Қазіргі кезде туберкулез ауруын дер кезінде анықтауда және емдеу шараларын жүргізуде көптеген жетістіктерге қол жетуіне қарамастан, күні бүгінге дейін ол бүкіл әлемде кең таралып, медико - биологиялық мәселе болып қалып отыр. Ветеринарлық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі – бұл ірі қара малының туберкулез ауруынан толығымен сауығуы болып табылады. Қазіргі кезде туберкулез ауруы әлі де мал шаруашылығы саласына экономикалық шығын әкелуде және күрделі эпидемиологиялық қауіп тудыруда. Ірі қара туберкулезімен күресу жолының жетістіктері келесілермен анықталады: ауруды зерттеу деңгейімен; диагностикада қолданылатын тиімді әдістер және құрал- жабдықтарымен; ауылшаруашылықтың құрылу мүмкіндігімен; материалдық қамтамасыздандырумен; алдын алу және сауықтыру шараларды ұйымдастырумен. Туберкулез қоздырғышын Р. Кох (1882) ашқан болатын, ол ең бірінші рет аллерген- туберкулинді дайындады (1890). 1924 жылы А. Кальметт және С. Герен адам туберкулезін өзіндік алдын алу үшін БЦЖ вакцинасын (BCG – Bacterium Calmett-Guerin, Кальметт-Герен бактериясы) жасап шығарды]. Туберкулез қоздырғышы – Mycobacterium tuberculosis. Микобактерияның тегі ішінді патогенді және патогенді емес микроағзалардың 30 түрі болады. Туберкулез ауруы 3 патогенді түрде болады: — Mycobacterium tuberculosis – адамда болады. Бұл түрді тек адам ғана емес, сонымен қатар шошқа да, мысық, ит, ірі қара да қабылдай алады, тек құстар ғана (тотықұстан басқасы) қоздырғыштың осы түріне шалдыға алмайды. — Mycobacterium bovis – барлық ауылшаруашылық, жабайы жануарларда, соынымен қоса адамда болады, тек құстарда болмайды. — Mycobacterium avium – үй және жабайы құстарда, шошқада, басқа да жануарларда болады, ал адамдар сирек ....
Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін,сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер есебі. Қазіргі таңда барлық кәсіпрындар өз табысын өсіру мақсатында жаңа технологияларды қолдануға асығады. Сондықтан да банктерден несие алу барлық кәсіпорын үшін өте маңызды. Сондай-ақ несие негізгі міндеттемелерінің бірі болып табылады. Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттык банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады.....
Кіріспе Диплом жұмысының көкейтестілігі. Бастауыш білім үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы басқышы екенін ескере отырып, оқушыға белгілі бір көлемдегі білім-білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат қоғам, адам, айналаны қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелеу-бүгінгі күннің басты талабы. Қазақстан Республикасының «Білім Заңында» (8 бап) білім беру жүйесінің міндеттері бөлімінде: « Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға дәне кәсіби шыңдауға бағыттылған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінген. Және де Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді деңгейлері мен мазмұны нақты көрсетілген: « бастауыш мектептің негізгі міндеті- баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту» делінген. ....
Курстық жұмыстың зерттеу өзектілігі: Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі - оқу поцесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарым қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар. Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-әрекетін де мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-әрекетін де андататын болды. Мұгалім мен оқушының бірлікті іс-әрекеті болған оқу процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік. Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін андатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нәрсеге үйретудің әмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тәрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас және қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. ....
Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері адамның және азаматтың өміріне, денсаулығына, мүліктеріне, еңбек ету бостандығына, меншік суъектілері мен объектілеріне, кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, қоршаған ортаны қорғауға қатысты сақтандыру құқығының жалпы принциптерін белгілеуге, сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясат басымдықтарын айқындауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің бір түрі сақтандыру қызметінің конституциялық негіздерін құруға және сақтандыру туралы заңдарды қабылдауға байланысты мән-жайларды белгілі бір дәрежеде регламенттейді. Осы орайда сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметінің конституциялық негізін құруға ат салысатын Қазақстан Республикасы Конституциясының 1- бап 1- тармағында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып саналады. 28-бабының 2-ші тармағында Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады. Сонымен қатар 29-бап 1- тармағында Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.....
Еңбек дауларына түсінік, оның түрлері Қазақстан Республикасындағы әлеуметтіку әріптестік (трипартизм) жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, міндеттері мен тәртібін айқындап, талаптардың кең құқылы және өзара жауапкершілікті қағидаттары негізінде ортақ әлеуметтік маңызы бар мақсаттарға қол жеткізу үшін Бас, салалық және аймақтық келісімдерді жасасу, өзгерту және бұзу тәртібін “Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы” Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсанда қабылданған Заңы белгілейді. Сондай-ақ бұл Заң Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 2-ші тармағында бекітілген ереуіл жасау құқығын қоса алғанда, Заңмен белгіленген тәсілдерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалатынын толығымен айқындайды. Себебі, аталған Заңның 3-бабында ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарды шешуге жәрдемдесу әлеуметтік әріптестік міндеттерінің бірі ретінде бекітілген. Заңның күші меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық жұмыс берушілерге, барлық кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлеріне, атқарушы билік органдарына қолданылады. Әлеуметтік әріптестік дегеніміз атқарушы билік органдары өкілдерінің, жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерінің мүдделерін келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған қатынастар мен тетіктер жүйесі. Еңбек қатынастарын, құқық нормаларын реттеу процесінде олардың субъектілері арасында келіспеушіліктер туындайтыны белгілі. Еңбек даулары жекелеген қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы ғана емес, сонымен бірге еңбек қатынастарының басқа да талаптары арасындаы, мысалы, еңбек ұжымы мен жұмыс беруші арасындағы қайшылықтарды (жанжалдарды) да қамтиды.....
Сақа - асықтың бір түрі. Сақа болатын асық салмақты, ірі болуға тиіс. Ол көбінесе еркек қойлардың, не қошқарлардың асығы болып келеді. Асық ойынында тігілген асықтарды атуға жарамды сақа таңдап алынады. «Алшы ойыны» сақаның салмақты да алшы тұрғыштығына байланысты. Бұл ұту үшін өте қажет. Ойыншы сақаны өзі жасап алады немесе жақсысын таңдауы керек. .....
1. Ән ұран 4 2. Елім менің 6 3. Жерім менің 7 4. Атамекен 8 5. Отаным- Қазақстан 9 6. Атамекен 10 7. Туған ел 11 8. Отан 12 9. Қазақстан-қыран далам 13 10. Ақ көгершін 14 11. Сарбаздар 15 12. Әлия 16 13. Қазақстан 17 14. Елімізді сүйеміз 19 15. Батыр Бауыржан 20 16. Отырардағы той 21 17. Сәлем саған туған ел 23 18. Гулденген Қазақстан 24 19. Қазақ елі 25 20. Арман қала –Астана 26 21. Егемен елім 27 22. Родина моя 28 23. День Победы 29 ....