Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Күнделікті өмірде буын аурулары жиі кездеседі. Бірақ қарапайым халық буыны ауырса болғаны оны «ревматизм» дейді. Әрине, бұл қате. Өйткені буын ауруларының (артриттің) түрлері көп. Оның бірқатары (ревматизмді қоса) ескіден келе жатқан созылмалы кабыну процесінің және кейбір жұқпалы аурулардың асқынуынан да болады. Әсіресе тұмау-сүзек, баспа, туберкулез және басқа аурулар буынға жиі әсер етеді, ауру тобына жататын буын ауруларын жұқпалы артриттер дейді. Организмде қоректік заттар алмасуының бұзылуы, нерв жүйесінің зақымдануы және ішкі секреция бездері әрекетінің бұзылуы нәтижесінде буындарда екінші түрлі аурулар басталады. Артриттін бұл түрінде буындардағы қоректік заттар алмасуы және олардың тіршілік әрекеті бұзылады, сондықтан буын қабынуының бұл тобын дист-рофиялық артрит дейді. Түрлі жарақаттар мен денеге түскен ауыр салмақ та артритке ұшырата береді. Көптеген адамды буын ауруы қатты азапқа салады. Егер кезінде жете емделмей, ауру асқынып кетсе, оның салдары адамға ауыр соғады. ....
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Мал тұқымы ауыл шаруашылығындағы өндіріс құралы, ал олардың әртүрлілігі және өнімділігі еңбек қарқынын арттырып қана қоймай, шаруашылықтың экономикасын көтеріп, ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруын қамтамасыз етеді. Соңғы жылдардағы ауыл шаруашылығын өзгертудегі келеңсіз жағдайлар мал шаруашылығына да әсерін тигізбей қойған жоқ. Бұл еліміздегі сапалы, әрі жоғары өнім беретін асыл тұқымды мал басының күрт азаюына, асылдандыру жұмысының қарқынсыздануына әкеп соқтырды. Мұндай жағдайда селекциялық жолмен тез арада мал басын сақтап қалудың немесе оларды өз төлінен көбейтудің мүмкіншілігі шектеулі, әрі ұзақ уақытты қажет етеді. Жаһандандыру кезеңде биоресурстардың гендік қорын сақтау өте өзекті мәселе болып келеді. Осы орайда мал шаруашылығында эмбриондарды трансплантациялау жойылып бара жатқан мал түрі мен тұқымының гендік қорын сақтауда кеңінен қолданылуда.....
Әуелі барлық әлемдерді Құран нұрымен нұрлы қылған Ұлы Раббымыз Аллаһ-Тағалаға сансыз алғыс-мақтауларымыз болсын, Ал заттың сүйікті пендесі және пайғамбары болған әзіреті Мұхаммедке (с.а.у) дуа сәлемдеріміз болсын. Міне, 1400 жылдан артық уақыттан бері адамзат әлемін бір Ұлы Кітап нұрлы қылып, жарқыратып келеді. Ол Аллаһ Тағаланың Өз пайғамбары Мұхаммед алйһис-сәлемге, ол кісі арқылы барлық адамдарға түсірген қасиетті Құраны. Аллаһ Тағала бүкіл әлемді жаратып, сосын ол әлемге иелік қылсын, басқарсын деп адамзатты дүниеге келтірген соң, оған және оның ұрпақтарына жер жүзінде нағыз адам болып жасап өтулері үшін илааһи қолданба қылып Өзінің көрсетпелерін- кітаптарын жіберіп тұрды. Сол илаһи кітаптардың ең соңғысы және сонау Қияметке щейін жоғалмай бұзылмай тұрғаны және тұратыны Құрани Кәрім болып есептеледі. Бұл қасиетті кітаптың адамзат ғұмырындағы мәртебесін адам денесіндегі жанға