Шығарма: Мен өмірді қалаймын!

Қазіргі уақытта нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес шаралар арқылы көп ой тоқуға болады. Елімізде ең көп етек алып жатқан мәселе, ол - нашақорлық. Ол біздің мемлекетіміздің проблемасы ғана емес, дүние жүзілік проблемаға айналды. Күн өткен сайын елімізде нашақорлыққа байланысты жасалатын қылмыстың саны күрт өсіп жатқаны ешкімге жасырын емес. Адам оған тәуелділікке......
Шығармалар
Толық
0 0

Әңгіме: Есей Жеңісұлы | Айсәуле


Жеңгесі өзінен төрт жас кіші. Бірақ «жасым кіші» деп жүрген ол жоқ, таңертеңнен құлақ етін жеп, шегелеп тұрып айтқан. «Бүгін Зейнеппен жолықтырамын, ешқайда қашып кетпе. Кешкісін Әскердің үйі босайды. Бала-шағасымен Көлбұлаққа кетеді екен. Қызды сонда әкелеміз. Қиқаң-сиқаңды қой. Бүгін не бүк, не шік болып шық» деп салмақ сала сөйлеп, дік-дік басып шығып кеткен. Жеңгесінің аты — Әсел, осы ауылдың қызы. Мұның екінші атадан қосылатын ағасы Мінуарға тұрмысқа шыққанына он екінші жыл. Жасы отызға осы көктемде ғана толса да, Әсел ажары тозып-ақ қалған. Тозбай қайтсін, бірі етегіне, бірі жетегіне жармасқан төрт баланы бағып-асырау оңай болып па?

Мінуар ағасы Әселге үйленгенде Ғұмыр әскерден жаңа келіп еді. Өзінен төрт сынып төмен оқыған қыздың келбетін әуелде көз алдына келтіре алмай-ақ қойған. Дегенмен екеуі жеңге-қайны болып тез табысты. Ғұмыр Әселдің ашықтығын, ақкөңілділігін жақсы көреді. Ашуының зілі жоқ, дүңк еткізіп айта салады да, артынан өзінің не айтқанын ұмытып қалады. Қазір есіне түсірсе, Әсел келін болған он екі жыл ішінде ол тек Ғұмырға қалыңдық іздеумен күн өткізген сияқты.

Ғұмыр — бір үйдің жалғыз ұлы. Жасы биыл отыз төртке шықты. Әлі бойдақ. Әсел жеңгесі мұның бойдақтығын жасықтығынан, жуастығынан көреді. Ғұмыр шынында да тым жуас. Момын. Үндемес. Төрт әпкесі де күйеуге тиіп кеткен соң қарт ата-анасына қарап үйде қалған. Оқыған жоқ. Өзінің талабы да болмады. Білетіні — жазда қолына ұстайтын шалғысы, қыста — айыры......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Мархабат Байғұт | Оқу залы


О баста оқу залына ғашық болдым.

Алматының Гоголь көшесінде Чехов атындағы кітапхана бар ғой. Соның оқу залын айтып отырмын.

Одан соң оқу залында Айкенжені...

Сүйіп қалдым дейін бе, демейін бе? Өзгелерге, кім білсін-ай, кім білсін, оп-оңай шығар. Ал мына маған ондай сөзді айту – азап.

Студенттік ғұмырым сұрғылт сиырымыздың желінінен іріп шығатын сүттей бүлініп сала берсе, шара нешік. Шешемнің белін бумаққа әзер жарайтын қара шылбырдың қалдығындай қайта-қайта бытырлай үзіліп кете берсе, амал қанша.

Отырар мен Оқсыздың арасына түзу сызық жүргізсеңіз, Сырдарияға таманырақта біздің ауыл бір нүкте боп көрінер. Адыраспан түйін тастай бастағанда, сол ауылдың орта мектебін тәмәмдаған төртеуміз Алматыға аттануға тиіс ек. Ол кезде оқуға түспекке талпынатындарды талапкер емес, абитуриент деп атайтын.

