Реферат: Биология | Баланың физикалық дамуы

Баланың физикалық дамуы



Баланың жасына байланысты бойының, салмағының, бас айналымының, кеуде айналымының өсуі.



ЖТБ бойы – 46-56 см.



Орташа ұлдардың бойы – 50,7 см, қыздардікі – 50,2 см.



І кварталда ай сайын 3 см өседі =9 см



ІІ кварталда ай сайын 2,5 см өседі = 7,5 см



ІІІ кварталда ай сайын 1,5 -2 см= 4,5 – 8 см



IVкварталда ай сайын 1,0 см= 3 см



Орта есеппен алғашқы жылда 25 см қосады, яғни 1 жасында 75 см болады. Немесе 6 айында 66 см.



4 жасында 2 есе өседі. 12 жасында 3 есе өседі. 2-3 жасқа дейін айына 1 см. 3- 4 жасқа дейін 0,5 қосады.



Баланың бойын есептеу формуласы:



4 жасқа дейін 100+8 (4-п) п – жасы



4 жастан кейін 100+6(п -4) п – жасы немесе 8 жастағы баланың бойы 130см. Әр жетіспейтін жылына 7 санына азайтамыз. Әр артық жасына 5 см қосамыз. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Балғабек Қыдырбекұлы | Өткен күн еске түскенде


Төменгі Сарытауқұмды мекен етіп келген Балташтың кәсібі — киіз үйдің үй ағашын жону еді. Оның колхозға барғысы келмей, кежегесі кейін тартты да тұрды. Тіпті жанында туған-туысқандарынан да ешкім қалмай, тегіс колхозға көшіп кетсе де, оның барғысы келмеді. Осылай жалғыз үй жүріп-ақ күнелтемін ғой деп топшылады ол. Бірақ Балташ пен оның зайыбы Ұмтылғанның ойы бір жерден шықпады.

Таңертең Балташ белін буынып, жеңін сыбанып асыға басып тағы да ешкіталдан үйағаш кесуге тоғайға кетіп қалды. Үйде жалғыз қалған Ұмтылған бірер сағат үй ішіндегі күйбең-күйбең жұмысты аяқтаған соң, іші пысып отыра алмады. Ара-тұра әңгімелесіп, сыр шертісетін абысын-ажынның бәрі колхозға кетті. Істеуге жұмысы жоқ, сап-сау адамға күннің батуы қандай қиын болады десеңізші. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Неке және отбасы заңы | Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

1. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері
Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады.
«Неке және отбасы туралы» Заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы.
Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.
Қолданылып жүрген заңды текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге тұру кезінде ерлі-зайптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға дейінгі тегін қалдыра алады. Сонымен бірге ерлі-зайыптылар өздерінің қалаулары бойынша ортақ бір тек таңдауға құқылы. Ондай тек ерінікі болмаса, әйелінікі де болуы мүмкін. Тәжірибеде ерлі-зайыптылар ортақ бір текті (әдетте, ерінің тегін) таңдайды.
Кейбір елдердің, оның ішінде ТМД құрамына кіретін елдердің заңы ерлі-зайыптылардың екі текті де алуына мүмкіндік жасайды, яғни өзінің тегіне жұбайының тегін қосуына жағдай жасайды. Қазақ КСР-інің неке және отбасы туралы Кодексі бұған жол берген жоқ еді. Ал, енді «Неке және отбасы туралы» Заңның 30-бабында жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі тегі қосарлас болғанда болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Шығарма: Менің Қазақстаным

Арайлап атқан таңы бар, асу бермес асқарлары бар, сайын дала, жазираны мекендеген мейірбан халқы бар ел - Қазақстан. Қазақстан - бүтін қазақ халқының ата мекені, кіндік қаны тамған киелі жері. Ол – менің елім! Тәңірі жер қайысар мал беріп, асты – үсті байлыққа тұнып тұрған осындай өлкені бұйыртқан халқымның арманы да жоқ болар. Неге болмасын?!
«Армансыз адам – қанатсыз құс» демекші, бабаларымның асау арманы,жанын жаншыған намысы ұрпақтан – ұрпаққа жетіп жатты. Ол арман–шексіз-шетсіз жатқан осынау табиғаттың берген сыйына көз алартқандардың отаршылдық саясатынан құтылу еді. Ол жол – Сырым, Жоламан, Қасым, Кенесары, Наурызбай, Исатай, Махамбет, Барақ бастаған және 1916 жылғы көтерілісшілер басшыларының заңды наразылықтарын тудырды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Айболит және оның достары

