Реферат: Қазақ әдебиеті | Шелихов Николай Степанович

Шелихов Николай Степанович (6.12.1920, Шығыс Қазақстан облысы Глубоков ауданы Уварове селосы - 23.2.1945, Германия, Берлин қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, 66- гвардиялық атқыштар полкінің рота командирі. Орыс. 8- сыныпты бітірген соң Үлбі МТС-ында трактор жүргізуші болып жұмыс істеді. 1939 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1941 жылдың шілдесінде Ұлы Отан соғысына қатысты. Шелихов Мәскеу түбінде, Тула қаласын жаудан қорғау шайқастарында .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | ЖҮРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІ

Жүрек кызметінің жеткіліксіздігі жүректің өзінің аурулары кезінде дамиды. Жүрек бір соққанында 60—75 мл қан шығарса, бір минөтте 4,5—5 л, бір тәулікте 7200 л, бір жылда — 263 тонна қан айдайды. Бұл көрсетілгендер қалыпты жағдайда болса, ал ауыр қол жұмысын жасағанда немесе спортпен шұғылданғанда бұлардың барлығы 3—4 еседен астам көбейеді.

Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі мына патогенездік жолдармен дамуы мүмкін:

1. Шамадан тыс артық қызмет атқарудан, жүректің зорығуынан;

2. Миокардтың бірінші бүліністерінен;

3. Перикард қызметінің бұзылыстарынан;

4. Жүрек ырғағының ауыр бұзылыстарынан;

5. Осы көрсетілгендердін біріккен бұзхылыстарынан.

Миөттік қан көлемін қалыпты жағдайда ұстап тұратын компенсациялық механизмдерге тахикардия жатады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Асан батыр

Ертеде Естеміс деген шал өмір сүріпті. Оның үш баласы бар екен. Ең кішісінің аты Асан болыпты. Асан жас кезінен көзге түсе бастайды. Ол басқа балаларға қарағанда ерекше болып өседі. Оның жаны басқа адамдардай кеудесінде емес, басқа жерде еді. Ешкімге кегін жібермейтін, айтқанынан қайтпайтын, қадалған жерінен қан алатын. Бірақ ашуы тез қайтатын мейірімді еді.
Бірде Естеміс сырқаттанып жатып қалады. Науқасынан айықпайтынын сезген ол ұлдарын шақырып өсиетін айтады. Кезек кенже ұлы Асанға жеткенде ол......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Қателіктер мен сыннан қорықпайтын және сізге өтірік айтпайтын бала тәрбиелеудің 7 әдісі

Бала міндетті түрде өз-өзін жоғары бағалай алуы керек. Әйтпесе, ол өзіне сенімсіз, бақытсыз тұлға болып өсіп шығады. Өзін-өзі бағалау туралы түсінікті жақсы білмейтін ата-аналардың өзі осылай ойлайды. Бірақ, баланың өзі туралы жақсы баға қалыптастыруы үшін қарапайым, бірақ өте маңызды ережелерді орындамайды. Психолог Вита Малыгина баланың өзін-өзі бағалай білуі қандай қағидаларға негізделгені туралы айтып береді.

Тақырыпты аздап өзгертейік: баланың өзін-өзі бағалауы адекватты, шектен аспаған және жел соқса, толқып құлап қалмайтындай тұрақты болуы керек. Яғни, басқа адамдардың абайсызда немесе әдейілеп айтқан сын сөздеріне бола жүні жығылып, еңсесі түсіп кетпеуі керек.

Өзін-өзі бағалау – бұл адамның өзін, бойындағы қасиеттерін дұрыс бағалап, осы бағалауға сүйене отырып өмір сүріп, алға жылжуы. Дұрыс бағалау қателесуге мүмкіндік береді. Бірақ, адамның өзін-өзі кінәлап, жегідей жеп қоюына жол бермейді. Ол қателіктен – тек тәжірибе жинайды. Өйткені, кемшіліктен Жаратушы ғана пәк. Адекватты өзін-өзі бағалаудың тағы бір ерекшелігі – оның шынайылығы. Біз ешқашан қателеспейтін және ешнәрседен қорықпайтын Жаратушы емеспіз. Балаларымыздың да соны біліп өскені жөн.

Бірақ барлық отбасы өзін-өзі бағалау дегенді дұрыс түсінбейді. Олар балаларын жөн-жоқсыз мақтап, басқалары сенің шаңыңа да жуымайды деп қолпаштай береді. Ал өзін басқалардан жоғары санап өскен баланың алдынан қиындықтар шыққан кезде, бірден сағы сынады. Мұның адекватты өзін-өзі бағалауға еш қатысы жоқ.

Егер ата-анасы баласының қабілетін артық бағалап, мақтай беруді шешсе, (немесе солай болып қалса) онда баланың өзі елеусіз қалады. Баланың басындағы қиындықтар, қорқыныштар, толқулар, бәрі-бәрі есепке алынбайды. Тағдыр маған өз қабілетіме лайық сиын бермеді деп, тағдырға нала айтып отыратын отыздағы балалар осылай қалыптасады. Құр мақтау олардың бойындағы адекватты өзін-өзі бағалауды қалыптастыра алмады.

Мұндай жағдайдың алдын алу үшін не істеуіміз керек?.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Іні

Әкеңнің кіші інісі ол бала сауатты бұғалдір болды, - дейді апасы.

