Шырайлым – Шұбайқызылым! Табиғаттың тылсымы ғажап қандай! Сөзбен өрнек салайын қарап қалмай. Құрсауынан ақ қыстың босанған соң, Бүгін міне, көңілім азат қандай!......
КІРІСПЕ Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси - әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол көне замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады. Дін - рухани мәдениеттің бөлігі әрі дүниетанымның тарихи нысаны. Ғылым мәдениеттің, демек діннің де шығуын әртүрлі түсіндіреді. Бізге мәлім, дін бірнеше элементтерден тұрады. Солардың бірі - діни ғұрыптар. Кейбір ғалымдар әлемдік мәдениет осы ғұрыптардан бастау алған деген пікірге ден қояды. Екінші біреулер мәдениеттің алғашқы нысаны мифология деген пікірді ұстанып, оған мынадай дәлелдер келтіреді: алғашқы қауымдық құрылыста тұрпайы наным - сенімдер пайда болды, оның белгілі нормалары, тілі мен көркемдік тәсілдері пайда болды; осылардан бастапқы кауымдық синкреттік дүниетаным түрі қалыптасты; адам санасы жетілген сайын мифология трансформацияланып, сана мен рухани мәдениет салалары бөлініп, жеке жетіле бастады; көркемөнер, дін, адамшылық нормалары орнықты; дін пайда болып, әлеуметтік құбылыс ретінде қалыптаспас бұрын бастапқы қауымдық мифологияның құрамында және сонымен ажырамас қатынаста діни нанымдар дамып жетілді. Міне, осы тезиске сүйене отырып, ғылым дүниетанымның және табиғат пен әлеуметтік дүниені танудың тарихи қалыптасқан алғашқы нысаны мифология болды деген біржақты түжырымға келеді. Бүгінгі ғылымда діннің пайда болуы туралы екі теория бар. Олар „прамонотеизм” және адамзат тарихындағы „дінге дейінгі кезең” теориялары. „Прамонотеизм” концепциясы әлемдегі тайпалар мен халықтар әуелгі баста бір құдайға сенген, көпқұдайлық кейін пайда болған деген тұжырымға негізделеді. Көне діндердің пайда болуы мен эволюциялануы мәселесіне бірнеше ғылыми көзқарас бар: эволюциялық көзқарас (Чарльз Дарвиннің „Түрлердің шығуы” теориясы, 1859); әлеуметтік көзқарас (Огюст Конттың теориясы; ол бойынша дін – адамның рухани даму жолының алғашқы сатысы); анимистік теория (теорияның негізін салушы Э.Б. Тайлор) және функционалдық көзқарас. Ғылымда осылармен қатар діннің көне наным нысандары да бар. Олар – ежелгі діндердің тарихи болмысындағы нанымдар және көптәңірлі (политеистік) діндер. Политеизм дегеніміз бірден көп тәңірлерге сенім. Көптіңірлі діндерде тәңірлердің саны көбінесе бірнеше жүз тәңірмен шектеледі. Алайда, дәстүрлі үнді дінінде жүз миллиондаған тәңірдің болуы әбден мүмкін. Рухани ғылымдар бойынша дүние жүзінде Иудаизм, Христиандық және Исламнан басқа діндердің барлығы да политеистік болып есептеледі. Аталмыш үш дін монотеистік (біртәңірлі) діндер бобына жатады. Көптәңірлі сенімдердің атынан да көрініп тұрғандай тәңір ұғымдары да әр түрлі. Мысалы, үнді дінінде көптеген тәңірлерге қоса олардың бәрінен де жоғары, бәрін жаратушы бас тәңір туралы түсінік бар. Олар сонымен қатар әрбір тәңірді осы бас тәңірдің бір қыры деп ойлайды. Көптәңірлі буддизмде болса тәңірлер құтқарушы Буддамен салыстырғанда онша маңызды емес болып көрінеді. Қадими (ежелгі) гректердің көптіңірлілігі Зевстің ең мықта тәңір деп таниды. Гректердің тәңірлері жақсылықтарынан гөрі ақыл – еске симайтын жамандықтармен ерекшеленеді, олар ашулы, қаһарлы, кекшіл, шамкөс, ызақор тәңірлер. Көптәңірлі діндерде тәңірлерге мол мөлшердегі тәңірсымақтар, тәңіршіктер, аруақтар, перілер, жауыз рухтар туралы сенімдер қоса наным – сенімдермен күрделі байланыстарға кіретіні де белгілі.....