ұқсатсақ еш бір қате кетірмеген боламыз. Өйткені адамның басқа жанзаттардан айырмасы, басқаша айтқанда,адамды айуаннан ажыратып тұрған нәрсе оның діні-иманы болса, сол діннің дінгегі-негізі Құран екендігі шексіз. Құран біздің, мұсылмандардың Қасиетті Кітабы болудан тыс, теңдессіз ұқсасы жоқ бір илаһи керемет. Сөз де болып, жалғыз мұсылмандар емес, басқа діндердің өкілдері де оған өзгеше сый-құрмет көрсетеді. Оның сырттай қарапайым көрінген аяттарындағы, сөздеріндегі өте терең мағына, бір аяттың өзіндегі тірлік дүниесі ақыретпен, жер тұрмысы аспанмен жанаса келтірілгені, ол түгілі, Құран мәнісінен бейхабар адам да оның өзгеше жағымды және өте әсерлі үнін ұққан кезде, өзі сезбеген жағдайда рахаттанып, демін ішіне тартып, құлақ түріп қалуы, ол түгіл тұла бойымен беріліп тыңдауы- бұлардың барлығы осы Ұлы кітап қарапайым адамның емес керісінше Жаратқан Аллаһтың сөзі екндігіне ашық-айқын дәлел. Міне, 14 ғасыр болады, бұл кітап мұсылмандарға илаһи қолданба болып және басқа барлық адамдарды да өзіне тартып, таң қалдырып келеді. Құран Аллаһ Тағала тарапынан пайғамбарымыз Мұхаммед алейһис-сәләмге түсіріле бастаған уақыттың өзінде бұған таң қалу басталған. Белгілі болғанындай, сол мезгілде арабтарда әдебиет өте дамып, ақындардың арасында әрдайым әдеби бәсекелер өткізіліп тұрған. Сондай сынақтарда жеңіске жеткен ең күшті шығармаларды сыйлық қатары, оларды Қағбаның дуалына іліп қоятын. Ел ол шығармаларды оқып, оларды жазған ақындарға алғыстарын айтатын. Сонда пайғамбарымыздың сахабаларының бірі, жеңіске жеткен шығармалардың қатарында Құрандағы ең қысқа сүре-« КӘУСАР» сүресін іліп қойғанда, бұл сүрені оқып көрген ең күшті ақындар бір ауыздан «Бұл сөз-адамның сөзі емес» деп таң қалған. Бұл оқиға Құран Аллаһ Тағаланың сөзі екендігіне ашық-айқын бір дәлел болса, енді Құранның басқа илаһи Кітаптардан айырмасы және де анық. Құраннан ілгері түсірілген Тәурат, Інжіл сияқты илаһи кітаптардың біреуінің де түп нұсқасы қалмаған, керісінше олардың барлығы түрлі тілдердегі аудармалардан оқылары мәлім ....
Жүргізуші: Балалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл? Қазақстанда тұратын халықтардың ұлтаралық тілі қандай? (балалардың жауабы) Олай, болса қазір, біздің сайыскерлеріміз мемлекеттік тіл, Отан туралы айтады. 3- кезең: «Көркем сөз үлгілері» Шувакиндер отбасы: 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Өйткені қазақ тілі - ең бай, ең сұлу, ең керекті тіл. Осындай елде туып, азамат болғаныма мен өте қуанамын. 2. Қазақ тілім – саялаған нұр бағым, Қазақ тілім - ана тілім, ардағым. Сен арқылы жетіп жатыр өмірге, Жан сырларым, тілегім, бар арманым. Юренковтар отбасы: 1.Біздің Отанымыз - ең үлкен. Елімізде тоғай, өзен, көл, бау - бақша, қала, ауыл көп. Қазақстан Республикасында көп халық тұрады. Олар - тату. Біз Отанымызды сүйеміз, ардақтаймыз. 2. Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені, Болашағым, бақытым, дара тілім! .....