Сабақтың мақсаты: Балаларды әртүрлі аурулармен және оның себептерімен таныстыру. Жұқпалы және суық тию ауруларының алдын алу шараларының маңызын көрсету. Сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сөздік қорын дамыту. Денсаулықтарын күтіп ұстауға, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құрал: Сабын, орамал, тарақ суреттері, Үй жануарларының суреті
Қос тілді түсінік: сүлгі – полотенце, сабын – мыло. тарақ – расческа, айна – зеркало.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы кезең
Шаттық шеңберіне балаларды тұрғызып өлең жолдарын қайталау.
Қуан, шаттан, алақай
Қуанатын келді күн, .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Мұстафа Шоқай және Түркістан легионы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан тарихының кеңестік кезеңі бүгінгі мемлекет өмірімен де ұрпақ өмірімен де тікелей байланысты болғандықтан, бұл салада объективтік пікір әлі тыңғылықты түрде қалыптасып біткен жоқ. Ол, әсіресе, кеңестік тоталитаризм тарихында ХХ ғасырдың 40 жылдарындағы тарихи оқиғалар мен саси қайраткерлер қызметіне байланысты. Кеңес үкіметі тұсында, коммунистік – тоталитарлық идиология үстемдік құрған кезде Түркістан легионы тарихын ғылыми тұрғыдан зерттеуді былай қойғанда көпшілікке арналған әдебиет, тіпті ой қозғау, оның бетпердесін ашу мүмкін. еместін.
Екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі тұтқындардың жағдайы туралы айта келе жалпы кеңестік тарихнамада өз дәрежесінде зерттелмеген. Ал Қазақстанда бұл мәселені тек заманымыздың аса білікті қайраткері М.Шоқайдың есімін қаралау мақсатында Түркістан легионымен байланысты ғана сөзболды. Қазақ топырағында дүниеге келіп, әлемдік ауқымды саяси қайраткер дәрежесіне көтерілген М. Шоқай есімін халық зердесінен өшіру үшін “сатқын”, “пантюркизм ” насихаттаушы деген айдарлар тағылды. Азамат атын ақтау үшін соғыс тұтқындары, Түркістан легионы туралы мәселені жалпы кеңестік тоталитарлық жүйенің идиологиясымен іс -әрекеттеріне балта шауып объективті, шынайы зерттеу жұмысын жүргізу жұмысының негізгі өзекті мәселесі. Легионерлердің қилы тағдыры мен қызметін жан жақты зерттеу. Бұл мәселе жөнінде жазылған еңбектерді талдау. Бұл жерде назар аударатын нәрсе – сол жарияланған материалдардың көпшілігін жазғандар кәсіби тарихшы мамандар емес. Әрине, біз оларды бұл үшін кіналаудан аулақпыз. Негізгі мәселе сол жарияланған дүниелердің объективтік тұрғыдан қалай жазылуында.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Тәрбие сағат: Бесік жасау технологиясы

Сабақтың тақырыбы: Бесік жасау технологиясы
Пәні: Ұлттық өнер

Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Жас ұрпақты ежелден келе жатқан қолөнер түрлерін оқып үйренуге баулу арқылы олардың өзіндігінен үйреніп, жұмыс істеуіне, шеберлік деңгейін арттырып, ынта-ықыласын молайуға, әсемдік пен сұлулықты көріп бағалаййй білуге үйрету.
Тәрбие сағаттар
Толық
0 0

Шығарма: Елге қауіп төнбесін

Ұлы кешке сенген күн,
Фашистерді жеңген күн.
Ағаларға ерген күн,
Бақыт гүлін терген күн.
Қадыр Мырза Али
Ұлы отан соғысы... Не деген ауыр сөз. Осы сөзден біздің атабабаларымыздың қандай ерлікпен қаза болғанын көреміз. Олар елі үшін, жері үшін жан аянбай күрескен.
Фашистік Германия мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы жиырма екінші маусымда жарияламастан, тұтқиылдан КСРО - ға шабуыл жасады. Сол кезеңнен бастап Ұлы Отан соғысы басталды. Ұлы Отан соғысы төрт жылға созылды. Бұл соғысқа алты жүз мыңнан астамы қазақ батырлары болатын. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап – ақ жауға тойтарыс беру үшін зор үлесін қосты. Соғыс жылдарында республикамызда ондаған әскери құрама жасақталды. Атқыштар, атты әскерлер қанды майданда жанқиярлық ерліктің үлесін көрсете білді. Бес жүздей Қазақстандық ерен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры деген ең жоғары атаққа ие болды. Осы соғысқа қатысқан үлгі тұтарлық батыр қыздарымыз да бар. Олар: Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Тұзбен емделіңіз

Күнделікті тұрмыста қолданатын тұздың қаншалықты пайдалы екенін білесіз бе? Оның адам денсаулығына тиімді тұстары өте көп. Әсіресе салқын тигеннен пайда болатын аурулардың алдын алуға көмектеседі.

1. Ангина

1 стақан жылы суға 1 шай қасық тұз...
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0