Реферат: Сәтбаев Қаныш

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Арқаның сұлу төрінің бірі-(бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысының 4-ші ауылында) қазіргі Павлодар облысының, Баянауыл ауданының ҚИ.Сәтбаев атындағы совхозында 1899 жылдың 30 наурызында (12 сәуір) Сәтбаевтардың үлгілі - өнегелі ауылында дүниеге келді.
Қаныштың жерлесі әрі досы Әлкей Хақанұлының мәліметтері бойынша, революциядан (1917ж.) бұрынғы қыр қазақтары арасында Сәтбаевтардан көп оқыған ауыл болған емес. "Қаныштың әкесі Имантай - ақылды, момын, терең ойлайтын, әр нәрсені ақылмен, сабырмен шешетін кісі болатын..."
"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" демекші, табиғатынан зерек Қаныш 1909-1911 жылдары өзінің туған ауылындағы орыс - қазақ мектебінде оқып, 1918 жылы Семей қаласындағы оқытушылар семинариясын бітіреді. Одан кейінгі бірер жыл Семей қаласында, өз ауылында мұғалімдік қызмет атқарып, 1920-1921 жылдары Баянауыл ауданындағы 10-шы учаскесінің халық соты болды.
1921 жылы жазда Қаныш Имантайұлы Баянауылға емделуге келген сол кездегі Сібір өңірінің ірі, мәдени орталығы Томск қаласының технология институтының профессоры (кейін академик болған) Михаил Антонович Усовпен танысады. Қанышқа М.А.Усов Қазақстанның геологиясы мен тау-кен байлықтары туралы көптеген қызықты әңгімелер айтады.
Өзі өмірден озғанша ұстаз санаған профессор М.А.Усовтың ықпалымен 1921 жылы Қаныш Имантайұлы Томск технология институтының кен факультетінің геологиялық барлау бөліміне оқуға түседі.....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сынып бөлмесіндегі қауіпсіздік №2 (1 сынып, 2 бөлім )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің мектебім
Сабақтың тақырыбы:Сынып бөлмесіндегі қауіпсіздік №2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)3.1 Зейін қойып оқу
1.3.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді
2.6 Сөйлеуді бағалау
1.2.6.1 Қарапайым ауызша айтылымдарды қайталайды.
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: Сөздерді тыңдайды, түсінеді.
Көбі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды.
Кейбірі: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, түсінеді және оларды дұрыс қабылдайды. Өздері сол сөздерді сөйлемде қолдана алады. ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сауат ашудан сабақ жоспары: Менің ұнататын заттарым (1 сынып,1 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы: Менің ұнататын заттарым
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)
1.2.5.1* мәтін/иллюстрация бойынша (мұғалім қолдауымен) сұрақтар қоя білу, оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру мұғалім қолдауымен
1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану
Сабақтың мақсаты: Сөйлеу барысында сипаттай алады, түрлі жағдаятта этикет сөздерін айта алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 2-сабақ Сөздердің айтылуы мен жазылуы (3 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: 2-сабақ. Сөздердің айтылуы мен жазылуы
Оқу мақсаты: 3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру;
3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл);
3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:
- басқаның пікіріне қатысты өз көзқарасын білдіруді үйренеді;
- сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту керектігін біледі;
-үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді.
Оқушылардың көбі:
- басқаның пікіріне қатысты өз көзқарасын сұрақтарға сүйене отырып білдіреді;
- сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;
Оқушылардың кейбірі:
- басқаның пікіріне қатысты өз көзқарасын білдіреді және негіздейді;
- кейбір сөздердегі қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндестігін сақтап айтады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер.
Сабақ тақырыбы: Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау «Жеңіс күні» Тұманбай Молдағалиев
Оқу мақсаттары: 3.2.6.1 кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау
3.2.3.1. шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығармадағы кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын болжайды, негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықтайды;
Көптеген оқушылар: шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайды, мәтінде сипатталған кейіпкердің сырт көрінісін өз сөзімен түсіндіре алады;
Кейбір оқушылар: кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып бағалайды, өз ойың өмірмен байланыстыра дәлелдейді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығармадағы оқиғаны болжау «Алып қара құс – Самұрық» ертегісі (4 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің Отаным – Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Шығармадағы оқиғаны болжау «Алып қара құс – Самұрық» ертегісі
Оқу мақсаттары: 4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру
4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру
4.3.2.1 таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа сюжеттер енгізу, өлең (төрт жолды) жазу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: ертегінің қортынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжап, өз ойын жеткізеді, ертегіге жаңа сюжеттер қосып жазады
Көптеген оқушылар: ертегінің қортынды бөліміне сүйеніп, сюжеттің дамуын болжауда өз ойын, себебін түсіндіре алады
Кейбір оқушылар: ертегіге жаңа сюжеттер қосып жазуда ертегігінң негізі ойын айқындап жазады......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0