- Қайбір жылы Жамбыл жаққа да барып қызмет істеп қайтты. Сонда Жамбылдың жігіттері жақсы сыйлаған деп отыратын білетін жұрт. Өзі жақсы болса, қай жердің жігіттері де сыйлайды ғой. Бәрі бір қазақтың баласы емес пе? Ана үлкен ұлына Байқадам деп ат қойса, сол жамбылдықтардың құрметіне қойылған есім. Жамбылдың Байқадам деген жері бар екен.Осы күні гармонь ойнап отырасың ғой. Ана бөлмеде гармонь ойнап отырасың. Соны мына бөлмеде жатып тыңдап жатамын ойнап отырғаныңды. Сол бала ойнаушы еді гармоньды. Ол баланың өзі мінезі тентек болды. Бірақ ағасына қарсы бір ауыз сөйлемейтін. Әкең қызметінен келіп, түсте демалып жатады ғой. Ол гармоньның даусын жақтыртпайды. "Әй, құртшы ана бәлені!" Сонда ана бала гармонын құшақтаған күйі лып етіп ұшып тұрады. Далаға шығып, көгал шөптің үстінде отырып ойнап отыратын. Сондай құмар еді гармоньға.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Денсаулыққа қауіпті тағам түрлері

Денсаулық – бірінші байлық. Оны сақтап, қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтану керек. Ал дүкендердің сатып алушыларға ұсынатын тағамының көбі қауіпті элементтерге толы. Оларға не жатады?

1. Тұзы аз қызыл уылдырық

Бұл да майшабақ секілді ұзақ сақталмайды. Тек мұздатылған не қатты тұздалған уылдырық қана ұзаққа дейін жарамды.......
Кеңестер
Толық
0 0

Қияр артық салмақтан арылуға көмектеседі

Қияр - әр дастарханның сәнін келтіретін көкөніс. Көпшілігіміз қиярды күнделікті тұрмыста жиі пайдаланғанымызбен, оның пайдасы жайында біле бермейміз. Артық салмақ тастап, терінің әдемілігін сақтап қалғысы келгендер, бұл көкөністі күнделікті пайдаланғаны жөн. Қиярдың бұдан басқа да ағзаға тигізер пайдасы жетерлік. Олай болса толығырақ тоқталып өтейік.

✅ 1. Ағзадағы улы, керексіз заттарды шығарады
Қияр 95% судан құралған. Сонымен қатар қиярдың құрамында ағзаға қажетті дәрумендер (С, В) бар.......
Кеңестер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Қой энтеротоксемиясын патоморфологиялық балау

1.1 Тақырыптың өзектілігі және практикалық маңыздылығы
Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының басты саласының бірі. Қойдан күнделікті тұрмысқа қажетті жүн, тері, елтірі және тағамдық өнімдер - ет, май, сүт алынады. Халық шаруашылығында қой жүнінің алатын орны ерекше.Жеңіл өнеркәсіп үшін шикізат (жүн, тері, елтірі), бағалы азық-түлік (ет, май, сүт) өнімдерін береді. Қой өсіру адамзат тарихында неолит дәуірінен басталады. Қола дәуірінде Орталық Азия тайпалары қылшық жүнді қой өсірген. Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдары осы кезеңде Кіші Азияда шығып, дүние жүзіне тараған.Қой өсіру қазақ халқының ата кәсібінің бірі болып табылады. Төрт түлік малдың ішінде жылқы мен қойға ерекше мән берген қазақ халқы қой жаюдың, оны көбейту мен тұқымын асылдандырудың өзіндік әдіс-тәсілдерін қалыптастырған. Мал шаруашылығына қолайлы табиғи ортаның мол болуы, соған орай қыстау, көктеу, жайлау, күзеумен байланысты көшпелі өмір салтының орнығуы қазақ халқының дәстүрлі қой шаруашылығын берік қалыптастырғандығының айғағы. Қазақстанда негізінен қылшық жүнді қазақы қой өсірілді [1,2]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Нарықтық экономика | «Болат» өндірістік кооперативінің қаржы нәтижелерін талдау


Кіріспе
Қоғамда қаржылық жоспарлау және талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындадыды: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шыгыиды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Іле өзені мен атырауының физико географиялық жағдайы

Іле өзені Балқаш көліне құярда ауқымды атырау құрайды. Іле атырауының ауылшаруашылығындағы маңызы зор. Алапішілік Іле атырауы табиғат жағдайы мен адам іс-әрекетінен тармақталуында болып жатқан арналық процестердің дамуы мен көпғасырлық даму тарихы бар. Ең үлкен әсерді Қапшағай су желісі, оның бөгені мен СЭС пайдалану (1970 ж): атыраудың сумен қамту режимі бұзылды, су жіберу көлемі азайды, қысқы су ысырабы көбейді және тағы басқа.
Дипломдық жұмыстың мақсаты ағындының реттелуіне дейін және кейінгі атыраудың гидрографиялық жүйесінің дамуын бағалау.
Дипломдық жұмыс төрт бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімінде алаптың қысқаша физико-географиялық сипаттамасы берілген.
Екінші бөлімі алапішілік атырадың дамуы мен қалыптасуына арналған.
Үшінші бөлімінде Іле атырауының гидрографиялық сипаттамалары 1:100000 масштабтағы топографиялық карталармен анықталды.
Төртінші бөлімінде өлшеу жұмыстарын қорыту мен сараптау жүргізілді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0