Реферат: Информатика | ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА

Мекемеде бірнеше компьютерлерді порт құрылғылары арқылы байланыстырып, бір-бірімен информация алмасатын жергілікті компьютерлік желі құру қиын емес. Олар дың бірін бірнеше компьютерлерге ортақ, басқа компьютерлердің кейбір информация ауыстыру жұмыстарын орындайтын негізгі түйінді компьютер етіп дайындайды да, оны Сервер деп атайды.
Түрлі жергілікті жүйелерді бір-бірімен кабель, т.б. арқылы қосу да мүмкін.
Қазір заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің бірі---дүние жүзі елдерінің жергілікті және ғаламдық желілері арнайы қызмет көрсету программалар арқылы байланыстырып қойылған. Ғаламдық желілерді Интернет желісі деп атайды. Яғни Интернет --- түрлі елдердің милиондаған компьютерлерін біріктіретін халықаралық компьютерлік желі. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Оспан батыр

Оспан батыр (Оспан Исламұлы) (қаз. Оспан батыр; وسپان باتىر; түр. Osman Batur; қыт. 欧斯曼·巴图尔; (1899—1951) — 20 ғ. алғашқы жартысында Шығыс Түркістанның тәуелсіздігі үшін күрескен ұлт азаттық қозғалысының көсемі. Алтай қазағыӨмірбаяны[өңдеу]

1899 жылы Алтай аймағының Көктоғай өңірінде туған. 12 жасында .....
Рефераттар
Толық
0 0

Ертегі: Сауысқан мен көкек

Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек», - деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне:
- Екеуміз бірігіп ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз, - дейді. Көкек:
- Менің ұя салатын қуатым да, қаруым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Антон Чехов | Хамелеон


Үстіне су жаңа шинель киіп, қолына түйіншек ұстаған полиция надзирателі Очумелов базар алаңын кесіп өтіп жатты. Оған ілесе аяңдап жирен қалабасы келеді, қолында кәмпескеленген тошалағы толы елегі бар. Айнала тым-тырыс..- Алаңда қыбыр еткен жан жоқ... Дүкендер мен кабактардың есіктері жарық дүниеге аранын ашқандай шалқасынан ашылып, тұнжырай қарап қалыпты, олардың маңында, тіпті, қайыршы да жоқ.

— Қауып алғанын қарашы сұмның! Жігіттер, жібермеңдер өзін! Қазір қауып алуға заң жоқ! Ұста! Ә...ә! - деген дауысты Очумеловтің құлағы шалып қалды.

Иттің қыңсылағаны естілді. Жан-жағына қараған Очумелов Пичугин деген көпестің отын қоймасы жағынан үш аяқтап шоқаңдап, артына қарай-қарай қашып бара жатқан бір итті көрді. Оның соңынан бір адам қуып келеді, үстінде крахмалданған шыт көйлек, желбегей салған жилет. Қуып бара жатып ол еңкейе ұмтыла беріп, етпетінен құлай беріп, иттің артқы аяғынан ала түсті. Иттің тағы да қыңсылаған ащы даусы мен адамның "Жіберме!" деген айғайы жарыса шықты. Сөйткенше болмай, дүкендердің есігінен ұйқылы-ояу пішінді біреулер қылтиып шыға-шыға келді, отын сарайының маңына жұртшылық, жеті қат жер астынан шыққандай лезде жинала қалды. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Аралар

Аралар ұшып тынбайды,

Әрі-бері зырлайды

Аралайды қырлайды,

Шаң тозаңды жинайды.

Әдемі гүлдер өсірсең

Саған балын сыйлайды.
Тақпақтар
Толық
0 0

Көшбасшы болу үшін

Әлемде миллиондаған ақылды адам бар. Бірақ олардың бәрі бірдей беделді болып, қоғамға пайдалы дүние ойлап тапқан жоқ. Адам ақылын шығармашылық ойлау қабілетімен, өз ісіне деген сүйіспеншілігімен ұштастыра білгенде ғана көздеген биігіне жетпек. Әлемге әйгілі көшбасшылардың өмір жолына көз салып, өнеге алайық.

Стив Джобс Apple өнімін шығарарда бала шағында болған мына жай әсер еткен екен. Бірде Стивтің әкесі үй сыртына аула салуды тапсырады. Ауланың ішкі бөлігін ешкім көрмей-ақ, сыртын көргеннен тамсанып, іші де дәл сондай керемет екеніне күмән келтірмейтіндей ұқыпты да әдемі жасалуын қатаң қадағалайды......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Зейнетақы қорлары | Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы зейнетақы қорлары

Кіріспе
Әлемнің көптеген елдерінде зейнетақы қорларының жұмысы қайтадан түрлендірілуде. Бұл әсіресе ТМД елдерінде кеңінен етек алады.
1998 жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып өзінің зейнетақы қоры жүйесін реформалауға кірісіп кетті. Зейнетақы реформасына еркіндік беріп, даңғыл жол ашқан (Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы 1997 жыл 20 маусым) Қазақстан Республикасының заңы болған. Осы негізде бүгінгі күні жаңа зейнетақы жүйесі аяғынан тік тұрды деп айтуға болады.
Қазақстандық зейнетақы қорларының жүйесінің негізінде Чилидегі зейнетақы қорларының жүйесі жатқандығын баса айта кетуге болады. Өйткені бұл жөніндегі Чилидегі 20 жылдық тәжірибе біршама ден қоюға тұрарлықтай. Чили мемлекетінде зейнетақы активтерін зейнетақы қорлары басқарады, олар зейнетақы қорларының салымшыларына зейнетақымен қамтамасыз етудің түрлі схемаларын ұсынады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Әрбір үйге қажетті дәрілер және алғашқы амалдар

1. Егер жарақат алып қалған жағдайда - иод, зеленка, перекись водорода;
2. Күйіп қалған жағдайда - бепантен, пантенол;
3. Түрлі жарақаттарға - мақта, бинт, лейкопластыр, эластикалық жгут;
4. Ауырсынуды басатын - Но-шпа, темпалгин;
5. Дене қызуын түсіретін - физиологиялық жолмен арақпен дененің лимфа түйіндер орналасқан аймақтарын ысқылау. Егер түспесе парацетамол, терафлю сияқты түрлі дәрілер, бірақ ескеретін нарсе парацетамол, терафлю сияқты дәрілерді қабаттасып қабылдай беруге болмайды. Себебі асқазанға ауырлық түсіп кері әсерін тигізеді. Дене қызуы себепсіз көтерілмейді, ол ауруға деген иммунитеттің жауабы, сол себепті кешіктірмей дәрігерге қаралыңыз. Дәрігер негізгі ауру көзін анықтап, емін тағайындайды; ......
Кеңестер
Толық
0 0