүниежүзіндегі дамығын мемлекеттермен дипломатиялық, экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту байланыстарының көбеюі, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік көзқарастағы өзгерістер, оның салауатты қоғам орнатуы әрбір азаматтың жан-жақты дамуын талап етеді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0