Сырдарияның тоғайында сиреп кеткен тораңғылға және былайырақтағы сәуір гүлі семе қоймаған жыңғылға қимай-қимай қараймыз. Әбунасыр данышпанның кіндік қаны тамған төбенің түстік бүйірі мамыр мейрамына жетпей-ақ күйіп кеткентұғын. Маусымның соңында қылтанақсыз қиялар құм суырып тұрды.

— А-ал, абитуриенттер! Жортқанда жолдарың болсын! — деді Мошқал ағай жел жұлмалаған жасыл адыраспанды сүйір таяғының ұшымен түрте тарағыштап. — Ең бастысы, осы Оқсыз маңында ұлы ойшылдың туып-өскенін ұмытпаңдар. Ең құрығанда, төртеуіңнен екеуің оқуға түспесеңдер, бүкіл республикаға машқарамыз шығады.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Назерке Ибадуллаева Менің мамандығым менің өмірім

Əрбір мектеп бітіруші түлектің ойында жауабы бұлыңғыр мыңдаған сұрақ тұрады. "ҰБТ-ға қаншалықты дайынмын?", "Ата-анамның маған артқан үміті ақталар ма екен?", "Болашақта қандай мамандық иесі боламын?", "Оның еліме, өзіме тигізер пайдасы қандай болмақ?" деген сансыз сауалдың менің де ой-санамды шырмағанына аз болған жоқ. Осылай ой жетегінде жүргенде, уақыттың қалай зымырап өткенін де байқамай қаласың." Нар тəуекел!" деп, бір мамандықты таңдайсың. Ол ата-анаңның не достарыңның айтқаны емес, өз жүрек қалауың болмақ! Барлық жас түлек өз мамандығын жүрек қалауымен таңдайды десек, артық айтқан болармыз. Алайда менің жүрегімнің қалауы болашағымның адастырмас қазығына айналарына сенемін.

Бүлдіршін шақта көпшілігіміз ұстаз болуды армандаймыз. Бірінші сыныпқа келген балақандарға əліпби үйретіп, қолына қалам ұстатып, жазуға баулуды бақыт санайсың. Алайда жоғары сыныпқа келген шақта, неге екені белгісіз, ол ойыңнан қайтасың да, мүлдем басқа салада қызмет атқаруды жөн көре бастайсың. Ойланып жүргенде, бұл мəселеге ата-анаң да кірісіп, қолдау көрсетіп, қажет болса, нұсқау да беруге дайын екенін білдіреді. Алайда менің ата-анам мамандық таңдау мүмкіндігін өз еркіме қалдырды. Оған өзім іштей мəз боламын. Еркін болғанға не жетсін!

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Безеу картасы және безеуге қарсы күресу жолдары

✅ 1 және 2. Ас қорыту жүйесі - өнделген және денсаулыққа пайдасы кері тағамдарды аз жеңіз. Май үлесі аз тағамдарды көбірек тұтынған жөн.

✅ 3. Бауыр - Ішімдік, майлы тағамдар, сүтті тағамдардан бас тартыныз. Осыған қоса күніге жеңіл жаттығулар жасаңыз. Көбірек ұйықтаныз.

✅ 4 және 5. Бүйректер - көз айналасындағы барлық ақаулар (оған қоса айналасының қарайуы ) бұл бүйректердің қурап бара жатқаның көрсетеді. Көп мөлшерде су ішіңіз.......
Кеңестер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Политология | Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар имиджі