Кәсіпкерлік қызмет әрқашанда белгісіздіктің үлкен немесе кіші деңгейімен байланысты болады. Белгісіздіктердің қайнар көздері болып өндірістің барлық сатылары саналады,яғни қажетті құрал-жабдықтарды сатып алудан тауар өндіру мен өткізуге дейін. Мұндай жағдайда кәсіпкердің әрбір іс-әрекеті қолайсыздықтардың пайда болуына,әр түлі жоғалтулардың болуына (қаржылық,материалды,еңбек және т.б.) әкелуі мүмкін. Нарыққа қозғалыс ең алдымен экономикалық еркіндікке жол болып табылады,ал тәуекелді күшейту — кәсіпкерлік еркіндіктің кері жағы және ол үшін өтелетін өзіндік төлем. Дер кезінде тәуекелге бара алатын кәсіпкер табысқа жете алады.Кәсіпкер саналы түрде өзінің іс-әрекетінің рационалды стратегиясын таңдауы қажет: жоғалтатынын біле отырып, тәуекелге бару немесе тәуекелмен байланысты қызметтен бас тарту . Тәуекел бұл кәсіпкерлік жоспарды және бюджетті орындауда қолайсыз жағдайлардың болу мүмкіндіктері. Сонымен, кәсіпкерлік тәуекелді кәсіпкердің өз ресурстарының белгілі бір бөлігін жоғалту мүмкіндігімен, яғни қауіп-қатерімен байланысты және табыс алуы төмендеп, қосымша шығындардың пайда болу нәтижесімен байланысты болатын іс-әрекеттер деп түсінуге болады. Кәсіпорынның жақсы қызмет етуі үшін кәсіпкер өз жұмыс барысында кездесуі мүмкін барлық тәуекелдердің түрлерін ескеруі қажет. Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелділік факторы үдей түседі. Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайлардың болуының мүмкіндігін көрсетеді. Нарықтық қатыныстар жағдайында тәуекелдің кәсіпкерлік істегі белгісіздік,күтпегендік,сенбеушілік,болжамдық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін.....
Тамыздың 16-17 күні Моңғолияда Азия чемпионатын өткізілетін болады. Бүгінгі таңда чемпионатқа дайындықтың белсенді кезеңі жүріп жатыр. Федерациялардан өтінімдер қабылданып, әдеттегіше салмағы, сәйкестігі деген параментрлермен таңдау жүргізіліп, ұйымдастыру мәселелері шешілуде.
Тәуелсіздік... Осы сөзде қаншама мән, шаттық, бақыт жатыр десеңізші! Осы бір ғана сөз елдің тыныштығын,азаттығын, бостандығын, ынтымағын білдіреді. Осы тәуелсіздікке жету үшін қанша аға-апаларымыз тер төккен. Міне, сол бір ғана сөздің арқасында алтын күн аспанымызда нұрын шашып тұр. Біздің ел – азат ел! Тәуелсіздігінің жиырма жылдығын тұғырға байлаған асқақ ел. Осы жиырма жыл ішінде талай жетістікке, талай күйініш-сүйінішке бөленіп, талай өрлеудің жолында келе жатырмыз. Еліміздің кірпішін қалаған Елбасымыз бар. ......
Әлемдік әдебиеттердің өзара байланысы, түрлі халықтардың көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-әсерін зерттеу жан-жақты зерттей түсуді қажет етіп отырған көкейкесті мәселе болып отыр. Әсіресе, мұсылмандық Шығыс елдері классикалық поэзиясы мен қисса-хикаяттарының қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы ерекше назар аударады. Соңғы жылдары бұл салада бірқатар зерттеулер жарық көрді. Олар: Ө.Күмісбаев, Ш.Сәтбаева, Б.Әбдіғазиев, Н.Келімбетов, [1] т.б. ғалымдардың осы мәселе жөніндегі зерттеулері. Алайда Шығыс әдебиетінің әсері арқылы қазақ көркем сөз өнерінде пайда болған нәзира дәстүрі күні бүгінге дейін кең көлемде, арнайы зерттеу объектісі болған емес десек артық айтқандық емес. Ал қазақтың өзіндік төл әдебиетінің қалыптасуына негіз болған қайнар бастаулардың бірі - Шығыстың классикалық поэзиясы екені мәлім. Шығыстың классикалық поэзиясы өзінің көп ғасырлық тарихы бар нәзира дәстүрі арқылы қазақ әдебиетін тақырып, мазмұн, форма, көріктеу құралдары, стиль және тілдік жағынан едәуір байытып, сөз өнеріне тың екпін, өзгеше ажар берді. Енді Шығыстың классикалық поэзиясындағы нәзира дәстүрінің тарихына тоқталсақ. Шығыс поэзиясында барша оқырман қауымға бұрыннан мәлім болған белгілі бір сюжетті бірнеше ақын өзара жарысып, шеберлік сынасып жырлай беретін болған. Осылайша аға буын жырлап кеткен тақырыпты кейінгі толқын інілер қайта жырлап, көркем әдебиетке тың туындылар әкелетін дәстүр бар. Шығыс поэзиясында осылайша ақындар бір-біріне өз шеберлігін танытатындай туындылар жазу арқылы жауап («жауап»-арабша «нәзира», ал парсы тілінде - «татаббу» деп аталады) беріп отырған. Шығыстың ұлы шайырлары мұндай туындыларды ешқашанда аударма деп те, еліктеу деп те танымаған. Абай және Шығыс классиктерінің әдеби-творчестволық байланысын сөз еткенде нақтылы зерттеу нысанасына алынбай келе жатқан күрделі де өзекті тақырыптың бірі Абай шығармаларындағы Шығыстық белгілердің бір тармағы болған нәзирагөйлікке келіп тіреледі. Бұл жөнінде де алғаш рет абайтану тарихында, Мұхтар Әуезов зерттеулерінде ғана қолға алынып, пікір сабақталды. Ақындар нәзиргөйлікті өз жанына ұялап, ойына қозғау салған келелі мұрат - мақсаттарын уақыт талабына орай қайта жырлап берудің әдеби тәсілі ретінде пайдаланып отырған. Бұл әдіс ақын ойын, мақсат -мүддесін жырлауға икемді әрі өтімді болуы себепті, жалпы Шығыс поэзиясы тарихында ерекше орын алатын тұрақты дәстүрге тікелей байланысты туындап отырған.....