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырды. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-техникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Бухгалтерлік есепті реформалау және аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ), Бүкіләлемдік банктің, Халықаралық даму бойынша Америка агенттігінің (ЮСАИД), Еуропалық одақтың (ЕО) және Британдық кеңестің белседі қатысуымен өткізілгендіктен, оны құраудың ағылшын-американдық үлгісі негіз етіп алынды. Бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныс Конституция, Азаматтық кодекс, Бюджет кодексі; Салық кодексі, «Банкрот туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Шетелдік инвестициялар туралы», «Ақша аударымдары мен төлемдері туралы» заңдардың және компания, фирма мен коммерциялық ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативті-құқықтық актілер талаптарын ескеру арқылы әзірленді. Сонымен бірге ақпаратты жасаушылар мен пайдаланушылар арасындағы мүдделердің қабыспауы, меншік түрлері және нарық жағдайында пайда болатын басқа міндеттемелер бойынша бақылау объектілерін шектеу белгілі бір бизнес саласындағы қалыптасқан жағдайда тиянақты аудит жүргізуді талап етеді. Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызда түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы мекемелер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерн қамтамасыз етеді. Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді. Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты. Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті мекемелердің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді. ....
Арнайы білім беру жүйесіндегі арнайы білім беру - арнайы оқытуда және тәрбиелеуде ерекше қажет ететін баланың денсаулығына байланысты құрылған мектепке дейінгі, жалпы және кәсіби білім беру болып табылады. Қазіргі арнайы педагогика негізнен жалпыға бірдей әлеуметтік қалыпқа сәйкес емес және мектептегі білім алу деңгейіне сәйкес емес мәселесін зерттейді. Арнайы білім беру мекемесі дамуында денсаулығы шектелген балаларды оқытып тәрбиелеу мекемесі болып табылады. Даму мүмкіндігі шектелген балаларды тәрбиелеу үшін олардың жалпы сипатын, кемістік құрылымы мен түрін, сондай-ақ жас ерекшеліктерін талдап алғанымыз жөн. Даму мүмкіндігі шектелген балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрліше ауытқулары бар және жалпы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномальды дегеніміз - ол anomalos грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны көрсетеді. Бір қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе - бұл міндетті турде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулықтардағы тақырыптарды оқуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткені оның психикалық даму процессі қалыпты жағдайда өтті. Сондықтанда, аномальды балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар жатады ....
Тұлымды да кекілді Тату үйдің еркесі: Немерелер Секілді Әжейлердің өркеші. Көрмегеңдер өкінді Келінінің көжегін. Бағасы пәс секілді Өркеші жоқ әженің......
Табиғат — адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық корын алады. Алғашқы адамдар табиғат ресурстарын тұрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде шаруашылықпен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін колға үйретті. Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пайдалану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып, одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бөрі табиғатқа бүрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сиякты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінеді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн км2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ітттінде 35% -ы кесілген екен. Кейін адамзат кауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат корларын есепке альш, оларды тиімді пайдалану керектігін үғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды құжаттар кабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды. Табиғат қорғау дегеніміз — тірі (өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) жөне өлі (топырак, су, атмосфера, жер койнауы, климат, т.б.) табиғатты корғау, тиімді пайдалану және калпына келтіру жөніндегі шаралар кешені. Табиғат корғауға ғылыми түрғыда бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық ауқымдағы іс-шаралар жатады. ....
Актуальность темы: Процесс становления рыночных отношений тесно связан с коренными изменениями в управлении здравоохранением и фармацией. Всемирная организация здравоохранения (ВОЗ) отметила, что глобальные направления реформ системы здравоохранения коренным образом и разносторонне влияют на фармацевтический сектор. В свою очередь реформы фармацевтического сектора оказывают решающее влеяние на состояние здравоохранения. В этой связи в одной из публикаций ВОЗ значение лекарственных средств в здравоохранении подчеркнуто следующим образом : доступ к лекарственным средствам является основным фактором, определяющим эффективность системы здравоохранения (как больничного, так и первичного звена медико-санитарной помощи) и тем самым является необходимым условием реформы здравоохранения. Существует острая необходимость в совершенствовании организационно-управленческой и профессиональной деятельности. Смена приоритетов требует внесение изменений в программы обучения специалистов, разработки стандартов новых специальностей. Не создан информационно-аналитический центр, что оставляет субъекты рынка без необходимости для организации работы сведений. В последнее десятилетие статистический учет показателей деятельности фармацевтического сектора ведется не на должном уровне, что делает невозможным анализ результатов работы в разнообразных направлениях фармацевтической службы и не позволяет планировать эффективные меры на перспективу. Не отрегулирована структура и отдельные аспекты деятельности контрольно-разрешительной системы. Фармацевтический порядок находится на низком уровне. Заботы общеотраслевые функции, такие как охрана труда и техника безопасности, научная организация труда инновационная деятельность и некоторые другие. Принятия стратегической программы «Казахстан-2030» и возникновение рыночных форм организации экономики в стране, дали толчок поиску новых подходов в области управления в фармацевтическом секторе . Прежние подходы и принципы административно-командной системы в новых условиях не пригодны , а новые находятся на стадии разработок , экспериментов , то есть в процессе роста и становления . Имеющийся опыт в области теоретического и практического маркетинга может быть использован в процессе реформирования фармации с учетом специфики и особенности этой отрасли . Процесс управления маркетингом включает следующие задачи : I. Анализ рыночных возможностей - Системы маркетинговых исследований и маркетинговой информации; - Маркетинговая среда; - Рынки индивидуальных потребителей; - Рынки предприятий;....