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Демократиялық мемлекеттерде кеңінен танымал саяси имиджді құру теориялары мен әдістерін Казақстан жағдайына бейімдеу және оларды дамыту отандық саяси ғылымдағы өзекті мәселердің бірі болып табылады. Бұл мәселемен бір қатарда демократиялық мемлекеттердің қоғамдық-саяси өмірінің айырылмас бөлігіне айналған модельдер мен технологиялардың жиынтығы – имиджелогия, «қоғаммен байланыс», саяси маркетинг, саяси жарнама тұр.
Саяси технологиялар институы жылдан жылға саяси ортада үлкен ықпалға ие бола отырып барлық деңгейдегі саясаткерлер мен саяси ұйымдарды саяси қызмет барысында қоғамдық пікірмен кәсіби түрде жұмыс жасау қажеттігін мойындауға итермелеуде.
Сайлаушыға дөрекі ықпал етіп, пікірлерді міндеттеу мен қатаң насихаттау тек кейбір «экзитикалық» режимдерде ғана сақталды. Бүгінгі күн сайлаушының сұранысымен, пікірімен санасытын нәзік технологиялардың заманы. Осы тұста саяси имиджелогияның маңызы туындауды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Дінтану | Қазақстан қоғамындағы діни процестерге социологиялық талдау

Тәуелсіздік жылдары азамат¬тық қоғамның және нарықтық экономиканың құрылуымен ғана емес, сондай-ақ діни серпілістің жүруімен де сипатталады.Егемендік енгелі елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып,ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып,бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты.Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екені өмір шындығы.Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі,өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті,халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс береді.Сондықтан да кейінгі кездердегі қалыптасқан еліміздегі діни ахуалдарға социологиялық тұрғыдан қарау бүгінгі қоғам дамуының талассыз қажеттілігі.Дін социологиясы ілімдері соңғы жылдары ғана жандана,негізделе бастағанын ескерген жөн.Дін социологиясы,діннің кейбір бағыттары бойынша адамдарды белгілі әлеуметтік әрекеттерге жетелейтін қоғам сегменттерінің пайда болуын зерттейді,адамдардың дінге негізделген әлеуметтік қатынастарын қарастырады..Әлеуметтік қатынастардағы діннің ықпалды рөлін жоққа шығаруға болмайды.Сондықтан дін әлеуметтік феномен ретінде социологтар үшін аса маңызды зерттеу объектісі ретінде қарастырылуда.Бұл орайда,осы бітіру жұмысында қамтылған еліміздегі діни ахуалдардың динамикалық даму процестері жайлы алынған нәтижелер мен қорытындылар,қоғамымыздың діни саласын реттеуге өз үлесін қосады деген сенімдеміз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ауылшаруашылығы | Қазақстанның ауылшаруашылығына гидрометеорологиялық қызмет

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Қазақстанның ауылшаруашылығына гидрометеорологиялық қызмет көрсету
Ауылшаруашылық өндіріс көбінесе ашық аспан астындағы цех деп аталады және ондағы өнім тікелей табиғи жағдайларда пайда болады. Климат пен ауа-райын сыртқы орта жағдайы деп қарастырып, маман-агрометеорологтар ауылшаруашылық дақылдарының өнімін қалыптастыру үшін агрометеорологиялық шарттарды салыстыратын қажеттіліктерімен қарастырды. Мұнда тек ауа-райының жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Және де белгілі вегетациялық кезеңдердегі орта факторларына дақылдардың қажеттіліктерін ескеру қажет. Ауыл шаруашылығына қызмет ететін әрбір агрометеорологиялық станцияларда, метеорологиялықтармен бірге жүйелі бақылаулар даму фазалары мен өнімділік элементтеріне, күйіне, далалық жұмыстарға жүргізіледі, сонымен қатар топырақтағы өнімді ылғал қоры анықталады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

СІЗ САҒАТ ҚАНШАДА ТУЫЛДЫҢЫЗ

✅ Сағат 24.00 мен 2.00 арасында әр нәрсені білуге құмар және ынталы жандар дүниеге келеді.

✅ Сағат 2.00 мен 4.00 арасында әр нәрсені керегіне жаратып, жұмысқа шын ықыласымен кірісетін адамдар туылады.

✅ Сағат 4.00 мен 6.00 арасында тік мінезді, әрдайым тәртіпке бағынатын адамдар туылады.

✅ Сағат 6.00 мен 8.00-де туылған адамдардың жан дүниесі өте сезімтал, арманшыл келеді.......
Кеңестер
Толық
0 0