Қазақ халқының тарихы сонау көне дәірден басталады. Қазақстан жерінде X-XII ғасырларда ортағасырлық Отырар, Тараз, Сығанақ, Сұран т.б., көптеген қалалар туындап, мәдениет, ғылым және өнер орталықтары болды. Сол ғасырлардағы өзіне тән сәулеткерлік ескерткіштер – Қожа ахмет Яссауи, Бабаджи хатун, айша бибі, алалаш хан п.б. ғимаратар келесі ұрпақтар үшін-тарихи куәгерлер. Мұның өзі сол заманның экономикасы мен мәденитінің едәуір дамығандығының белгісі. Нарықтық экономикаға көшу-ұзақ, күрделі және қайшылықты жол. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғанымыздай, ежелден қалыптасып қалған шаруашылық жүйесін түбірінен қайта құруға байланысты әлеуметтік – экономикалық шаралар соңы өндіріс дәрежесінің анағұрлым төмендеуімен, демек тұтынудан құлдырауымен қатар жүретіндігін өмір көрсетіп отыр. Саяси да экономикалық еркіндік алған Қазақстан алдында әлемдік тәжірибе ескере отырып, экономикалық дербес дамудың Жолдарын қарастыру міндеттері тұр. Қазақстан Республикасының ұлан-ғайыр жері, оның еркше бой қазыналары, табиғи-экономикалық қолайлы жағдайлары бар. ....
Бұл есіз, меңіреу қараңғылықтан Айша қорқып жүрген жоқ. Оны бүгінгі күннің қырсығының бірі деп біліп, қарғап-ұрсып, күюмен жүр. Түпсіз тұңғиық қараңғылықтың ішінде біртүрлі бір, жабысқан дымқыл салқын түн сызымен бірге, әлденеше көгеріп базданған шірік исі де білінеді. Айша бүгінгі шеккен азабы мен әлі күнге айықпай тұрған ауыр ойларының әредігінде бұл иісті талай рет ұмытып еді. Бірақ артынан қазіргідей, еріксіз қайта табады. Өнебойы оттай жанып, қыстығып кеп:
— Бұл не пәле? Қайда кеп түстім, сорлы басым-ау, — дегенде қазіргі тұрған орны бұрын ат-атағын естіп көрмеген құбыжық зындандай көрінеді. Өйткені ол айдалада жападан-жалғыз тұрған баз-кілеттің ішінде. Айналасы құлан елсіз. Кем қойса бес шақырымнан жақын жерде ешбір жан иесінің мекені жоқ. Өзі жым-жырт, қап-қара дала түні. Неткен ұзақ түн? Айша бұл күйге түскелі қашан? Жалғыз басы. Жап-жас әйел.
Өзіне өзі жаны ашып бір сәт көзінен жас ыршып босаңси бастайды. Бірақ сол арада, ілезде, өзінің сілейіп бос тұрып қалғанын байқап, тағы қарманады. Асыға еңкейеді. Сипалайды. Баяғы құрғыр екі тақтай. Бұның ұзын бойын талай рет тегіс сипап, ине жасуындай жер қалдырмай қарап өткен... Далбасалық па, тағы сипай түсіп қайта түңіледі.